Құрастырушы: ф.ғ. к., доцент Қажыбаева Г. К



бет2/3
Дата10.09.2017
өлшемі335.5 Kb.
#19900
1   2   3

7-тақырып. Сюжет пен композиция.

Сюжеттік оқиғалар мен қаһармандардың өзара қарым-қатынасы, тартыстың нақты көрініс екендігі. Өмірдегі тартысты қайшылықтардың өнер шығармасында көрініс табу ерекшеліктері. Тратыстың көркем шығармадағы мәні мен маңызы, оның қозғаушы күш екендігі. Сюжет пен фабула. Лирикалық шығамадағы сюжет. Сюжетсіз шығармалар.

Композиция – көркем шығарма құрылысы, образдың өзара жүйелі байланысуы. Композицияның негзгі компоненттері. Сарынның тақырып пен идеяға қызмет етуі. Көркем шығарма композициясының негзгі талабы. Көркем шығарма эпизодтары. Көркем шығарма композициясының жанрлық ерекшеліктері. Шығарма композициясындағы уақыт пен кеңістік. Сюжет пен композицияның өзара бірлігі. Пролог пен эпилог туралы қазіргі ой-пікірлер.

8-тақырып. Көркем шығарманың тілі. Троп және оның түрлері.

Тіл және сөйлеу. Тіл - қатынас құралы. Тілдің қоғамдық функциялары. Ауызекі сөйлеу тілі. Әдеби көркем тіл. Тілдің стилистикалық еркшеліктері. Сөздердің көп мағыналылғы. Сөздердің тура және бұрма мағыналары. Шығарма тіліндегі жалпы қолданыстан тыс лексика. Көркем шығарма мәтіні. Филологиядағы, мәдениеттану мен семиотика ғылымдарындағы мәтін туралы тұжырымдар. Тілдің бейнелеуіштік қасиеті. Тіл мен ойдың арақатынасы. Автор тілі мен кейіпкер тіліндегі типтілік пен оқшаулық. Поэтикалық синтаксис. Поэтикалық сөздердің дыбыстық жүйелену ерекшеліктері. Көркем шығарма тілі және оның жанрлық ерекшеліктері. Қаламгердің сөздік қорының молдығы туралы түсінік. Мәндес сөздерді талғап пайдаланудың жолдары. Синонимия, синонимдердің қабаттаса, қатар келуі (плеоназм). Омонимдердің әдеби тілдегі қызметі. Антонимдік параллеь. Көркем шығармашылық материалының бір түрі: архаизм, неологизм, варваризм, диалектизм, идиомалар. Көркем тілдің интонациялық – синтаксистік мәнерлілігі. Эпитет, теңеудің қызметі.

Әдеби тілді тура мағынасында емес бұрма мағынасында қолданудың ерекшеліктері. Оның шығарма көркемдігіне әсері. Троптың классификациясы. Метафора және оның қолданылу аясы. Сөз мәнін өзгерту суреттелетін құбылысты айқындау, ажарландыру, суреттелетін объектінің мазмұнын терңдету ерекшеліктері. Жансыз табиғат құбылысының тірі адам кейпінде суреттелуі – кейіптеу, немесе олицетворение. Аллегорияның (пернелеу) деректі құбылысқа айналу қасиеті. Символыдың астарлы мәні. Метониямның ой ықшамдау мен образ дәлдігі үшін атқаратын қызметі. Метонимияның бір түрі синекдоханың (мегзеу) көркем тілдегі орны. Троптың бір түрі – ирония (кекесін) мен сарказмның (мысқыл) сөз ажарын түрлендіру қызметі. Ұлғайту (гипербола) мен кішірейту (литота) бейнелеуіш құрал ретінде. А.Байтұрсыновтың тіл көрнекілеу тәсілдері.

9-тақырып. Фигура (айшықтау) және оның түрлері.

Фигура (айшықтау) әдеби тілдің әсемдігі мен әсерлігін күшейтетін тәсіл. Синтаксистік қалыптың өзгеру себептері. Фигураның түрлері. Арнау және оның түрлері. Жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау. Олардың өзіндік ерекшеліктері. Қайталаудың мағыналық сипаты. Оның түрлері: жәй қайталау, еспе қайталау, әдепкі қайталау, кезекті қайталау. Антитезаның (шендестіру) қарам-қарсы ұғымдарды бір-біріне бетпе-бет қою арқылы жаңа сапалық мағына немесе ұғым тудыру қасиеті. Градация (дамыту) және оның көркем ойды ажарлаудағы ролі. Оның Е.Ысмайлов бөліп көрсеткен екі түрі: түйдектеу мен баяулату. Инверсия (сөз орнын ауыстыру). Инверсияның жазушы стилімен байланысы. Элипсис (сөз тастап кету) және оның эфимизммен байланысы. Егіздеудің (параллелизм) екі ұдай құбылыстарды салыстыра суреттеушілік қызметі. Әдеби тілді ажарлау мен айшықтаудағы басқа да мағыналық өзгерістер туралы қазіргі ой-пікірлер.



10-тақырып. Өлең туралы ғылыми пайымдаулар. Өлең өлшемдері.

Көркем әдебиет тілінің екі түрлі сипаты: а) еркін құрылысты тіл – проза; белгілі бір тәртіптегі, тізбекке түскен тіл – поэзия. Өлең түрінде ой айту принциптері. Өлең құрылысы, жүйесі. Метрикалық өлең жүйесіндегі әуезділік. Тоникалық өлең жүйесіндегі екпіннің қызметі. Силлабикалық өлең жүйесіндегі буынның атқаратын қызметі. Силлабатоникалық өлең жүйесінің ерекшеліктері.

Ырғақ және оның өлең жүйесінде атқаратын қызметі. Өмір мен өлеңдегі ырғақ заңдылықтары. Өлең құрылысын түзудегі ырғақтың мәні. Өлең тілінің ұлт тілі және әдебиеттің даму заңдылығына байланысы.Өлең пішіні және схема туралы түсініктер. Өлең құрылым туралы қазіргі пайымдаулар.

Өлең құрылымын ажыратудың жолдары.поэзиялық шығармадағы ең үлкен бірлік шумақ. Шумақтың белгілі бір аяқталған ойға қатыстылығы. Тармақ және оының белгілі бір өлшемге негізделуі. Бунақ. А.Байтұрсыновтың бунақ туралы тұжырымдары. Буын және оның түрлері.Қазақ өлеңінің буын сандарының сәйкесу жолдары. Он бір буынды өлең. Жеті буынды өлең. Аралас буынды өлең. Өлең тармақтарының сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі – ұйқас. Ұйқастың өлең пішіні мен мазмұнына әсері. Қазақ өлеңіндегі дәстүрлі ұйқас түрлері: қара өлең ұйқасы, шұбырптпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс ұйқас, егіз ұйқас, аралас кезекті ұйқас , осы күнгі ерікті ұйқас. Ұйқастың өлең өлшеміндегі қызметі. Ұйқас пен ойдың бірлікте болу принциптері. Ұйқас қуалаушылқтың өлең мазмұнына тигізер әсері.



11-тақырып. Әдебиеттің тектері мен түрлері

Әдебиеттің тектері - эпос, лирика, драма екендігі. Әдеби шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия, т.б. Жанр мәселесі маңындағы шартты пікірлер. Жанрдың даму үстіндегі ұғым екендігі. Эпостың адам мінезін терең ашып, жан-жақты танытатын күрделі жанр екендігі. Лириканың шындықты адамның көңіл-күйі мен ой-сезіміне астастыра суреттейтін психологиялық қасиеті. Драманың шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдына қолма-қол көрсететін ерекшелігі. Аристотель, Гегель, Белинскийлердің поэзияның түрі мен тегі туралы ойлары. Көркем шығармашылық тегінің дифференциясы. Көркем шығармашылық жанрларының нақты тарихи характері. Жанрлардың өзара байланысы және олардың шартты шекаралары. Түр – жанрдың жеке, нақты көрінісі. Көркем шығарманың жанрлық-түрлік өзіндік ерекшеліктері.



12-тақырып. Әдеби процесс туралы түсінік.

Әдеби даму заңдылықтары. Әдебиет және фольклор. Әдебиеттің қалыптасуы. Әдебиет дамуының тарихи кезеңдері, мәдени-тарихи дәуірлері. әдеби байланыстар. Дәстүр және жаңашылдық. Әдебиетті нақты тарихи және салыстырмалы типологиялық тұрғыда зерттеу. Әдебиеттің жаппай даму Көркемдік әдіс, әдеби ағым, бағыттар туралы түсінік. Көркем әдіс туралы түсінік. Бағыттар мен ағымдарды бағалау, таңдау принципі бойынша қалыптасуы. Әдебиеттегі негізгі бағыттар. Әдіс және стиль. Стиль туралы түсінік. Стиль және шығармашылық ерекшелігі.


Тєжірибешілік сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Сөз өнері туралы түсінік.

Әдебиеттің негізгі салалары болып табылатын әдебиеттің тарихы, әдебиеттің теориясы, әдебиеттің сыны сияқты жеке салалардың өзара бірлігі мен ерекшеліктері. Әдебиеттанудың салалары: текстология, библиография және историография. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі. Оның басқа өнер түрлерімен байланысы және айырмашылығы.



2-тақырып. Әдебиеттану ғылымының даму кезеңдері. Әдебиеттң қоғамдық мәні және танымдық, тәрбиелік, эстетикалық қасиеттері.

Сөз өнері жайлы алғашқы топшылаулар. Мысыр, Үнді, Қытай т.б. халықтардың ежелгі жазбаларындағы сақталған алғашқы әдеби мұралар туралы мағлұматтар. Көне Грециядағы әдеби-эстетикалық түсініктер. Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар. Орта ғасырлардағы діни түсініктер және ғылым. Ғылымның, өнердің дамуы, озық ой-пікірлердің мистикалық, схоластикалық тұжырымдарымен күресі. Қазақстандағы әдеби-эстетикалық пайымдаулардың туу, қалыптасу кезеңдері.



3-тақырып. Әдебиеттің халықтығы мен ұлттық сипаты туралы ұғым.

Өнер мен қоғамдық шындық. Суреткердің қоғамдық өмірге қарым-қатынасы. Өнер туындысын бағалау критерийлері. Өнер мен әдебиеттегі халықтық ұғымы, оның тарихи категория екендігі. Халықтық ұғымның әр кезеңдегі әдебиеттегі көрінісі. Әдебиеттің халықтығы, ұлттық сипатты жайлы ой-толғамдар. Сыншы В.Г.Белинскийдің әдебиеттің халықтығы, ұлттық сипаты жайлы ой-тұжырымдары. М.Әуезов Абайдың халықтығы жөнінде. Кеңестік әдебиеттану ғылымы өнердің, әдебиеттің халықтығы туралы. Мәселеге бүгінгі көзқарас.



4-тақырып. Жинақтау мен даралау және образ жасау жолдары.

Образдың жасалу тәсілдері тұрғысынан жіктелуі. Әдебиет туралы ғылым және образдылық мәселесі. Өмірдің өмірді бейнелеу ерекшеліктері. Образдың суретті сөз екендігі. Көркем шығармадағы деталь. Өнердегі типтілік мәселесі, типтендіру процесі. Типтік бейне ерекшелігі. Суреттеу тәсілдері. Портреттік тәсіл, түрлері. Психологиялық портрет сыры. Әдеби мінездеудің түрлері (тура және жанама), характер айқындаудағы мәні. Кейіпкер тілі. Ішкі монолог пен диалог. Ішкі монолог психологиялық талдау тәсілінің бір түрі.



5-тақырып. Көркем образ және оның түрлері. Романтикалық және реалистік образдар.

Көркем бейненің әдіс тұрғысынан, тек, тәсіл тұрғысынан жіктелуі және олардың ерекшілігі. Образдың түрлерін көркемдік әдіс, әдеби тек және жасалу тәсілі жағынан бөлудің ғылыми мәні. Лирикалық, эпикалық және драмалық образдар.



6-тақырып. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы ғылыми пайымдаулар. Көркем шығармадағы тақырып пен идея.

Көркем шығарманың тақырыбы. Тақырып туралы түсінік. Тақырып таңдау және өмір шындығын зерттеу. Басты және қосалқы тақырыптар, олардың өзара бірлік-байланысы. Тақырыптың көркемдік шешімін табуы. Тақырыптың әлеуметтік мәнділігі, проблемалылығы. Көркем шығарманың идеясы, автор дүниетанымымен байланыстылығы. Шығарма идеясының оқиға дамуы, кейіпкерлердің іс-әрекеті, тартыстың шешімі арқылы танылатындығы. Идеяның түрлері, негізгі өзекті идея және объективті идеялар. Көркем шығармадағы тақырып пен идея бірлігі.



7-тақырып. Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы туралы ойлар.

Сюжеттік оқиғалар мен қаһармандардың өзара қарым-қатынасы, тартыстың нақты көрінісі екендігі. Сюжет пен фабула. Сюжетсіз шығармалар. Композиция-көркем шығарма құрлысы, образдардың өзара байланысуы



8-тақырып. Көркем әдебиеттің тілі және оның өзіндік ерекшелігі.

Ауызекі тіл мен әдеби тіл. Көркем әдебиет тілінің ерекшеліктері, талаптары. Жазушының тіл байлығын игеру жолдары. Поэтикалық тілдің көркем шығармада кейіпкер тілі және автор тілі үлгісінде қолданылуы. Шығарманың жанрлық ерекшелігі және тілі.



9-тақырып. Троп пен фигураның қызметі

Тілдің стилистикалық ерекшеліктері. Әдеби тілді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолданудың ерекшеліктері. Оның шығарма көркемдігіне әсері. Троптың классификациясы. Жасалу жолдары, көркемдік қызметі. Поэтикалық фигуралар: инверсия, арнаулар, қайталаулар. Бұл тәсілдерідң идеялық-көркемдік қызметі, түрлері.



10-тақырып. Өлең және оның жанрлық ерекшелігі.Өлең жүйелері. Өлең өлшемдері. Ұйқас, ырғақ, буын, бунақ, шумақ туралы қазіргі пайымдаулары.

Өлең құрылымын ажыратудың жолдары. Өлең жүйелері. Шумақ. Бунақ. Ұйқас. Олардың түрлері. Қазіргі қазақ өлеңіндегі соны ізденіс-өрнектер. Қазақ өлеңіндегі дәстүрлі ұйқас түрлері. Өзіндік ерекшіелігі. Ішкі ұйқас.Өлең туралы ғылыми пайымдаулар. Өлең өлшемдері. З.Ахметовтың өлең құрылысы жөніндегі еңбегі. Қазақ ғалымдарының өлең құрылысы жайлығ ғылыми еңбектерінің маңызы.



11-тақырып. Әдебиеттегі тек пен түр. Әдеби жанр мәселесі. Әдебиеттің тектері: лирика, эпос, драма. Әдебиеттің түрлері және олардың жіктелу жолдары.

«Тек», «түр», «жанр» терминдерінің мағына-мәні. Эпикалық тек. Лирикалық тек. Драмалық тек. Қазақ драматургиясында бұл жанрдың туу, қалыптасу жайы. Әдебиеттің тектері - эпос, лирика, драма. Әдеби шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия, т.б.Жанрлардың өзара байланысы және олардың шартты шекаралары. Аралас жанрлар ерекшілігі.



12-тақырып. Қаламгер және стиль мәселесі. Әдеби ағымдар мен бағыттар туралы ой-пікірлер.

Әдеби процестің тарихи сипаты. Әдеби процестің үздіксіздігі және ұлттық ерекшілігі. Әдеби поцестегі көрнекті жазушы мен талантты сыншының рөлі. Әдеби даму заңдылықтары. Дәстүр және жаңашылдық мәселесі. Әлем және орыс әдебиеттеріндегі озық дәстүрлердің қазақ әдебиетіне ықпалы. Қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы. Көркемдік әдіс туралы. Классицизм. Сентиментализм ағымы. Романтизм әдісі. Романтизм туралы пікірлер. Қазақ әдебиетіндегі романтизм. Реализм әдісі. Әдеби стиль жайлы ұғым. Ғалымдардың стиль туралы пікірлері.


Студенттердің өздік жұмыстары
Пәнді игеру барысында тақырыптық жоспар мен бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес студенттер төмендегі дәрісханадан тыс жұмыстарды орындауы керек.

  • әрбір тәжірибешілік сабаққа дайындалу керек, яғни, үй тапсырмаларын орындау крек;

  • дәріс материалына кірмеген, бірақ міндетті болып саналатын курстың тақырыптарын меңгеріп, конспектілер дайындау керек.


СӨЖ мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі


1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

15 (1х15)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (1х15)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

18

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы қорғау

18

5

Бақылау шараларына дайындық




РК1, РК2

4




Барлығы







60

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Тәжірибелік сабақтардың жоспары
umk -> Р/с Тақырыптың аталуы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсынымдар 050106 «Музыкалық білім» мамандығының студенттеріне
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Ф со пгу 18. 2/07 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді