Реферат тақырыбы: Әл Фарабидің рухани мұрасы жайлы Курс: 2 Орындаған: Керімқұлова Ұ. К


Әбунасыр фараби және оның ғылыми-философиялық еңбектері



бет3/5
Дата11.04.2022
өлшемі29.96 Kb.
#220408
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
1Әл Фарабидің рухани мұрасы жайлы
Биологиялық жүйелердегі гомеостазды реттеудің кибернеттік аспектілері, рухани презентация
2.2 Әбунасыр фараби және оның ғылыми-философиялық еңбектері
Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпактан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің катыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбу насыр Фараби. Ол да осы Отырарда туды, осында "кірін жуып, кіндігін кесті". Қаратаудың тасына секірді. Сырдың суын ішті. Арыстың суын кешті, Қызыл-құмның аптабына күйді.

Міне осылай Фараби жұртқа мәлім оқымысты болып, дүние жүзінің ұстазы деген дәрежеге көтерілді. Ол алғашқы кезде Бағдатта істейді, кейіннен Дамаскіде, сонан кейін Алеппода (Сирия) әмірі Сайф әд-Дауланың қарамағында болады.

Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып философия мен ғылымның барлық тараулары бойынша калам тартып аса ірі жетістіктерге жетеді. Ол ғылымның түрлі салалары бойынша 150-ге тарта ірілі-ұсақты еңбек жазған Фараби, әсіресе, философия ғылымын көп зерттеген. Оның философиялық еңбектерінің басым көпшілігі грек ойшылдарының, әсіресе Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған. Фараби Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика". "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика" т.б. бірсыпыра философиялық және логикалық шығармаларына түсініктемелер жазған.

Фараби Аристотельдің мұраларын, пікірлерін ондай бықсықтан тазалап, аршып өз калпында түсіндіруге тырысты. Әбунасырдың көзкарастарында да неоплатонизмнің, исламдағы суфизмнің біраз әсері байқалғанмен ол бүл міндетті тамаша атқарып шықты. Фарабидің Шығыс және Батыс үшін де, тарих және болашақ үшін де жасаған ғылыми еңбектерінін бірі осы. Сондықтан да Шығыс философтары оны "Ал муаллим ас-сани" — екінші ұстаз деп атаған. "Бірінші ұстаз" — "ал муаллим ал аууал" деп олар Аристотельді атаған.

Фараби Аристотельдің материалистік идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да "Кемеңгерлік меруерті", "Ізгі кала тұрғындарының көзқарасы", "Мәселелердің түп мазмұны", "Ғылымдардың шығуы", "Бақытқа жету" сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған.

Фараби Аристотель еңбектерін барлық қырынан зерттей отырып, өзі де жаратылыстану ғылымдарымен көп айналысқан. Ол ғылым күшін барынша насихаттап, адам ақыл-ойының дүние танудағы құдіретін дәріптейді. Кер-тартпа мұсылман діншілдері ғылымды дүние тануды тұншықтыруға күш салып баққан түнек заманда білім мен өнерді паш етудің өзі Фарабидің ғылым мен мәдениет тарихындағы кесек үлестерінің бірі. Ол ғылымның көп салаларын меңгеріп, тамаша табыстарға жеткен. Фараби ғылымының философиялық-логикалық ірге тасын дұрыстап қайта қалап шықты, ғылымды оку және оқыту ретін белгіледі, әрқайсысының пәнін анықтап, мазмұнын ажыратып беруге тырысты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді, математикада үлкен жаңалыктар ашты, астрономия жайлы кесек еңбектер қалдырды, физика ғылымын жаңа идеялармен байытты, медицина, химия, минерология тәрізді жаратылыстану ғылымының маңызды салалары бойынша еңбектер жазды, ертедегі дүние оқымыстыларының пікірлеріндегі озық және тозық қағидаларды талдады. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т.б. ғылымдар жайлы жазғандары өз алдына бір тебе.

Казіргі қолда бар мағлұматқа қарағанда ұлы бабамыздың ғылымға белгілі (зерттелген-зерттелмегенін қосканда) 70-ке тарта шығармасы бар көрінеді. Олар мыналар: "Ғылымдардың шығуы", "Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі", "Ізгі кала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап", "Мәселелердің түпкі мазмұны", "Жұлдыз бойынша болжаулардың дұрысы мен терісі тура¬лы", "Вакуум туралы" трактат, "Музыканың ұлы кітабы" (кіріспесі қазақтіліне аударылған), "Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарына түсініктеме", "Философияны оқып-үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы", Порфирийдің "Философияға кіріспе" атты кітабына түсініктеме, "Химия өнерінің қажеттігі жайлы", "Птолемейдің "Алмагесіне" түсініктеме" және қосымша кітап, "Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы жайлы", "Философиялық сұраулар және оған жауаптар", "Бақытқа жету туралы", "Адам ағзалары жөнінде Аристотельге қарсы шығушы Галенді бекерге шығару трактаты", "Ақылдың мәні тұралы", "Түсініктемелер", "Философияның дінге қатысы", 'Әріптер туралы кітап", "Логикаға кіріспе трактат", " Геометриялық трактат" т.б.

Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы