«Құрастыру негіздері және машина бөлшектері»


Өзін -өзі тексеру сұрақтары



бет7/9
Дата09.09.2017
өлшемі0.84 Mb.
#19798
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өзін -өзі тексеру сұрақтары.


1. Планетарлы беріліс – құрылмасы және кинетикасы, бағалау және қолдану.

2. Планетарлы берілістің ілінісу күштері және беріктікке есептеудің ерекшелігі.

3. Қандай талаптарға сай планетарлы берілістің тіс саныдарын таңдап алады?

4. Новиков ілінісінің ерекшелігі.



Дәріс 9. Бұрандалы берілістер.
Дәріс жоспары:

  1. Фрикционды берілістер және вариаторлар туралы жалпы түсінік.

  2. Фрикциялық берілістердің артықшылығы және кемшіліктері және қолдану аймағы.

  3. Фрикциялық берілістердің түрлері.

  4. Вариаторлар, маңдайла вариаторлар.


Жалпы түсінік. Жетекші денедегі қозғалыс жетектегі денеге үйкеліс күші арқылы берілетін берілістерді фрикциялык берілістер дейміз. Қарапайым фрикциялық берілістер біріне-бірі қысылғай екі дөңгелектен тұрады (18-сурет).

Фрикциялық берілістердің қуаты, яғни бір біліктен екінші білікке берілетін моменттің шамасы екі дөңгелектің жанасу ауданында пайда болатын үйкеліс күшіне байланысты болады.

Сондықтан айналмалы деңгелектер бірін-бірі белгілі күшпен қысуы шарт, бүл көбінесе арнаулы серіппе арқылы жүзеге асырылады.

Фрикциялық берілістердің жұмыс істеу шартына байланысты, үйкеліс күші беріліс күшінен көп немесе үйкеліс күшінен пайда болған момент есептегі берілген айналу моментінен көп болуы тиіс.



Бәрімізге белгілі үйкеліс күші:



мұндагы F – жанасу ауданына түсстін қысым күші;

f – үйкеліс коэффициенті.

Көрсетілген теңдеу бойышла қысым күші мен үйкеліс коэффициентінің шамасьі неғүрлым үлкен болса, соғұрлым фрикциялық берілістер беретін күштің (қуаттық) шамасы да жоғары болады.

Үйкеліс коэффициентінін шамасы аз болатындықтан қысым күшінің шамасы есептегі күштен бірнеше есе артық болады. Мысалы, кұрғак бетті болаттар үшін үйкеліс коэффициенті f=0,1 жағдайда қысым күші пайдалы күштен 10 есе артық болады.

Осыған байланысты фрикциялық берілістерде біліктер мен тетіктердің өлшемдері үлкең болады, сондықтан олар арқылы берілетін ең үлкен қуат шамасы 10—30 ат күшінен аспайды.

Фрикциялық берілістердің мынадай артықшылықтары бар:

а) конструкциясы қарапайым айналу денесіне тіс жасаудың қажеті жоқ;

б) қозғалыс бірқалыпты беріледі, сондықтан ол жоғары жылдамдықпен айналатын механизмдерде және аспаптарда қолданылады. Мысалы, тісті дөңгелектің дәлдігін есептейтін аспаптар фрикциялық берілісті қолдану негізінде жасалған;

в) айналыс сандарын сатысыз реттеуге мүмкіндік береді;

г) олар конусты дискілі түрде жасалып, берілісті бұрышпен беруге мүмкіндік туғызады.

Ал фрикциялық берілістердің кемшіліктері:

а) фрикциялық берілістерде үштірік пен білікке күш көп түседі;

б) фрикциялык берілістердің пайдалы әсер коэффициентінің шамасы аз (η = 0,8,..0,92). Фрикциялық берілістердія жұмыс істеуі кезінде сырғанау пайда болады. Сондықтан беріліс қатынасы және фрикциялык дискілер бетінін тозуы бірқалыпты болмайды;

в) айналмалы денелердің қысылып тұруы қажет, сондықтан косымша қысу жабдықтарын қажет етеді.

Фрикциялың берілістердің түрлер. Фрикциялық берілістер өзара екі топқа бөлінеді.

1. Беріліс саны тұрақты фрикциялық берілістер.

2. Беріліс санын үздіксіз және сатысыз реттейтін фрикциялық берілістер немесе вариаторлар.

Беріліс саны тұрақты фрикциялық берілістерге қарапайым конус дискілі фрикциялық беріліс те жатады. Цилиндрлік катоктар үшін фрикциялық берілістердің беріліс саны:



Ал екі айналмалы дененің қысым күші төменде көрсетілгендей табылады:



мұндағы Ft – берілетін шеңберлік күш;

ε = 0,03 – сырғанау коэффициенті;

К= 1,25...1,5 күш берілістерінің ілінісу қоры;

f=3 – аспаптар үшін ілінісу қоры;

f=0,04...0,05 – үйкеліс беті майланған болаттан жасалған дискілердің үйкеліс коэффициенті;

болат пен болат немесе шойын үйкелісінде (майланбағанда) f = 0,15...0,20.

Вариаторлар. Өндірісті автоматтандыруға байланысты жылдан-жылға вариаторлар техникада кеңінен колданылып келеді. Олардың түрлері сан алуан, сондықтан жұмыс істеу принциптеріне байланысты жіктеледі. Маңдайлы вариатор. Маңдайлы вариаторларда екі түрлі беріліс саны кездеседі.

Вариаторлардың негізгі көрсеткіші олардьщ реттеу диапазоны

болып табылады. Реттеу диапазоны жетектегі диск жылдамдығының өзгеруін керсетеді, яғни вариаторларды реттеу диапазоны:

D – вариатордың негізгі көрсеткіші.

Теория тұрғысынан алғанда екінші дискінің диаметрі өте кіші (D2 →0) болса, онда реттеу диапазоны шексіздікке жақындауы тиіс, бірақ практикада реттеу диапазоны D = 3 ... 4 болады, себебі оның кемуінен сырғанау көбейеді, олар тезірек тозады, яғни п. ә. коэффициенті төмендейді (21-сурет).

1. Маңдайлы вариаторларда айналу жылдамдығы бір ғана нүктеде те-неледі, басқа нүктелердің жылдамдықтары әр түрлі болғандықтан, оларда сырғанау пайда болады. Дегенмен, олар конструкциясының өте қарапайымды-лығынан бұрандалы престерде және көптеген аспаптарда кеңінен қолданылады.



Өзін -өзі тексеру сұрақтары.


  1. Фрикционды берілістердің қандай артықшылығы мен кемшіліктері бар?

  2. Қорапты жылдамдықтарға қарағанда айырмашылықтары қандай? Олардың қолданылу аймағы.

  3. Фрикционды вариаторлардың қандай конструкциясы кеңінен таралған?

  4. Фрикционды берілістің жұмыс істеу қабілеттілігінің критериясы.

  5. Олар қандай кернеу арқылы есептелінеді?



Дәріс 10. Шарикті берілістер.
Дәріс жоспары:

  1. Белдікті берілістер, жалпы түсінік.

  2. Белдікті берілістердің артықшылығы және кемшіліктері, қолдану аймағы.

  3. Белдікті берілістердің түрлері.

  4. Белдікті берілістердің негізгі сипаттамалары.

  5. Белдіктің жұмыс істеу қабілеттілігі және белдікті берілісті есептеу.

  6. Белдіктегі кернеу мен күштер.


Жалпы түсінік. Белдікті беріліс деп, қозғалыс және қуат бір біліктен екінші білікке белдік пен шкив арасындағы үйкеліс күші арқылы берілетін берілісі айтамыз.

Белдіктер динамикалық күштерді азайтады және тісті берілістерге қарағанда арзанға түсіуіне байланысты техникада кеңінен қолданылады. Белдіктер көлденең қимасына қарай жалпак, сына тәрізді және жұмыр болып үш түрге бөлінеді (22-сурет). Техникада жалпақ және сына тәрізді белдіктер жұмыр белдікке карағанда кеңінен пайдаланылады. Ал жұмыр белдіктер шкивпен жанасқанда жанасу ауданының аздығынан меншікті қысымы (шкив пен белдіктің арасында) көп болады да, тез тозады. Ал жалпак және сына тәрізді белдіктер шкивпен жанасқанда жанасу ауданының көптігінен меншікті қысым аз болады, сондықтан да олардьң жұмыс істеу қабілеттілігі жоғары келеді.


Белдікті берілістердіқ кейбір артықшылықтары мен кемшліктері. Белдікті беріліс механикалык берілістердің ертеден қалыптасқан бір түрі болып саналады. Берілістін бұл түрі казіргі кезде техниканың көптеген саласында қолданылады. Енді басқа берілістермен салыстыру арқылы белдікті берілістердің кейбір артыкшылықтары мен кемшіліктеріне назар аударалық.

