«Жоғары түсті металлургия колледжі» ШЖҚ КМК
КМ 12 Балқытылған тұздар электролизшісінің
негізгі жұмыс түрлерін орындау
тәжірибесі бойынша
Есеп
1003000 Түсті металдар металлургиясы мамандығы
3-курс
МЦ-319 тобы
Т.А.Ә. Кеулімшат Нұрлан Пернебайұлы
Тәжіребеден өткен жері: «Алюминий Казахстана» АҚ
Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісі:
__
_
Колледжден тәжірибе жетекшіс:
Тәжірибе мерзімі: 2021 жылғы 21 ақпаннан – 2022 жылғы 10 маусымға дейін
Павлодар қ.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе......................................................................................................................3
1.Арнайы бөлім.......................................................................................................4
1.1.Электролиз өнеркәсібі өндірісін дамыту........................................................4
1.2.Шикізат және өндірістің дайын өнім сипаттамасы.......................................5
1.3.Алюминий электролизінің техникалық сұлбасы...........................................5
2.Электролиз үрдісінің технологиясы..................................................................6
2.1.Электролиз үрдісі............................................................................................6
2.2.Газ тарату жүйесі............................................................................................8
2.3.Электролиздегіш құрылысы...........................................................................9
2.4.Құрамы және қолданатын қондырғының түсініктемесі.............................10
3.Электролизерлердің баланыстық көрсеткіштері............................................14
3.1.Элертролиздердің материялдық балансы......................................................14
3.2.Электролиздердің электрлік балансы............................................................17
Қорытынды...........................................................................................................23
Кіріспе
Алюминий өнеркәсібі түсті металлургияның ауқымды (кең) саласының бірі болып табылады. Алюминий өндірілу көлемі жағынан басқа өндірілетін түсті металдарға қарағанда алда және тек қана болат өндірісінен ғана арта қала алады. Алюминий өндірудің өсу қарқының себебі оның бірден-бір физико-механикалық қасиеттінің ерекшелігі, соның нәтижесінде электртехникада, авиа- және машинажасауда, көлікте, тұрмыстық техникада, құрылыста, азық – түліктің орауларында кеңінен қолданыс тапқан және т.б.
1 тонна электрлиттік алюминиді өндіруге 2,5 т әртүрлі шикізат жұмсалады (шығындалады), оның көп бөлігі газтәрізді қосылысқа айналып, қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді.
Қазіргі күні Ресей мен Қытайда, жаңа өнідірістер ғана емес толықтай барлық зауыттарда газдарды фторлы қосылыстардан тазалаудың «ылғалды» әдісі қолданылады. газдарды «ылғалды» тазалау қолданыстағы қондырғылары алюминий өндірісінде фторлы сутегіден аулау дәрежесі 96-98 пайыз аралығында, ал шаң 90 пайыздан аспайды.
Қазіргі кезде жаңашыл, атмосфералық ауаны қорғаудың заманауи талаптарына жауап беретін «құрғақ» тазалау жүйесі саналады. Ол газдытазалау тиімділігін орташа есеппен 99,5 пайызға көтеруге мүмкіндік береді.
Балқытылған тұздар электролизшісінің негізгі жұмыс түрлерін орындау тәжірибесінің тақырыбының өзектілігі. Электролиздік газдарды тазалаудың ең тиімді әдісі құрғақ адсорбциялық тазалау болып табылады. Глинозем алюминий өндірісінің шикізаты оның қолайлы адсорбциялық тазалау қасиеттерімен және фторлы сутегі тиімді ауланады. Нәтижесінде фторланған электролиздерге ағылатын глиноземды аламыз. Бұл ауланған фторидтерді оны қосымша өңдеусіз электролизге қайта жіберу жолымен толықтай пайдаға асыруды қамтамассыздандырады. Сол уақыттағы фторланған глиноземды пайдаға асыруға байланысты қарастырылған сұрақтар, көп жағдайда оның құрамындағы фторды анықтау – химиялық саралаумен шектеледі.
Алюминий өндірісінің шикізаты болып саналатын фторланған глиноземнің газды құрғақ тазалау нәтижесінде пайда болғанын ескере отырып, фторлы сутегінінің әсерлесу сипаты және алюминий оксидін газдан құрғақ тазалау, фторланған глинозем құрылымы және оның қасиеттері туралы толық мағлұмат алу өзекеті болып табылады.
Балқытылған тұздар электролизшісінің негізгі жұмыс түрлерін орындау тәжірибесініңмақсаты «Қазақстан электролиз зауыты» базасында электролиз өндірісінде газ, сонымен қатар тікелей фторлы қосылыстарды тазалау технологиясын жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |