Реферат тақырыбы: Жер пайдалану жəне жер жағдайының базалық картасын құру үшін аэрофотосуреттерді дешифрлеу Орындаған: Назаров С. Ш

Loading...


Дата09.04.2020
өлшемі55.5 Kb.
түріРеферат
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Инженерлік-техникалық факультеті



РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Жер пайдалану жəне жер жағдайының базалық картасын құру үшін аэрофотосуреттерді дешифрлеу

Орындаған:Назаров С.Ш

Тексерген:Карабалин Д.М

Орал 2020

Жоспар

I.Кіріспе



II.Негізгі бөлім

  1. Аэрофотосуреттерді дешифрлеу

  2. Көзбен шолып дешифрлеу тәсілі

  3. Көзбен шолып дешифрлеу кезіндегі қолданылатын

дешифрлеу белгілер

  1. Көзбен шолып дешифрлеу кезіндегі қолданылатын түсіріс

материалдары және дешифрлеудің сапалық белгісі

  1. Көзбен шолып дешифрлеу тәсілдері және

стереофотограмметриялық өлшеулер

  1. Автоматты дешифрлеу тәсілі туралы түсінік

III.Қорытынды

Кіріспе


Дешифрлеу деп жер беті туралы мәлімет алу үшін бейне ақпаратты талдауды айтады. Ондай мәліметке объектінің кеңістіктегі орны,олардың сандық және сапалық сипаттамалары,оқу процесі103-нің шектелу шекарасы мен оның қозғалысы жэне т.б. кіреді

Сондай-ақ, дешифрлеу есебіне суреттен тікелей алынбайтын мәліметтерді басқа ақпарат көздерінен алу кіреді. Мысалы, тұрғынелдің, өзеннің, жердің аттары. Бұндайақпарат көздері болыпбұрынғы дешифрленген материалдар,пландар, карталар, қосымша суреттер, анықтама әдебиеттер, тікелей жер беті қызмет атқарады.

Дешифрлеу нәтижелерін шартты белгілермен дешифрлеу суретінің бетінде немесе үстіне жапқан калькада белгілейді. Дешифрлеу құрамына байланысты топографиялық жэне арнайы болып бөлінеді. Топографиялық дешифрлеуде суреттерден жер беті жэне ондағы объектілер туралы ақпарат алады.

Арнайыдешифрлеуде ауылшаруашылық, орман шаруашылығы, геологияльщ жэне басқа бағыттағы тақырыпта ақпарат алады. Егер арнайы дешифрлеуде тематикалық карта жасалса, мысалы ауылшаруашылық, топырақтық немесе геоботаникалық жэне топографиялық негіз болмаса, онда арнайы дешифрлеу топографиялық дешифрлеумен қоса жүреді.

1. Аэрофотосуреттерді дешифрлеу

Дешифрлеу құрамына байланысты топографиялық жэне арнайы болып бөлінеді. Топографиялық дешифрлеуде суреттерден жер беті жэне ондағы объектілер туралы ақпарат алады. Арнайы дешифрлеуде ауылшаруашылық, орман шаруашылығы, геологияльщ жэне басқа бағыттағы тақырыпта ақпарат алады.

Егер арнайы дешифрлеуде тематикалық карта жасалса, мысалы ауылшаруашылық, топырақтық немесе геоботаникалық жэне топографиялық негіз болмаса, онда арнайы дешифрлеу топографиялық дешифрлеумен қоса жүреді. Қазіргі уақытта дешифрлеу классификациясы санау қүрамына жэне бейне ақпаратты талдау тәсілдеріне қарай мынадай негізгі дешифрлеу тәсілдеріне бөлінеді: - көзбен шолу, бүл тәсілде суреттерден ақпаратты алу және санауды адам жүргізеді; - машинамен шолу, бүл тәсілде бейне ақпарат алдын-ала арнайы машинамен өзгертіліп, көріністі талдауға мүмкіндік туғызады; - автоматтандырылган, суреттерді талдау жэне бейне ақпаратты жазу арнайы машиналармен оператордың қатысуымен жасалады; - автоматты (машинамен), дешифрлеу толық машинамен жүргізіледі.

Адам есепті анықтайды жэне бейне ақпаратты өңдеу бағдарламасын береді. Барлық дешифрлеудің мақсаты бір - ол объектілерді ажырату жэне білу (распознование). Оны дешифрлеудің белгілі (танымал) белгілерінің объект белгілеріне қаншалықты жақын екендігін анықтау. Ондай эталондық белгілер адамның ойында немесе машина жадында болады. Тәсілдердің жетілу деңгейіне жэне адам қызметінің өзгеруіне байланысты қолданылатын тәсілдерде өзгеріп отыруы мүмкін.

2. Көзбен шолып дешифрлеу тәсілі

Көзбен шолып дешифрлеу — күрделі көп сатылы оймен сараптау процесі. Объектілерді танып білу және олардың сипаттамаларын анықтау жағдайды немесе бөлек элементтерді қайта-қайтасараптап, бір шешімге келу процесі. Адам, машинаға қарағанда,логикалық есептерді шешуде басым келеді. Адам шектеулі ақпарат негізінде, ойлау аппаратын пайдаланып, әр түрлі табиғи және функционалды байланысқа сүйене отырып, объектілерді танып біледі. Сондықтан, көзбен шолып дешифрлеу, нәтижелердің ақиқаттығы жөнінде машинаға қарағанда басымырақ болады. Мысалы,ауылдық тұрғын елде қоғамдық үйлер мен қүрылыстарды жеке меншік үйлерден абсолюттік көлемімен емес, оны салыстыу арқылы ажыратады.

Бұл үшін масштабты білудің де керегі жоқ.Егістіктің қатты ылғал участкелерін оптикалық тығыздықтың абсолюттік шамасымен емес, оның жергілікті өзгерісі бойынша анықтайды.Бөлек объектілерді дешифрлеу үш сатыдан түрады: табу, танужәне сипаттамаларын анықтау. Объектіні адам көзінің көру қабілетіне, көріністің анықтығына, оның жарықтығы жэне қарау үзақтығына байланысты болады.Көрініс элементтерін байқау адам көзінің жарық сезгіштікқаблетіне байланысты. Қабілет абсолюттік, айырма немесе дифференциалдық болып бөлінеді.

Абсолюттік цабілет деп объектінің Вт6 минималь жарығы бойынша қараушының байқауын айтады. Қарау кезінде фонның жарықтығы Вф эр түрлі болуы мүмкін, сол себепті қабілет айырмасын қолданған ыңғайлы. АВ=В0- В ф

бүл жерде

В0- объект жарықтығы.

Дифференциалдыц цабілет немесе қабілеттік контраст

К мынадай қатынаспен анықталады: К = АВ бүл шама белгілі бір жарық диапазонында түрақты. Көрністі шолу ыңғайлы, учаске шекаралары жақсы көрінетін кезде, яғни адам

көзі 50-ге дейін объект сатысын байқай алады. Сондықтан, көрініс

бетіндегІ объектілерді анықтауға және егер оптикалық тығыздықтардың айырмасы 0,1 кем болмаса, объектілерді оптикалық тығыздығы бойынша бөлуге болады.

Егер көрініс түрлі-түсті болса, онда түстерге қарап ажырату сатысы одан да жоғары болады.
3. Көзбен шолып дешифрлеу кезіндегі қолданылатын дешифрлеу белгілері
Көзбен шолып дешифрлеу кезінде ландшафт элементтерінің геометриялық және оптикалық сипаттамаларына (тура белгі) және адам тіршілігінің табиғатпен байланысына (жанама белгі) қарап жүргізіледі. Тура дешифрлеу белгілеріне объект көрінісінің көлемі және сыртқы пішіні (формасы), көрініс өңі (түр түсі) жэне көлеңкесі жатады. Объект формасы дешифрлеу кезінде көп жағдайда жеткілікті белгіге жатады. Мысалы, объект формасына қарап, табиғи немесе антропогендік шығу тегін анықтауға болады.

Адам жасаған объектлердің формасы дүрыс геометриялық формаға жатады. Мысалы, барлық қүрылыстар төртбүрыштар (5.2-сурет) болып келеді. Сол сияқты, канал, жолдар, парк және сквер, айдалған жерлерді айтуға болады. Бедерлі объектілердің кеңістіктегі формасын көлеңкесіне қарап анықтауға болады.

Объект формасы кей жағдайда жанама тәсілге де жатады, мысалы өзен арнасының формасына қарап, жер жағдайының геологиялық қүрылысын айтуға болады, аралдың, өзен ағысының бағытын, топырақ жолдардың түзулігі жэне айырылуы сияқты формаға қарап, сол жердің сипаттамасын білуге болады. Дешифрлеу объектісінің көлемі көп жағдайда салыстыру арқылы бағаланады. Сондай-ақ, объект мөлшерін көлеңкесі арқылы да білуге болады, тек көлеңке түскен жер горизонталь болуы керек. Көрініс өңі (түр түсі) объект жарықтығының функциясы болады. Фотометрияда өң - көріністің оптикалық тығыздығы деп қаралады. Уақыт аралығында өң де өзгеріп отырады, мысалы, егістіктің өңі оның жағдайына (айдалған, тегістелген, құргақ, ылғалды т.б.) және өсімдіктің түріне байланысты болады.

Текстура - объект көрінісінің оптикалық тығыздығының өзгеруін көрсетеді. Мысалы, орман текстурасы талдардың бұтақтарын, ал ірі масштабты суреттерде талдардың бойын көрсетеді. Егістіктің текстурасы, айдалған жердің бұйралығын, арығын немесе бөлек кесектерді көрсетеді. Текстураға қарай отырып, адам орманды, бақты, тұрғын елді және көптеген объектлерді қатесіз танып біледі. Жанама белгілерді негізгі үш топқа бөлуге болады: табиғаттық, антропогендік жэне табиғат-антропогендік.

Табигаттьщңа табиғаттың өзгерісі, объекттің өзара байланысы жатады. Ондай белгіге, мысалы, топырақ құрамына байланысты 110 өсімдік түрлерінің өзгешілігі, жердің геологиялық құрамына байланысты жер бедерінің өзгеруі жатады. Тікелей дешифрленбейтін объектіні анықтау кезінде қолданылатын объектілерді - индикаторлар дейді, ал ондай дешифрлеуді - индикациялық дейді.

Бұндай индикаторлар көмегімен жер асты суларын, қазба байлықтарды іздестіреді. Антропогендік жанама белгілердің көмегімен адам тіршілігін, қолмен жасалған объектілерді танып білуге болады . Мысалы, негізгі және қосымша құрылыстарға, жол торабына, ішкі территорияны орналастыру жүйесіне қарап, ауылшаруашылық мал фермасын, манеж арқылы жылқы зауытын, техника арқылы автопаркті, т.б. қарап анықтауға болады. Табигат-антропогендік жанама белгілерге адам тіршілігінің табиғи ортамен тікелей байланыстығы жатады. Мысалы, егістің түрлеріне қарап топырақтың құнарлылығын, ылғалдылығын, өсімдіктердің биіктігіне қарап, ол жердегі дренажды және т.б. білуге болады. Әдетте, дешифрирлеу кезінде объектілердің барлық белгілері қолданылады. Кей кезде объект белгісі басқа белгілерге қарап расталып немесе жоққа шығарылуы мүмкін.


4.Көзбен шолып дешифрлеу кезіндегі қолданылатын түсіріс материалдары және дешифрлеудің сапалық белгісі

Дешифрлеу сапасы жэне өнімі көп жағдайда дешифрлеу материалдарының түріне байланысты болады, өйткені олардың ақпараттығы, дешифрленуі, шолу мүмкіндігі, стереоскопиялық бақылаудың ыңғайлылығы жэне т.б. өзгешіліктері болады. Дешифрлеу үшін фотоплан, фотосхема, стереофотосхема, ортофотоплан жэне стереоортофотопландар қолданылады. Контакты фотосуреттер ең арзан жэне тез дайындалатын материал. Олармен, әсіресе суретсіз түсіру жүйелерінің көмегімен, көптеген ауылшаруашылық мақсаттағы есептерді шешуге болады. Мысалы, картографиялық, іздестіру, шапшаң басқару сияқты жүмыстарды орындауда. Кадрлік суреттер стереоскопиялық бақылау үшін ыңғайлы және объектілердің биіктігін қарапайым стереофотограмметриялық тәсілмен анықтауға, жер бетінің эрозиялық қатерлі участоктерін табуға мүмкіндік береді.

Үлкейтілген көріністі суреттерді дешифрлеу мүмкіндігі артады. Фотографиялық үлкейтудің оптикалық үлкейтуден артықшылығы аудандары кішкентай объектлерді дешифрлеуге мүмкіндік береді. Аталған материалдардың кемшілігі эдеттегідей жэне стереоскопиялық бақылауда шолу шектеулі болады. Фотосхема көру аумағын арттырады жэне дешифрлеу нәтижелерін салыстыруды қысқартады. Қажет болса оны үлкейтілген суреттерден де жасайды. Оның көмегімен көптеген ақпараттық жэне ізденіс жұмыстары шапшаң орындалады.

Кемшілігі стереоскопиялық көрініс болмайды. Масштабтары әр түрлі болғандықтан өлшеу жұмыстары қиындайды. Фотопландарда айтылған кемшіліктер болмайды. Көп жағдайда, мысалы, түрғын елді ірі масштабта түсіру кезінде дешифрлеу көбінесе фотопланда немесе ортофотопланда жүргізіледі, өйткені жер асты коммуникацияларын түсіру едэуір жеңілдейді, көлеңкеде қалған немесе талдармен жабылған объектілерді анықтауға болады. Фототопографиялық өндірісте, әдетте, фотопланды дешифрлеуге суретке түсіргеннен кейін екінші жылы кіріседі. Осы аралықта жер жағдайы өзгереді, сондықтан дешифрлеу кезінде біршама қиындықтар туғызады. Трансформирленген суреттердің жұмыстық аудандарынан жиыстырьшған фотопланды стереоскопиялық бақылау өте күрделі процедура және шолу аумағы шектеулі болады.

Көріністі қосымша қүрастырмайынша ортофотопланда стереокөрініс болмайды. Дешифрлеу сапасы оның толықтығы және айқындылығымен анықталады. Суреттің толыцтыгы дешифрленген объекті санының К суреттегі дешифрлеу объектісінің жалпы санына қатынасымен анықталады.

Тсу = К/Ксу

Тсу - суреттердің қолдану толықтығын ақпарат көзі ретінде көрсетеді. Ол суреттердің дешифрлеу мүмкіндігіне және маман квалификациясына байланысты болады. - табу өте қиын, сол себепті Тсу бағасы сурет сапасын бағалау үшін қолданылмайды. Суреттердің дешифрлеу толықтығын дешифрлеу объектілері санының К жер бетіндегі объект санына Кж қатынасы корсете алады.

Табс = Ш ж Алынған бағаны дешифрлеудің абсолюттік толықтығы дейді.

Кж шамасы далалық бақылаудан кейін анықталады.

Габс бағасы суреттің ақпараттығына байланысты болады.

Дешифрлеу нэтижелерінің ащындыгы деп объектілердің сипаттамасын және орнын дұрыс табуды айтады. Айқындылықтың бағасы дұрыс дешифрленген объектлер санының

К0 дешифрленетін объектлердің жалпы санына

К қатынасымен анықталады: А = K J K . (5.11) Дүрыс табу, сандық жэне сапалық сипаттамаларын анықтау негізінде маманның квалификациясына және дешифрленетін суретке байланысты болады. Шекараны дүрыс салу дешифрленетін объект сипаттамасына байланысты болады.
5. Көзбен шолып дешифрлеу тәсілдері және стереофотограмметриялық өлшеулер

Көзбен шолып дешифрлеудің үш тәсілі бар: далалық, камеральдық және аралас. Далалъщ дешифрлеу тәсілі суретті жер бетімен салыстыру арқылы жасалады. Далалық дешифрлеу ең жоғарғы айқындық жэне толықтық бере алады. Бірақ, бұндай тәсіл өте қымбат жэне көп еңбекті қажет ететін болғандықтан оны камеральдық дешифрлеу тәсілін қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана қолданылады.

