Реферат Тақырыбы: Мердігерлік шарты: азаматтық айналымдағы мәні, түсінігі, құқықтық табиғаты және мердігерлік шарт түрлері


І.Кіріспе 1.1. Мердігерлік шарттың түсінігі

Loading...


бет2/8
Дата02.03.2021
өлшемі26.61 Kb.
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
І.Кіріспе

1.1. Мердігерлік шарттың түсінігі.

Мердігерлік келісім шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырысы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті (АК 616-б.). Шарт консенсуалды, екіжақты, ақылы, мерзімді болады. Тапсырысшының міндеті - мердігерге тапсырма беру, жұмыстың ақысын төлеу, ал мердігердің міндеті – тапсырманы тапсырушының нұсқаулары бойынша орындау. Қазіргі уақытта тапсырманы арнаулы талаптарға сәйкес құрастыру міндеті келісім шарт бойынша мердігердің өзіне жүктелуі мүмкін. Аталмыш шарттарды игеру барысында мердігерлік тәуекел деген ұғымды да білу қажет. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң тәуекелiмен орындалады, себебі мердігер кәсіби білімді, білікті, тәжірибелі, мамандандырылған кәсіпкер болып табылады. Мердігердің тәуекелі келесі жағдайлардан көрініс табады. Егер заңмен немесе келісім шартпен өзгеше көзделмесе, мердігер тараптардың еркіне, әрекетіне байланыссыз, кездейсоқ жағдайларға байланысты, келісім шарттың орындалуына әсер ететін барлық қолайсыз салдарын өзі көтереді. Мысалы, мердiгерлiк нысанасы оны тапсырғанға дейiн кездейсоқ жойылса немесе жұмысты аяқтаудың мүмкiн болмауы тараптардың кiнәсiнен болмаса, тәуекел мердігерге жүктеледі; тұрлаулы смета көзделген жағдайда жұмыстардың кездейсоқ қымбаттауы мердігерге жүктеледі; егер жұмыс тапсырысшының сапасыз материалдарынан жасалатын болса, ол материалдардың сапасыздығы тұралы мердігер тапсырысшыға ресми түрде ескертпеген болса, онда жұмыстың және сол материалдардың сапасыздығы үшін жауаптылықты мердігер көтереді. Мердігердің тәуекелін материалдардың кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупімен шатастырмаған жөн. Материалдардың кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі сол материалдардың меншік иесіне жүктеледі (ҚР Азаматтық кодексінің 190-бабы). Жалпы ереже бойынша жұмыстар мердігердің қарамағында орындалу керек, яғни, өзінің материалдарымен, күшімен және қаражатымен (617-бап). «Өзінің материалдарымен және қаражатымен» деген ұғымдар қосымша түсінікті талап етпейді деген ойдамыз. Сондықтан «жұмысты өзінің күшімен орындау» деген сөз тіркесін түсініп алайық. «Жұмысты өзінің күшімен орындау» дегеніміз – ол өзінің жеке қолымен немесе өзінің қызметкерлерінің қолымен, ойларымен, біліктілігімен, өзге қабілеттерімен, өзінің құралдарымен, және т.с.с. Мердiгерлiк шартта жұмысты орындаудың бастапқы және түпкi мерзiмi көрсетiледi. Тараптардың арасындағы келiсiм бойынша шартта жұмыстың жекелеген кезеңдерiнiң аяқталу мерзiмдерi (аралық мерзiмдерi) де көзделуi мүмкiн. Мұндай жағдайда аралық мерзімдерде жасалатын жұмыстың көлемдері міндетті түрде орындалуы қажет, ал тапсырысшы ол кезеңдерде жасалған жұмыстарды бөлек-бөлек қабылдап алуға міндетті. Мердігерлік келісім шарт мазмұнында орындалуға жататын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау әдістері көрсетілу керек. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар келiсiмге келмеген жағдайда бағаны тараптарға келтiрiлген қажеттi шығындарды ескере отырып, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негiзге алу арқылы сот белгiлейдi. Жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгіленуі мүмкін. Және де жұмыстың бағасы (смета) шамамен алынған немесе тұрақты (тұрлаулы) болуы мүмкін. Шартта басқа нұсқаулар болмаған кезде жұмыстың бағасы (смета) тұрлаулы деп есептеледi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...