Құрамына бас әріптер мен кіші әріптер, таңбалар мен тыныс



Дата09.06.2022
өлшемі36.52 Kb.
#267189
түріҚұрамы

Ақпаратты шифрлау
Ақпараттар көбіне бізге мәтін түрінде беріледі. Мәтіндік ақпарат – табиғи және формальды (жасанды) тілдер көмегімен жазбаша түрде ұсыны-
латын ақпарат. Мәтіндік ақпарат құрамына бас әріптер мен кіші әріптер, таңбалар мен тыныс белгілері, символдар кіреді.


Ақпараттарды кодтау дегеніміз не?
Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады.


Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Декодтау – кодталған ақпарат мазмұнын қалпына келтіру. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды.


Ақпаратты кодтау түрлерінің бірі – Морзе алфавиті
Ақпараттарды шифрлау дегеніміз не?
Кейбір ақпараттарды арнайы құпия түрде ұсыну қажеттілігі туындайтын жағдайлар да болады. Мұндай кезде ақпараттарды шифрлау әдісін ұсынамыз. Ақпаратты шифрлау дегеніміз – құпия ақпараттарды бөгде адамдардың оқуына мүмкіндік бермеу. Әр адамның ақпараттарды өз қалауымен шифрлап жеткізуіне болады. Мәтіндерді шифрлау ерте кезден бастап қолданылған. Шифрлаудың түрлері де көп. Атап айтатын болсақ, таңбалар, суреттер т.с.с. ақпараттарды пароль ретінде жасырып шифрлауға болады. Шифрлау барысында ақпарат беруші мен қабылдаушыға ғана белгілі бір құпия әдіс қолданылады.


Шифрлау – ақпаратты құпиялау, рұқсат етілген тұлғаларға қолжетімді жəне рұқсат етілмеген адамдардан құпия сақталатын ақпаратты түрлендірудің қайтымды түрі.
Шифрдан шығару дешифрлау – шифрланған ақпаратты бастапқы қалпына келтіру, яғни бастапқы мəтінді алу процесі.
Мəтіндік ақпараттарды шифрлаудың қандай түрлері бар?
Мәтіндерді шифрлаудың бірнеше түрі бар, мысалы, алмас- тыру, Цезарь шифры, т.б. (2-кесте).

Қазіргі уақытта белгілі бір мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етудің көптеген тәсілдері бар. Осы тәсілдерді зерт- тейтін ғылым криптография деп аталады. Бұл арнайы кілт- тердің көмегімен шифрланған деректер мен хабарламаларды жеткізу және қабылдау әдістері.


Кілтхабарламаларды шифрлау, шифрдан шығару кезінде криптографиялық алгоритмде қолданылатын құпия ақпарат.
Криптографияда екі кілт қолданылады: ашық және жабық кілт. Ашық кілт хабарламаны шифрлау үшін қолданылса, шифрланған мәтінді шифрдан шығару үшін жабық кілт пайда- ланылады.
Қазіргі техниканың дамыған заманында барлық құжат- тарды рәсімдеу электронды түрде жүргізіліп жатыр. Құжат- тарды арнайы мекемелерге бармай-ақ, үйде отырып рәсімдеуге болады. Ол үшін әрбір азаматта
өзінің жеке электронды қолтаң- басы болуы шарт. Электронды қол- таңба арқылы түрлі анықтамалар, тұрғын үйге, балабақшаға кезекке тұру, түрлі құжаттарға қол қоюды компьютердің көмегімен жүзеге асыруға болады.
Электронды қолтаңба элек- тронды цифрлық қолтаңба құрал- дарымен жасалған және элек- тронды құжаттың дұрыстығын әрі мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электронды символдар жиынтығы.
Құжатты шифрлау – шифр- лаудың арнайы кілттері арқылы құжат мәтінін өзгерту.
Бақылау тапсырмалары:



  1. Ақпаратты шифрлау дегеніміз не?

  2. Мәтіндік ақпарат құрамына нелер кіреді?

  3. Дешифрлау дегеніміз не?

  4. Мәтіндерді шифрлаудың қандай тәсілдері бар?

  5. Ақпараттарды неліктен шифрлаймыз?

  6. Неліктен ақпараттарды дешифрлаймыз?

  7. Неге ақпараттардың көбін компьютерде өңдейміз?

Компьютерде орындайық


Төмендегі кестені пайдаланып, өзің оқитын пәндердің атауларын шифрла


«Білім – болашақ бастауы» деген сөйлемді шифрла.
23 11 43 44 11 42 сандарымен жасырылған сөзді шифр- дан шығар. Қандай сөз шықты? Сол сөзді қатыстырып, екі-үш сөйлем жаз.

Үйде орындайық
«Ақпаратты шифрлау» тақырыбы бойынша дискідегі тапсырманы орында.

Талдап, салыстырайық


Ақпаратты шифрлау және шифрдан шығаруды не үшін қолданамыз? Екеуін салыстырып, ойыңмен бөліс.

Дәптерге орындайық


Кестені толтыр.
Әдемі сабағын оқып отырған еді. Анасы одан электронды қолтаңбаның не екенін сұрады. Әдемі информатика саба- ғынан білгенін анасына түсіндіруге тырысты. Бірақ ойын толық жеткізе алмады. Сен Әдеміге қандай көмек бересің? Электронды қолтаңба туралы ақпаратпен достарыңмен жә- не ата-ана, туыстарыңмен бөліс.
Мәтіндік ақпарат деніміз не?
*А. табиғи және формальды (жасанды) тілдер көмегімен жазбаша түрде ұсынылатын ақпарат
В.Ақпаратты сақтау
С. Ақпаратты кодтау түрлерінің бірі
Ақпаратты кодтау дегеніміз не?
*А. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды
В.Ақпаратты сақтау
С. Ақпаратты кодтау түрлерінің бірі

Декодтау дегеніміз не?


А. Ақпаратты сақтау
*В. кодталған ақпарат мазмұнын қалпына келтіру
С. Ақпаратты кодтау түрлерінің бірі

Ақпаратты кодтау түрлерінің бірі


А. Морзе алфабиті
В. дикод
*С. Кілт

Кілт дегеніміз не?


А. ақпаратты құпиялау, рұқсат етілген тұлғаларға қолжетімді жəне рұқсат етілмеген адамдардан құпия сақталатын ақпаратты түрлендірудің қайтымды түрі.
В. шифрланған ақпаратты бастапқы қалпына келтіру, яғни бастапқы мəтінді алу процесі.
*С. хабарламаларды шифрлау, шифрдан шығару кезінде криптографиялық алгоритмде қолданылатын құпия ақпарат

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру