Реферат Тақырыбы: «Алаш көсемсөзі»

Loading...


Дата07.04.2020
өлшемі17.53 Kb.
түріРеферат
Ғылым және білім министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Журналистика және саясаттану факультеті

Реферат

Тақырыбы: «Алаш көсемсөзі» (6 том)

Дайындаған: Орымбай А.Н.,

«Журналистика және репортерлік іс» мамандығының

1-курс магистранты

Тексерген: ф.ғ.к., доцент, Дүйсенғазы С.М.

Астана, 2020 жыл

«Алаш көсемсөзі» сериясымен жарық көретін он томдықтың 6-ші кітабына 1925 жж. Семей қ. жарық көрген «Таң» журн. жарияланымдары енгізілді. Бұл басылым Алаш қайраткері М. Әуезовтің араласуымен шығарылған. Журн. саясат, ұлттық негіздегі білім беру, мектептер салу, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, халық шаруашылығы мен тұрмыс жағдайын түзеу, денсаулық, әдебиет, т. б. көкейкесті тақырыптарда публицистикалық шығармалар жарияланған. Өз кезеңі үшін өте маңызды, ерекше бағыт ұстанған басылым болды. «Таңда» Алаш ардақтыларының азат ойлы, өр рухты ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған көсемсөздері жарияланған.

Кітапты оқи отырып, келесідей қазақ жанашырларын көруге болады. Олардың қатарында А.Барлыбаев, С.Ержанұлы, Әміржан Сыдықұлы, Асхат Сайдалин, Жаманқұлұлы Рақымжан, Мұхтар, С. Дөнентайұлы, Шайбай Айманұлы, Жұмат Шанин, Әбдіш Біләлұлы, Жаяу сал, Мәннән Тұрғанбайұлы және т.б. авторлардың шығармалары берілген. Мұнда материалдардың тақырыбы және ауқымы әртүрлі болғандықтан, олар бірнеше бөлімдерге бөлінген. Мәселен, білім-тәрбие бөлімі, әдебиет бөлімі, отантану бөлімі, ресми бөлім, шаруашылық бөлім. Алаш көсемсөзі кітабында қазақтың жыр-дастарынан үзінділер, Абайдың қарасөздері, аңыз әңгімелер, поэзиялар көптеп кездеседі. Сонымен қатар тіптен сол замандағы қайтыс болған тұлғалар туралы ресми хабарламалар да бар.

Бірінші беташар материалы «Біздің жол» деп басталады. Мұнда Қазақстандағы партия ұйымдарының міндеттері туралы баяндалады. Содан бірінші міндеті – партияның көпшілдік жолын мықтап ұстап, ел көпшілігінің мұңына кездесіп, партияның ішінде болатын ауруларды біржолата жоғалтып, партия мүшелерін сөзден тайдырып, іске кірістіру болмақ дейді. Осы бірінші міндетінің ішіндегі мәселелердің бірі – жастар деп, автор жастарды жаңа заманның шәкірті деп таныстырады. Олар біздің ірі күш, зор қуатымыздың бірі. Жастарға келгенде оқуды қарастыру керек. Қазақстандағы қазақ коммунистері коммунистік тәлім, саяси білім түгіл, әліпті таяқ деп білмейді. «Оқусыз коммунистің жұртшылығы болмайды» деген Ленин. Партия ұйымдарының партия міндетін атқара отырғанда жанастыра қалдырмай отырып, іске асыратыны – партия мүшесі қазақтарды хат танытудан бастап, саяси тәрбие беруге кірісу. Одан кейін оқығандардың өзін мынадай түрлерге бөледі: тілмаштар, ұлтшылдар, қазақтан шыққан оқытушылар-мұғалімдер. Автор осылай жіктей келе, оларға жеке-жеке сипаттама береді. Егер оларды дұрыс тәрбиелей алсақ, Қазақстандағы партия ұйымдарының түгелімен не кем қалдырмай, не артық кетірмей жолын көрсетіп, ісін белгілеуі – екінші міндет деп айтады. Содан осы міндеттерді орындай отырып қана партия жұртшылығын орнатып, көпті өз меңгеруімізге аудара аламыз. Яғни партияның көпшілдік жолын сақтай отырып, көптің мұңына көңіл бөле отырып қана Қазақстандағы партия ұйымдары мақсұтына жетеді. Партияның ұйтқысын орнату, көптің ісін жұмысқа айналдыру біздің Қазақстандағы партия ұйымдары мен партия мүшелерінің алдында тұрған мәселе. Міне, бұл мақалада осындай сұрақ қарастырылған. Кейінгі мақалаларда саяси-ағарту жұмыстары, іскерлер дайындау туралы, хатшылар жиылысы, ауыл жастары, кәсіпшілер одағы және оның пайдасы, кеңестер соты т.б. тақырыптарда.

Алаш көсемсөзінің бұл томында фактілер көптеп келтіреледі. Оны әсіресе «Гүбірнеде халық ағарту ісі» деген мақаласындағы сандық көрсеткіштерден көруге болады. Автор мақаланың өзін бірнеше жылдарға бөліп тұрып қарастырған. Мәселен, ауыл мектептері 1900 жылы 25 болса, халықтың үздіксіз қызметінің арқасында 1911 жылы 64 мектепке жетіпті. Одан кейін 1913 жылдағы орыс мектептерінің санын, қазақ мектептерін арнайы кестеге салып, 1 басқыш(орыс мектебі, қазақ мектебі, ноғай мектебі, неміс мектебі) бойынша және жалпы санын келтіріп өткен екен.

Кітаптың ортаңғы ресми бөлімінде құттықтаулар да кездеседі. Мысалы, «Техникум шәкірттерінің құттықтауында»: «Ардақты «Таң» журналы! Біз, түн қараңғылығын ұзақ мезгіл жамылып, жаңа ғана ұйқы төсегінен ояна бастаған оқушыларды, туып келе жатқан жарық нұрың өте қуантты. Жаңа өмірдің айнасы болып, әлеуметшілдік мақсатына жеткізетін жетекшіміз болар деген толық үміт берді. Келешекте бар күш көмегімізді аямай, шын ынтамызбен нұсқағаныңа дайынбыз! Семейдегі қазақ техникумының шәкірттері атынан Жаманқұлұлы Рахымжан».

Бұл томда арнайы «аймақтану бөлімі» де бар екен. Мұнда аймақты тану, аймақтану мәселесі, аймақты білу, аймақ кәсібі, мәдениеті туралы сөз етіледі. Ресми бөлімінде «үкімет хабары» деген айдармен мынадай мақалалар бар: «Қазақстан астанасы – ақмешіт», «Қазақстан республикасының астанасы

ақмешітте болу туралы», «Ұлт әскері – ұлы іс», «Жиылыстың қорытындысы – партияның міндеті», «5-гүбірнелік сәбеттер тобының қорытындысы» т.б. Мұнда сондай-ақ жүректен қайтыс болған Сәбет Республикалары Одағының Орталық Комитеті төрағасы жолдас Нариман Нариманұлы туралы «Қайғылы хабар», «Қайғылы қаза» деген естіртулер де бар.



Жалпы Алаш көсемсөзінің әр томы сол жылдардағы қазақтың тұрмыс-салты, шаруашылығы, білім және тәрбие, сауаттылық т.б. түрлі тақырыптарды қозғаған. Оған Алаш қайраткерлері, танымал жазушылар мен ақындардың, тілшілердің қоғамдық-саяси, мәдени тақырыптарында жазылған мақалалары, жазбалары еніп отырды. Біз әр қазақ бұл туындыны оқи отырып, «Алаш көсемсөзі - Рухани жаңғыру парадигмасы» деген ой түйеді деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...