«Райымбек батыр атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2020-2021 оқу жылындағы тәрбие саласы бойынша 4- тоқсанда атқарылған іс-шаралар туралы
Анықтама
Мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар:
Құқықтық түсіндіру жұмыстарын, құқықтық білім мен тәрбие беру және жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік-толық қамтылған адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру туралы іс-шаралар өткізіліп отырды.
Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру, оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге, ойлау қабілетін дамыту мен адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру мақсатында
Балалар өкілдіктері 5-9-сыныптар арасында балаларға арналған Конвенция бойынша «Конвенциямен балалық шақ әлемі» атты бала құқығы мен міндетін қаншалықты білетіні туралы сауалнама алды.
Балалар өкілдіктерінің ұйымдастыруымен оқушыларға мемлекеттік тілдің, мәдениеттің, тарихтың өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тілі, тарихының ерекшелігі болатыны туралы түсіндірілді. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін сөйлеуге баулу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Дегенмен де, оқушылар арасында өзара сөзге келіспеушіліктен ерегес туындап, кезек тыс ата-аналар жиналысында тәртіптері қаралды. Бұл оқушылар 9 «А» - сыныбының оқушысы Кенжебай Жарылқасын, 9 «Ә» - сыныбының оқушылары Бейсенбай Ислам, Ұлдахан Жарқын мектеп директорының 9 наурыз 2021жылғы № 29 бұйрығының негізінде мектепшілік есепке алынды. Қазіргі таңда аталған оқушылармен бақылау,түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Райымбек батыр атындағы орта мектеп» КММ бойынша 2020-2021 оқу жылында өзін-өзі басқару ұйымы құрылып мүшелері сайланып жұмыс жоспары жасалынып бекітілген. Күнделікті оқушылардың сабаққа қатысуы тексеріліп себепсіз қалған оқушылар сынып жетекшілерімен байланыс орнатылып, анықталып отырады.
Мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында наурыз айында «Сыбайлас жемқорлыққа сенің көзқарасың!» атты тақырыпта қашықтан іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мектеп оқушыры өз ойларын жеткізді. Барлық атқарылған жұмыстар интернет ресурстарына таратылып сілтемесі қосымша тіркелді.
Сәуір айында «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымына сұраныс берілді.
1 мамыр -Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақстан- достық шаңырағы!» атты тақырыпта іс-шара қашықтан ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды ынтымақтастыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
«Тәуелсіздіктің басты тірегі- татулық» тақырыбында 6 а сыныбының оқушысы Әшір Жансая, Сәрсенбек Асхат жетекшісі Қондыбаева Сауле, «Бір шаңырақ астында» 5 ә сыныбының оқушысы Қалибек Жұпар, Сламия Сардар, Адылғазы Берік жетекшісі Шуматова Шынар, «Қазақстан халқының бірлігі» мектепалды даярлық тобы тәрбиешілері Қойбағарова Шолпан ,Төлебаева Асем оқушы Мұхтар Мейіржан, Бердіқожа Аяжан «Бейбітшілік туы берік қолда» 8 а сыныбының оқушысы Ахлбек Айым, жетекшісі Беделбаева Күлаш, «Ынтымақты елдің ырысы мол» тақырыбында 2 а сыныбының оқушысы Қабыл Көркем жетекшісі Қожаш Махаббат дастық күні мерекесінің шарасына қатысып өз үлестерін қосты.
Достарыңызбен бөлісу: |