Реферат Пән: Мамандыққа кіріспе. Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби педагогикалық әрекеті: мәні,мақсаты,мазмұны,қызметі



Дата23.09.2022
өлшемі17.15 Kb.
#298694
түріРеферат
Байланысты:
реферат Жансая
Бузунова Аида,БӨЖ 7УП, Кан реферат СРСП Овощеводство Центры (1), А.А., А 3, Распоряжение кур на 2 семестр , 2 5409103296008819179, 2 5406691534433163388, Лекция - Арх. қазба әдістері 2015, ЛЕК 1, 1,4,7,11 Археология, 21,22,23,24,25, Лекция 2, құқық 3 ., bc9999be313afbf8facc58e6cb37fda0, Әкімжан Азиза

М.Қозыбаев атындағы СКУ мемлекеттік университеті.


Факультет: ИЯиЛ-22-2к
Реферат


Пән: Мамандыққа кіріспе.
Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби – педагогикалық әрекеті: мәні,мақсаты,мазмұны,қызметі.
Орындаған: Әнуарбек Жансая
Тексерген: Дюсембаева Ж.Е


Қазіргі таңда мұғалімнің - педагогикалық әрекетінің мәні өте зор!
Заманауи жағдайда жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу – барлығымыздың қарапайым ата-аналар да, қарапайым мектеп мұғалімдері мен ғалымдар да бей-жай қарай алмайды және өзектілігін жақсы түсінеді. Сапалы білім – мемлекет пен қоғамның табысты дамуының, экономикалық, ғылыми-техникалық өрлеуінің кепілі. Білім саласында кешігу мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бәсекеге қабілеттілігін төмендетуге кері әсерін тигізеді. Ғылым кеңістігіне «адами капитал» ұғымының енуі, адамзаттың әлеуметтік экономикалық дамуына қатысты оқуға көзқарастың өзгеруіне ықпал етті.
Менің ойымша сондықтан бүгінгі күні оқыту жүйесінде авторитарлық педагогика әрекеттесу педагогикасына ауысып, адамға ең негізгі құндылық ретінде қарау қалыптасып келеді. Кез келген мемлекеттің «стратегиялық ресурсы» ретіндегі азаматтарының білімділік деңгейі мен олардың қоғамдағы қарқынды өзгерістерге тез бейімделу қажеттілігінің, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарларына білім жүйесінің сәйкестігінің маңыздылығын түсіну білім жүйесінде реформа жүргізудің негізгі фокторы болады.
Сонымен қатар, мұғалімдердің қазіргі замандағы ең негізгі мақсаты- сапалы білім болып табылады.
Сапалы білім қайдан туады деуші болса , мен осылай сұрақ қоюшы едім.Әр мұғалім «өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?» деген сұрақты өз өмірінде саралау қажет. Оған өзінің қазіргі жағдайын зерттеп, жылдар бойы тамырын тереңге жайып алған кемшіліктерімізді талдап, оларды жіктеу арқылы өзгеріс енгізу қажет деген басымдықтарын анықтаудан бастау керек. Шынайы жағдайымызды анықтау үшін бірнеше тәсілді қолданайық. Сонымен қатар жұмысымызды теориялық тұрғыдан жақсы білсек те, оны қалай іске асыру керектігін жете білмеуімізбен қатар, үйрену үшін ізденбегенбіз, қағаз жүзінде орындау шеберлігіміз жыл санап артып, ал іс жүзінде жүйесіз, әлсіз жүргізілуіне жол беріп келгенімізді мойындайық. Оқу нәтижесінің сапасына тікелей әсер ететін бұл кедергілер мен олқылықтарды топтастырып, маңыздылығын анықтауға болады:
Біріншіден педагогикалық қызметтің ойдағыдай болуының қажетті шартты — баланы жақсы көру. Балаларды жақсы көрмей түрып, оларды адамгершілік пен адалдыққа тәрбиелеу мүмкін емес. Балаға салқын қарау көп жағдайда олардың мінез-қүлқына рақымсыздықтың, іс-әрекетіндегі теріс кылықтың пайда болуына әкеп соғады.
Екіншіден балаларды біреуді жаксы, ал—біреуді жек көруге тәрбиелеуге болмайды. Бала жаксы көргенді-жаксы көреді, күрметтегенді— құрметтейді. Олар әуелі ез «физигін», «математигін», «әдебиетшісін», сонан соң физиканы, математиканы неме-се әдебиетті ұнатады немесе ұнатпайды. Екіншіден, шәкіртін жақсы көрген мүғалім, жұмысын да ұнатады.Мұғалімнің жеке басындағы үйлесімділік көбінесе талапкершілігімен, көнбістігімен, эмоциялығымен, парасаттылығымен, сенімділігімен, сақтығымен, қаталдығымен және жұмсақтығымен айқындалады. Мұның барлығын мұғалім ешбір жерден таба алмайды, оны іс үстінде ез мінез-күлқын тексеру арқылы ғана және үнемі өзін-өзІ тәрбилеу нәтижесінде ғана тани алады. Соңғы жылдары мұғалімдердің біліктілігі едәуір арттырылды, қазір олардыд көпшілігінде жоғары педагогикалық білім бар.
Мұғалімнің негізгі қызмет түрлеріне оқушылармен сабақ және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу, оқу-тәрбие процесіне дайындық және қолдау көрсету, ұйымдастырушылық-педагогикалық іс-шаралар жатады. Сондай-ақ педагогикалық қызметтің түрлеріне комиссияларда, қоғамдық ұйымдарда жұмыс, жобаны басқару, тәлімгерлік, кәсіби конкурстарға қатысу, портфолио құрастыру, электронды оқу-әдістемелік құжаттамамен жұмыс жасау, веб-сайтты, блогты жүргізу, байқаулардың қазылар алқасымен жұмыс жасау, олимпиадалар және т.б
Осымен қатар мұғалім оқу процесіне тікелей қатысы жоқ жұмыс түрлерін орындайды: есеп беру, аккредиттеу мен лицензиялауға дайындық, сайлау науқанына қатысу, үй шаруасына қатысу, жөндеу жұмыстары және т.б.
Оқыту және оқу халықаралық сауалнамасы материалдарында мұғалімдердің жүктемесі біршама басқаша бағаланады. Авторлар Ресейдегі орташа мұғалім аптасына 46 сағаттан астам жұмыс істейтінін, ал ол жоспарларды толтыруға, есептерді жазуға және сабаққа дайындалуға шамамен 15 сағат жұмсайтынын анықтады. Осы көрсеткіштер бойынша ресейлік мұғалімдер зерттеуге қатысқан 36 елден келген әріптестер арасында ең көп жұмыс істейді. Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей, орындалатын жұмыс түрлерінің үлкен көлемі мен әртүрлілігі мұғалімдерден тек жұмыс күндері ғана емес, демалыс күндері де айтарлықтай уақытты жұмсауды талап етеді.
Қорытындылай келе мұғалім ісі бөлек іс! Себебі ол адамзатты қалыптастырушы,тұлғаға жол көрсетуші алтын бағдар болып табылады!

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде