Реферат пәні: Философия Тақырып: Аристотель еңбегіне талдау Орындаған:Қаражігітов Саулетхан Тобы: ап-20-6тК



бет3/5
Дата11.04.2022
өлшемі22.28 Kb.
#219860
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
аристотель еңбектері
stud.kz 469851, германия, германия
2.2.Аристотельдің таным теориясы.

Сөзіміз жалпылама, абстрактылы болмас үшін, мынандай мәселенің қойылуы және шешілуін алайық. Жоғарыда біз Аристотель Платонға қарсы шыға отырып, мазмұн мен форма, ягаи материя мен форма мөселесін көтерді, олардың өзара байланысын ашпақшы болды дедік қой. Ал енді осы екі категорияның ("материя" мен "форманың") диалектикалық қатынасын талдай отырып, Аристотельдің философиялық жүйесіне көз жүгіртелік.

Аристотельдің анықтамасындағы "материя" Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше. "Материя", Аристотельдің ойынша, "субстрат" (латын тілінде "негіз", "астар" деген мағына береді). Ол өзінің анықтаушысынан, формасынан айырылған процесс. Сайып келгенде, бұл материя, субстрат тек қана мүмкіндік күйінде қалады. Бірақ ол мүмкіндіктен шындыққа айналуға тиіс. Сонда бұл процесс қалайша бір— біріне өтеді?

Ең алдымен материя белгілі бір формаға ие болады. Бұл процесс мүмкіндіктің жүзеге асуы, оның шындыққа айналуы. Ендеше, форма жоқтан бар болмайды, болмыс еместен тумайды. Өйткені болмыс еместен ештеңе де шықпайды ғой. Ал, екіншіден, форма болмыстан да тумайды екен. Егер ол болмыстан пайда болса, онда жаңадан болған нәрсенің бұрыннан да бар екендігі даусыз болар еді.

Сонда Аристотельдің формаға берген анықтамасы, жалпы Платонның идеясын, яғни идеалдықты елестететін болды ғой. Бәрін былай қойғанда, жаңа замандағы К.Маркстің тауарды, құнды, қосымша құнды, тағы басқаларын әрі реалды, әрі идеалды деп анықтағанына ұқсас болып шықты ғой деген ойға келуіміз де мүмкін. Ол да рас. Шынында да, болмыстың болмауы және шын мәніндегі болмыс осы Аристотель айтып отырған форманы көз алдымызға елестетеді. Яғни Аристотельдің тілімен айтқанда, форма әуелгі кезде болмыс "мүмкіндігі". Ал оның мүмкіндікген шывдыққа айналуы форма болып шығады.

Бірақ мәселе мынада. Қалайша болмыс болмыс емеске, одан керісінше айналады, ол ненің әсерінен болады? Оның қайнар көзі қайда жатыр? Аристотельдің айтуынша, шындық болатын болмыс формасы әуел басында өзінің бойына мүмкіндікгі сақтайды екен. Өзінің ойын Аристотель былай деп түсіндіреді. Адам әуелгі кезде сауатсыз еді, енді сауатты болды. Оның сауатты болғаны, бұрынғы сауатсыздығынан емес, керісінше, адамның сауатты болғаны, оның бойында сауаттылыққа деген мүмкіндіктің (қабілеттің) бар болғандығынан.

Ендеше материяның, субстраттың бойында екі жағдай бар. Бірі — онда әлі "форма жоқ", ол кейін пайда болады, екіншіден, онда болашақта "формаға" айналатын мүмкіндік бар. Бұл бір процестің екі жағы. Бірі — теріс анықтама, ал екіншісі — оң анықтама.

Материя деген ұғым, Аристотельдің түсінігі бойынша, бір жағынан субстрат, яғни негіз, бірдеңенің ішкі астары. Бұл шын мәніндегі таза мүмкіңдік қана деуге болады. Екінші жағынан материя мүмкшдік қана емес, ол іске асқан шыңдық. Айталық, егер біз "мраморды" алсақ, ол өз алдына жатқан "материя", яғни сезімдік зат. Оның осы күйінде химиялық, физикалық, биологиялық ерекшеліктері, қасиеттері бар. Оларды ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл, Аристотельдің тілімен айтқанда, "соңғы материя" болады.

Ал енді оның осы табиғи қасиеттерінен басқа жағына, оның іске асатын мүмкіндігіне көңіл бөлсек, оның шындық жағдайы туады. Бұл мүмкіндікті (ешқандай физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерімен ғана шектелмейтін) ешуақытта да, еш жерде де сезім арқылы қабылдауға бол-майды. Ол тек оймен ғана айқындалады. Осындай жағдайға байланысты, оны "белгісіз субстрат" деп атайды. Ал Аристотель өзінің философиясында бұған "бірінші материя" деп ат берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы