Құрамы және қолданатын қондырғының түсініктемесі


Құрамы және қолданатын қондырғының түсініктемесі



бет7/8
Дата09.06.2022
өлшемі378.71 Kb.
#267323
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Кеулімшат Нұрлан отчеты МЦ -319

2.4 Құрамы және қолданатын қондырғының түсініктемесі

Бастапқы алюминийді өндіру электролиз корпусында орналасқан, электролиздегіште өтеді. Қазақстан электролиз зауыты жобасында ені 27 м, ұзындығы 1043 м құрайтын, бір сериялы электролизді біріктіретін екі корпусын салу көзделген. Орнатылған электролиз сериясының саны 244 дана.


Бірінші ретте құрылыстын мақсаты, екі ұзындығы 525 м болатын, әр қайсысында 122 электролиздегіш орнатылған жарты корпусты қолдануға беру болды.
Ток күші 320 кА күйдірілген анодтық электролиздегіш Қазақстан электролиз зауытытының негізгі жобаланған түрі болып саналады.

1 – катодты болат бүркеніш; 2 − сеппе түбі; 3 − диамитті кірпіш; 4 − шамотты кірпіш; 5 − цементтегі шамот кірпіші; 6 − глиноземді төсем; 7 – көмір табан блоктары; 8 − ыстыққа төзімді бетон; 9 − табан массасы; 10 − катодты өзекше; 11 – көмірлі бүйір блоктар; 12 − гарнисаж; 13 − балқыған алюминий; 14 − электролит;15 − қабыршақ; 16 − глинозем; 17 − катодты ошиновка; 18 − қоңырау; 19 − анодты болат бүркеніш; 20 − анодты масса; 21 − болатты алюминий істігі; 22 − анодты ошиновка; 23 − қарнақ; 24 − анодты шина; 25 − анодты жамылғы

Сурет 2.2 − Электролиздегіштегі күйдірілген анод құрылғысы


Электролиздегіш құрылысының тоқ күші 320 кА, оның жинақтау технологиясы, күйдіруі, бастауы және пайдалануы Гуйян қаласында орналасқан, GAMI қытай институтымен жасалған. Электролиздегіш құрылысы анодтық және катодтық құрылғыдан тұрады. Катодты құрылғының металл конструкциясы шпангоуд түріндегі отқа төзімді және көмірлі шегеннен тұрады. Катодты қабыршақтын металдық конструкциясының ішкі габариті 4180х16130 мм. Обейчайканың қабырғасының қалыңдығы 20 мм құрайды. Обечайкада 26 шпангоут пісірілген. Обейчайканың төменгі бөлігінде бұрыштық қиылыс бар, ол бұрыштық шпангоуттң кернеуінің концентрациясын төмендетеді. Шпангоут аралығында екі терезе орналасқан, ол екі ойықты табан блоктар блюмының шығуына арналған. Табандық көмір блоктың өлшемі 450х515х3420 мм, блюм қимасы 50х180 мм, олардың ойыққа бекітілуі шойынмен құйылады. Табан блоктарының саны – 27. Катодтық шахтаның тереңдігі – 550 мм болады.
Отқа төзімді шеген қалыңдығы 66 мм болатын бір қабатты кальций силикатынан, екі қабатты әр қайсысы 65 мм болатын жоғары кремнийлі және жоғары глиноземді кірпіштен, қалыңдығы 185 мм болатын құрғақ барьерлік қоспа себілген қабаттан тұратын плитадан құралады. Құрғақ барьерлі қоспа табан блоктарының беткі қабатын теңестіруді жеңілдетеді. Сонымен қатар, криолитті глинозем құймасына кедергі қабаты болады. Нәтижесінде құрғақ барьерлік қоспаның криолитті глинозем құймасының компоненті, табанды блоктардың тығыз емес тігісімен және саңылаулардан өтеді де, альбит пен нефелин түріндегі қиын балқитын қосылыс түзеді. Бұл құйманың кейін өтуінде барьерлік қабат қызметін атқарады.
Табанды блоктар тұтас және блоктар арасындағы қосылыс суық тығыздалған табандық массамен толтырылады.
Бүйір шегені қалыңдығы 120 мм болатын графитті көмірлі блоктардан тұрады. Шегеннің үстінгі бөлігі қалыңдығы 120 мм карбидті кремнийлі плитадан құрылады.
Көлденең жақтарынан құрғақ барьерлік қоспа деңгейінен, ал табан блоктары жиегінің жоғарғы бөлігінде жартылай жеңіл салмақты отқатөзімдер негізі болатын плитадан құралған компенсаторлар орналасқан. Көмірлі блок беткейі арасындағы құдық, көлденең жағынан көмірлі ендірмемен толтырылған. Бетон мен ендірме үстінен суық тығыздалған табан массасы мен қиябет түріндегі карбид кремнийлі ендірмегі жету үшін есеппен тығыздалу жүргізіледі. Шпангоут түріндегі қабыршақтың металл конструкциясының үстінгі бөлігі құрамды белдеуден тұрады. Ол қабыршақ металл конструкциясының барлық периметрін қамтып және қабыршақтың негізгі бөлігіне болт көмегімен ернемекке бекітіледі. Бұл белдеу катодты құрылғының беріктілік қасиетін күшейтеді және электролиздегіштің толық жөндеуге шыққанда шегеннің бөлшектенуін жеңілдетеді.
Катодты қабыршақ ұзындығы 300 мм болатын қоставрдан жасалған, катодты бөренеде орналастырылады. Катодты бөрене мен тірек діңгектері арасында екі метал және бір текстолит пластинкадан құралған электрлік оқшауландырғыш құралған. Катодты құрылғының шеткі тірек діңгектері екі түйінді тірек пен оқшаулағыштан тұрады. Ал катодты құрылғының бойында электролиздегіштің әрбір жағынан тағы 5 тірек діңгегі орналасады.
Анодты құрылғы электролиздегіштегі газ–ауалы қоспасын соруға арналған коллектор бөренесінен тұрады. Газды сору электролиздегіштің бір жиегінде орналасқан, диаметрі 600 мм болатын келте құбыр арқылы жүргізіледі.
Коллектор - бөренесінде глиноземді автоматты түрде беретін 6 үшкір тескіші бар шанаптар орналасқан. Үшкір тескіштерде пневмоцилиндрден алынған, диаметрі 125 мм құрайтын жетек болады. Көлемді типтегі мөлшерлегіш, диаметрі 80 мм үшкір тескіш арқылы қозғалысқа келтіріледі. Мөлшерлегішке, глинозем металл шанап түбінде еңіс жасау арқылы өзіндік ағынмен түседі. Шанап түбінің еңістік бұрышы 500 құрайды.
Коллектор - бөренесінде анодты ошиновканың орын ауыстыруына қажет жетек орналасқан. Коллектор - бөренесінің әрбір жағынан домкрат бұрамасымен, қимасы 180 х 550 мм және ұзындығы 7300 мм анодты қарнақ ілінген. Анодты қарнақта бағдартқыш түріндегі анодты қыспақтар бекітіледі. Бағдартқыш бұрама көмегімен анодты алюминий қарнағын қысады.
Барлығы электролиздегіште 40 күйдірілген 520 х 700 х 1600 габаритті анод болады. Анод ниппель диаметрі 140 мм, 4 болат ниппельді траверстан тұрады. Күйдірілген анод пен ниппельдер шойын құймамен қосылады. Болат траверса алюминий қарнағына көлденең орналасқан бейметалдық пластина көмегімен бекітіледі.
Алюминийлі анодты қарнақ, коллектор - бөренесінің әрбір жағынан бөлініп, қарнақтын қосылуы иілгіш алюминий пакеті арқылы жүзеге асады. Анодты қарнақтын әрбір жарты бөлігі өзінің тәуелсіз көтеру механизмімен қамтылған. Ол негізгі электрқозғалтқыштан, редуктордан, 4 домкраттан және айналмалы берілетін біліктен тұрады.
Анодты қарнақтар коллектор - бөренесінің әрбір жағынан, бөрене арқылы өтетін 5 қысқышпен қосылған. Қысқыштар анодты қарнақты бүлінуден сақтап, анод бойынша бірқалыпты тоқ таратуды қамтамасыз етеді.
Тоқ анодты қарнақтарға бір жақтан 5 анодты стояк арқылы беріледі. Анодты стояктар иілгіш бөлшектерден тұрады. Катодты құрылғының айналасында катодты ошиновка орналасады. Катодты құрылғының түбінде катодты қысқыштар бар. Катодты қарнақтар блюмстермен қосылуы иілгіш алюминийлі түсіру көмегімен орындалады. Түсірулер блюмстерге түйістіре пісіру арқылы бекітіледі.
Электролиздегіштегі анодты тоқтын тығыздығы 0,72 А /см2 , ал бір электролиздегіштің газ сору көлемі 13600 м3/сағ құрайды.
Электролиздегіштің анод пен катод құрылғыларының арасындағы кеңістік бөлімдерден құралған, алюминийлік жамылғымен жабылады. Жамылғының әрбір бөлімі екі сатылы электр оқшаулағыштан тұрады. Жамылғының пайдалы әсер коэффиценті 98 % болады.
Автоматты беру шанаптар ағысына глинозем аэронауалар көмегімен беріледі.
Электролиздегіш корпуста көлденең осьтік аралығы 6400 мм болып, бір қатарлы орналасады. Корпуста электролиздердің көлденең орналасуы, екі қатарлы мен салыстырғанда, катодты құрылғыда метал қабатындағы магниттік – гидродинамикалық ұйытқуды қалыпты төмендетуге мүмкіндік береді. Себебі, электролиздегіштің көрші қатарының әсері болмайды.
Электролиздегіштің көлденең орналасуы, анодты қарнаққа бір жақты тоқ беруі, анодты қарнақ арасындағы 5 қысқыштын болуы, катодты ошиновка тоғын екі жақты бөлімшемен алынуы, катодты құрылғы түбінде катодты қысқыштардың болуы, себебінен симметриялы магнит өрісін құруға және балқытылған алюминийдің магнит өріс әсерінен толқуын төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру