Реферат обөЖ № Тақырыбы: Төтенше жағдайлар кезіндегі ластану деңгейін шектеу шаралары. Орындаған: Шалдарбек Марзия Тексерген: Тусупова Баян Халеловна


) Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды бағалау. 9)



бет2/4
Дата21.09.2021
өлшемі48.36 Kb.
түріРеферат
1   2   3   4
8) Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды бағалау.

9) Тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормалар мен ережелерді әзірлеу, сондай-ақ экономикалық және өзге де жұмыстар кезінде оларды орындау тәртібін белгілеу іс-шаралар.

Жауаптары:

1) Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар ұрыс кезіндегі медицина қызметінің тіршілігінің негізгі түрлері болып табылады, емдеу-тасымалдау шараларымен, медицина қызметінің жеке құрамды жаппай қыру қаруынан қорғау шараларымен және де басқа шаралармен бірге жүргізіледі. Олар жеке құрамнын денсаулығын сақтау және физикалық ахуалын нығайтуға, әскерді жұқпалы және де басқа кейбір аурулардың пайда болуын және жойылуын алдын алуға бағытталған, бұлар әскердің тіршілігінің жағдайына, ауа райының, санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық жағдайына, жеке құрамның және қоғамдық тазалық ережелерін сақтау жүйесіне байланысты. Олар жеке құрамнын денсаулығын сақтау және физикалық ахуалын нығайтуға, әскерді жұқпалы және де басқа кейбір аурулардың пайда болуын және жойылуын алдын алуға бағытталған, бұлар әскердің тіршілігінің жағдайына, ауа райының, санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық жағдайына, жеке құрамның және қоғамдық тазалық ережелерін сақтау жүйесіне байланысты. Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың маңызы өте ерекше, әсіресе егер соғыс кезінде қарсыластың бактериологиялық қаруды және де басқа жаппай қыру құралдарын қолдану ықтималдығы бар соғыс жағдайларында күшейеді.

2) Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» № 285 жарлығына сәйкес дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа СОVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялануына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілді.

Осы ретте, мемлекет басшысының жарлығымен бекітілген төтенше жағдай кезеңіндегі шаралар мен шектеулердің нұсқаулықтарын орындау мақсатында аудан әкімдігі жанынан жұмысшы топ құрылып, қаладағы кәсіпкерлік нысандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Арал ауданы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 15.03.2020 ж. «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу» № 285 жарлығына сәйкес қабылданатын нұсқаулығы
Төтенше жағдай кезеңінде төмендегідей шаралар мен шектеулер енгізілді:
- Ірі сауда нысандары мен сауда ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне шектеу қойылады, олар сағат 10:00 ден 18:00ге дейін жұмыс жасайды (азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерді қоспағанда);
- Азық-түлік дүкендері, супермаркеттер мен азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істейді;
- Киім-кешек базарлары сағат 11:00ден 17:00-ге дейін жұмыс жасайды. Санитарлық және дизенфекциялық шаралар күшейтіледі;

-Қоғамдық тамақтану орындарында, сауда ойын-сауық орталықтарындағы фуд-корттар дезинфекциялардан өтіп тұрады;


- Мектептен тыс қосымша білім беру объектілерінің (оқушылар сарайы, шығармашылық сарайлары, аула клубтары, үйірмелер,секциялар, компьютерлік клубтар) қызметі тоқтатылды; сондай-ақ барлық спорт нысандары жабылды;
- Кинотеатрлардың театрлардың, көрмелердің және көңіл көтеру орындарының (түнгі клубтар, караоке, барлар, моншалар, компьютерлік клубтар, фитнес орталықтар, жаттығу залдары, бассейндер) және көп жиналатын басқа да нысандардың қызметі тоқтатылды;
Мейрамханалардың, дәмханлардың және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 22:00 сағатқа дейін шектелді, бұл ретте бір жолға адамдардың санын 50-ге дейін шектеу;
Дәмхана мен мейрамханаларда және т.б жерлерде кальяндарды пайдалануға тыйым салынады.

3) "Табиғи  және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 05.07.97. ҚР Заңы республика аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Онда халықты, қоршаған орта мен шаруашылық объектілерін төтенше жағдайлардан және одан туындаған салдардан қорғау мен мемлекөттік саясат жүргізуде басым салала-рының бірі екендігі атап көрсетіледі.  
Заңда төтенше жағдайға, зілзалаға, аварияға, апатқа анықтама беріледі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы ұйымдардың міндеттемесі, халықтық құқығы мен міндеттемесі белгіленіп, мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының өкілеттігі атап көрсетілген. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы заңның бүзылғандығы үшін жауапкершілік белгіленген. Заңда төтөнше жағдайға қатысты басқа да мәселелер мазмұндалған.  
Зілзала бүл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бүзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық қүндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат қүбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады.  
Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бүрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады.  
Әр бір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, қозғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар.  
Зілзаланың бір-бірінен айырықша ерекшеліктерімен қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға қатты психологиялық әсер етуі.  

4) Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік тірі организмдер, онын ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес. 
Міне, сондықтан адамның кез-келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру органы кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану шаралары қажет болады. Кешенді қорғану шаралары мынаны қамтиды құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалык, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік шаралар. Адам іс-әрекеттің қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер - әрине, адамнын іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уакытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек.

Қауіп нақты бар, адам қауіп-қатер аймағында, адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз. Сонымен, қауіпсіздік-бұл іс-әрекет кезінде қауіптердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек: 


Бірінші міндет-нақты іс-әрекеттен болатын қауіп - қатерді талдау (идентификация). 
Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек. Өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі. 
Екінші міндет-адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу.Үшінші міндет-осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес. 
Бұл шаралар қауіп - қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қа    жеттілігі болғанда қолданылады (зардап шеккендерге бірінші медициналык көмек көрсету, қоғамды қылмыс топтарынан қорғау, ғимараттарды, құрылыстарды бұзу, зардап шеккендерді көлік апатынан босату, ластанған аумақты тазалау тәрізді жұмыстар). 
Үшінші міндетті елімізде денсаулык сақтау, Мемлекеттік санитарлық, эпидемиялық бақылау, өрттен қорғау, полиция, прокурорлық бақылау органдары және т.б. жүзеге асырады. Қауіп-қатер-ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс.

Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін. Қауіп-қатер осы оқу курсының орталык өзекті түсінігі. 


Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады:

адамның өзі;

өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, пайдаланатын қуат, еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға;

адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас процестері.

            Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар.  

Осы сияқты құбылыстарды жіктеумен және жүйелеумен айналысатын ғылымды таксономия деп атайды. Қазіргі уакытта толыққанды және жетілген таксономия жоқ болғанымен, төменгі 2-суретте келтірілгсн нысан көп қажетке жарары анық,  Қоршаған ортаға үлкен зардабын, тигізетін құбылыс, процесс, оқиға. 


Шыққан тегі бойынша:

техногендік әсер ету;

антропогендік;

тұрмыстық;

спорттық;

жол-көліктік.



5) Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкелiп соққан немесе әкелiп соғуы мүмкiн, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге нұқсан келтiрген немесе келтiруi мүмкiн, халықты едәуiр дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тiршiлiк жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкiн авария, зiлзала немесе апат салдарынан белгiлi бiр аумақта туындаған жағдай;

Түсініктер және анықтамалар. ТЖ жөніндегі Қазақстан республикасы заңдарының маңызы. Қазақстан Республикасында ТЖ жөнінде бірнеше заңдар қабылданған: 1. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 5 шілде қабылданды (2000 жылғы 19 мамырда өзгерістер) 2. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ 3. «Авариялық құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы N 87 Заңы. (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңымен) 4. «Өрт қауіпсіздігі түралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы N 48 Заңы. (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңымен) 5. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы ЕРЕЖЕ. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298 Қаулысы. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 қаулысымен) 6. Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603 Заңы. 7. Азаматтық қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi:       

1.бейбiт уақытта және соғыс кезiнде төтенше жағдайлар туа қалған жағдайда олардың алдын алу, адамдардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтарды, қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу;       

2.халықты, аумақтарды қорғауды, техникалық және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесiн қалыптастыру;      

3.төтенше жағдайларға ден қою, олардың зардаптарын жою, олардың туындау себептерiн тексеру тәртiбiн айқындау;      

4.мониторинг пен халықты хабардар етудi ұйымдастыру;      

5.авариялар, апаттар, табиғи және экологиялық зiлзалалар, жұқпалы аурулар, эпизоотиялар, эпифитотиялар пайда болған кезде төтенше жағдайлардың алдын алуға, адамды және оның тiршiлiк ету ортасын қорғауға, шаруашылық жүргiзу және әлеуметтiк сала объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн арттыруға бағытталған мемлекеттiк мақсатты және ғылыми-техникалық бағдарламалар әзiрлеудi және оларды орындауды ұйымдастыру; 

6) "Өмір қауіпсіздігі" - адамның төтенше жағдай кезіндегі  өмір сүру ортасы мен қауіпсіз  қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің  тұрақты жұмыс істеу әдістерін,  табиғи және техногендік сипаттағы  төтеншө жағдайларды ескерту  мен салдарын жою жәнө осы  заманғы зақымдау құралдарының  қолданылуы мәселелерін 

зерттейді. 


Бұл жұмыста мынадай мәселелердің жәй-күйі мен жағымсыз факторлары қаралады:  
- тіршілік ортасының жәй-күйі мен жағымсыз факторлары;
- адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негіздері және оның қызметінің қолайлы жағдайлары;  
- жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды біргейлестіру принциптері, техникалық қүралдар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру;  
- шаруашылық объектілерінің төтенше жағдайдағы жүмыс істеу түрақтылығын зерттеу әдістері;  
- ТЖ мөн оның салдарын болжау;  
- Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу;  
- Тіршілік қауіпсіздігінің нормативтік - техникалық және үйымдық негіздері.  

 

«Стандарттау» атты бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың құқықтық, ұймдастырушылық және әдістемелік негіздері беріледі. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар, оларды жасау, бекіту және қолдану тәртібі.



«Сертификаттау» атты екінші бөлімі Қазақстандағы сертификаттаудың ұйымдастырушылық-әдістемелік және құқықтық принциптерге арналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар