Құрастырушы: ф.ғ. к., доцент Қажыбаева Г. К



бет1/3
Дата10.09.2017
өлшемі335.5 Kb.
#19900
  1   2   3

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Филология, журналистика және өнер факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы


5В020500- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған «Әдебиеттануға кіріспе»


ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар




Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ФЖжӨ факультетініњ деканы


_________ Ж.Т.Сарбалаев

« ___» ___________2010 жыл



Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Г.К.


Қазақ филологиясы кафедрасы

5В020500- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Әдебиеттануға кіріспе»



пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2009__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Жүсіпов Н.Қ. 2010__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)

_______Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2010_ж. «_____»____________ №____ Хаттама


ОӘК төрағасы ___________ Жұманқұлова Е.Н. _______ 2010_ж. «_____»___________

(қолы) (аты-жөні)

КЕЛІСІЛДІ

Кафедра меңгерушісі ______________ Жүсіпов Н.Қ. 2010__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)



1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Қазақ филологиясы кафедрасының доценті: Қажыбаева Гүлден Кеңесқызы

Кеңес беттерін күндер: дүйсенбі - сенбі 10.00-12.00. А-324



Қазақ филологиясы кафедрасы С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратында, Ломов көшесі, 64, №324 кабинетте орналаскан. Байланыс телефоны: вахтаның телефоны - 673-685, кафедраның телефоны -12-55
2 Пән туралы мәлімет


Семестр

Кредит саны

Аудиториялық сабақтарының түрлері бойыншв бөлінген сағат саны

Студенттің өздік жұмысына бөлінген сағат саны

Бақылау түрі

барлығы

Дәріс

Тәжірибелік

Зертханалық

Студиялық

Жеке

барлығы

Оқытушының басшылығымен орындалатын білім алушының дербес жұмысы

2

2

30

15

15










60

30

емтихан



3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ



























2

2

30

15

15










60

30




Бар-лығы




























емтихан


4 Пәннің мақсаты және міндеттері

Пәнді оқыту мақсаты:

Студенттер өз беттерімен мәтін түрлерін құрастыра білу. Троп түрлерін ажыратуға дағдыландыру; шығарманың идеялық, эстетикалық мазмұнын аша білуге үйрету; көркем шығарманы талдауды меңгерту.



Пәннің міндеттері:

Әдебиет тарихы мен фольклорды одан әрі тереңдеп тану үшін қажетті терминдер мен түсініктер жүйесін қамту, көркем шығармашылықты талдаудың ғылыми принциптерін теориялық тұрғыда пайымдауды үйрету. Әдебиеттің қоғамдық сана мен өнер түрі ретіндегі ерекшелігін ашу, көркем шығармашылықтың мазмұны мен пішінінің өзгеше сипатын таныту.



5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Студенттер білуі тиіс:

- әдебиеттанудың терминдерін білуі тиіс;

- көркем шығарманың мәнін, қызметін;

- поэтиканың ерекшеліктерін білуі тиіс.

- жанрлардың мазмұнын аша білуі тиіс.

- жанрлардың табиғатын білуі тиіс.

- бейнелеу құралдарды меңгеруі тиіс.

Студенттер істей білуі тиіс:

- көркем шығармаға әдеби талдау;

- бейнелеу құралдарына талдау:

6 Пререквизиттер

- қазақ әдебиетінің тарихы

- тарих

- философия



- психология

7 Постреквизиттер

- әдебиет теориясы

- шетел әдебиеті
8 Тақырыптық жоспар

1 Кіріспе. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі. Әдебиеттану - сөз өнері жайлы ғылым.

2 Сөз өнері жайлы ғылымның туу, қалыптасу тарихы. Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар.

3 Ресейдегі әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы. Қазақстандағы әдеби-эстетикалық пайымдаулардың туу, қалыпасу кезеңдері.

4 Образ және образдылық.

5 Образдың түрлері.

6 Тақырып пен идея. Мазмұн мен пішін.

7 Сюжет пен композиция.

8 Көркем шығарманың тілі. Троп және оның түрлері

9 Фигура (айшықтау) және оның түрлері

10 Өлең туралы ғылыми пайымдаулары. Өлең өлшемдері

11 Әдебиеттің тектері мен түрлері



12 Әдеби процесс туралы түсінік
9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Әдебиет туралы ғылым және оның салалары, көркем бейне және оның жасалу жолдары, көркем шығарма ерекшілігі, көркем шығарманың тілі, өлең құрылысы, әдебиеттің тектері мен түрлері талдау арқылы игертіледі. Әдебиеттанудың негізгі теориялық ұғымдарымен танысады. Көркем шығарманың сюжеті мен композициясына талдау жасауды игереді. Лирикалық шығармаларды, драмалық шығармаларды талдаудың жолдарын, ерекшеліктерін меңгереді.

10 Курстың компоненттері


Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Күндізгі бөлім

Дәріс

Тәжір.

СӨЖО

СӨЖ


1

2

3

4

5


1

Кіріспе. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі. Әдебиеттану - сөз өнері жайлы ғылым.

1

1

5

2

Сөз өнері жайлы ғылымның туу, қалыптасу тарихы. Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар.

1

1

5

3

Ресейдегі әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы. Қазақстандағы әдеби-эстетикалық пайымдаулардың туу, қалыпасу кезеңдері.

1

1

5

4

Образ және образдылық.

1

1

5

5

Образдың түрлері.

1

1

5

6

Тақырып пен идея. Мазмұн мен пішін.

1

1

5

7

Сюжет пен композиция.

2

1

5

8

Көркем шығарманың тілі. Троп және оның түрлері

2

2

5

9

Фигура (айшықтау) және оның түрлері

1

2

5

10

Өлең туралы ғылыми пайымдаулары. Өлең өлшемдері

1

1




11

Әдебиеттің тектері мен түрлері

2

2

5

12

Әдеби процесс туралы түсінік

1

1

5

Барлығы: сағат

15

15

60


Теориялық курс мазмұны
1-тақырып. Кіріспе. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі. Әдебиеттану - сөз өнері жайлы ғылым.

«Әдебиеттануға кіріспе» пәнінің мазмұны мен мәні. Әдебиетанудың негзгі салалры болып табылатын әдебиеттің тарихы, әдебиеттің теориясы, әдебиеттің сыны сияқты жеке салаларының өзара бірлігі мен ерекшеліктері туралы. Әдебиеттанудың қосалқы үш саласы: текстология және оның зерттеу объектісі; библиографияның әдебиеттану ғылымындағы маңызы, историографияның ғылыми функциясы. Әдебиеттанудың тіл білімімен, тарихпен, философиямен, мәдениеттанумен, эстетикамен байланысы. «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінің құрылымдық жүйесі. «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінің басты мақсаты студенттерді ғылыми терминдермен, теориялық топшылаулар жүйесімен таныстыру екендігі, сонымен қатар әдебиеттің қоғамдық сананың құрамдас бір бөлігі екендігін таныту. Әдебиеттің даму заңдылықтары мен әлемдік сөз өнерінің ортақ қасиеттерін, шығармашылықтың мазмұны мен өзіндік өнер ретіндегі ерекшеліктеріне тоқталу. Көркем әдебиеттің әлеуметттік-эстетикалық маңызы мен мәні туралы негізгі мәліметтер.

Қазақстанда әдебиет туралы ғылымының туу, қалыптасу кезеңдері. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі. Оның басқа өнер түрлерімен байланысы және айырмашылығы. Сөз өнерінің қоғамдық сананың айрықша бір саласы ретіндегі қызметі. Оның эстетикалық сипаты. Сөз өнерінің өнер атаулының ең қиын және күрделі түрі екендігі. Өнер туралы қазіргі түсініктер мен пайымдаулар. Өнер мен әдебиеттің өмірді образды бейнелеудегі қызметі. Сөз өнерін жасаушы сурекер шеберлігі туралы қазіргі ғылыми пайымдаулар. Қаламгердің қоғамдық тұлғасы. Өнер иесінің талант табиғаты жайлы ой-пікірлері. Суреткердің азаматтық бітім-болмысы. Жазушы-ақындардың әрқилы ерекше қасиеттері туралы ойлар. Кез-келген қаламгердің өз заманының ұлы екендігі туралы тұжырым және оған қарсы айтылатын пікірлер. Көркем әдебиеттің қоғамдық мәні. Әдебиеттің таным тарапындағы маңызы. Әдебиеттің тәрбиелік қасиеті. Әдебиеттің эстетикалық сипаты. Әдебиеттің халықтығы мен ұлттық ерекшеліктері туралы.

Әдебиеттану сөз өнерін зерттейтін ғылым. Әдебиеттің ғылыми-эстетикалық сипаты. Әдебиеттану ғылымының негізгі үш саласы: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны. Әдебеит теориясының зерттеу объектісі. Әдебиет тарихының жеке ғылым саласы ретінде қарастыратын зерттеу аясы. Әдебиет сынының қамтитын ғылыми-эстетикалық функциялары. Әдебиеттану ғылымының қосалқы үш саласы. Текстологияның қарастыратын мәселелері. Историяграфияның ғылыми сұраныс пен қажеттіліктерді қамтамасыз етудегі ролі. Библиографияның әдебиеттану ғылымының дамуындағы орны мен қызметі. Әдебиетану ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы. Әдебиеттану және қоғамдық ғылымдар. Әдебиеттану ғылымы және жаратылыстану ғылымдары. Әдебиеттану ғылымының басқа ғылым салаларынан өзіндік ерекшелігі.



2-тақырып. Сөз өнері жайлы ғылымның туу, қалыптасу тарихы. Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар.

Сөз өнері жайлы алғашқы топшылаулар. Адамзат тарихындағы алғашқы ауызша-жазбаша деректер, олардағы әдеби-эстетикалық балаң пайымдаулар. Мысыр, Үнді, Қытай т.б. халықтардың ежелгі жазбаларында сақталған алғашқы әдеби мұралар туралы мағлұматтар. Көне Грециядағы әдеби-эстетикалық түсініктер. Эллада эстетикасы. Пифогордың әсемдік негізін сандық жүйесімен түсіндіруге ұмтылуы. Гераклиттің әсемдік негізін санамен байланыстыруы. Сократтың әрбір зат қажетке жарамдылығына қарай әсем болады деген түсінігі. Платонның идеалистік тұжырымдары. Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегі. Оның көркем әдебиетті зерттеудегі маңызы мен мәні. Оның өнердің мақсаты – ақиқатты тану деген даналық қағидасының маңызы.

Орта ғасырдағы діни түсініктер және ғылым. Ояну дәуірінің адамзат қоғамының дамуындағы ролі. Ғылымның, өнердің дамуы, озық ой-пікірлердің мистикалық, схолостикалық тұжырымдармен күресі. Р.Декарттың рационалистік көзқарасы. Оның әдеби-эстетикалық ойдың дамуындағы ролі. Н.Буалоның «Поэтикалық өнер» атты еңбегі. Ондағы өнердің ақиқат болмысы туралы пайымдаулар. Д.Дидро және оның өнер туындысының мақсаты мен мұраты туралы пікірлер. Л.Лессингтің шығармашлықтың мәні реализмде деп түсінуі. И.Гердердің әдебиеттану ғылымын қалыптастырудағы, оның әлем халықтары әдебиеттерін зерделей отырып, әдеби дамудың жаңаша, жалпыға ортақ заңдылықтарын ашуға ұмтылуы. И.Кант және оның көркем шығарма мен суреткер туралы өзіндік тұжырымдары. Ф.Гегельдің «абсолюттік идея», «абсолютті рух» туралы философиялық, эстетикалық тұжыырмдары. Оның «Эстетика» атты еңбегінің адамзат мәдениеті тарихындағы мәні мен маңызы.

3-тақырып. Ресейдегі әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы. Қазақстандағы әдеби-эстетикалық пайымдаулардың туу, қалыпасу кезеңдері.

Батыс мәдениетінің орыстың философиялық, эстетикалық ой-пікірлерінің қалыптасуына жасаған әсер-ықпалы. Орыс ойшылдарының өнерді материалистік тұрғыдан түсінуінің басты себептері. XIX ғасыр Ресейдегі сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерінің теориялық негіздері. Өнер мақсаты қоғамға қызмет ету деп түсіну. Батыс Еуропа ғалымдарының ой-пікірлерін дамытудағы әдеби-эстетикалық пайымдаулары. В.Г.Белинскийдің сөз өнері жайлы толғамдары. А.С.Пушкиннің шығармашылық мұрасы туралы зерттеулері. Орыс әдеби-эстетикалық, әлеуметтік сипаты. А.И.Герценнің әдеби-эстетикалық ой-тұжырымдары. Оның көркем шығарманың халықтығы мен ұлттығы туралы ойлары. Н.Г.Чернышевскийдің философиялық, эстетикалық көзқарастары және оның қоғамдық санаға әсері. Оның «Өнердің болмысқа эстетикалық қарым-қатынасы» еңбегіндегі көркем әдебиеттің мақсаты мен міндетін, адамзат өміріндегі маңызын анықтауы. Оның әдебиеттің қоғамдық мәнін ғылыми негізде түсіндіруі.

Л.Н.Толстойдың көркем шығармашылық процесс туралы пайымдаулары. Оның шығармашылық табиғатын терең тануының себептері. мен алғышарттары. Өнердегі мазмұн мен пішін жайлы тұжырымдары. Оның әлемдік әдебиетке жасаған әсер-ықпалы.

Орта ғасырдағы Қазақстандағы саяси-әлеууметтік жағдай жжәне ғылым мен білімнің даму ерекшеліктері. Ислам діні және философиялық, эстетикалық ілімнің өркендеу сипаты. Әбу Наср әл-Фарабидің әдеби-эстетикалық тұжырымдары. Ұлы ойшылдың шығармашылық тұлғаға қатысты пікірлері. «Поэзия өнерінің конондары» трактатының маңызы мен мәні. М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік», Ж.Баласағұидің «Құтадғу білік», А.Яссауидің «Хикмет» атты еңбектеріндегі эстетикалық пайымдаулар және олардың әлемдік ғылымдағы ролі.

Қазақстанның Ресей арқылы Батыс Еуропалық ой-пікірлермен танысуы. Абайдың әсемдік туралы толғамдары. Оның шығармаларындағы поэзияның әлеуметтік, эстетикалық сипатына қатысты ой-пікірлер. Сыншыл реализмді қалыптастырудағы ролі, мазмұн мен пішін үйлесімін жасаудағы ерекшелігі. Ш.Уәлихановтың қазақ әдебиеттануы туралы зерттеулері. Еңбектерінің маңызы мен мәні. Қазақ поэзиясын классификациялауы. Ы.Алтынсариннің шығармашылық мұрасы. Оның қазақ прозасын қалыптастырудағы еңбегі. Көркем шығарманың тәрбиелік, эстетикалық мәніне қатысты ой-тұжырымдары. А.Байтұрсынов және қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа сапаға көтерілуі. «Әдебиеттанытқыш» және ондағы кәсіби ғылыми тұжырымдар. Әдебиеттану терминдерінің қалыптасуы. XX ғасыр басындағы әдеби-эстетикалық көзқарастар.

4-тақырып. Образ және образдылық

Әдебиет туралы ғылым және образдылық мәселесі. Әдебиеттің объектісі өмір, предметі адам екендігі. Образбен ойлаудың өзіндік ерекшеліктері. Өнердің өмірді бейнелеу ерекшеліктері. Адам тағдыры – өмірді танудың өзгеше тәсіл екендігі. Көркем шығарма негізгі – материал жинау. Қаламгер фантазиясының көркем бейне жасаудағы ролі. Ойдан шығару – образға апарар жол. Ойдан шығарудың адам тұлғасын жинақтау мен даралаудағы қызметі. Образ-адам-көркем бейне. Образдың суретті сөз екендігі. Суретті сөздің пайда болу жолдары. Көркем шығармадағы деталь. Жинақтау типке апарар жол. Типтік образдардың қасиеті. Даралаудың мінез жасаудағы қызметі. Мінез – адамның психологиялық ерекшелігі. Тура мінездеу мен жанама мінездеу. Образ жасау ерекшеліктері туралы қазіргі пайымдаулар. Тип және прототип. Қаламгердің портрет жасау жолындағы ізденістері. Портрет және мінездің өзара бірлігі туралы.



5-тақырып. Образдың түрлері.

Образдың түрлерін көркемдік әдіс, әдеби тек (жанр) және жасалу тәсілі жағынан бөлудің ғылыми мәні. Романтикалық және реалистік образдар. Олардың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтары. Лирикалық образ. Эпикалық образ, драмалық образ. Лирикалық образдың шарттылық қасиеті. Лирикалық бейне мен ақынның өз бейнесінің арақатынасы. Лирикадағы нәзіктік пен сыршылдық.

Эпикалы образдың толық жинақталған, жеке дараланған тип екендігі. Эпикалық образ сомдаудағы суреткер мүмкіншілігі. Бұл образдың нақтылығы мен заттылығы. Лирикалық образдан айырмашылығы. Драмалық образдың көзбе-көз, қолма-қол жасалатын бейне екендігі. Драмалық образ жасаудағы қимылдың, іс-әрекеттің, тартыстың ролі. Обарздың жасалу тәсілдері тұрғысынан жіктелуі. Юморлық образ, сатиралық образ, трагедиялық образ, қаһармандық образ, фантастикалық образ т.б.

6-тақырып. Тақырып пен идея. Мазмұн мен пішін.

Өнер туындысының тақырыбы туралы пайымдаулар. Көркем шығарма

Тақырыбы туралы түсініктер. Тақырып табу және шығармашылық процесс. Тақырып пен идеяның тығыз байланыс. Шығарма тақырыбы және онда көрніс табатын шындық өмірдің мәні мен мазмұны. Кең тынысты эпикалық шығармалардағы бірнеше тақырыптың болу ерекшеліктері. Шағын көлемді шығармалардағы тақырып. Лирикалық туындылардың тақырыбы туралы қазіргі көзқарастар. Ой өзегі – тақырып пен идеяны жалғастырушы буын. Идея болмысы. Көркем шығарманың өзара бірлігі. Идеяның заманалылығы мен маңыздылығы. Идеяның күрделілігі. Негізгі идея. Оның алғышарттары пен принциптері. Авторлық идея және шығармашылық фантазия. Объективті идея. Оның шығу тенденциялары. «Мәңгілік» тақырыптар мен өміршең идея туралы қазіргі ғылыми ой-пікірлер. Суреткердің өзі таныған шынайы өмір құбылысына идеялық баға беруінің әр алуан сипаттары. Қаламгер идеясының объективтілік ерекшеліктері мен субъективтілік қасиеті.

Көркем өнердегі мазмұн мен пішін туралы ғылыми пайымдаулар. Сөз өнеріндегі идеялық мазмұнның образдылық пішінмен арақатынасы. Мазмұнның пішінге қарағанда басымдылығы. Мазмұнның көркем әдебиетте тақырып пен идеяға негізділігі, пішіннің образдар жүйесіне қатыстылығы. Әсемдіктің өмір мен өнердегі қызметі. Эстетика туралы түсінік. Негізгі эстетикалық категориялар. Эстетикалық сезім мен эстетикалық талғам. Сөз өнеріндегі мазмұн мен пішіннің ажырамас бірлігі мен бір-біріне көшу ерекшелігі. Көркем пішіннің ақиқаттылығы мен бейнелілігі. Сөздің пішіннің алғашқы элементі екендігі. Мазмұнның пішінге қарағанда тұрақтылығы және пішіннің өзгермелі қасиеті. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішінге қатысты қазіргі ғылыми ой-тұжырымдар.



Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Тәжірибелік сабақтардың жоспары
umk -> Р/с Тақырыптың аталуы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсынымдар 050106 «Музыкалық білім» мамандығының студенттеріне
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Ф со пгу 18. 2/07 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді