Реферат Тақырыбы: Ағзадағы биологиялық процесстердің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі



бет1/3
Дата19.05.2023
өлшемі33.55 Kb.
#578723
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Хабиболла Аяулым қарттық
Шығармашылық топ, Почта Mail.ru, 50 сұрақ СД жауабымен

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті
Жаратылыстану-география факультеті
Биология және экология кафедрасы


Реферат


Тақырыбы: Ағзадағы биологиялық процесстердің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.


Орындаған: Хабиболла А. Т.


Тобы: МБио-15


Тексерген: б.ғ.к.,а/ш.ғ.д., профессор Рустенов А.Р.

Орал, 2023


Мазмұны



  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

    1. Қартаю туралы негізгі түсінік. Қартаю процессі.

    2. Қартаюдың молекулалы-генетикалық механизмдері

  3. Қорытынды

  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Адам ағзасының қартаю себептері туралы 300-ге жуық болжамдар айтылған. Олардың көбіне тек тарихи тұрғыдан ғана маңызы бар. Қартаю теориялары ішінен М. Рубнердің (1908) «қуаттық қартаю теориясын» атауға болады. Бұл теория бойынша әрбір ағзаның қуат қоры болады. Қуат қоры таусылса, сағаттың серіппесі босағандай, тіршілік те баяаулап, дүние салуға алып келеді. Ағзаның қуат қорын жұмсауы дененің сыртқы мөшеріне тәуелді болады, яғни ағза дене сыртына жылуды қаншалықты көп шығарса, соншалықты энергия алмасуы белсенді түрде болып, оның қоры тез таусылады және ондай ағзалар көп өмір сүрмейді. Ұсақ жануарлардың дене салмағына қарағанда оның үстінгі бетінің көлемі үлкен, сондықтан да олардың тіршілік ұзақтығы қысқа болады мысалы, егеуқұйрық 2-3 жыл, ит 20 жыл, піл 80 жыл өмір сүреді. Бірақ бұл тұжырымды барлық жануарлар үшін қолдана беруге болмайды, кейбіреулерінің тіршілік ұзақтығы бұл тұжырымға қайшы келеді. Мысалы, егеуқұйрықтарға туыс болып келетін тиіндер салмағы да, дене бітімінің көлемі де, онымен барабар, бірақ тиіндер белсенді қозғалып 15-20 тіршілік етеді, яғни егеуқұйрықтардан 10 есе артық өмір сүреді. Белсенді қозғалып тіршілік ететін сұр қояндар үй кроликтеріне қарағанда екі есе артық өмір сүреді. И.И. Мечниковтың интоксикациялық (улану) теориясы бойынша қартаю құбылысы тек қана биологиялық факторға- физиологиялық, патологиялық т.с.с. тәуелді болмай, сол сияқты әлеуметтік факторларға да тәуелді болады. И.И. Мечниковтың пайымдауынша ағзаның өсуімен қатар әр түрлі заттардың алмасуы нәтижесінде жинақталған ыдырау өнімдері-аммиак, ағзаны улайды, мысалы бауыр, ми жасушаларын, ал дәнекер ұлпа жасушалары керісінше көбейеді. И.И. Мечников қартаю құбылысын тек фагоцитоз ілімі негізінде түсіндірмек болды. Ол ішекте шіру құбылысын болдырмау үшін шіріту бактерияларының тіршілігіне қолайсыз орта жасау керек, сондықтан сүт өнімдерімен көбірек қоректену қажет деп айтқан.


Көптеген зерттеушілермен қартайған жасушаларда гистондар санының өсетіндігі және олардың ДНК –мен мықты байланысатындығы, ДНК-ның түзілу жылдамдығының төмендейтіндігі, ДНК молекуласының репарациялық процестерінің бұзылуы әсерінен нүктелік мутациялардың жинақталғандығы анықталды.Қарттықтың өте анық белгiлерiнiң бiрi — сүрiктiң торшаларының баяулан белсендiлiгi. Теломеразамен емдеу мәселелер бұдан кем дегенде құтылта алатынын есептейдi. Revive Skincare және TaSciences.com серiктестiктер теломеразалардың негiзiнде косметикалық өнiмдердi шығарады. Reviveнiң өтiнiштерi бойынша, теломеразаның бiр граммының өндiрiсi 4 миллион Ақш долдарындағы серiктестiгiне қарайды. Рнк теломеразалар болатын құрамда пқа өте жайыл рибок нуклеазамен жып-жылдам бiлемдейтiндiгiнен, косметикалық препараттардағы белсендi теломеразасы жоқ және болуы мүмкiн емес.
Жасушалар өсіп — өніп көбеюі, тіршілігін жоғалтқанда жасушалардың орнын толтыру үшін олардың тектік құралдарындағы ақпарат бойынша ДНҚ, РНҚ нәруыздар түзіліп тұруы керек. Ал, қартайған организмдерде олардың түзілуі, жасушалардың жаңаруы қатты азаяды. Оның себебін жасушалардың қабықтарындағы қанықпаған май қышқылдарының асқан тотығуға ілігіп кетуімен түсіндіруге болады. Қартаю кезінде байқалатын созылмалы гипоксияның, ойсоққылық жағдайлардың т.б. нәтижелерінде ферменттік және ферменттік емес антиоксиданттық жүйелердің тапшылығы дамып ішкі ағзалар мен тіндердің жасушалармен олардың ішіндегі құрылымдардың мембраналарында майлардың асқын тотығуы артып кетеді. Осыдан оларда бос радикалдар, гидлоасқын тотықтар жиналып қалады. Бұлардың әсерлерінен жасушалардың ядроларында ДНҚ молекуласының өзгерістері пайда болады, РНҚ, нәруыздардың түзілуі бұзылады. Бұл өз алдына жасушалардың өсіп — өнуіне бөгет жасайды.
Сондықтан қартайған организмдерде:
— Ферменттердің, нәруыздардың, пептидтік гормондардың, қан жасушаларының аз өндірілуі;
— Микробтарға қарсы антиденелердің аз түзілуі;
— Мида жаңа шартты байланыстардың бекімеуі т.с.с көптеген құбылыстар байқалады.
Шын мәнінде сүйек кемігінің бағаналы жасушалары мен ішек үңгіршектерінің жасушалары жас ұлғаюына қарай азаятыны белгілі.
Тағы бір назар аударатын жай – ол жасушалардың екіге болініп өсіп — өнуі екі қарама – қарсы реттеуіш ықпалдардың қатысуымен болады. Олардың біріншісі жасушалардың бөлініп көбеюін артыратын цитокиндер, екіншісі оны тежейтін цитокиндер. Қартаю кезінде бұлардың екеуінің де өндірілуі азаяды. Сонымен бірге, бөлінетін жасушалардың бұл цитокиндерге сезімтелдығы төмендейді. Осыдан жасушалардың өсіп — өніп кетуі де мүмкін. Қарттарда өспелердің жиі дамуында осы келтірілген құбылыс маңызды болуы ықтимал.

Жалпы қарттардың барлық жасушаларында көптеген құрылымдық және функциялық өзгерістер байқалады. Жасушалардың ядросының құрылымы өзгереді, митохондтиялардың көлемі үлкейіп, құрылымы бұзылыады, нәруыз түзетін рибосомалары азаяды, лизосоиалары көбейеді, плазмолеммалары қалыңдайды. Бұндай жасушаларда жиі қуыстар пайда болады, энергия түзілуі бұзылады. Жасуша сыртындағы мембраналарында рецепторлардың қызметі бұзылудан олардың сезімталдығы көтеріледі немесе төмендейді және жүйкелік – сұйықтық реттелулері бұзылады. Жасушаладың өзара қатынасы мен байланыстары өзгереді. Тіндердегі рецепторлардың сезімталдығы көтерілуінен кейде тіпті әлсіз, қалыпты жағдауларда әсер етпейтін, қоздырғыштардың әсерлерінен қарттық дерттердің туындауы байқалады. Мәселен, терінің суық температураны қабылдайтын рецепторларының сезімталдығы көтерілуінен жасы ұлғайған адамдар өте тоңғыш болады, оларда бір жерлерінен жел үрлеп тұрған сияқты сезім қалыптасады. Қартаю организмнің барлық функцияларының кемуіне әкеледі. Осыдан қоршаған ортаның өзгеріп тұратын ықпалдарына организмнің бейімделу қабілеті шектеледі. Қарт адамдар жиі ауыршаң болады. Өйткені организмнің жүйелері мен ішкі ағзаларында, жасушаларында адамның қарсы тұратын ферменттері жетіспейді.


