2.2.Қазақ халқының – тілі
Тіл қай ұлттын болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса, сөз болмайды. Сөз болмаса, адамзаттың тірлігінде мән – мағынасы болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуі қажет.
Тіл халықтың жаны Тіл құрыса, халық та жер етінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғатудан басталғанын ғалымдар дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында үлкен шаралар өткізілуде. Іс қағаздардарын қазақша жүргізу – пән ретінде жоғары және орта дәрежелі оқу орындарында оқытыла бастады. Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету қазір әрбір қазақ тілін құрметтейтін азамат үшін тән нәрсе.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол өзінің сан ғасырлық дамуы барысында рулық тіл дәуірін де, тайпалық тіл дәуірін де, халықтық тіл дәуірін де басынан кешті. Осы замандар бойында қазақ халқының күнделікті пікір алысу қажеттігін өтеп отырғанымен қатар, рухани байлығы – ауыз әдебиетін атадан балаға мұра етіп сақтап келеді.
Жазуға байланысты қазақ тілі сұрыпталып, жалпыға ортақ әдеби тілдің қалыптасыуы қазіргі қазақ тілінің – өркендеген мәдениеттің тілі, ғылым тілі, публицистика, ресми іс қағаздарының тілі болып, стиль жағынан жан-жақты сараланды. Қазіргі қазақ тілі – сөздік жағынан мейлінше байыған, грамматикалық құрылымы барынша дамыған оралымды тіл.Бұл (қазақ тілі – ред.) – бай тіл. Оралымды, ырғақты, теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс сияқты, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Мен осдай тілімізді таза ұстайық деймін. (Ғ.Мүсірепов.)
Біз тілімізді байтуымыз керек. Байыту үшін... ішінде әр аймақта айтылып жүрген сөздерді қопарып алып, әдебиет жүзіне шығаруымыз керек. Әдебиетімізге, елге сіңірген сөз үйреншікті болып алынып кетеді. (С.Сейфуллин.).Қазақтың әдеби тілі жасалу жағынан да, қалыптасу жағынан да көп кезеңді басынан өткізді. Әдеби тіл – бүкіл қазақ халқының мәдени мұрасы. Әдеби тілді жасауға бүкіл қазақ халқы, оның алдыңғы қатарлы мәдениет қайраткерлері ат салысты. Әдеби тіл – қазақ мәдениетінің өсіп, дамуына жетекші болған, жоғары өнерге ұмтылуына қажет болған құралдың бірі...
Достарыңызбен бөлісу: |