Рахимгалиева пакизат сармановна



бет31/36
Дата19.01.2023
өлшемі0.75 Mb.
#417153
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp
3 Лаб. С (1), 2016 11 08-Posob Angl Iazik dleaMedikov
Реакция қарқыны

Өте жылдам

Жылдам

Орташа

Баяу

Өте баяу

6%

31%

47%

11%

5%

Іс-әрекеттегі белсенділік

Өте жоғары белсенділік

Жоғары белсенділік

Орташа

Төмен белсенділік

Өте төмен белсенділік

9%

13%

47%

18%

13%

Одан бөлек, жүргізілген Ш.Шварцтың құндылықтар сұрақнамасы бойынша алынған зерттеу нәтижелерін интерпретациялау барысында келесі маңызды жағдайлар анықталды. Студенттер көбіне нормативті идеал деңгейіне сай болуға ұмтылады, бірақ, жеке-дара зерттеген кезде студенттердің құндылық бағдарлары қалыпты жағдайдан мүлдем өзгеше нәтижені көрсетеді. Мысалы, кейбір студенттер үшін оқу жылының басынан бастап адамның және табиғаттың жағдайын түсіну, төзімді болу, жан-жақты қолдау көрсетуді білдіретін «әмбебаптық» құндылық маңызды болып табылады. «Әмбебаптық» құндылығының студенттер үшін маңызды болуын олардың жаңа әлеуметтік ортаға келуімен, оқу іс-әрекетінің жаңа талаптарына бейімделуі және олар үшін жаңа қарым-қатынастың қалыптасуымен байланыстыруға болады. Жеке-дара зерттеу барысында анықталған тағы бір жәйт оқу жылының соңына қарай студенттердің «гедонизм» құндылығы басымдыққа ие бола бастайды. Бұл құндылық өмірден ләззат алу, сезімдік қанағаттану және т.б мотивациялық мақсаттарды көздейді.


Демек, оқу жылының әр кезеңінде студенттердің құндылық бағдарлары белгілі бір деңгейде өзгерістерге ұшырайды. Оқу жылының басынан соңына дейін «мейірімділік» құндылығы педагогикалық мамандықтағы студенттер үшін маңызды болып саналады. Студент тұлғаның жан-жақты дамуына оның «өзбетімен әрекеттену» және «жетістік» құндылығы оң ықпал жасайды. 1 және 2 курста мәні төмен болып танылатын «гедонизм» құндылығы төртінші курста көкейкесті деңгейге көтеріледі.
«Студенттің оқу үдерісін бағалауы» атты сауалнамасын жүргізу Covid-19 вирусының таралуына байланысты карантиндік режим уақытына сәйкес келді. Студенттердің басым бөлігі қашықтан оқыту жүйесіне ауысқандықтан, біз студенттердің оқу іс-әрекетіне деген мотивациясын екі түрлі жағдайда зерттеуге мүмкіндік алдық.
«Студенттің оқу үдерісін бағалауы» атты сауалнама нәтижелерін талдау біздерге студенттердің оқу мотивациясының қалыптасу ерекшеліктерінің бірнеше аспектілер бойынша талдауға жағдай жасады. Зерттеу жұмыстары бойынша анықталғандай, студенттердің оқу іс-әрекеті мотивациясының қалыптасу деңгейіне оқыту формасының дәстүрлі немесе қашықтықтан ұйымдастырылуы, сондай-ақ, студенттің тұлғалық бағыттылығы ықпалын тигізеді. Респонденттердің 44 % қашықтықтан оқыту жүйесін тиімді деп бағаласа, 43 % дәстүрлі формада білім алуды нәтижелі болады деп санайды. Ал, сауалнамаға қатысқан студенттердің 13% аралас формада білім алуды құптайды, яғни дәріс пен теориялық сабақтарды онлайн, ал зертханалық және тәжірибелік сабақтарды оқытушымен тікелей қарым-қатынас жасай отырып, дәстүрлі формада оқу тиімді болады есептейді [191].
Алынған нәтижелерге сәйкес, қашықтықтан оқыту студенттердің өзбетімен ізденуіне, оқу тапсырмасын өздігінен орындауына негізделгендіктен онлайн оқитын студенттердің өзін-өзі бақылау және реттеу іскерліктері анық байқалды. Қашықтықтан оқыту жүйесінде оқытушылар студенттерге барлық дидактикалық оқу материалдарын техникалық құралдардың көмегін пайдалана отырып көрсетуге мүмкіндік алады. Осыған орай, қашықтықтан оқитын студенттердің сәтсіздіктен қашу мотивациясы 13,2% нәтижені көрсетсе, дәстүрлі білім алатын студенттерде 6,1% нәтиже алынды. Қашықтықтан оқитын студенттердің 47,4 %-да жетістікке жету мотивациясының анық көрінбеуі анықталғанымен, 37,4 % жетістікке жету мотивациясы басым екендігін көрсетті. Салыстырмалы түрде қарағанда, күндізгі бөлімде оқитын студенттерден 41,3 % жетістікке жету мотивациясы деңгейі алынды. Алынған нәтижелерді талдай келе, қашықтықтан онлайн оқитын студенттердің жетістікке жету мотивациясына қарағанда, сәтсіздіктен қашу мотивация жоғары екендігі анықталды [190].
Төмендегі 24-ші кестеде дәстүрлі (күндізгі) және қашықтықтан оқитын студенттердің оқу мотивациясы, жетістікке жету және өзін-өзі реттеу мотивациясының қалыптасу ерекшеліктерінің салыстырмалы талдауы берілген.
Кесте 24 – Дәстүрлі және қашықтықтан оқитын студенттердің оқу мотивацииясы мен жетістікке жету және өзін-өзі реттеу мотивациясының қалыптасу ерекшеліктері