Қартаю – биологиялық процесс; белгілі бір жасқа жеткеннен кейінгі организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қартаю кезінде тіннің серпімді талшықтарының және су мөлшерінің азаюынан тері жұқарып, қатпарланып әжім пайда бола бастайды. Бұл кезде шаш ағарып, сирейді, көздің көруі, құлақ естуі нашарлайды, тіс түсе бастайды. Қартаюдың бір көрінісі ретінде организмде дәнекер тіндердің өзгеруін келтіруге болды. Осыдан өкпеде, бауырда, жүректе, т.б. ішкі органдарда олардың атқаратын жұмысының бұзылуына әкелетін беріштенулер дамиды. Дәнекер тіндерінің өзгерістерінен қарттарда жара мен сүйек сынықтарының бітуі жастарға қарағанда баяу жүреді. Қартаю кезінде адамның жүйке жүйесінде, ішкі секреция бездерінде, иммундық, жүрек-қан тамырлар жүйелерінде елеулі өзгерістер байқалады. Жүйке жүйесінің өзгерістерінен шартты және шартсыз рефлекстер әлсірейді, есте сақтау қабілеті бұзылады. Қарт адамдарда жыныс, қалқанша, ұйқы бездерінің, гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, айырша бездің гормон өндіру қабілеттілігі төмендейді. Қартаю кезінде жүректің жиырылу күші кемиді, қан айналу көлемі азаяды. Шеткі тіндердегі қан қылтамырларының (капиллярлары) қабырғалары қалыңдап кетуінен газ алмасу процесі бұзылады. Бұл гипоксия ауруының дамуына әкеледі. Қан тамырларының серпімділігі азайып, оларда атеросклероз дамиды. Адамның жасы ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларының жүйкелік және гуморалдық реттеулері өзгереді. Қартаюды: қалыпты немесе физиол. Қартаю және ерте қартаю деп бөледі. Физиологиялық қартаю – адам егде тартқан жасқа келсе де, денсаулығы жақсы, ширақ, өзін-өзі күтіп, айналасына назар аударып белсенділік көрсете алатын жағдайда болуы. Ерте қартаюда кәріліктің белгілері мезгілінен бұрын байқалады. Бұған адамның созылмалы аурумен ауыруы немесе қоршаған ортаның жағымсыз әсері себеп болады. Қартаюды қазіргі теориялар жас шамасының ұлғаюына байланысты белок синтезінің бұзылуы деп түсіндіреді. Ал мұның өзі нуклеин қышқылдары (ДНҚ) қызметінің бұзылуына байланысты болады. Кейінгі жылдары иммунитет жүйесі бұзылған организмде түзілген антиденелер бөгде заттарды ғана емес қалыпты клеткаларды да бұзып, жоятыны анықталды. Қартаю кезінде клеткалардағы энергетикалық (жылу бөліну) процестер өзгереді: тотықтырғыш ферменттердің белсенділігі кемиді, митохондриялардың саны азаяды. Қартаюда тұқым қуалаушылық факторы үлкен рөл атқарады. Кейбір адамдардың қалыптан тыс ерте қартаюы байқалады, мұны прогерий деп атайды. Бұл сирек кездесетін тұқым қуалайтын синдромдар кездерінде байқалады. Солардың бірі – Гетчинсон-Гильфорд синдромы – балалардың, аутосомдық-рецессивтік жолмен ұрпақтан ұрпаққа берілетін ауруы. Бұл аурудың алғашқы көрінісі баланың бір жасар кезінде байқалып, тез қарқынмен дамып, 10 – 20 жаста жүрек инфарктысынан өлімге әкеледі. Баланың бойы өсуі баяулайды, шашы ағарып, түсе бастайды, терісі жұқарып, қатпарланып кетеді. Көз бұршағының бұлыңғырлануы (катаракта), өкпе эмфиземасы, қан тамырларының атеросклерозы, т.б. дамиды. Осындай кәрілікке тән белгілердің 15 – 25 жас арасында дамуы – Вернер синдромы деп аталады. Ерте қартаюдың ең негізгі себебі – қозғалудың азаюы, бұлшық ет жұмысының жеткіліксіздігі (гиподинамия). Қартаюға байланысты организмде зат алмасу процесі нашарлайды, сондықтан қуатты тағамдарға қажеттілік те төмендейді. Мысалы, қалада тұратын 60 – 74 жастағы ер адамдардың тәуліктік энергетикалық қажеттілігі 2300 ккал болса, әйелдерде – 2100 ккал, ал жасы 75-тен асқан адамдарда бұл қажеттілік 2000 және 1900 ккал шамасында болады. Бұл кезде тағам құрамындағы жануар майлары мен көмірсу мөлшері аз болуы тиіс. Қартаю заңдылықтарын зерттейтін ілім геронтология, ал жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім гериатрия деп аталады.
Жасушаның қартаюы геномның шапшаң өзін-өзі бұзу процесімен болатынын, ДНҚ бұзылуы белсенді заттардың бөлінуімен және олардың ДНҚ-кодтағы жаңа бұзылуға әкеліп соғатынын британ және неміс биологтары Molecular Systems Biology журналында басылған мақаласында жариялады.Ғалымдар бұл зерттеулердің қартаюмен байланысты болатын аурулармен күресте маңызды жаңа қадам болатынына сенімді. Қартаю процесі жасушаның бөліну мүмкіндігінің бұзылуымен байланысты. Дене ұлпаларының регенерациясы тоқтап, өз қызметін біртіндеп бәсеңдетеді. Торшаның қартаюымен бірге, бақылаусыз жасушалардың көбеюі басталып, немесе ісік ауруларына әкеліп соғады. Биологтар қартаю процесінің молекулярлық механизмін толығымен түсіндіреді. «ДНҚ бұзылуы реакциясымен іске қосылатын кері байланыс динамикалық тұзағы болады, ол бірнеше күннен соң жасушаны «терең» қартаю жағдайына әкеледі», деп мақалада жазды. ДНҚ бұзылуымен «қартаюдың өздігінен жазылатын спиралі» механизмі жұмысқа кірісіп, митохондриялардың қызметін бұзады, олар қоректік заттар мен оттегіні биохимиялық реакциялардағы энергия көзі болып табылатын аденозинтрифосфат (АТФ) молекуласына айналдырады. Бұзылған митохондриялар бос радикалдарды бөліп шығарып, оларда ДНҚ бұзуға қатынасады. Жасушалардың қартаюына әкелетін процестерді өте сақтықпен ауыстыру қажет, өйткені біз жасушаның қатерлі ісік ауруына айналуын қаламаймыз», дейді зерттеу авторы Ньюкаслдық профессор Thomas von Zglinicki.
Адамның салыстырмалы түрде ұзақ жасаған ғұмыры көп сатылы. Ғалымдар өмір жолын нәрестелік (бір жасар), балалық (1-13 жас), жастық (13-25), кемелдік (25-49), егделік (49-61), кекселік (61-73), қариялық (73-85) және қаусау (85-тен асқан) кезеңдерге бөліп, әрқайсысына биологиялық және физиологиялық тұрғыда толық мінездеме береді. Бір ғажабы, ғылыми нұсқалы аталған кезеңдер қазақтың мүшел жас (13, 25, 37, 49, 61, 73, 85) өлшемдеріне дәлме-дәл келеді. Адам межелі ғұмырында қоян жымындай бұралаң, кедірлі-бұдырлы соқпақ, табан тірелмес тайғақ, биік асулы, терең өткелді, сондай-ақ тақтақ даңғыл, әйтеуір, қилы-қилы жолдардың талайынан өтеді. Өмірдің ең баяу сырғитын бөлігі қырық жасқа дейін ысылады, пы­сиды. Ой және қол еңбегінде шыңдалады. Ой өрісі кеңиді. Дүние танымы тереңдейді, молаяды. Қоғамдық ортада өз орнын табады. Азаматтық бейнесі әбден қалыптасып, келешек өмір нысанасы ай­қын­далады. Одан әрі талпыныс, ілгерілеу, жеделдеген елу, сосын алпыс. Алпыс – төре және сыни жас. Өткен кезеңдерге сарап­шы, алдағыны болжамшы шақ. Апақ-сапақ өмірдің қоңыр күзі, ақшамы. Егделіктің көлеңкесі ұзарып, батыс көкжиегіне еңкеюі, қарттықтың табалдырығы, босағасы. Қартаю организм мен ой сезімнің даму, жетілу үдерісі тоқырып, белсенділік мүмкіншілігі мен қарқынының үдемелі төмендеуі. Адамға қалауынсыз-ақ өзінің табиғи жолымен жетер бұл кәрілік кезең ел аузында: “Ат мініп, атан жетелеп, келмейді, сірә, кәрілік. Күтпейді оны көпшілік, сағынып не тарығып” деп сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі