Реферат тақырыбы: Франция Республикасының Конституциясы

Loading...


Дата09.04.2020
өлшемі38.82 Kb.
түріРеферат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті

Заң факультеті

Реферат тақырыбы:

Франция Республикасының Конституциясы

Орындаған: Алдыханова А.Е. Ю-20

Тексерген: Ғалы Ж.О. аға - оқытушы

Қарағанды, 2020 жыл



Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................................3

Франция Республикасының Конституциясы..................................................5


Франция Конституциясы: Құрылымы Мен Сипаттамалары.........................9


Бесінші республика Конституциясының ерекшеліктері... ... ... ... ... .... ... .11 Қорытынды.......................................................................................................13

Әдебиеттер... ... ... ... ... ... ... ... ... .... .... ... .... ... ... ... ... .... ... ... .... ..... ..... ...15

Кіріспе
Францияның жағдайын бірде бір Батыс елдерінің соғыстан кейінгі жағдайымен салыстыруға келмейді. 1940 -1958 жж. арасындағы үш мәрте өзінің мемлекеттік құрылысын ауыстырды, 111 Республикадан Виши жүйесіне, содан кейін IY Республикаға ауысты, ал кейіннен Республика болды. Бұл кезде Францияның сыртқы саясаты да өте ауыр болды. Олар Францияның метрополия статусынан айырылуы болды. Отарлар үшін күресте Франция өзінің халықаралық беделінен айырыла жаздады. Оған Француз үкіметінің Солтүстік Африкадагы Упт- азаттық күрестерді күшпен қантөгіс арқылы басуы болды Осы отарлар үшін. күресте Франция саяси тұрақсыздықта болды Ол билік басындағы бірін алмастырған 25 үкімет мүшесінің өздерінің сыртқы саясатты сауатсыз жүргізуінен көруге болады. Осы сауатсыз саясат Республиканың күйреуіне әкеп соқты. Осы кезде елде, ягни Франция тарихына айтарлықтай үлес қосқан, оның бедерін сақтап қалған, француз елінің көрнекті саясаткер- қолбасшы генерал Шарль де айтып көтеруге балады Де қайраткерлігін үш аспектіде қарастыруға болады: Бірінші, алғашында өскөри адам көйіннен мемпекет қайраткері ретінде 11 Дүние соғысқа кәсіби офицер 1940 жыпдан бастап оп Петен үкіметіне бағынудан бас тартып Лондонға кетіп, саясатпен айналысты. Франция азат етілгеннен кейін Уақытша үкімет басшысы болды. Бұл тұғырдан өз қызметін 1958-1969 идеясын орнатқан кезде көруге болады Екінші аспект де Голль қызметі голлистік қозғалыспен байланысты. Ол осы ұйымның негізін салушы және 30 жыл басшы болды. Соғыс кезінде Гоппистер Францияны азат етуді мақсат етті, ал 1947 жылдан бастап оппазицияға көшті. Үшінші және ең маңызды аспект де Голльдің голлизм идеясын куру, ішкі саяси және сыртқы саяси әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың өзара байланысын айтуға болады. Жұмысты жазу барысында біз Францияның жаңа заман деректермен дөйектерді пайдаландық Деректер қатарына ең бірінші Ш де Голльдің мемуарларын қосуға болады. 50-ші жылдарда дәйекті түрде жеткізген Өскери мемуары болды. Онда осы кездегі Францияның жалпы әлемдегі қайта күру үрдісін байқауға болады[1][1]. 1969 жылы де Голль Үмір мемуары жұмысын бастап 1970 жылы Жаңару 1 томын шығарды. Ал екінші томы Күш алу аяқталмай қалды. Мемуарлы дерекетерге ФКП мүшелерінің естепіктерін а Франсуа Бийу кане Жак Дьюнно. Коммунистер де Гол тәртібіне аппозиционер және сонымен бірге IY Республика үкіметіне де өзіндік оппозиционерлік ұйым бола білді. Зерттеу җұмыстары IY Республиканың ыдыраган күнінен бастап, яғни 1960 жылдардан жарық көре бастады. Олар Молчанов Н.Н., Мандред А., Смирнов В.П., Ратиани Г. Н., Наумов Н. Н. еңбектерін атауға болады(12)[2] Ратяни Г. Н. еңбегінде Франция тарихындағы елеулі орын алған қос республика жөнінде кең жазылған. Гуксаян - Гандзакелл П. Г еңбегіне Францияның отаршылдық саясаты көрсетілген. Ал 80-ші жылдардағы зерттеулерді қызығушылығын президенттік билік жүйөсі тудырған. Ү республика кезіндегі атқарушы билік бұтағының маңызын багаламақ болған еңбектерінің бірі В. Г.Серебренниковтың еңбегі. Oл 1946 және 1958 жылдардагы конституцияларды салыстырған[3][3] Осымен қатар президенттік жүйенің ерекшеліктері мен кемшіліктерін зерттеген Савицкий П Н жене Миронов Ю. Б. президент биліпнің өкілеттілігіне сұрыптама жасаға.н

Франция Республикасының Конституциясы
Францияның екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы адам шығыны, алдыңғы соғыспен салыстырғанда аз болды. Дегенмен бомбылау мен оккупациялық режимнің материалдық зардаптары көп тиді. Франция бұрынғы құдіреттілігі мен ықпалынан айырылды. Ол тек өз одақтастарының көмегімен ғана қалыпқа келе алды. Тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтағанымен, оның экономикасы құлдырады және АҚШ-тың долларлық саясатының ықпалына түсті. Француздық Үндіқытай бақылаудан шықты, Сирия мен Ливан тәуелсіздігін алды. Осындай жағдайда Франция мемлекеттің жаңа құрылымын анықтауы керек болды.

Азатық алғаннан кейінгі Франция территориясындағы өкімет билігі генерал Шарль де Голль басқаруындағы Уақытша үкімет қолына өтті. Олар демократиялық құрылысты қайта қалпына келтірді және гитлерліктермен тығыз ынтымақтастықта болған сатқындарды жауапқа тартты. 2 мыңнан аса адамға өлімге кесу үкімі шығарылды. Уақытша үкімет экономиканың бірқатар салаларын: авиация, көмір, автомобиль – национализациялады, яғни ұлт меншігіне айналдырды. 1945 жылдың қазан айында Құрылтай жиналысына сайлау өтіп, Құрылтай конституция нұсқасын дайындайды деп күтілді.

Соғыстан кейінгі жылдары Францияда саяси күштердің қайта топтасуы жүрді. Француз коммунистік партиясы, Социалистік партия және католиктік Халықтық-республикалық қозғалыс ықпалды партияларға айналды. Осы партиялармен байланыста болған Шарль де Голль үкіметті қайта басқарды. Үкімет Халық Майданы жылдарындағы әлеуметтік және еңбек заңдарын қайта қалыптастырды, банктер мен сақтандыру компаниялары мемлекет меншігіне айналдырылды. Осы тұста конституцияны жасау аса тартысты өтеді. Үш партия Францияда парламенттік республика құру ұсынысын қолдады. Де Голль үш партияның ешқайсысына да қосылмай, АҚШ үлгісіндегідей президенттік республика құрудың жақтасы болды. Мұндай жағдай саяси қайшылықты тереңдетіп, кейінгі де Голльдің кейінгі отставкаға кетуіне әсер етті.

Әрине, соғыстан кейін Францияның саяси ішкі өміріндегі маңызды оқиға жаңа конституция жасауға тиіс Құрылтай жиналысына сайлау болды. Болашақ  Конституцияның  мазмұны, Құрылтай  жиналысының  өкілеттілігі мен құқықтары жөніндегі мәселе қызу таластар туғызды. Коммунистік партия мен ВКТ Құрылтай жиналысына кең өкілеттіліктер беруді ұсынды. Радикалдар партиясы Құрылтай жиналысын шақырмай-ақ, 1875 жылғы конституцияны қалпына келтіруді талап етті. Генерал де Голль Құрылтай жиналысының өкілеттілігін шектеп, оны шақыру мәселесін шешуді халыққа беруді, референдум өткізуді ұсынды.

1945 жылы 21 қазанда Францияда соғыстан кейінгі алғашқы сайлау жүргізілді және бір мезгілде Құрылтай жиналысы туралы мәселе бойынша референдум өткізілді. 96,4 процент сайлаушылар 1875 жылғы конституцияны жоюды және Құрылтай жиналысын шақыруды қолдап, дауыс берді. 66,3 процент сайлаушылар де Голль ұсынған өкіметтің ұйымдастыру жобасымен келісті [1.122]. Құрылтай жиналысына сайлау елде жаңа саяси ахуал туғызды. Коммунистік партия Франция тарихында тұңғыш рет парламентте бірінші орын алып, үлкен жеңіске жетті — 5 млн. дауыс, 152 депутаттық мандат алса, екінші орында социалистік партия — 4,6 млн. дауыспен 142 депутаттық мандат иеленді. МРП 4,5 млн. адамның дауысын жинап, 141 мандатқа ие болды. Оңшыл Республикандық бостандық партиясына сайлаушылардың небәрі 6 проценті ғана дауыс берді [2.48]. Осылайша Құрылтай жиналысында коммунистер мен социалистер көпшілік орынға, 545 мандаттың 294-іне ие болды. Коммунистік партия демократиялық үкімет құруды ұсынды. Алайда социалистік партияның лидерлері компартия ұсынысын қолдамады. Олар МРП партиясымен бірге генерал де Голль басқарған үш партиялық өкіметке ғана қосылатынын білдірді.

Коммунистік партия ұсынысын қайтып алды, мұнан соң Құрылтай жиналысы бірауыздан генерал де Голльге үкіметті құруды міндеттеді. Де Голль оған үлкен үш партияның өкілдерін де кіргізуді ұсынды, бірақ коммунистерге жетекші министрлік посттарын — әскери, ішкі істер министрі, сыртқы істер министрі портфельдерін — беруден бас тартты. Жаңа үкіметке де Голльдің өз жақтастарынан басқа әр үш партиядан — коммунистік, социалистік, МРП — бес өкілден кірді.

Құрылтай жиналысында коммунистер мен социалистердің басым болуы, олардың МРП партиясымен ынтымақтастығына қолайлы жағдай туғызды. Үш партия әлеуметтік-экономикалық саясат саласындағы талаптармен өзара келісті. НСС программасына сәйкес олар басты банктерді, сақтандыру компанияларын, өнеркәсіптің түйінді салаларын ұлт меншігіне айналдыруды ұсынды. Үш партия да Виши режимінің қалдықтарын толық жоятын, демократиялық бостандыққа кепілдік беретін әлеуметтік сақтандыру жүйесін жақсартатын экономикалық даму жоспарын жасауға ұмтылды. Үш партия конституциялық мәселеде келісе алмады. МРП өзінің конституция жобасын ұсынды, енді коммунистер мен социалистер бірігіп әрекет етуге келісті.

Социалистер мен коммунистердің жақындасуы реакция жоспарын бұзды, үкіметте басымдыққа ие болған депутаттар бақылауы орнады.

Құрылтай жиналысының басым көпшілігіне көнгісі келмеген генерал де Голль 1946 жылы 20 қаңтарда үкіметке бақылау қою шектен асқандық, деген есеппен, күтпеген жерден отставкаға кетті. Онан кейін кейінгі 12 жылда ол саясатпен айналысқанына қарамастан, үкімет құрамына кірген жоқ.

Де Голль отставкаға кеткен соң коммунистер социалистік партияға бірігіп үкімет құруды ұсынды. Ол Морис Торездің сипаттауы бойынша, халыққа сүйенген демократияға жаңа мазмұн бере алатын еді. Социалистік лидерлер мұны қолдамады, билік басында үш партиялық коалиция қалды. Үкімет басшысы болып социалист Ф.Гуэн, сонан соң 1946 жылдың маусымынан — МРП партиясының лидері Ж.Бидо болды. Гуэн мен Бидо үкіметіне коммунистердің қатысуы қалың көпшілік талап еткен ірі реформаларды жүзеге асыруға себепші болды. 1945-1946 жылдарда оңшыл топтардың қарсылығына қарамастан ірі 5 банк: Француз банк, Лион кредиті, Бас қоғам, Ұлттық есеп конторасы, Ұлттық сауда-өнеркәсіп банкі; Басты сақтандыру компаниялары, көмір, электро-энергия мен газ өнеркәсібі мемлекет меншігіне өтті. Олар бұрынғы мемлекет меншігіндегі кәсіпорындармен бірге ірі мемлекеттік сектор құрды.

Еңбек министрі А.Круазаның ұсынысымен 40-сағаттық жұмыс күні қалпына келтірілді, 40 сағаттан асқан жұмысқа жоғары бағада ақы төленді. Жұмысшыларға екі апталық, қызметкерлерге үш апталық төленетін демалыс қалпына келтірілді. Морис Торездің басшылығымен шахтерлердің мемлекеттік қызметкерлердің статусы жасалды. Үкімет шаруашылығы соғыстан бүлінген шаруаларға ссуда берді, қартайған шаруалар зейнатақы  алатын болды [2.114]. Соғыстан бүлінген экономиканы тез қалпына келтіру үшін компартия мен ВКТ жұмысшыларды «өндіріс үшін күреске» шақырды. Бұған жауап ретінде шахтерлар көмір өндіруді екі есеге арттырды, жұмысшылар өндірісті қалпына келтіруде бар күшін салды.

Құрылтай жиналысында социалистер мен коммунистердің ынтымақтастығы конституцияның демократиялық жобасын жасауға мүмкіндік берді. Ол МРП партиясы қарсы шыққанымен, Құрылтай жиналысында көпшілік дауыспен бекітілді. 1946 жылы мамырды Құрылтай жиналысының жобасы референдумға шығарылды. Оған қарсы МРП партиясы, радикалдар және басқа оңшыл топтар біріккендіктен өтпей қалды. Конституцияның жаңа жобасын жасау қажет болды.

Конституциялық мәселелер төңірегіндегі пікірталас, оған генерал де Голль қатысқанда қайта қызып, ушыға түсті. 1946 жылдың маусымында ол Бай қаласында сөйлеген сөзінде «күшті өкіметті» талап етті. Де Голль парламентке есеп бермейтін президент — кең өкілеттіліктерге ие мемлекет басшысы қызметін бекітпекші болды. Президентке үкіметті басқару, министрлерді тағайындау және орнынан алу, қарулы күштердегі басшылық, сыртқы саясатты басқару, Құрылтай жиналысын тарату құқығы мен саяси қақтығыстарда арбитор ретінде қатысу міндеттері жүктелді.

«Күшті өкімет» жобасы демократиялық күштер тарапынан бірден сынға алынды. Ұзаққа созылған пікірталастардан кейін екінші Құрылтай жиналысы бұл идеядан бас тартты. МРП талаптарымен келісе отырып, ол екі палаталы парламент туралы конституцияның жаңа жобасын ұсынды. Конституция мемлекеттің зайырлығы мен Ұлттық жиналыстың президент пен үкімет қызметтеріне бақылауын сақтады. Үшпартиялы коалицияның барлық партиялары жаңа нұсқаны толық қуаттады.

13 қазан 1946 жылы екінші рет өткізілген референдумда сайлаушылардың көпшілігі қолдап, жаңа конституцияға  дауыс берді. 1946 жылы желтоқсанда жаңа конституция ресми түрде күшіне енді. 1946 жылғы француз конституциясы Қарсылықтың солшыл ұйымдарының конституциялық жобаларының көптеген идеясын өмірге енгізді. 1946 жылғы француз конституциясы демократиялық конституцияның бірінен саналды. Конституцияға сәйкес Франция «тұтас, зайырлы, демократиялық және әлеуметтік Республика» болып жарияланды. 1946 жылы конституцияда еңбек ету құқы, демалыс құқы, әлеуметтік қамтамасыз ету құқы, білім алу құқы сияқты ең қажетті әлеуметтік құқықтар көрсетілген. Сонымен қатар конституцияда ерлер мен әйелдердің тең құқылығы, еңбекшілердің кәсіпорын басқаруға қатысуы, кәсіподақ және саяси қызмет, «заң аясында» ереуіл жасау құқықтары айқындалған. 1946 жылы конституцияға солшыл күштердің талап етуіменен әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мүмкіндігі енгізілді. «Француз империясы» деген атау «Француз одағы» деген терминмен ауыстырған [5.245]. Франция халқының және отар мен тәуелді елдердегі халықтардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі жарияланды.

1946 жылғы конституция бойынша мемлекеттік өкіметтің ең жоғарғы органы Ұлттық жиналыс пен республика Кеңесінен тұратын парламент болды. Жалпы халықтық дауыспен сайланатын Ұлттық жиналыс қана заңдар шығара алды. Республика Кеңесі заңның қабылдауын кейінге қалдыруға және оны Ұлттық жиналыста қайта қарауға жіберу құқын иеленді. Үкімет Ұлттық жиналыс алдында жауапты, оның талабымен отставкаға кетуге міндетті. Республика президентін парламент сайлады, оның барлық актілерін үкімет бекітті. Жалпы алғанда 1946 жылғы конституция буржуазиялық-демократиялық сипатта болды.

Конституцияға сәйкес 1946 жылы қарашада Ұлттық жиналысқа, ал желтоқсанда республика Кеңесіне алғашқы сайлаулар өткізілді. Сайлауда 5,5 млн. дауыс жинап, компартия бірінші орынға шықты, Ұлттық жиналыста 182 депутаттық мандатты иеленді. Екінші орында МРП партиясы (26,3%, 164 мандат); үшінші орында — социалистік партия (17,9%, 101 мандат) [6.163]. Осылайша үш ірі партия сайлаушылардың көп даусына ие болды. Сайлау нәтижесі бойынша парламентте көп орын иеленген коммунистік партия үкіметті басқару құқына ие болады. Олар Морис Торезді премьер-министр  постына ұсынды  және  республикандықтардың  бәрінің  мүддесін қорғайтын НСС бағдарламасы талаптарын негізіне алған үкімет бағдарламасын жасады.  Коммунистер ірі монополистік өндірісті ұлт меншігіне айналдыруды, орта және ұсақ кәсіпкерлікті қолдауды, шаруа меншігін қорғауды ұсынды. Сонымен қатар олар жұмысшылар мен республикандықтардың одағын, фашизм қалдықтарын толық жоюды, Германияны қарусыздандыруды, КСРО, Англия, АҚШ сияқты ұлы державалармен одақтасуды көздеді. Торез Францияның келешегі, демократиялық прогресс жөнінде былай дейді: «…орыс коммунистері жүріп келе жатқан жолдан бөлек, социализмге өтудің жаңа жолдарын қарастыруға мүмкіндік беріп отыр. Даңқты дәстүрлерге бай Франция халқы үлкен демократия, прогресс және әлеуметтік әділеттілікке апарар жолды өзі табады» [3.264].

МРП партиясы Торездің кандидатурасына қарсы шықты, социалистік партия коммунистерді формальды қолдады, социалист-депутаттар көпшілігі ФКП Бас хатшысына дауыс бермеді. Осы себептен Торез кандидатурасы қажетті дауыс жинай алмады. МРП лидерлері компартияға басты постылардың бірін беруге де қарсылық білдірді, ал Социалистік партия басшылары екі партиялық үкімет құрамына кіргісі келмеді. Осы себептен Блюм бастаған тек социалистерден тұратын бірпартиялық үкімет құрылды. Ол бір ай ғана өмір сүрді. Соған қарамастан Францияның тағдырында терең із қалдырған 1946 жылдың желтоқсанында Вьетнамда отарлық соғыс тұтандыруға себепші болды. 1947 жылы желтоқсанда Блюм үкіметі социалист Рамадье бастаған коммунистер, социалистер, МРП мүшелері, радикалдардың өкілдері кірген коалициялық үкіметке орын берді. Екі палатаның біріккен мәжілісінде Франция президенті болып  Венсан Ориоль сайланды. Ұлттық жиналыстың төрағасы Эррио болды. Уақытша режимнің күні бітті. Төртінші Республика кезеңіне аяқ басты. Ол уақытта жаңа құрылымның өмірі небары он екі жылға созылатындығын ешкім де білмеді.

                                    

Франция Конституциясы: Құрылымы Мен Сипаттамалары


Францияның алғашқы конституциясы 1791 жылы қабылданды. Кейінірек, бұл жағдайда жаңа заң қабылданды бірнеше рет. Жалпы француз революциясынан бері елде 17 конституция болды. Заңнама ішкі және сыртқы факторлармен ауыстырылды. Мысалы, 1848 жылы француз конституциясы сол жылы болған революцияның нәтижесінде қабылданды. Аталған елдің ең соңғы заңдарының бірі Екінші Дүниежүзілік соғыстан әсер етті. Мәселен, аяқталғаннан кейін, 1946 жылы француз конституциясы жарияланды. Францияның қазіргі конституциясы 1958 жылдан бері қолданылып келеді. Оның құрылуына 1956 жылы Байкедегі өзінің әйгілі сөзінде Charles de Gaulle тұжырымдалған қағидаттар айтарлықтай әсер етті. Сонымен қатар, Мишель Дебра (Франция премьер-министрі) Францияның негізгі заңына да әсер етті. Құжаттың кіріспесінде 1789 жылғы Адам құқықтары декларациясына және 1946 жылғы Конституцияға кірісулерге сілтеме таба аласыз. Кейіннен Қоршаған ортаны қорғау туралы Декларация Француз Негізгі заңында (2004 ж.) Көрініс тапты. 1958 жылғы Франция Конституциясы 93 бөлімге бөлінген 15 бөлімнен тұрады. Рас, Францияның негізгі заңында құқықтар мен бостандықтар туралы тарау жоқ. Негізінде Францияның қазіргі конституциясы саяси институттарға қатысты мақалалардан тұрады. Олардың кейбірін еске түсірейік:

1-бап. Ол дәстүрлі түрде Францияның демократиялық және әлеуметтік республика екенін айтады. Айта кету керек, бұл мақалаға сәйкес, Франция - зайырлы мемлекет. Сондықтан, ЕО конституциясында жұмыс істегенде, француз премьер-министрі Христиандықтың мәтінінде аталған сөзге қарсы тұрды. Сондай-ақ, барлық француздар қандай да бір факторға қарамастан, заң алдында тең.

2-бап. Елдің мемлекеттік тілі француз тілінде. Бұдан басқа, мемлекеттік нышандар сипатталады.

5 және 6-баптар Президенттің функцияларын сипаттайды және оның 5 жыл мерзімге сайланатынын басады (бұған дейін президенттің өкілеттік мерзімі 7 жыл болды). Франция Конституциясы президентке өте маңызды державалар береді. Сондықтан, тіпті Чарльз де Голль уақытында, елде жеке билік режимі орныққан көптеген айыптар болды. Соған қарамастан, конституциялық механизмнің жұмыс істеуі Францияның заң үстемдігі қағидаттарына және атқарушы билікке жеткілікті бақылау жасауына негізделгенін көрсетті.

8-бап. Француз Премьер-Министрін Президент тағайындайтыны туралы ескертеді.

12-бап. Осы бапта президент жүзеге асыра алатын Парламентті тарату рәсімі сипатталады.

88-бап. Осы бапта Франция мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастар сипатталады . 

Француз Конституциясында бірден бірнеше түзету өтті. Осылайша, 1999 жылы жыныстылардың теңдігіне қатысты нормалар енгізілді . Ал 2007 жылы Францияда 66-бапқа түзетулер енгізілді. Ол өлім жазасына тыйым салуды мақұлдады. Айта кету керек, Франция ЕО-ның соңғы елі болды, онда конституция деңгейінде өлім жазасына тыйым салынды. Конституция елде тұңғыш рет 1791 жылдың 3 қыркүйегі, Ұлы француз төңкерісі кезінде қабылданды. Якобин диктатурасында қабылданған, бірақ і жылдың Конституциясы күшіне енбеген. Директория режимі III жыл Конституциясымен белгіленген. Наполеонның билігіне келгеннен кейін VIII жылдың Конституциясы қабылданды. Өмір бойы консулдық режимі х жылдың Конституциясымен, бірінші Империя — XII жылдың Конституциясымен белгіленген. Қалпына келтіруден кейін 1814 жылдың Хартиясы қабылданды. Наполеон жүз күн ішінде балама Хартияны бекітті. Шілде монархиясы 1830 жылдың Хартиясына негізделген. Революция нәтижесінде 1848 жылдың Конституциясы қабылданды (фр.)орыс. көп ұзамай 1852 жылғы Конституция өзгертті. Екінші империяның құлауынан кейін және монархия мен республика арасындағы ауытқулардың қысқа кезеңі үшінші Республика 1875 жылдың Конституциялық заңдарымен (фр.)орыс..Францияның Ұлттық Жиналысы 1940 жылдың 10 шілдесі билікті Маршал Петэнге беру туралы Конституциялық заңды қабылдады.). Босатылғаннан кейін 1946 жылғы конституция қабылданды. Қазіргі уақытта Францияда 1958 жылдың Конституциясы әрекет етеді (фр.)орыс., Шарль де Голль бастамасымен қабылданған. Әділет министрі Мишель Дебренің басшылығымен Мемлекеттік Кеңестің жас мүшелері жасаған Бесінші Республиканың Конституциясы тікелей жалпыға бірдей дауыс беру арқылы сайланатын президент, сондай-ақ Үкіметті басқаратын Премьер-министр лауазымын құрды. Осылайша, Франция эволюционировала бірі-парламенттік режим күшейтілген президенттік билік режиміне "полупрезидентский". 1962 жылы Франция тұрғындары де Голльдің Ел Президентін тікелей халық сайлауы туралы ұсынысын мақұлдаған референдум өтті. Содан бері мұндай мәселелер референдумға шығарылған жоқ. 2000 жылы парламент Президент Басқармасының бір мерзімінің ұзақтығын 7 жылдан 5 жылға дейін қысқартқан Конституцияға түзету үшін дауыс берді. Шын мәнінде, Конституция осындай түрде 2002 жылдан бастап әрекет ете бастады — Жак Ширактың президенттік лауазымға қайта сайлану уақыты.

Бесінші республика Конституциясының ерекшеліктері

1958 жылғы 4 қазандағы Франция Конституциясы Бесінші Француз Республикасын бүгінгі күнге дейін реттейтін Францияның қолданыстағы Конституциясы болып табылады. Елдің Негізгі Заңы, сондай-ақ Францияның ең тұрақты Конституциясының бірі.

Бесінші Республиканың құқықтық негіздері Үкіметтің тұрақсыздығы мен Алжирдегі соғыс дағдарысын аяқтау үшін әзірленді; ол күшті атқарушы биліктің қайтаруымен сипатталады. Екі адам өз идеяларын енгізді: Мишель Дебре, Премьер-Министрдің үлкен өкілеттілігі бар Британ моделін қабылдап, және генерал де Голль, Республика Президентін институттардың кепілгері ретінде бекітуге ниет білдірді. Бесінші Республиканың Конституциясында 1946 жылы 16 маусымда Байадағы атақты сөзі кезінде Шарль де Голльмен белгіленген қағидаттар анық көрінеді. Бесінші республика Конституциясының кіріспесі екі негізгі құжаттарда: 1789 жылғы 26 тамыздағы адам және азамат құқықтары декларациясында және 1946 жылғы 27 қазандағы Конституцияға Кіріспеде бейнеленеді. 2004 жылғы Экологиялық хартия кейіннен қосылды. Бұл мәтіндер Республика заңдарымен танылған негіз қалаушы қағидаттар сияқты конституциялылық блогын құрайды. Конституциялық Кеңес заңдардың Конституцияға сәйкестігін, ол қарауға ұсынған кезде тексереді. Конституциялық Кеңестің алып тастау тәртібімен бақылауы (конституциялылық туралы басым мәселе), сондай-ақ Конституцияда кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтар қолданылатын конституциялық реформа кезінен (2008 жылғы шілде) бастап мүмкін болады. 1958 жылғы 4 қазандағы Конституция 1958 жылғы 28 қыркүйектегі референдумда қабылданған Бесінші Республиканың негізгі мәтіні болып табылады. Бұл Ұлы француз революциясы кезінен бастап Францияда он бесінші іргелі мәтін (немесе қолданбаған мәтіндер санаса жиырма екінші).

Француз құқықтық жүйесінің жоғарғы Заңына ол жарияланған сәттен бастап 24 рет не заң жүзінде, не Парламент Конгресте, не тікелей халықтық референдумда өзгерістер енгізілді . Қазіргі уақытта ол он алты бөлімнен, жүз төрт баптан (соның ішінде уақытша) және кіріспеден тұрады. Конституция осылайша, көпшілік билігін ұйымдастырумен, олардың рөлі мен қатынастарын анықтаумен шектелмейді, өйткені кіріспе үш негізгі құжаттарға тікелей және анық жатады: 1789 жылғы 26 тамыздағы адам және азамат құқықтары декларациялары, 1946 жылғы 27 қазандағы Конституцияның кіріспесі (Төртінші Республиканың Конституциясы) және 2004 жылғы Экологиялық хартиясы. Бесінші республика Конституциясына түзетулер (шілде 2008) "Франция Конституциясына түзетулер" деген сауал осы жерге қайта жіберіледі. Бұл тақырыпқа жеке мақала жасау керек. 2008 жылдың 21 шілдесінде Француз Парламенті бір дауысқа ғана аудара отырып, Президент Николя Саркозидің негізгі заңның мәтініне бірқатар түзетулер енгізу туралы ұсынысын мақұлдады (ағылш.). Атап айтқанда, олар президенттік билік мерзімін шектеуді (қатарынан екі бес жылдық мерзімнен артық емес) қарастырды.

Қорытынды

Басқарма нысаны бойынша – жартылай президенттік, жартылай парламентаралық республика. Аумақтық саяси құрылым нысаны бойынша-күрделімбіртұтас мемлекет. Францияда демократиялық мемлекеттік режимі бар. Конституцияның құрылымы жағынан Франция Конституциясы әдетте 1958 жылғы Негізгі Заң болып саналады (ол

үш құжаттан тұрады):

  1. Адам құқықтары декларациясы және кезінде қабылданған 1789 ж.

  2. Ұлы француз революциясы; Конституцияның кіріспесі 1946 ж.,

  3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қабылданған; 1958 жылғы Конституция

  4. Франция 5-ші Конституциясы 1958 ж.

Конституцияға қысқаша кіріспе 93 мақала бар, Біріктірілген бөлімдер.

Бұл 17-ші Конституция декларация уақыты 1789ж. Конституция жобасы талқыланды Кеңес және Кеңес министрлер мақұлданды референдумда 1958 жылғы 28 қазан Әзірлеудің берілген тәсілі конституция және оның қабылдау референдумда жаңа құбылыс болды

Конституцияның негізгі белгілері жоқ. Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жекелеген ережелер 1789 ж декларация (меншік туралы, тең есепке ала отырып, салық салу) кейбір экономикалық, саяси және әлеуметтік принциптер кіріспеде аталды 1958 жылғы Конституция негізінен органдардың өзара қарым-қатынасын реттейді мемлекет қағидатты жариялайды. ұлттық егемендікті халық арқылы жүзеге асырады және референдумда. Француз қауымдастығын құру еркін өзін-өзі анықтау негізінде колония халықтары анықтайды.1958 жылғы Конституция *қатаң*,

өзгерту екі сатыдан өтеді:

1. өзгерістер туралы жоба қабылданады, екі палатамен бөлек қарапайым

көпшілік дауыспен бірдей редакция.

2. заң референдумда бекітіледі немесе Парламент (палаталардың бірлескен)

жалпы санының 3/5 көпшілігімен дауыстар.

Конституциялық бақылау ек іәртүрлі органдар Конституциялық Кеңес Мемлекеттік кеңес арқылы жүзеге асты.

Конституциялық кеңес - Парламент конституциядағы актілерін қарайды.

Мемлекеттік кеңес – органдардың актілерін қарайды атқарушы билік.

Палата Бюросы. Бас бостандығын шектеу немесе

мүшені қылмыстық қудалау

парламент тоқтатыла тұруы мүмкін арналған

егер мұны палата талап етсе, сессия кезеңі

Әрбір палатаның бюросы бар. Оның құрамына палата төрағасы кіреді.

Әдебиеттер

  1. Ш. де Голль. Военные мемуары. т.2. М., 1957. -328 б.

  2. Смирнов В.П. Новейшая история Франции. М., 1979. -219 б.

  3. Торез М. Избранные произведения, т.1. М.,1959. -339 б.

  4. Malimetter.kz және TurboReferat.kz сайты

  5. Бийу Ф. Когда мы были министрами. М., 1974. — 97 б.

  6. Конституции буржуазных государств Европы. М., 1957 – 945 б.

  7. Макаренкова Е.М. Французская социалистическая партия в годы ІҮ республики. М., 1973. -281 б.










Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...