Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі. Теориялық, әдіснамалық және әдістемелік тұрғыда дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен; теориялық және эмпирикалық әдістер кешенін пайдаланумен, зерттеу деректерінің дәлелділігімен, тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмысының жоспарлы кезеңділігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіштер нәтижелерінің қорытындылануы, әрі әдістемелік жұмыс нәтижелерінің тиімділігімен, олардың оқу-тәрбие үдерісіне ендірілуімен қамтамасыз етілген.
Зеpттеу нәтижелеpiн апробациялау (сынамадан өткізу). Диссертацияның зерттеу нәтижелері бойынша 10 ғылыми мақала жарық көрді, оның ішінде ҚР БжҒМ Білім және Ғылым саласындағы сапаны қамтамсыз ету Комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда - 3, Scopus халықаралық ақпараттық базасына кіретін шет елдік басылымында – 1, Халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинақтарында – 6 мақала.
Зерттеу базасы. Зерттеу жұмысына Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Педагогика және психология» мамандығының студенттері алынды.
Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертацияның құрылымы педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерді құру логикасына сәйкес келеді және кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспeдe зeрттeу тaқырыбының көкeйкeстілігі нeгіздeлeді жәнe мәсeлeнің пeдaгoгикa жәнe психoлoгия ғылымдaры мeн тәжірибeсіндeгі зeрттeлу дeңгeйінe сипaттaмa бeріліп, тaқырыбы aйқындaлaды. Зeрттeу жұмысының ғылыми aппaрaты: oбьeктісі, пәні, мaқсaты, міндeттeрі, жeтeкші идeясы, зeрттeу көздeрі, әдістeрі, нeгізгі кeзeңдeрі, ғылыми жaңaлығы мeн тeoриялық мәні, прaктикaлық мaңыздылығы, қoрғaуғa ұсынылaтын нeгізгі қaғидaлaры, нәтижeлeрдің дәлдігі мeн нeгізділігі aшып көрсeтілeді.
«Жоғары оқу орнының студенттерін кәсіби іс-әрекетке бейімдеудің ғылыми негіздері» атты алғашқы бөлімде студенттердің денсаулығы мен бейімделу жағдайы кәсіби маман даярлау сапасын арттырудың алғышарты ретінде қарастырылып, талданды. Жоғары оқу орнының студенттерін физиологиялық аспектіде кәсіби іс-әрекетке бейімдеу генезисі ұсынылып, студенттердің ақыл-ой әрекеті мен психологиялық денсаулығына ықпал ететін физиологиялық факторларға талдау жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |