Реферат: Спорттық ойын Футбол Орындаған: Сатыбалдинов Ельдос омк94 Тексерген : Шигибаева А. А

Loading...


бет2/2
Дата31.03.2020
өлшемі94.05 Kb.
түріРеферат
1   2

Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.

1313 жылы белгілі феодал Эдуард II қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі.

1389 жылы Ричард II патша сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрқашан жағымсыз жауап алып отырған.

Футболға тыйым салған патшалар тізімі төмендегідей: Генрих IV 1399-1401, Генрих, V 1413 - 1433 ж, Генрих VI 1449-1451 ж, Эдуард IV 1471 ж, Генрих VII 1491 ж, ал Генрих VIII ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Бұндай қатаң қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ.

Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды.

Ал, 1863 жылы Лондонда футболдың жаңа шарттары белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді арнайы комиссия жіті қараған.

1872 жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Доданы Англия мен Шотландия футболшылар ашты.

Ойынды бар ынтасымен тамашалаған жанкүйерлер үшін ойын сәтсіз аяқталды. Өйткені, алғашқы кездесуде есеп ашылған жоқ.

1884 жылы Ұлыбританияда алғашқы ресми кездесу өтті. Жарысқа Англия, Шотландия, Уэльс және Ирландия командалары қатысып, бақ сынасты. Ойын жеңімпазы - шотландықтар болды.

1920 жылы еуропалық футбол бәсекесінде Бельгия мен Чехословакия кездесті. Онда чех футболшыларын ойсырата жеңген бельгиялықтар олимпиада чемпионы болып танылды.

Ал 1924 жылы Оңтүстік Америкада ашылған олимпиадада алтынды Уругвай құрамасы ұтты. Олар Югославия, американ, француз, голланд пен Швейцария ойыншыларын қапы қалдырды. Ағылшындардан футболды үйренген Уругвай футболшылары әлдеқайда ширақ еді.

Италия мен Испания, Мажарстан, Аустрия, Чехословакия да футболдың қыр-сырларын тең меңгере білді. Бұны 1934-38 жылдары Италия құрамасының екі рет әлем чемпионаты атанғаны дәлелдейді.

Ежелгі Шығыс елдерінде (антикалық дәуірде Мысыр, Қытай,) (Грекия, Рим), тіпті Франция, Италия, Англияда футболға ұқсас ойын болған.

Ежелгі Мысырдағы футбол тектес ойын біздің эрамызға дейін 1900 жылы танылған.

19 ғасырдың аяғында футбол Еуропа мен Латын Америкасында қарқынды дамыды.

1904 жылы Белгия, Дания, Нидерланд мен Швейцария елдері футбол қауымдастығынан халықаралық федерацияның (FIFA) құрылуына мұрындық болды.

1923 жылы Ресей құрамасы Скандинавия турнирінде Швеция мен Норвегия командаларын қапы қалдырды. Одан кейін бірнеше мәрте Түркия ойыншыларын сан соқтырды.

1946-48 жылдары Оңтүстік Америка үш рет қатарынан аргентиналықтардан басым түсті.

1950-60 жылдары футболдан үздік мектептер саналғандар мыналар еді: Лев Яшин мен Игорь Нетто, Альфредо ди Стефано мен Франсиско Хенто, Раймон Копа мен Жюст Фонтэн, Полеи Диди, Гарринча және Жильмар, Драгослав Шекуларац пен Драган Джаич, Иозеф Масопуст пен Ян Поплухар, Бобби Мур мен Бобби Чарльтон, Герд Мюллер, Уве Зеелер мен Франц Беккенбауэр, Ференц Вене мен Флориан Альберт, Джачинто Факкеттии, Джанни Ривера, Жаирзиньо және Карлос Альберте.

1956 жылы Кеңес Одағының футболшылары алғаш рет олимпиада чемпионы атанды. Төрт жылдан кейін олар Еуропа кубогының жеңімпазы танылды[8].

Футболдың таралу тарихы[өңдеу]

Футболдың алғаш 1863 ж. Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі. Бірақ Футболға ұқсас аяқдоп ойынының түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Римде, ал онан кейінірек Франция мен Италияда дамыған. Кейін бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген атаумен бізге жетті.

19-ғасырдың соңына қарай футбол Еуропа мен Латын Америкасы елдеріне кеңінен тарай бастады. 1904 жылы халықаралық футбол федерациясы (FIFA), 1954 жылы Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) құрылды. 1900 жылдан бастап олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. 1930 жылдан бастап төрт жылда бір рет әлем чемпионаты және 1958 жылдан бастап Еуропа кубогы үшін жарыстар өткізіліп тұрады.

Қазақстан футболының таралу тарихы[өңдеу]



Қазақстанға футбол 1909-1910 жылдары келді. Әуелі Орал, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Петропавл қалалары жастарының ермегіне айналған өнер, бара-бара бұқаралық сипат алды. Қолда бар деректер бойынша алғаш команда құру 1911 жылдан басталған. Семейде М.Сайдашев, А.Кәрімов, Ю.Нығматулин, т.б. жергілікті қазақ және татар жастарынан тұратын “Жарыс” командасын құрып, көптеген өнерпаздар мен спортшылардың елге танылуына себепкер болды. Сол команданың құрамында ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов жартылай қорғаушы болып ойнаған. 1914 жылы семейліктер алғаш рет Томск қаласының политехникалық институты студенттерімен жолдастық кездесу өткізді. Бұл Қазақстан футболының кіндігі кесілген жыл болып есептеледі. 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін әр қала өздерінше күш сынасып жүрді, алайда республикалық деңгейде жарыстар болмағандықтан, шеберлік баяу дамыды. 1937 жылы Алматының динамошылары “Шығыс қалалары” тобында 3-орынды иеленді. Сол жылдың қазан айында жолдастық кездесулер өткізу үшін Одессадан “Консервщик” командасы келді. Одессалықтар Алматы, Семей, Петропавл қалаларында болып, республиканың ең таңдаулы командаларын ойсырата жеңді. Осы жеңілістен қорытынды шығару мақсатында, “Динамо” командасын күшейту жөнінде шешім қабылданды. Жергілікті командалардан ағайынды Вячеслав пен Павел Трофимовтар, А.Вяшняков, А.Громов, Ф.Ткаченко, Ақтөбеден Н.Писяуков, И.Шариков, П.Луценко шақырылды. Одессаның “Консервщик” командасының ойыншылары ағайынды Константин мен Георгий Бедрицкийлер, Н.Чернец, Г.Ананченко және П.Щербаков “Динамоның” (Алматы) құрамында ойнауға тілек білдірді. 1939 жылы динамошылар Қазақстан чемпионы әрі кубогының иегері атанды. Қазақстандықтар сол жылы КСРО кубогы жолындағы бәсекеде Киевтің динамошыларын тізе бүктірді. Келесі жылы 2004 команда қатысқан ұжымдар арасындағы кубок бәсекесінде топ жарды. Шешуші сында Таганрогтің “Торпедо” командасын 3:1 есебімен жеңген алматылық динамошылар КСРО кубогын иемденді. Қазақстан футболының атын шығарған команданың құрамындағы 8 ойыншы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. Трофимов, Громов, В.Шаповалов сынды футболшылар қан майданнан оралған жоқ. Команда 1947 жылдан бастап КСРО чемпионатында “Б” класында өнер көрсетті. Республикамыздың бас командасы әр жылдары “Динамо”, “Локомотив”, “Урожай”, ал 1956 жылдан бері ”Қайрат” деп аталды. “Қайрат” өзінің алғашқы халықаралық кездесуін 1957 жылғы 30 қазан күні Финляндияның “Ваrса” командасымен өткізді. Қайраттықтар 4:0 есебімен жеңіске жетті. “Қайрат” командасы КСРО чемпионатының “А” класына 1960 жылы көтерілді. Олар алғашқы матчын Ленинградтың “Адмиралтеец” командасымен өткізіп, 0:0 есебімен тең түсті. “Қайрат” командасының сапында Т.Сегізбаев, Қ.Ордабаев, С.Байшақов сынды өнер көрсеткен қазақ жастары болды. 20 ғ-дың 50-жылдары “Б” класына Қазақстан командалары көптеп өте бастады. 1958 жылы Қарағандының “Шахтер”, ал келесі жылдары Шымкенттің “Еңбек”, Өскеменнің “Восток”, Жамбылдың “Металлист”, Павлодардың “Трактор”, Ақтөбенің “Актюбинец”, Целиноградтың “Целинник”, Жезқазғанның “Еңбек” командалары әуелі “Б” класында, кейіннен “А” класында өнер көрсетті. КСРО тарағаннан кейін, 1992 жылы Қазақстан дербес мемлекет ретінде Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) мүше болды. Сол жылдан бері ҚР-ның өз чемпионаты өтуде. 1992 жылы “Қайрат” (Алматы, 1993 ж. “Ансат” (Павлодар), 1994-1995 жылдары “Елім-ай” (Семей), 1996 жылы “Тараз” (Тараз), 1997 жылы “Ертіс” (Павлодар), 1998 жылы “Елімай” (Семей), 1999 жылы “Ертіс” (Павлодар), 2000-01 жылдары “Жеңіс” (Астана), 2002-03 жылдары “Ертіс” (Павлодар), 2004 жылы “Қайрат” (Алматы), 2005 жылы “Ақтөбе” (Ақтөбе), 2006 жылы “Астана” (Астана) командалары чемпион болды. Ел кубогы жолындағы бәсекеде 1992 жылы “Қайрат”, 1993 жылы “Достық” (Алматы), 1994 жылы “Восток” (Өскемен), 1995 жылы “Елім-ай”, 1996-97 жылы “Қайрат”, 1997-98 жылдары “Ертіс”, 1998-99 жылдары “Қайсар” (Қызылорда), 1999-2000 жылдары “Қайрат”, 2000-01 жылдары “Жеңіс”, 2001 жылы “Қайрат”, 2004 жылы “Тараз”, 2005 жылы “Жеңіс”, 2006 жылы “Алма-Ата” (Алматы) командалары кубок иегері атанды. 2002 жылы Қазақстан футбол одағы (ҚФО) Азия футбол конфедерациясынан (АФК) шығып, Еуропа футбол одағына (УЕФА) мүшелікке өтті. КСРО құрама сапында Е.Яровенко 24-Олимпия ойындарының (1988, Сеул, Корея) чемпионы болды[9].

Футбол ұйымдары[өңдеу]

Халықаралық ұйымдар[өңдеу]

Футболдың таралуын, басқаруын және бақылауын менгеретін бір қатар халықаралық ұйымдары бар. Негізігісі болып Цюрихта (Швейцария) орналасқан ФИФА ұйымы болып есептеледі. ФИФА халықаралық жарыстарды, яғни Футболдан Әлем чемпионаттарын[10].) ұйымдастыру мәселесімен айналысады.

Құплықтық деңгейлерді халықаралық жарыстармен 6 ұйым айналысады:КОНКАКАФ, КОНМЕБОЛ,УЕФА, КАФ, АФК (Африка), ОФК (Океания).

Негізі футболдың ең қатты дамыған жері - Еуропа. Ең бақуатты 20 футбол клубтары осы еуропада орналасқан. 2006 жылғы әлем чемпионатына қатысқан 700 футболшының 102 - Англиядан, 74 — Германиядан, 60 — Италиядан, 58 —Франциядан болған.

Клубтар[өңдеу]

Футболшылар командалары дара ұйымдарға біріктірілген. Бұл ұйым, яғни футбол клубы, футболшылар мен басқа ұйымдардың арасындағы байланысты жасайтын буын.

Әлем чемпионатында жеңіске жеткендер:[өңдеу]

Бразилия құрамасы - Бес рет: 1958, 1962, 1970, 1994 және 2002 жылдарындағы чемпионаттарды жеңді.

Италия құрамасы - төрт рет: 1934, 1938, 1982 және 2006.

Германия құрамасы - төрт рет: 1954, 1974, және 1990, 2014

Аргентина құрамасы - екі рет: 1978 және 1986.

Уругвай құрамасы - екі рет: 1930 және 1950.

Англия құрамасы - бір рет: 1966.

Франция құрамасы - екі рет: 1998, [[Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты|2018]

Испания құрамасы - бір рет: 2010.

1977 жылы Тунисте алғаш рет жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. Жасы 19-ға дейінгі жас футболшылар 16 ұлттық құрамадан алынды. Жастар арасындағы чемпионат тізімінің тұсауын КСРО футболшылары кесті.[11]

Дереккөздер[өңдеу]

↑ Overview of Soccer. Encyclopædia Britannica. Басты дереккөзінен мұрағатталған 12 маусым 2008. Тексерілді, 4 маусым 2008.

↑ Guttman Allen The Diffusion of Sports and the Problem of Cultural Imperialism // The Sports Process: A Comparative and Developmental Approach / Eric Dunning, Joseph A. Maguire, Robert E. Pearton — Champaign: Human Kinetics, 1993. — P. 129. — ISBN 0-88011-624-2.

↑ Dunning Eric The development of soccer as a world game // Sport Matters: Sociological Studies of Sport, Violence and Civilisation — London: Routledge, 1999. — P. 103. — ISBN 0-415-06413-9.

↑ Team Sports // Catastrophic Injuries in High School and College Sports — Champaign: Human Kinetics, 1996. — P. 57. — ISBN 0-87322-674-7.

↑ Laws Of The Game. FIFA. Басты дереккөзінен мұрағатталған 1 қыркүйек 2007. Тексерілді, 2 қыркүйек 2007.

↑ Laws of the game (Law 3–Number of Players). FIFA. Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 қыркүйек 2007. Тексерілді, 24 қыркүйек 2007.

↑ Правило 8. Начало и возобновление игр. football-info.ru. Басты дереккөзінен мұрағатталған 15 маусым 2013. Тексерілді, 14 маусым 2013.

↑ Футбол тарихы.

↑ Футбол.



↑ ФИФА. Большая советская энциелопедия. Басты дереккөзінен мұрағатталған 16 маусым 2013. Тексерілді, 15 маусым 2013.

↑ Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

Достарыңызбен бөлісу:
1   2
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...