Камералъдъщ дешифрлеу тәсілі деп дешифрлеу белгілерін қолдана отырып, көріністі сараптауды айтады. Дешифрлеу кезінде қосымша материалдар қолданылуы мүмкін, мысалы, бұрынғы дешифрлеу нәтижелері, картографиялық материалдар, анықтамалар, арнайы әдебиеттер жэне т.б. Егер эталондық дешифрленген участкелер жэне далалық дешифрленген материалдар қолданылса, онда камеральдық дешифрлеудің шындығы артады.

Дешифрлеу кезінде қосымша қарапайым фотометриялық және фотограмметриялық өлшеулер қолданылады. Бүндай қосымша процедуралар камеральдық дешифрлеу тәсілінде негізгі қызмет атқарады. Аяқтау кезеңінде камеральдық дешифрлеудің орындалуын және сапасын далалық тексеруден өткізеді. Аралас дешифрлеу тэсілі жоғарыдағы аталған тәсілдердің қосындысы. Әуелі камеральдық дешифрлеу жүргізіледі, содан соң далалық дешифрлеумен қатар камеральдық орындалған нәтижелер тексеріледі.

Жұмыс біткеннен соң далалық бақылау жасайды. Аралас тәсілде жоғарыдағы екі тәсілдің жақсы жағын қолданады. Жай фотограмметриялық өлшеулердің көмегімен объектінің биіктігін, шұңқырдың тереңдігін, көлбеулікті, т.б. өлшеуге болады. Ол үшін горизонталь жазықтықтан суретке түсіру биіктігін Н және осы нүктенің бойлық параллаксын р білу қажет.

Суретке түсіру биіктігін анықтау үшін керекті базистердің орналасу схемасы. Түсіру биіктігін радиовысотомер құралының көмегімен немесе фотограмметриялық жолмен анықталады.

Суретке түсірудің абсолюттік биіктігін Н0 фотограмметриялық жолмен анықжэне осы кесіндінің ұзындығын карта немесе планнан анықтайды.

Абсолюттік биіктік мынадай формуламен анықталады: бұл жерде Аоря = {Аа + Аь) \ 2 , яғни, а және b нүктелерінің биіктігінің орта шамасы, /° және / пландагы және суреттегі ұзындықтар; / - аэрофотокамераның фокус ұзындығы; М - план масштабы.

Бақылау үшін басқа, мысалы cd кесіндімен, анықтауды қайталайды.

Н0 соңғы шамасына екі анықтау ортасын қабылдайды. Бойлық параллакстың алдын-ала шамасына сол жақтағы суреттің масштабындағы суретке түсіру базисін қабылдауға болады.

Объектілердің биіктігін немесе тереңдігін стереофотограмметриялық жолмен анықтау үшін мынадай формуланы пайдаланады: бұл жерде Н - орта жазықтықтан суретке түсіру биіктігі, р - түсіру учаскесіндегі бойлық параллакстың орта шамасы, Apt- і нүктесімен бастапқы нүкте арасындағы өлшенген бойлық параллакс айырмасы.

Дешифрлеу кезінде суреттер стереоөлшеу құралдарында, әдетте, бастапқы бағыт бойынша бағдарланады. Өлшенетін бойлық параллакс айырмасы суреттердің өзара бағдарлау элементтерінің эсерінен бүрмаланады. Сондықтан, объектілердің, мысалы, талдардың, қорғандардың биіктігі биіктіктік тірек нүктелері бойынша бағдарланған сурет дәлдігімен шамалас болады. Бойлық параллаксқа түсіру базисінің сол жақ суретінің масштабында қабылдайды.

Сондықтан, объектілердің биіктігін тірек нүктелерінің биіктік дәлдігімен аньщтайды. Көлбеулікті ab бағытында

-b бағыты мен а бағыты арасындағы горизонталь бұрыш.\


6. Автоматты дешифрлеу тәсілі туралы түсінік

Автоматты дешифрлеу интерпретациялық жүйемен жүргізіледі. Оған мамандар тобы, техникалық құрал және бағдарламалық қамтамасыз кіреді. Интерпретациялық автоматтандырылған жүйе (ИАЖ) өзіне ақпаратты өңдеу техникалық құралдарының артықшылығьга, есептеу тездігін, көп ақпаратты сақтау және адамның ойөрісін жинақгайды.

ИАЖ техникалық қүралдары міндетіне қарай универсалдық және арнайы болып бөлінеді. Бейне көріністі өңдеу тәсіліне қарай сандық, аналогтік және гибридтік болып бөлінеді. Сандық құралдарда бейне көрініс сандық түрге айналдырылып ЭЕМ-ның көмегімен өңделеді. Бұлар универсалдық құралдарға жатады. Сандық бейне көрініс компьютерге тікелей енгізіледі және электромеханикалық немесе электрондық құрылғылардың көмегімен жүргізіледі.

Электромеханикалық құрылғыларда көріністі механикалық сканердың көмегімен фотоөлшеуіш аспабын жүргізу арқылы ашады. Электрондық құрылғыларда көріністі енгізу телебейне камерасының көмегімен орындалады. Олар ақпаратты үлкен жылдамдықпен санай алады, бірақ фотометриялық дәлдігі төмен. Бейне ақпаратты сандық өңдеу кезінде дешифрлеу белгілері сан түрінде көрсетіледі. Сондықтан объект қасиеттерінің сандық сипаттамалары бұндай кезде белгі ретінде алынады. Әсіресе, объект жарықтығы, жарық функциясы ретінде, оңай сандық түрге айналады, бірақ, жеткіліксіз ақпарат иесі.

Жасанды объектілер үшін пішін және мөлшер жеткілікті белгіге жатады, ал ауылшаруашылық алқаптарда дешифрлеуге олар жеткіліксіз. Тікелей белгілердің ішінде толығырақ ақпарат беретін көріністің түр-түсі жэне текстурасы. Қазіргі уақытта текстуралық белгілер орманды автоматты дешифрлеу кезінде, әсіресе, екпе ормандардың таксациялық көрсеткішін анықтауда кеңінен қолданылады. Аналогті техникалық құралдардьщ көмегімен фотографиялық көріністі тікелей өңдейді, сондай-ақ, аналогті түрмен берілген сканерлік бейне көріністі өңдейді. Сандық құралдарға қарағанда бұндай құралдармен өңдеу тез жэне арзан. Аналогті қүралдар арнайы қүралдар қатарына жатады.

Гибридті техникалық құралдар сандық жэне аналогті құралдардың басым жағын алған. Көріністі алдын-ала өзгерту аналогті құралдармен орындалып, одан әрі өңдеу сандық түрмен жүргізілуі мүмкін. Қазіргі уақытта кеңінен тараған және тиімді қүралдарға сандық аспаптар жатады. Оператордың негізгі міндеті берілгендерді өңдеу процесін басқару. Дешифрлеу белгілерінің ақпараттығын сараптау негізінде оператор нақтылы есептер үшін эталондық дешифрлеу белгілерін қүрады жэне оны компьютерге енгізеді. Берілгендерді өңдеу барысында маман бағдарламаны және белгілер топтамасын түзетеді. Тікелей интерпретациялық шешімді компьютер қабылдайды.



Қорытынды

Дешифрлеу дегеніміз-әуе және ғарыштық суреттерден қолданбалы мақсатта пайдалану үшін,жергілікті жер және түрлі нысандармен элементтердің сапалық және сандық сипаттамалары туралы қажетті мәліметтерді алу процесі.

Аспект жергілікті жердің көлбеулік бағытын және әңістігін көрсетеді.Аспект категориясы символдық белгілеумен белгіленіп,көлеңке түстерін солғын ал,бкткейлерінің көлбеу дәрежесі қарығырақ болып бейнеленеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Бектанов Б.К.



Б 39 Фотограмметрия (оқулық). - Алматы: Қаз ҰАУ, 2011

Оқулық 050903 - «Жерге орналастыру» жэне 050907 - «Кадастр» мамандығы студенттеріне арналған. Оқулықта аэро жэне ғарыштық түсірулердің сапалық бағасы, суреттердің геометриялық қасиеттері, фотоплан жэне фотосхема дайындау тәсілдері, суреттер- ді өңдеудегі қолданылатын құрал түрлері мен дешифрлеу тәсілдері туралы мәліметтер берілген. Ауылшаруашылық және топография- лық дешифрлеу ерекшеліктері мен аэроғарыштық суреттердің ауыл шаруашылығында қолданылу нұсқалары келтірілген

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...