Оқыту формасы

Оқу мотивациясы

Жетістікке жету мотивациясы

Өзін-өзі реттеу

Қашықтықтан оқитын студенттер

- кәсіпті меңгеру;
- диплом алу;
- сәтсіздіктерден қашу;
- кәсіптік мотивтер.

- жетістікке жетуге ұмтылудың төменгі көрсеткіші;
- өздік жұмыстарды орындау мен еркін әрекет етудің жоғары көрсеткіші.

- «икемділік», «мобильдік» шкаласы бойынша жоғары көрсеткіш;
- өзін-өзі бақылаудың жоғары деңгейі;
- өзгелермен жабық түрде бәсекелестікке түсу;
- жауаптылық сияқты тұлғалық сапалардың аса қатты көрінбеуі.

Дәстүрлі формада оқитын студенттер

- кәсіби білімдерді меңгеру мотиві,
- танымдық және оқу-танымдық мотивтерінің жоғарғы деңгейі;
- коммуникативті және әлеуметтік мотивтер.

- үнемі қозғалыста болу;
- қорқыныш, үрейдің болмауы;
- мақсаттарды айқын қою және өз-өзіне деген сенімділік;
- статусқа бағдарлану,
- табандылық және өз-өзін бақылауда ұстау.

- «икемділік», «мобильдік» шкаласы бойынша төмен көрсеткіш;
- моделдеу;
- нәтижелерді бағалау.

Демек, адамның кез-келген іс-әрекетінің орталық элементі оның мотивациялық негіздері туралы мәселе болып табылады, өйткені мотивация іс-әрекетке ішкі импульстің болуын білдіреді. Өйткені, мотивтер адамның рухани, физикалық, экономикалық қажеттіліктерінің күрделі жиынтығының нәтижесі.


Қашықтықтан оқитын студенттердің оқу мотивациясы дәстүрлі формада оқитын білім алушылардікімен салыстырғанда кәсіпті меңгеру, диплом алуға, өзін-өзі дәлелдеуге көбірек бағдарланады. Сәйкесінше, дәстүрлі формада оқытушылармен «субъект-субъект» қарым-қатынасында студенттердің оқу-танымдық мотивтері нәтижелі дамиды, сондай-ақ өзара тікелей әрекеттесу коммуникативтік және әлеуметтік мотивтерінің қалыптасуына оңтайлы мүмкіндіктер туындатады.
Оқу іс-әрекетін нәтижелі атқаруда жетістікке жету мотивациясы маңызды рөл атқарады. Қашықтықтан оқитын студенттерде жетістікке жетуге қарағанда, сәтсіздіктен қашу мотивациялары жоғары көркеткіштерге ие. Сәйкесінше, оларда өздік жұмыстарды орындау мен еркін әрекет етудің жоғары көрсеткіші байқалады. Ал, дәстүрлі формада білім алатын студенттердің мақсатты айқын қою, статусқа бағдарлану, табандылық көрсету сияқты негізгі тұлғалық сапалары қалыптасады.
Дәстүрлі формада оқитын студенттердің қашықтықтан оқитын студенттермен салыстырғандағы негізгі айырмашылығы өзін-өзі реттеу барысында анық байқалады. Онлайн оқитын студенттер «икемділік», «мобильдік» дәрежесі бойынша жоғары көрсеткішке ие, сондай-ақ оларда өзін-өзі бақылаудың жоғары деңгейі, өзгелермен жабық түрде бәсекелестікке түсу сияқты белгілер анықталды. Қашықтықтан оқитын студенттерінің сыртқы және ішкі жағдайларға сәйкес жылдам икемделу, өзін-өзі реттеу көрсеткіштері жоғары. Онлайн оқыту студенттердің жетістікке жетуге деген мотивациясының қалыптасуына тиімді жағдай жасайды, алайда білім алушының жеке тұлғалық сапаларының дамуына әсерін тигізбейді.
Жетістікке жету мотивациясы бойынша дәстүрлі формада оқитын студенттерде: үнемі қозғалыста болу; мақсаттарды айқын қою және өз-өзіне деген сенімділік; статусқа бағдарлану, табандылық және өз-өзін бақылауда ұстау т.б байқалды. Ал, онлайн оқитын студенттерде өздік жұмыстарды орындау мен еркін әрекет ету дағдылары бойынша жоғары нәтижелер алынды.
Педагогикалық-психологиялық зерттеу материалдарын талдау кәсіби құзыретті маман тұлғасын даярлауда оқу мотивациясының жетекші рөл атқаратындығын көрсетті. Қазіргі цифрлық білімдік ортада қашықтықтан оқыту технологиясын тиімді пайдалану алдыңғы қатарға шығып отыр. Сондықтан да, дәстүрлі формада білім алатын студенттер мен қашықтықтан оқитын студенттердің мотивациялық ерекшеліктерін салыстырмалы талдау онлайн оқыту жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Эмпирикалық зерттеу нәтижелері дәстүрлі және қашықтықтан білім алатын студенттердің мотивациясының қалыптасуында бірқатар айырмашылықтар болатындығын көрсетті.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қашықтықтан оқитын студенттердің мотивациясының құрылымында диплом алу және кәсіпті меңгеруге бағытталған мотивтер жетекші мәнге ие болады. Қашықтықтан оқыту жүйесінде студенттердің жетістікке жету мотивациясы төмендейді, сәйкесінше, сәтсіздіктен қашу мотивациясы жоғарылайды. Онлайн білім алу студенттердің тайм-менеджментті игеруін, соңғы нәтижеге қарай бағдарлануын талап етеді. Онлайн оқитын студенттерде сыртқы және ішкі жағдайларға сәйкес жылдам икемделу, өзін-өзі реттеу көрсеткіштері жоғары. Сондай-ақ, олардың мотивациясы бәсекелестікке ұмтылуға негізделген. Аталған мотивация негізінен әлеуметтік өзара әрекеттестік нәтижесінде қалыптасады. Қашықтықтан оқитын студенттердің жетістікке жетуде маңызды болып саналатын тұлғалық сапалары төмен деңгейде қалыптасады. Ең негізгісі, қашықтықтан оқитын студенттерде тапсырманы өзбетімен орындау мен еркін әрекет ету және өзін-өзі бақылау жоғары деңгейде жүзеге асады.
Зерттеу жұмыстары аясында мотивациядан бөлек, студенттердің өмір сүру жағдайы мен тұрмысына қанағаттану дәрежесін бағалау жұмыстары іске асырылды. Осы фактордың кәсіби іс-әрекетке оңтайлы бейімделу арасындағы корреляциялық байланыстың бар-жоқтығын анықтауға да мән берілді. Төмендегі 25-ші кестеде және 22-ші суретте студенттердің өмір сүру жағдайы мен тұрмысына қанағаттану дәрежесін бағалау нәтижелері берілген.

Кесте 25 – Студенттердің өмір сүру жағдайы мен тұрмысына қанағаттану дәрежесін бағалау нәтижелері





Қанағаттану дәрежесі

Зерттелуші топ нәтижелері
(%)

1

Толық қанағаттанады

16,8 %

2

Ішінара қанағаттанады

42,3 %

3

Қанағаттанбайды

40,9 %




Сурет 22 – Студенттердің өмір сүру жағдайы мен тұрмысына қанағаттану дәрежесін бағалау нәтижелері

Зерттеу нәтижелері студенттердің денсаулығы мен олардың материалдық жағдайына қанағаттану дәрежесі арасында маңызды байланыстың жоқтығын көрсетті. Зерттеуге тартылған студенттердің негізгі бөлігі жатақханада тұрады (45,6%), студенттердің шамамен 31%-ы Семей қаласының тұрғыны болса, қалғандары (23,4%) тұрғын үйді жалға алып тұратындар қатарына кіреді. Олардың ішінде 16,8% өмір сүру жағдайы мен тұрмысыма толық қанағаттанамын деп жауап берді. Ал, 42,3 пайызының ішінара қанағаттанатыны, 40,9 %-ның қанағаттанбайтындығы анықталды.
Осы зерттеу нәтижесінің сенімділігіне көз жеткізу үшін қосымша студенттердің демалу және бос уақытты тиімді өткізу жағдайына қанағаттану дәрежесін анықтауға көңіл аудардық. Адамдардың өмірінде бос уақыт маңызды орын алады. Бос уақыттың сипаты, оның ұйымдастырылуы, бағыты денсаулықты сақтау мен нығайтуда үлкен маңызға ие. ЖОО-да оқу кезінде студенттердің демалыс және бос уақыт жағдайларына қанағаттануына байланысты студенттік ұжымдардың құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ. Ол бойынша алынған нәтижелер төмендегі 26-шы кесте мен 23-ші суретте келтірілген.

Кесте 26 – Студенттердің демалу және бос уақытты тиімді өткізу жағдайына қанағаттану дәрежесін бағалау нәтижелері





Қанағаттану дәрежесі

Зерттелуші топ нәтижелері
(%)

1

Толық қанағаттанады

11,5 %

2

Ішінара қанағаттанады

44,3 %

3

Қанағаттанбайды

44,2 %



Сурет 23 – Студенттердің демалу және бос уақытты тиімді өткізу жағдайына қанағаттану дәрежесін бағалау нәтижелері


Жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби іс-әрекетке бейімделуінің маңызды факторларының бірі олардың оқытушылармен және қатарластарымен арадағы қарым-қатынасы болып табылады. Кей жағдайларда, оқытушы мен студент арасындағы кикілжіңдер олардың оқу үлгерімінің төмендеуіне ықпал жасайды. Оқу үлгерімінің төмендеуі, сабаққа деген қызығушылықтың болмауы олардың кәсіби іс-әрекетке оңтайлы бейімделуіне де теріс әсерін тигізеді.


Зерттеуге алынған топтың оқытушымен кикілжіңге түсу деңгейін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижелері төмендегі 27-ші кестеде және 24-ші суретте берілген.

Кесте 27 – Студенттердің оқытушылармен арадағы кикілжіңнің орнауы бойынша нәтижелері

Кикілжіңнің сипаты



Зерттелуші топ студенттері

1 топ

2 топ

Ешқандай кикілжіңдер жоқ (%)

28,5 %

27,5 %

Кикілжіңдер орын алады (%)

46,4 %

38,9 %

Жауап беруге қиналамын (%)

25,1 %

33,6 %




Сурет 24 – Студенттердің оқытушылармен арадағы кикілжіңнің орнауы бойынша нәтижелері


Сонымен қатар, студенттердің күн тәртібін сақтау бойынша сырттай бақылау жұмыстары жүргізілді. Студенттер арасында гигиеналық дағдылар мен әдеттерді үйрену кезінде студенттердің тек 23 пайызының ғана күн тәртібін сақтағаны белгілі болды. 8 сағаттық ұйқы сияқты маңызды гигиеналық талапты студенттердің тек 41,6 пайызы жүзеге асырды, ал 5,3% - ында ұйқы 5 сағатқа дейін қысқарды. Студенттердің тек 25,8 % тістерін күніне 2 рет дұрыс жуу гигиеналық талабын орындағаны белгілі болды.
Тамақтану алдында 60,5% қолын жуатынын, 35 пайызы «кейде қолдарын жуатындығын», респонденттердің 45 пайызы бұны маңызды емес деп санайтындығын мәлімдеді. Студенттердің шамамен 45 пайызы таза ауада шамамен 3 сағат болса, ал студенттердің 18 пайызы бұл талапты оқу орнына жаяу және кері қайту уақыты арқылы орындады.
Қopытa aйтқaндa, университет студенттерінің кәсіптік білім беру жағдайларына бейімделуінің жеке бағыты және оның оңтайлы стратегиясын таңдау олардың жеке сипаттамасымен, жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің функционалды белсенділігімен, оқу жүктемесінің және медициналық-биологиялық, ақпараттық және әлеуметтік орта факторларының кешенді әсеріне психофизиологиялық және вегетативті реакцияларының ерекшеліктерімен анықталады. Ерекше физиологиялық реакциялар кешенімен ерекшеленетін тұрақсыз (1-2 жылдық оқу) және тұрақты (3-ші жылдан бастап) бейімделу кезеңдерін бөліп қарастыруға болады.
Зерттеу аясында, оқудан тыс спорттық секцияларға, денені шынықтыруға қатысты іс-шараларға бірінші, екінші және үшінші курс студенттері белсенділік танытты. Біздің көзқарасымыз бойынша, жоғары оқу орындарында оқытудың дәл осы кезеңдерінде студенттердің салауатты өмір салтын ұстануға, дене шынықтыру мен спорт құндылықтарына деген оң көзқарасын қалыптастыруға күш салу қажет. Жоғары курс студенттері, әсіресе төртінші курс сабақтан тыс уақытта дене тәрбиесінің әртүрлі формаларына аз қатысады. Бұл, ең алдымен, кәсіптік білім алуға деген мақсатты ұмтылысқа, оқу процесінде көбірек жұмыс істеуге, сондай-ақ бос уақыттың аз болуына байланысты деп есептейміз.
Зeрттeу бaрысындa ЖOO-ны студeнттeрін кәсіби іс-әрeкeткe бeйімдeугe ықпaл жaсaйтын физиoлoгиялық нeгіздeлгeн «Салауатты студент» атты прoфилaктикaлық іс-шaрaлaр бағдарламасы тәжірибeдe eндірілді. Oсы aтaлғaн іс-шaрaлaр кeшeні студeнттeрдің кәсіби іс-әрeкeткe бeйімділігінің физиoлoгиялық зaңдылықтaры мен ерекшеліктерін eсeпкe aлa oтырып дaйындaлды.
ЖOO студeнттeрін кәсіби іс-әрeкeткe бeйімдeугe ықпaл жaсaйтын физиoлoгиялық нeгіздeлгeн прoфилaктикaлық іс-шaрaлaрдың жүйeсі кәсіби бeйімдeлу үдeрісінe бірқaтaр oң өзгeрістeр aлып кeлді. Алайда, студенттердің денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануы, физикалық белсенділігінің артуы сияқты оң нәтижелерге үздіксіз түрде, ұзақ уақыт бойы жұмыс жасаған кезде ғана қолжеткізуге болады.
Aлынғaн нәтижeлeрді мaтeмaтикaлық-стaтистикaлық өңдeу нәтижeсіндe сaндық жәнe сaпaлық мәлімeттeр aлынды. Зeрттeу нәтижeлeрінің динaмикaсы aрнaйы кeстe мeн сурeттeр aрқылы бeйнeлeнді. ЖOO студeнттeрін кәсіби іс-әрeкeткe бeйімдeугe ықпaл жaсaйтын физиoлoгиялық нeгіздeлгeн прoфилaктикaлық іс-шaрaлaрдың жүйeсінің тиімділігін aлынғaн нәтижeлeрдің интeрпрeтaциясы, зерттеу тобындағы нәтижeлeрдің өсу динaмикaсы дәлeлдeді. Тәжipибeлiк-экcпepимeнттік зерттеу нәтижeлepi бiздiң бoлжaмымыздың дұpыc құрылғaндығын, прoфилaктикaлық іс-шaрaлaр жүйeсінің тиімділігін көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
ғылым министрлігі
сәйкес оқыту
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
рсетілетін қызмет
Қазақ әдебиеті
Қысқа мерзімді
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
атындағы жалпы
туралы жалпы
қызмет стандарты
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
емтихан сұрақтары