Реферат тақырыбы: Биологиялық мембараналардың өткізгіштік механизмі



бет2/3
Дата20.09.2021
өлшемі19.67 Kb.
түріРеферат
1   2   3
НЕГІЗГІ: Биологиялық мембрана — аса күрделі құрылымды зат. Оның құрамында ферменттік белоктар, ерекше рецепторлар, электрондарды тасымалдаушы, энергияны өңдеуші құрылымдар сонымен қатар гликопротеиндер мен гликолипидтер болады. Мембраналық белоктардың көпшілігі мембрананы тесіп өтіп орналасса, ал кейбірі оған жартылай ғана еніп немесе жанасып жатады. Мембраналық белоктар түрлі қызмет (мысалы, гликопротеиндер антиген рөлін) атқарады. Кейбір химиялық реакциялар (мысалы, хлоропластарда жүретін фотосинтездің жарық реакциялары немесе митохондриядағы тотыға фосфорлану процесі) биологиялық мембрананың өзінде жүреді. Сондай-ақ, биологиялық мембрана клетканы қоршап, сыртқы ортадан оқшаулауы арқылы клетканың морфологиялық тұтастығын сақтайды.

Биологиялық мембрананың түрлері:

* Жасушалық мембрана

* Жасушаішілік мембрана

* Базальды мембрана

Мембрана негізінен екі маңызды қызмет атқарады: матрицалық, барьерлік (кедергі). Әр түрлі қызмет атқаратын белоктарды ұстап тұратын, керексіз бөлшектерді енгізбей жасуша мен жеке омпартаменттерді қорғаушы. Мысалы, улы зат ішкен кезде. Мембраналардың қалыңдығы бірнеше нм шамасында, сондықтан оны оптикалық микроскоппен емес, электрондық микроскоппен ғана көруге болады.

Жеңілдетілген дифузия заттардың мөлшерлік айырмашылығына сәйкес, арнайы тасушы белоктардың көмегімен өтуін айтады. Жеңілдетілген тасымалдың бірнеше түрі болады.

*Унипорт- жеке тасу, молекула немесе иондар басқа заттармен байланыспай, тәуелсіз жалғыз өтеді. Осы тәсілмен глюкоза аминқышқылы беткейлік клеткалардың негізгі мембранасы арқылы өтеді.

*Симпорт- қоса тасу, басқа заттармен бірге бір бағытта өту. Мысалы,натри-тәуелді тасылатын қант, аминқышқылы,иондары.

*Антипорт- қарсы тасу. Заттардың немесе иондардың бір мезгілде қарсы бағытта өтуі.

Белсенді тасымал- заттармен иондардың арнайы қуатын пайдаланып электрохимиялық градиентке қарсы ауысуы. Мұндай градиентке қарсы тасмал кезінде мөлшерлік немесе осмостық жұмыс атқарылады. Соның нәтижесінде заттар аз жағынан көп жағына қарай ығыстырылады. Белсенді тасмал екі түрге бөлінеді. Иондарда және органикалық заттарда (әсіресе қанттар мен аминқышқылдарын), яғни күш қуат жұмсап тасу. Мұндай тасмал қатары пиноцитоз- клеткалық зат еріген сұйықты "ішу" құбылысын жатқызуға болады. Белсенді тасымал адинозинүшфосфат қышқылы ыдырауынан бөлінген энергиясымен қамтамасыз етіледі. Тасымалдау кезінде АҮФ ыдырау қуаты пайдаланылса, оны бірінші белсенді тасмал дейді. Мұны арнайы тасушы – белоктар ,АҮФ және ,АҮФ қамтамасыз етеді. Ферменттердің пішіндері (конформация) тасмалданатын иондарға ұқсас болады.Бұнымен қатар мембранада екінші белсенді тасымал кездеседі. Ол молекула мен иондарды, мөлшерлік гардинентке қарсы басқа өтіп жатқан заттардың қуатын пайдаланып тасиды. Мысалы глюкоза, амин қышқылдары аш ішектің кілегей қабатынан ионының қатысуымен ғана сіңеді (симпорт). Бұл электрохимиялық айырмашылыққа байланысты болады.Плазматикалық мембрананың пайда болуының шешуші кезеңі деп қарастыруға болады. Себебі, мембраналық клетканың тіршілік етуі мүмкін емес. Сондықтан да тіршіліктің пайда болуының басты негізгі қарапайым нуклеин қышқылы және белоктар жарғақша мен қайталаймембрана ішінде липидті көпіршіктер везикулалар арқылы тіршілік ортасын белгілі тәртіппен қамтамасыз жасауынан бастап пайда болды деп айтуға болады. Гликокаликс- эукариот клеткасының сыртқы беткейіндегі шеткі аймақтарының көмірсутектерімен қаныққан түрін білдіруші, антеналық қызметін атқарады.Әрбір тірі клеткада көптеген әртүрлі молекулалар болады . Олар белгілі ретпен , тәртіппен метоболизм процесіне кіреді. Клеткада бір мезгілде секундына реакция жүреді. Осындай күрделі процесті клетка ішінде реттеу қызметі арнаулы жүйе арқылы атқарылады.Метобалистік (ферменттердің белсенділігін реттеуші)генетикалық (белок синтездеу, оның ішінде ферменттерді де) және мембрандық.

-олар бір- бірімен тығыз байланысқа түседі. Мысалы: мембрананың қасиеті, геннің белсенділігіне тәуелді ал гендердің дифференциалды белсенділігі фермент пен мембрананың бақылауында болады.

-клетка ішілік реттеудің барлық формаларына біртұтастық принцип негіз болады . Оны рецепторлық- конформациялық деп атауға болады.Барлық жағдайда белок молекуласы, фермент, рецептор немесе реттеуші белок болсын, соған тән факторды біліп , онымен өзара байланысып, өзінің пішінін өзгертеді.Сондықтан да клетка мембранасының оның тіршілік қызметіне қатысудағы рөлін білу арқылы ауыл шаруашылығында , медицинада, биотехнологияда т.б. салаларда үлкен рөл атқарады.Әсіресе адамдар менжануарлардың ауруға ұшырауы клетка мембранасының құрылымымен қызметінің қайтымсыз өзгеріске түсуінен деп анық айтуға болады.Оған мысал, қазіргі таңдағы проблема болып жатқан ісік (рак) ауруы ағзалардың радиация сәулелерімен жарақатқа ұшырауы, мүшелер мен ұлпаларды ауыстырып отырғызуда, дәрі-дәрмектерді бір бағытта іздестіру, қолдануда өсімдіктер мен жануарлардың өнімдерін жақсарту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік