Реферат Тақырыбы: «Бәсеке және оның негізгі түрлері»

Loading...


Дата10.04.2020
өлшемі34.15 Kb.
түріРеферат
Қазақстан Білім және ғылым министрлігі

Академик Е.А.Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

Заң факультеті



Реферат

Тақырыбы: «Бәсеке және оның негізгі түрлері»

Орындаған:

Қабылдаған:

Қарағанды 2020


Жоспар:
Кіріспе

1. Бәсеке түсінігі және оның жіктелуі

2. Бәсекенің түрлері

2.1. Жетілген бәсеке

2.2. Монополистік, жетілмеген бәсеке

3. Кәсіпорынның жетілген бәсеке нарығындағы іс – әрекеттері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қызметтерін жүйелендіру жəне бəсекелестікті дамыту мақсатында қазіргі кезде Қарағанды облысында кəсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым субъектілерінің өзара тиімді əрекет стратегиясы əзірленуде. Стратегияның мақсаты облыстың экономика жүйесін, жалпы мемлекетте шағын жəне орта бизнесті қолдауды əрі қарай дамыту кезеңін құру болып табылады. Бəсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нəтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі жəне капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бəсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік жəне жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл əдістерінің жүйесі.Талдау жəне бағалау Бəсекелестердің тауар- лық саясатының фор малары мен əдістерін зерттеу бағаларының өзгерісін зертеу. Бəсекелестер өткізу торабының құралуынжəне олардың өтізуді ынталандыру құралдарын талдау. Бəсекелестердің қаржылық қуаты мен тұрақтылығын бағалау.



1. Бәсеке түсінігі және оның жіктелуі. Бәсеке түсінігі латынның concurrentia деген сөзінен шыққан. Бәсеке – бұл қандай да бір құндылықтарды иелену үшін индивидтер, топтар немесе қоғам арасындағы күрес. (ақша, билік, статус, махаббат және т.б құндылықтар). Бәсеке теориясы классикалық мектеп өкілдерін еңбектерінде де кеңінен қарастырылды. Мәселен, А.Смит бәсеке пайда нормасын теңестіретінін, капитал мен еңбекті ұтымды бөлуге алып келетінін алғаш рет көрсетті.

Бәсеке түсінігіне зерттеушілер әртүрлі анықтамалар берген. К.Р.Макконел және С.Л.Брю «Бәсеке - бұл нарықта көптеген тәуелсіз сатушылар мен сатып алушылардың болуы, нарыққа еркін ену және нарықтан еркін шығу мүмкіндігі» десе, А.Ю.Юданов «нарықтық бәсеке –тұтынушылардың төлем қабілетті сұранысының шектеулі көлемі үшін фирмалардын күресі» деп сипаттайды. Р.А.Фатхутдиновтың пікірінше, «Бәсеке сирек игіліктерге қол жеткізуді барынша жақсы қанағаттандыруға ұмтылуы». Ал, Г.Л.Азоев: «Бәсеке сол бір мақсатқа жетуге мүдделі жекелеген заңды және жеке тұлғалар (бәсекелестер) арасындағы бақталастық (бәсекелестік)» деп түсінеді. Бәсеке түсінігін Н.Г.Миронов едәуір толық сипаттайды. Яғни, бәсеке – ол обьективті және субьективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бәсекелестермен күресте жеңіске жету мақсатында субьектінің өзінің бәсекелік артықшылықтарын басқару үрдісі



Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:

• өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;

• өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;

• бәсекеге төзімді өнім өндіру;

• өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді;

• пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану.

Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, «өмірі» жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:

• жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады;

• өндірістің өсуі - өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады;

• кемелдену. Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды;

• ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады.

Бәсекені бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады:

- жеке – дара – нарықтық қатынастардың қатысушылары тауарлар мен қызметтерді сату-сатып алудың ең жақсы жағдайын тандауға ұмтылады;

- жергілікті – шектеулі территорияда нарықтық қатынастардың қатысушыларының арасындағы бәсекелік күрес;

- салалық – нарық салаларының біріндегі бәсекелік күрес;

- салааралық – нарықтың түрлі салалары өкілдерінің сатып алушыларды өз жақтарына тартуы үшін бәсекелесуі;

- ұлттық – белгілі-бір елдің ішіндегі отандық сатушылар мен сатып алушылардың бәсекелесуі;

- халықаралық – әлемдік нарықта түрлі елдер мемлекеттері мен шаруашылық бірлестіктері, кәсіпорындарының бәсекелік күресі.

2. Бәсекенің түрлері. Еркін бәсеке нарықта қандай–да бір тауарды өндірушілер мен тұтынушылар (сатушылар мен сатып алушылар) көп болғанда әрекет етеді. Оның негізгі белгілері: нарықта тәуелсіз тауар өндірушілердің көп болуы; нарыққа енуді қалайтындарға шектеудің болмауы; нарықтық бағаларға бақылаудың жоқтығы; жеткілікті нарықтық ақпаратқа ие болу; еркін бәсеке жағдайында қатысушылар тауар сұранымына, нарыққа жеткізілуіне немесе бағасына айтарлықтай әсер ете алмайды.

Реттелетін бәсеке – нарықтық субьектілерді дамыту мен олардың қызметін реттеу үшін жағдай жасау мақсатында экономикалық үрдістерге мемлекеттің араласуы. Мемлекеттің экономиға бұлайша араласуы барлық деңгейлерде оның экономикалық құқықтар мен міндеттер гаранты ретінде қатысу қажеттілігімен байланысты қарастырылады.

Бағалық бәсеке – баға жөнінде және бағаны көтеру немесе төмендету көмегімен жүргізілетін бәсекелік күрес. Бағалық бәсекені табысты әрі жақсы жүргізу үшін өндіріс шығындарын төмендетудің нақты мүмкіндіктеріне ие болу керек. Бағалық бәсекені жүргізу технологиясы қарапайым – фирма өнімге (тауарға, қызметке) едәуір төмен баға белгілейді, өндіріс шығындары жоғары болғандықтан бағаны төмендетуге мүмкіндігі жоқ бәсекелестер зиян шегеді және өздігінен нарықтан немесе саладан шығып қалады. Фирма біршама уақыттан кейін бағаны қайта көтереді. Кейде тіпті бастапқы деңгейінен де жоғары баға белгілейді. Сол арқылы нарық үшін күресте келтірілген зиянның орнын толтыруға тырысады.

Экономиканың монополиялануы жағдайында бағалық бәсеке айтарлықтай шектеулі. Осыған байланысты бәсекелік күресте бағадан тыс факторларға назар аудару қажет болады. Ондай факторларға сапа, жаңашылдақ, дизайн, прогрессивтілік, халықаралық стандарттарға сәйкестілік, техникалық қызмет көрсетудін жеделдігі (сервис) жатқызылады. Бағадан тыс бәсеке кезінде баға саясатын қалыптастыру мен талдау өткізу сферасына ауысады. Мұндай жағдайда өнімді нарықта бұрынғы баға бойынша ғана емес, сондай-ақ одан да жоғары бағаға сату мүмкіндігі туындайды. Сондықтан бәсекенің мұндай түрінде баға өнімді нарыққа жылжытудың басты құралы болып табылмайды, бірақ бәрібір өткізу және алынатын пайда көлемі соған байланысты болады. Бағадан тыс бәсекені жүргізуші фирманың басты міндеті-оның бәсекелік артықшылығы немен сипатталатынын білу қажет. Ең алдымен нарық жағдайын, ондағы бәсекенің интенсивтілігін, өнімнің патенттік қорғалуын, халықтың сатып алушылық қабілетін білу қажет.



Олигополиялық бәсеке – нарықтың едәуір бөлігін бақылайтын бірнеше ірі кәсіпорындардың (бірлестіктердің) бәсекелік күресі. Мұнда кәсіпорындар саны көп болмайды, бағаны бақылау диапазоны олардың іс-әрекетінің келісім деңгейіне байланысты болады.

Таза монополия деп – берілген (уникалды) өнімді өндіретін (жұмыс орындайтын қызмет көрсететін) тек бір ғана жеке фирманың болуын және ол өнімді ауыстыратын басқа өнімдердің болмауын айтамыз.

2.1. Жетілген бәсеке. Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.
Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.
Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:

• жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді;

• әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;

• сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;

• сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;

• өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.
Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмнің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесінде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады.
Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Артықшылықтары:

• қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;

• тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы;

• тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;

• өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.
Кемшіліктері:

• ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;

• қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;

• ұжымдық тауарларға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;

• фундаментальдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;

• еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;

• әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.

Нарық қатынастары қашанда жұп қатынастар болады: «сатушы-сатып алушы», т.б. Осы қатынас өндіріс пен тұтынудың байланысын сипаттайтын ұсыныс пен сұраныстың түрін алады.

Тұтынушы (сатып алушы) мен өндірушінің (сатушы) әрекеттерін екі заң болжайды:

-сұраныс заңы: сатып алушы баға кемігенде, басқа шарттар тұрақты болса, тауарларды көбірек алады, баға жоғарыласа – азырақ алады;

-ұсыныс заңы: басқа шарттар тұрақты болса, баға жоғарылағанда сатушы сату үшін тауарларды көп өндіреді де оны сатуға ұсынады, баға кемігенде аз ұсынады.

Микродәрежеде тепе-теңдік жалпы және жеке тепе-теңдік болып бөлінеді.

Жалпы тепе-теңдік – бұл жиынтық қоғамдық өндіріс (тауарлар мен қызметтердің жиынтық ұсынысы) және тұтынуға тағайындалған ұлттық табыс аралығындағы сәйкестік, яғни, халықтың сатып алу қабілеттігі және тауарлар мен қызметтердің ұсынысының бір-бірімен сәйкестігі.

Жеке тепе-теңдік - жиынтық қоғамдық өндіріс жеке өндірушілермен өндірілетін және халықтың белгілі топтарына сатылатын, жеке тауарлар топтарының жиынтығынан тұрады. Жеке тауарлар топтары бойынша жалпы сәйкестік болса да сұраныс жағынан да, ұсыныс жағынан да ауытқу (сәйкессіздік) болуы мүмкін. Жалпы (жиынтық) сәйкестік шеңберінде тауарлардың бір тобының сатылуының өскені, олардың басқа топтарының сатылуының азайғаны болады. Мысалы, еттің сатылуының азаюын нанның сатылуының көбеюімен жабуға болады.

Жалпы тауарлық сұраныс бірнеше бөлшектерге бөлінеді: қоғамның құрылымына байланысты (жұмысшылар және инженер техникалық жұмыскерлер, жұмыспен қамтамасыз етілген еркектер мен әйелдердің, ересектер мен балалардың, жұмыс істейтіндер мен зейнеткерлердің арақатынастары, т.б.); қоғамдық өндіріске байланысты (тауарлардың әртүрлі тобын өндіру); халықтың әр түрлі тобының ұнатуларына байланысты техника дамуының дәрежесіне және әр түрлі тауарларды өндіру мүмкіндіктеріне байланысты; өндірістік құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына сұраныс дәрежесіне байланысты.

Тұтыну заттарына сұраныстың қалыптасуына қоғамның құрылысы (жұмысшы отбасының, шаруа отбасының, интеллигенцияның, кәсіпкерлердің, т.б. тұтыну құрылымдары) әсер етеді. Тауарлардың жеке топтары бойынша орнаған тепе-теңдік жеке тепе-теңдік болып табылады.

Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады:
Бағаның төмендеуімен байланысты тауарға сұраныс өссе, бірақ тауар өндірушінің жалпы табысы өзгермесе, онда осындай сұраныстың икемділігі бірге тең болады; егер бағаның төмендеуінің нәтижесінде тауарға сұраныс өсуімен қатар тауар өндірушінің жалпы табысы өссе, онда бағаға байланысты сұраныс икемді болады; егер бағаның төмендеуі тауарға сұранысты өсірсе, тауар өндірушінің жалпы табысы төмендесе, онда тауарға осындай сұраныс икемді емес болғаны.

Икемділік өзара алмасатын тауарларды пайдаланумен байланысты болады. Егер тауардың алмастырушылары көп болса, онда баға бойынша сұраныс икемді болады. Егер тауардың алмастырушылары жоқ болса, онда сұраныс икемді болмағаны. Егер белгілі тауардың бағасы төмендеп, ал алмастырушылардың бағасы тұрақты болса, онда бұл тауарға сұраныс өсе түседі, осындай сұраныс икемді болады

2.2.Монополистік, жетілмеген бәсеке. Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал 19 ғасыр басында монополиялардың пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдың шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагентерге әсер етеді.
Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. 20 ғасырға дейін монополиялар шектелген сферада болған. Кейін монополиялау процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырушылық бастаманың күшеюімен байланысты болды. Монополияланудың бірнеше формалары болады – картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою, «парасаттылық» келісімдер, т.б. Осылардың негізінде монополистік бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия, олигопсония, дуополия, билатералдық монополия.
Монопсония – белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып алуын шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға ие болады. Монопсония жетілмеген бәсекенің құрамды бөлігі болып табылады.

Олигопсония – белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстарының есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.
Олигополия – бұл да нарық құрылымының типі. Бұнда бірнеше, ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін.

• бірсалалық сауда - өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтық құрылым;

• ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес бірнеше ірі жеткізушілер болатын нарықтық құрылым;

• өндірістік өзара байланыстар егжей-тегжей мамандандыру түрінде болатын, «өндірістік пирамида» типтес корпорациялардың бірнеше топтары үстемдік ететін нарық, әдетте «олигополия» деген термин өте ірі әртараптандырылған корпорациялар әрекет ететін нарықты сипаттау үшін қолданылады.

Дуополия – белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық құрылым. Бұлардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квота туралы келісім мұлде болмайды. Дуополия – бұл олигополияның ең жабайы түрі.

Билатералдық монополия (екі жақты монополия) – тауардың жалғыз жеткізушісі мен жалғыз (бірлескен) тұтынушысы сайыста болатын нарықтық құрылым. Бұлар бір-бірімен қарама қарсылық сайыста болады. Мұндай нарық электр қуатын, су мен газды қолданғанда пайда болады.

Ғылыми-техникалық тіресу. Бұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы мына жолдармен жүреді:

- жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді қолдану;

- ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтап пайдалану; патенттерді сатып алып пайдалану.

Ғылыми-техникалық сайыста әдетте екі үлгі қолданылады:
1. Бәсекелестік үлгі мынадай жағдаймен есептесуді талап етеді: бәсекелес фирмалар белгілі өндірістік техниканың ең тиімдісін қолданатынына негізделеді; ҒТП әкеле,тін пайда ұзақ мерзімді болмауы мүмкін. Себебі бәсекелес фирмалар техникалық жаңалықтың қандайын болмасын игеріп алуы ықтимал. Жаңалықтарды енгізіп, пайданы барлық фирмалар ала алады, бірақ техникалық зерттеу шығындарын жасайтын тек осы зерттеуді жүргізіп дайындаушы ғана болады.

2. Монополистік үлгі. Бұнда жаңалықтар енгізудің арқасында таза монополистік тұрақты түрде елеулі көлемде пайда алу мүмкіндігіне ие болады. Оның ҒТП үшін мол қаржы ресурстары болады және олар жаңадан жасалған техникалар мен өнімді жасыра алатын мүмкіндігі блады.

Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі: өндірістік мүмкіндіктің күшеюі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі. Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар нарыққа еркін кіріп, еркін шыға алатын болғанда, фирмалар өндірудің оптималдық нормасын көздеп әрекеттенеді - өндіріс тиімді болу үшін, үлес шығындарының барынша төмен болуы үшін, өнімдердің бағасы төменгі дәрежеде белгіленіп, орташа жалпы шығындармен үйлесімді түрде болады. Таза монополия жағдайында фирма өнім шығару көлемін азайтып, бағаны жоғарылатып, осының нәтижесінде ресурстар шығынын төмендетіп, пайдасын барынша жоғарылата алады. Бірақ бәсекелестік кезінде шығындар біресе өсіп, біресе кеміп ауытқып тұрғанда, жағдай шиелінесе түседі.

Бұнда екі жағдай қолданылады – ауқым нәтижесі және «х - тиімсіздік» түсінігі.

Ауқым нәтижесі. Көп фирмалардың өндіріс көлемі, олардың әрқайсысына масштабтың өсуінен болып тұрған нәтижені жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал технология және өндіріс шығындары берілген болғанда көп бәсекелес фирмаларды қолдауға тұтынушылық сұраныс жетімсіз болуы мүмкін. Бұндай жағдайда нарыққа қатынасы жағынан фирма ірі монополистік болуға тиісті, шығарылатын өнімнің бірлігіне келетін өндіріс шығындары төмен болғанда өнімді тиімді өндіруге қабілетті болуы керек.

3. Кәсіпорынның жетілген бәсеке нарығындағы іс – әрекеттері. Кәсіпорын теориясы негізін барынша көп пайдаға ие болу принципі құрайды, яғни табыстар мен шығындар айырымының көп болуы. Кәсіпорынның қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі іс-әрекеттерінің критериі – барынша көп пайда табу болады.

Қысқа мерзімге кәсіпорынның өндірісте пайдаланатын құрылыстарының жалпы көлемін және машиналар мен жабдықтардың көлемін өзгертуге жетімсіз болатын уақыт мерзімі жатады. Осы мерзімде олар өндіріс көлемінің өзгерісінің ізімен өзгеріп отырмайды, тұрақты болып қала береді. Өндірістің басқа факторлары (еңбек, капитал) өзгеруі мүмкін, сондықтан олар өзгермелі деп аталады.

Айталық, аяқ киім өндірісін көбейту үшін, бір жұмада жаңа ғимарат салып алу мүмкін емес, бірақ қосымша материалдар сатып алуға немесе жаңа жұмыскерлер жалдауға мүмкіндік болады.

Қысқа мерзім шамасының көлемі өндіріс саласына, технологияға, басқа жағдайларға байланысты болады. Мысалы, домна өндірісінде қысқа мерзім өзінше ұзақ болса, балмұздақ өндірісінде ол өте аз болады.
Ұзақ мерзімге үнемі өзгеріп тұратын өндіріс дәрежесіне байланысты, кәсіпорынның өздерінің құрылыстары мен жабдықтарының қуатын өзгертуге мүмкіндік беретін уақыт мерзімі жатады.

Ұзақ мерзімде кәсіпорын барлық өндіріс факторларының көлемін өзгерте алады. Бұлардың барлығы өзгермелі болады. Бұл мерзімде кәсіпорын факторларды келісімді түрде қиыстыруға тырысады, шығарылған өнімнің берілген көлеміне жұмсалатын шығындардың барынша аз болуын көздеп, еңбекті капиталмен немесе керісінше алмастырып отырады.

Кәсіпорын әрекеттеріне тек уақыт әсер етіп қоймайды, оларға бәсеке формасы ықпал жасайды. Енді кәсіпорынның жетілген бәсеке жағдайындағы рационалды іс-қимылына назар аударайық. Кәсіпорынның мақсатын – баға мен шығындардың ара алшақтығын барынша көтеруді естен шығармайық. Жетілген бәсеке нарығында ешбір кәсіпорын өздері өндіретін өнімдер бағасына әсер ете алмайды. Баға тек жалпы нарықтық сұраныс пен барлық кәсіпорындар ұсыныстарының бір-біріне әсер ету нәтижесінде белгіленеді. Егер кәсіпорын өз өнімдерінің бағасын көтерген болса, ол сатып алушыларынан айырылады, олар бұның бәсекелесінің өнімін сатып алады. Сөйтіп, сату нөлге дейін төмендейді. Кәсіпорын бағаға үстемдік ете алмайды. Оның шығындарының көлемі, осы кәсіпорынның технологияларымен болжамдалады. Барынша мол пайда алу үшін кәсіпкер не істеу керек? Ол тек өндіріс көлемін өзгерте алады. Енді келесі сұрақ туады: барынша мол пайда алу үшін кәсіпорын қанша өнім өндіріп сату керек? Бұған жауап алу үшін өнімнің нарықтық бағасы мен кәсіпорынның шекті шығындарын салыстыру қажет.

Егер кәсіпорын өз өнімін бір, екі, үш, т.б. бірлікке өзгеріп отырса, онда келесі бірліктің әрбіреуі (айтайық, жаңа орындықтың әр біреуі) жалпы табысқа да және жалпы шығындарға да «бірдеме» қосып отырады. Осы «бірдеме» - шекті табыс және шекті шығындар. Шекті табыс шекті шығындардан артық болса, өндірілген бірліктің әрқайсысының жалпы табысқа қосқаны, оның жалпы шығындарға қосқанынан артық болады.

Стратегия – бұл кәсіпорынның негізгі ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін таңдау, іс-әрекеттер бағыттарын анықтап бекіту және мақсаттарға жетуге қажет ресурстарды бөліп орналастыру.

Стратегия екі типке бөлінеді:

• қорғаныстық;

• шабуылдық.

Қорғаныстық стратегиясының екі бағыты болады:

1. Имитациялық (еліктеу) стратегиясында бәсекелестердің ғылыми-техникалық жетістіктерін пайдалану арқылы жаңалықтар енгізуден туатын қауіп-қатерліктерді азайтуға назар аударылады. Кәсіпорын нарықты үнемі байқап отырады, жаңа өнім пайда болуын күтіп отырады және ресурстарын ұқсас өнім немесе оның прототипін (түп тұлға) өндіруге жұмылдырады.

2. Күту стратегиясы..Кәсіпорындар осы стратегияны өзінің ұйғарымы бойынша осы нарықтан кетуді жоспарлағанда немесе басқа бәсекелес осы нарықта қолайлырақ орналасқанда, өз өндірісін жүргізу арқылы қолданады.

Шабуылдық стратегияның төрт бағыты болады:

1. Рационализациялау стратегиясы. Бұл жаңалықтар енгізу үшін ресурстардың өсуін талап етеді. Жаңа технологияға сынақ жүргізуге пайдаланатын бағалық және венчурлік компанияларға қаржымен қолдау көрсетіледі.

2. Квотаны (шығаратын өнімнің санын) дифференциациялау стратегиясы. Бұның мақсаты – жоғары пайданы сақтап, кәсіпорын үшін нарықтың елеулі бөлігін қамту. Жоғары пайданың негізін тұрақты инвестициялар құрайды. Осының көмегімен кәсіпорын өз өнімінің бағасын төмендетіп, оған тұтынушылық сұранысты өсіруді көздейді.

3. Инновациялық стратегия өнім мен қызметтердің жаңалануын және инновацияларды жаңа өнімдер және технологияға енгізуді тілейді. Инновациялар өнімдік және технологиялық болып бөлінеді.
Өнімдік инновация жаңа өнім бағасын көтеру арқылы кәсіпорынға өз пайдасын барынша көбейтуге мүмкіндік береді. Технологиялық инновациялар өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы және өнімнің сапасы өскенде, оның өзіндік құнының артық өсуіне жол бермей, пайданы барынша көбейтуге көмектеседі.

4. Нарықтық қуыстарды меңгеріп оларды толтыру стратегиясы. Бұл бағытты жүзеге асыру ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен, елеулі шығындар жасаумен және іскерлік тәуекелдікпен байланысты. Тәуекелдік – болжаумен және жоспармен қарастырылған шығындардың немесе табыс түспеуінің ықтималдығы. Тәуекелдіктің маңызды түрлері:

• өндірістік;

• коммерциялық;

• қаржылық;

• несиелік;

• проценттік.

Коммерциялық қатер – кәсіпкер сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізумен байланысты процестерде туады.

Қаржылық қауіп-қатер – қарызға алынған қаражаттар мен кәсіпорынның барлық қаржыларының арасындағы өзара байланыстан пайда болады.
Несиелік қауіп – қарыз алушының қайтара алмайтын мүмкіндіктің болуымен байланысты.

Проценттік қауіп-қатер –процент нормасының өсуіне байланысты құнды қағаздың бағасының төмендеп кетуінің мүмкіндігімен байланысты болады.
Әдетте, мынадай пікір қалыптасқан: қауіп-қатер болу мүмкіндігінің дәрежесі, осы әрекетке қатынасатын адамдар санына керісінше пропорционалды болады.

Қауіп-қатерден сақтандыру келісімін жасағанда, сақтандыру компаниясы кәсіпкерге тәуекелге бел байлағаны үшін сыйлық төлейді. Мұның көлемі мүмкін болатын шығындар көлеміне тең бола алады. Сондықтан осындай тәуекелдіктің жөні бар деуге болады. Сақтандырылмаған қауіп-қатер (тәуекелдік) – фьючерстік келісім жасау арқылы, хеджирлендірумен (жеткізуші немесе сатып алушы бағалардың ұнамсыз өзгерістерге ұшырау мүмкіндігінен сақтандырылады) және нарықтық операциялардың басқа да түрлерімен сақтандырылуға жатады.

Фьючерстік контракт деп тауарды кейін (болашақта) жеткізу туралы келісімді айтады. Келісімді жасаған мерзімде екі жақ жеткізілетін тауар бағасы туралы келіседі. Фьючерстік келісімдер көбінесе хеджирленуді мақсат етеді – жеткізуші немесе сатып алушы, бағаның ұнамсыз өзгеруі мүмкін болуынан сақтандырылады.

Кәсіпорынның қаржылары мен ресурстарын үнемдеуде қауіп-қатер факторының болуы өте зор стимул болып табылады.
Қауіп-қатерді өлшеуге болады. Оны өлшеу үлгілерінің статистикалық, эксперттік, есептеу-аналитикалық түрлері болады.

Статистикалық әдісте кәсіпкерліктің осы түрінде бұрын болған шығындар статистикасы зерттеледі, шығындардың болып тұруының жиілігі есепке алынады, сөйтіп осы деректерге сүйене отырып, қауіп-қатердің ықтималдығы жорамалданады. Статистикалық әдіс мәліметтердің көп болуын талап етеді.

Эксперттік әдіс мамандар мен тәжірибелі бизнесмендердің ой-пікірлерін талдап есепке алуды тілейді. Есептеу-аналитикалық әдіс математикалық тетіктер мен тәсілдерді кең пайдалануға негізделеді. Кәсіпорындардың көбіне қауіп-қатерлік мәселелерімен айналасатын менеджер болады. Ол кәсіпорын қызметкерлерінің барысында қауіп-қатерлердің болып қалу мүмкіндігін зерттеп анықтайды, осы жағдайдағы оның салдарын бағалап, сақтандырудың және өзін-өзі сақтандырудың түрін таңдайды. Өзін-өзі сақтандыру ерекше резервтік қордың құрылуын талап етеді. Сақтандырылатын барлық заттың құны кәсіпорынның барлық заттық және қаржылық көлемімен салыстырғанда, оның көлемі шағын болса, онда сақтандыру келісімін жасасудың жөні бар.

Қорытынды. Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсеке жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсеке жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне.

Біздің республикада өткізіліп жатқан нарыққа көшу сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы өнімнің сапалық даму серпін және деңгейін арттыруға еріксіз көндіретін болады.

Кәсіпорын қызметін жүйелі және жан-жақты талдау мынадай мүмкіндік береді:

• жалпы кәсіпорынның және оның мбөлімше құрылымдарының шаруашылық қызметіндегі нәтижелігін тез, сапалы және кәсіптік бағалау;

• тауарлардың және қызмет көрсетудің нақтылы түрлерінен алынатын пайдаға әсер ететін факторларды нақтылы және дер кезінде табу және есепке алу;

• баға саясатын әзірлеуге қажетті өндіріс шығындарын және олардың өзгерулерінің бет алысын анықтау;

• жақын және алыс келешегіндегі кәсіпорын және пайда табудың оңтайлы жолдарын шешу проблемасын табу.

Әр уақытта мынаны естен шығармау керек, шаруашылық қызметінің мұндай көрсеткіші болған емес және өмірдің барлық жағын қамту да мүмкін емес. Шиеленіскен бәсеке жағдайында өркендеу үшін басшы, кәсіпкер өзінің іс-әрекетінің барлық түрлерінің нәтижелілігін білуі, сезінуі тиіс, ал бұл мақсатқа жету деңгейін, мерзімін және ұйым тұрпайын бейнелейтін өзара байланысты жүйені қалыптастыруды қажет ететіндігін көрсетеді.



Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов, Кәсіпорын экономикасы, Алматы, «Экономика», 2003.

  2. 2. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхамбетова, У.А.Жанайдаров, Экономикалық теория, Астана,2002.

  3. 3. Экономикалық теория, Алматы, «Санат»,1998.

  4. 4. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов, Экономикалық теория, Алматы, «Экономика»,2003

  5. 5. Н.Қ.Мамыров, Қ.С.Есенғалиева, М.Ә.Тілеужанова, Микроэкономика, Алматы, «Экономика»,2000.

  6. 6. Қ.Р.Нұрғалиев, Қазақстан экономикасы, Алматы, «Қазақ университеті»,1999.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...