1. Белдікті берілістердің тісті берілістерге қарағандағы негізгі артықшылықтары:

а) белдікті беріліс куатты едәуір қашыктықка беруге мүмкіндік туғызады (15...60 м қашықтықта);

ә) белдікті беріліс басқа берілістерге қарағанда бірқалыпты және дыбыссыз жұмыс істейді;

б) белдік езінің сырғанау қабілеттілігіне байланысты динамикалық және соққы күштерін кемітеді және артық күштен сақтайды;

в) белдік берілістерінің құрамы карапайым, арзан келеді және олардың бүлінген бөлшектерін тез ауыстыруға болады;

г) белдікті берілістермен үлкен жылдамдықта жұмыс істеуге болады (жылдамдығы 100000 айн/мин-қа дейін жетеді).

2. Белдікті берілістердің тісті берілістерге қарағандағы негізгі кемшіліктері:

а) белдікке түсірілген күштің мөлшеріне байланысты, белдіктің сырғанау кезіндегі беріліс санының тұрақсыз болуы;

ә) шкивтерге орналасқан белдіктің жылдамдығы артқан сайын жұмыс істеу мерзімі кемиді;

б) белдіктің жұмыс істеу мерзімінің аздығы (1000...5000 сағ, ал жоғары жылдамдықты берілістер күшін 500...600 сағ);

в) біліктерге түсетін күш мөлшерінің көп болуы;

г) пайдалы әсер коэффициентінің төмен болуы (берілістер үшін η= 0,85...0,95).

Белдікті берілістердің колданылуы. Қазіргі уақытта белдікті берілістер козғалысты біршама ка-шықтыққа беру үшін және де беріліс санының дәлдігін кажет етпейтін жерлерде қолданылады. Сондай-ақ олардың қуаты 50 кВт-тан аспайды. Өте куатты белдікті берілістің шкивтерінін, өлшемдері өте үлкен, әрі ыңғайсыз келеді.

Белдікті берілістің түрлері. Белдікті берілістер конструкциясына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Керетін роликсіз, бір бағытта айналатын белдікті беріліс.

2. Керетін роликті, бір бағытта айналатын белдікті беріліс (өсаралық қашықтығы тұрақты).

3. Айналыс бағыты өзгеретін белдікті беріліс.

4. Қозғалысты бірнеше білікке беретін белдікті беріліс.

Белдікті берілістің бірінші түрі ашық беріліс ретінде көп жағдайда қолданылады. Мұндағы шкивтің біліктері бір-бірімен параллель орналасқан.

Белдікті берілістің екінші түрі осьаралық қашықтығы шамалы және үлкен беріліс санын керек ететін жерлерде қолданылады. Мұндағы керетін ролик белдіктің автоматты түрде керіліп тұруын қамтамасыз етеді. Осы берілістің негізгі кемшілігі — берілісте орналасқан керетін роликтің әсерінен белдікте пайда бо-латын қосымша иілу нәтижесінде жұмыс істеу мерзімінің азаюы. Сына тәрізді белдіктің пайда болуына байланысты, берілістің бұл түрі аз пайдаланылады.

Белдікті берілістің үшінші түрінде шкивтердің біліктері бір-бірімен параллель орналасады, бірақ белдіктің тармақтары бір-бірімен қиылысады, ал шкивтер қарама-қарсы бағытта айналады.

Белдікті берілістің тертінші түрінде берілістегі аралық шкив-тер арқылы беріліс бірнеше білікке беріледі.

Жасалатын материалына байланысты белдіктер бірнеше түрге бөлінеді.

1. Қайыстан жасалған белдік неғұрлым берік келеді, соққы және айнымалы күштерге жақсы жұмыс істейді. Қайыстан жасалған белдіктер иілгіш келетіндіктен, олармен кіші диаметрлі шкивтерде жұмыс істеуге болады

(қалыңдығы δ=3..,6 мм; ені δ = 20...300 мм; беріктік шегі ұзарымшылдығы 10%, σБ =22...25 МПа). Белдіктің бұл түрімен үлкен жылдамдықта жұмыс істеуге де болады (υ= 40...45 м/с). Қайыс белдіктердің бағасы қымбат болады, сондықтан техникада олар ете кажетті жағдайларда ғана қолданылады.

2. Резина араластырылған белдік бірнеше кабат мақтадан жасалған матадан тұрады. Ол қабаттар бір-бірімен вульканизацияланып жапсырылады. Матаның серпімділік модулі жоғары болады, сондықтан негізгі куш соларға түседі. Резина белдіктің бүлінбей жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және сыртқы ортаның әсерінен корғайды.

Белдіктің бұл түрінің негізгі механикалық қасиеттері: берік-тік шегі σБ =37 МПа, қалыңдығы δ = 2,5...12 мм; 15...144 мм; ені b = 20...1200 мм, ал ұзындығы 8, 20, 30 м болып стандартталған.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді