Реферат Тақырыбы: «Діңгек жасушалар»


Бағаналық жасушалардың медицинада қолданылуы



бет4/6
Дата11.06.2022
өлшемі54.84 Kb.
#268021
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дінгек жасуша реферат

Бағаналық жасушалардың медицинада қолданылуы


Қазіргі медицина жаңа туған сәбидің серігі мен кіндік қанын пайдаға асырып, оларды сүйек кемігінен басталатын қан ауруларына қарсы қолданып жатыр. Жаңа босанған аналардың сәбилерімен бірге туған жолдасын, яғни плаценттің құрамындағы өзекті жасушалар ақ қан ауруымен ауыратын сәби үшін, не болмаса қан дертіне шалдыққан адам үшін өте пайдалы. King’s Сollege ауруханасы донорлардан 2 500-ге жуық плацент жинаған. Осыдан бірнеше апта бұрын орталықта жиналған қанды қан рагымен ауыратын ересек адам ем ретінде қолданған. Кіндікбау мен жолдас қаны қазірдің өзінде талай адамның өмірін сақтап қалды. Зерттеулер бұл сала бойынша жалғасып жатыр.Ғалымдардың ойынша, кіндікбау қанының құпиясы ашылған сайын оны қолдану мүмкіндіктері де молая береді. Guardian-ның жазуынша, кіндікбау қанын пайдаланып жатқандардың басым көпшілігі қан өнімдерін тұтынатын ата-аналар жыл өткен сайын көбейіп келеді ,олар басқа қан дертіне шалдыққандар . Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сүйенетін болсақ, кіндік қан құрамының тін жасушаларының мөлшері және репопуляция қасиетінің жоғары болуы планцетарлы қанның гемопоэтикалық жасушаларын аллогенді трансплантация жұмыстарына кеңінен қолдануға болатындығын көрсеті. Оңтүстік Кореяның ғалымдарының жүргізген зерттеу тәжірибелерінің мәліметтеріне сүйенсек, кіндік қанының тін жасушалары қан түзуші жасушалардан басқа жүйке жасушаларына да айнала алады. Омыртқа жарақатының әсерінен 19 жыл бойы жүру қабілетінен айырылған 37 жастағы әйел адамға кіндік қанының тін жасушаларын трансплантациялау арқылы жұлын миының жасушалары қалпына келіп, жүру қызметі қалпына келді. Науқастардың трансплантациядан кейін тірі қалуы трансплантаттың кері реакция беру дәрежесімен және оның дамуымен өлшенеді.Реакция донордың реципиент жасушаларына қарсы Т-лимфоциттің иммунокомпоненттілігінің агрессиясына сәйкес.HLA жүйесі бойынша донор мен реципиент арасында неғұрлым сәйкессіздік көп болса, соғұрлым трансплантаттың кері реакция беру әсері жылдам, әрі өткір түрде өтеді. Ал кіндік қанның тін жаушаларын трансплантациялау кезіндегі артықшылық жасушалар суспензиясындағы Т- лимфоциттердің иммундық жас болуы және концентрациясының аз болуы реципиентке трансплантаттың кері реакция беруі жеңіл және даму жиілігі төмен болады. Ұлыбританияда кіндік қанын тауып беріп қызмет көрсететін екі түрлі криобанк бар. Олардың біреуі - Энтони Нолан атындағы қайырымдылық қоры құрған банк, екіншісі NHS Blood and Transplant Service деп аталатын мемлекетке қарайтын орталық. Бұл екі орталық Денсаулық сақтау министрлігінен қаржылай көмек алып, дами түсуді көздеп отыр. Мұндай арнайы медициналық орталықтың банктерде жиналған кіндік қанын Ұлыбританияда сегіз айлық ақ қан ауруымен ауыратын балаға қолданғанда оң нәтижеге қол жеткізді. Гемопоэтикалық тін жасушаларын трансплантациялауға қолданылатын аурулар: гемотологиялық аурулар; Онкологиялық аурулар; Аутоиммундық аурулар; 2005жығы мәліметтерге сүйенсек бүкіл дүние жүзі бойынша кіндік қанынан бөлініп алынған тін жасушаларын 21 мемлекеттегі 35 криобанкте 175000 үлгі дайындалып сақталынады.2007 жылғы санақ бойынша кіндік қанынан бөлініп алынған тін жасушаларын криосақтауға арналған банктер саны Еуропада 20-дан астам, АҚШ-та 25.Ал 2010 жылғы санақ бойынша әлемдегі 47 ірі банктерде 260000 астам үлгілер сақталынған. 2000жылы әлемде кіндік қанының тін жасушаларын трансплантация жұмыстарының саны 1200 жетті, соның ішінде 200 туыстық трансплантация. 2001жылы алғаш рет ересек науқастарға кіндік қанының тін жасушаларын трансплантациялауға болатындығы жайлы ресми мәліметтер жарияланды. Трансплантация жұмыстарының 90%-дан астамы сәтті орындалды.Тіркеуші-банктерде сақталған тін жасушаарының әлемдік коллекциясының саны 72000 үлгіге жетті.2003 жылдың қыркүйек айындағы мәліметтер бойынша әлемдік кіндік қанын 2592 науқасқа, соның ішінде 1012 үлгісі ересек адамдарға трансплантацияланған.2006 жылғы жасушалық терапия бойынша Халықаралық бірлестік ұйымының (ISCT) мәліметтеріне сүйенсек жыл соңына қарай кіндік қанын трансплантациялау саны 6000 жетті. 2009 жылы кіндік қанын Европалық тіркеу- банктеріндегі ( EUROCORD) жетекшілердің мәліметі бойынша кіндік қанын трансплантациялау саны 20000 жетті.2010 жылы кіндік қанын Европалық тіркеу- банктерінде кіндік қанын трансплантациялау саны 28 000 жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы