ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
Мамандық: 6В01402 – «Дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярлау»
РЕФЕРАТ
Пәннің атауы: «Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы»
Дайындаған: 1402-19 оқу тобының
студенті Айтбек Б.
Қабылдаған: Ешимбетова Г.С.
Шымкент, 2022 ж.
РЕФЕРАТ
Тақырып: 3 апта. Жүйке жүйесінің физиологиясының дамуы.
Жоспар:
1.Жүйке жүйесінің құрылысы.
2.Синаптар.
3.Рефлекс және рефлекторлық доға.
Тақырып бойынша жоспар сұрақтарына жауап:
Жүйке жүйесінің құрылысы. Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән-жайына қанығу үшін ми мен психиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары — психология ғылымының табиғи- ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі — мидың және оның бѳліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жіүзеге асырып, айналадағы әсер еткен түтіркендіргіштерге жауап қайтарады. Сондай-ақ, ол түрлі дене мүшелерінің, клеткалардың қызметін, зат алмасуы мен қан айналысын реттеп, сыртқы ортаның ѳзгеруіне бейімделіп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Нейрондардың үзын тармақты аксон, қысқа тармақты дендрит дейтін екі түрлі тармағы бар. Нейрондардың тарамдала келіп, ѳзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, шеткі (перифериялық) Және ішкі (вегетативтік) жүйке жүйелерінің өне бойына орналасқан.
Орталық жүйке жүйесіне жұлын және ми, ал периферия- лык жүйке жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады. Орталық жүйке жүйесінің бѳліктері кѳп қатарлы үйдің құрылымына ұқсас, олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бѳліктердің жоғарғысының қызметі тѳменгілеріне қарағанда барынша күрделі болып кедеді. Орталық жүйке жүйесінің тѳменгі бѳлімі жұлын жуандығы 1 см-дей омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда 45 см-ге дейін жетеді. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп нерв талшығы тарайды. Олардың бір тобы ортаға те- бетін, екінші бір тобы шетке тебетін нерв деп аталады. Жұлын біздің аяқ-қолымызды жинау, керіп-созу сияқты басқа да қарапайым қозғалыстары.Адамның ортмыздың орталығы болып саналық (перифериялық) жүйке жүлгесі болады.Бас миы жұлын шеті.Орталық жүйке жүйесінің(перифериялық жүйке жүйесі) жоғарғы бөлігі ми оның орташа салмағы — ересек адамдарда 1400 граммдай. Мұнда сопақша, ортаңғы және аралық ми — бәрі қосылып, ми бағанасын құрайды. Омыртқалы жануарлардың ми бағанасының атқаратын қызметі ерекше. Сопакша мидың сырт жағында формасы ағаш жапырағына ұқсас мишық (қарақұс) орналасқан. Мишық организмнің қозғалысына, оның бірқалыпты жүріс-тұрысы.
Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпаларының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке жасушалары – нейронның денеден,ұзын және қысқа өсінділерден тұрады. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі – аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері – дендриттердің сыртында ақ қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр затты түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған бір аксон болады.
Нейрон 1. Дендриттер 2. Жасуша денесі 3. Аксон
Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал)
Достарыңызбен бөлісу: |