Реферат Тақырыбы: Химия ғылымы және химия ғылымының даму тарихы



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата20.09.2021
өлшемі259.06 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8
ІV кезең . Кәзіргі уақыттағы химия ғылымының дамуы . Бейорганикалық 

химия саласындағы ғылыми , практикалық және экологиялық зерттеулер . 



І кезең . Анаксимандр ( біздің эраға дейінгі VI ғасыр ) және Эмпе докл         

( біздің эраға дейінгі V ғасыр ) сияқты ежелгі грек философтарының 

ұғымынан бастап , XVII ғасырдың аяғына дейінгі мағлұматтар . 

Алхимиялық кезең . Р. Бойльдің жұмыстары . Ежелгі грек философтары 

жаратылыс төрт элементтен ( бас тамадан ) тұрады деп санады : от , жер , 

ауа және су . Бір бастаманың екіншісіне немесе өзара ауысуы арқылы 

көптеген құбылыстарға түсініктеме берді  . Мысалы , дымқыл ағаш жанған 

кезде , мынадай заттар пайда болады : түтін ( ауа ) , жалын ( от ) , күл ( жер 

) , сұйықтың кішкене тамшылары ( су ) . Осы бастамалардың негізгі 

қасиеттерін әрі қарай зерттеу ар қылы олардың мінездемелері 

толықтырылды : суық , ыстық , құрғақ , дымқыл .                                                         

Ежелгі грек философтары бастамалардың қасиеттерін өзгерту арқылы бір 

затты екінші затқа айналдыруға болады деп санады . Мысалы , бір 

қасиетін өзгерту арқылы ( дымқылды құрғаққа айналдыру ) , судан 

топырақ алуға болады деп есептеді . Аристотель жоғарыда көрсетілген 

бастамаларға квинтэссенция ( квинта – бесінші ) деген рухани табиғаттың 

тағы бір бастамасын қосты . Бұл бастама өлместікке әкелетін зат – өмірдің 

эликсирін алатын мүмкіндікпен байланыстырды .                                                        



 

 

 



 

 

 



 

 

Атомдар , элементтер , қосылыстар туралы бірінші мағлұматтар Демокрит 



, Эпикур сияқты философтардың жұмыстарында біздің эраға дейінгі IV - III 

ғасырларда пайда болды .                                                                                 

Ежелгі атомистика теориясы          (  атомос – бөлінбейді ) 

М.В.Ломоносовтың атомдар туралы көзқарасынан тым алыстау екені 

анықталды . Химияның даму тарихының бір дәуірі алхимиямен 

байланысты . Біздің эраның бірінші ғасырында көптеген заттар ашылып , 

зерттелген уақытта , алхимиялық көзқарас қатар дамып келді .                                      

Арабтардың Испанияны жаулап алғаны , химиялық білімнің Шығыс 

елдерінен Грецияға , Римге енуіне мүмкіншілік берді . Химия арабтардан " 

ал " буынын қосып алып , " ал - химияға " айналды .                                                     



" Алхимия " өз заманында керекті болды . Алхимияның негізгі міндеті 

философиялық тастың көмегімен , жай заттарды алтынға айналдыру еді . 

Олардың негізгі мақсаты жай металдардың құрамына асыл қасиеттерді 

кіргізу арқылы алтын алу . Алхимия Аристотельдің жалған теориясына 

негізделгенімен , зерттеу барысында көптеген жаңа химиялық заттар және 

сол заттарды алу әдістерін ашуға мүмкіншілік жасады . Ресей химиялық 

өндірісі алхимияның әсеріне ұшырамады . Орыстың практикалық химиясы 

Батыс Европамен байланыссыз XVII ғасырға дейін өз бетінше дамыды . 

Ресейде тері илеу жұмысы , дәрі заттарын алу , табиғи бояғыш заттар мен 

ашыту процесін қолдану өте кең дамыды , әсіресе , металлургия – темірді 

және түсті металдарды балқыту процесі өріс алды Ресейде XV ғасырда 

селитра алынды , XVI ғасырда химияның маңызды саласы - фармация 

дами бастады . Сабын өндірісі XVI - XVII ғасырда кең дамыды , оған керекті 

поташта Ресейде шығатын . Осы уақытта шойынды , болатты еріту кең 

орын алды , Туладағы темір өндірісі де осы XVI ғасырдан дамыды .                                                                                              

Батыста , XV ғасырдың екінші жартысынан бастап , химия бірте бірте 

алхимияның әсерінен босана бастады Осы уақытта химияның ірі 

реформаторлары ретінде Парацельсті , Агриколаны атап өтуге болады . 

Әсіресе , Парацельстің жұмыстарында металдардың , қышқылдардың , 

тұздардың , кейбір дәрі - дәрмектердің қасиеттері туралы бағалы деректер 

берілген . Оның айтуынша , химияның негізгі міндеті – дәрі - дәрмектер 

дайындау ( ятрохимия дәуірі ) .                                                                        

Агрикола тау жыныстары және металлургия саласында жұмыс істеді . 

Оның жұмыстары көп уақыт бойы металдардың химиялық өндірісінің 

негізі болып келді . Р. Бойлдың жұмыстары XVII ғасырдың ортасында 

элементтерді түсінуде түпкілікті өзгеріс әкелді . Ол өзінің жұмыстарында 




 

 

 



 

 

 



 

 

алхимиялық көзқарасты қатты сынға алды және бас тамаларға анықтама 



берді – заттардың бөлшектерге бөлінуінің шектілігі – элементтер деп 

атады . Турасын айтсақ , бұл анықтама , Кәзіргі уақыттағы анықтамаға 

ұқсас . Р.Бойль атомистиканың сапалық негізін қалады . Бірақ , Р.Бойль 

теорияның сандық жағдайын қозғамады . Ол жинақталған тәжірибелік 

материалдарды қорытындылайтын ешқандай теорияны ұсынбады . Химия 

жаңа жолға түсуге бет алған болатын . Газдардың қасиеттері , жану , 

тотығу , тотықсыздану процестері зерттелді . Көпшілік ғалымдар өздерінің 

еңбектерінде металды белгілі жағдайда қыздырғанда металдық 

қасиеттерінен айырылып , борпылдақ аморфты ұнтаққа айналатынын ( 

окалина ) атап өтті . Ағылшын ғалымы Джозеф Пристли сынаптың қызыл 

ұнтағын қызды арқылы метал - сынапты және белгісіз газды ( кейіннен бұл 

газ оттек екені анықталды ) бөліп алды . Сонымен қатар , Пристли әртүрлі 

заттардың ауамен салыстырғанда , бөлініп алынған газда жылдамырақ 

жанатынын анықтады . Неміс ғалымы Г. Шталь XVII ғасырдың аяғында 

флогистон теориясын ұсынды . Бұл теория бойынша , барлық жанатын 

заттардың және металдардың құрамында ерекше зат — флогистон 

болатындығын айтты . Мысалы , металдарды қақтағанда флогис тон 

бөлініп шығады деп санады :                                                                                                                           





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде