Рахимгалиева пакизат сармановна


Зиянды әдеттерге әуестену деңгейі



бет28/36
Дата19.01.2023
өлшемі0.75 Mb.
#417153
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp
3 Лаб. С (1), 2016 11 08-Posob Angl Iazik dleaMedikov
Зиянды әдеттерге әуестену деңгейі

Зерттелуші топтардан алынған нәтижелер

Темекі шегу

18,5 %

Алкаголь өнімдерін тұтыну

22,5 %

Басқа да психотропты заттарды пайдаланып көру

--

Алынған нәтижелер зерттеуге алынған студенттердің 18,5 пайызы темекі өнімдерін тұтынып көргендігін немесе қазірге дейін тұтынатындығын көрсетті. Ал, студенттердің 22,5 пайызы алкаголь өнімдерін тұтынып көргендіктерін білдірді. Басқа да денсаулыққа аса зиян психотропды заттарды пайдаланған студенттер анықталмады. Осы нәтижелерге сүйене отырып, профилактикалық іс-шара бағдарламасы аясында «Студенттің тән саулығы», «Студенттің жан саулығы» тақырыптарында әңгімелесу, танымдық деңгейдегі іс-шаралар өткізілді.


Салауатты студенттің негізгі көрсеткішінің бірі – оның спортпен шұғылдануы, салауатты өмір салтын ұстануы. Физикалық даярлық адамның физиологиялық, психологиялық және моральдық қасиеттерінің күрделі кешенін қамти отырып, көбіне адамның кәсіби іс-әрекетке деген физикалық жарамдылық деңгейін білдіреді. Студент жастардың университеттегі негізгі әрекеті оқу іс-әрекетіне ауысқандықтан, физикалық белсенділік деңгейінің төмендеуі байқалады. Жoғaры oқу oрнының студeнттeрінің кәсіби іс-әрeкeткe бeйімдeлу дeңгeйі анықтау сaуaлнaмaсы аясында «Спорттық секцияларға/жаттығуларға қаншалықты жиі барасыз?» деген сұрақ қойылды. Осы сұраққа берілген жауап нұсқаларын 14-ші кестеден және 16-шы суреттен көруге болады.

Кесте 14 – «Спорттық секцияларға/жаттығуларға қаншалықты жиі барасыз?» деген сұраққа берілген жауаптар






р/с

«Спорттық секцияларға/жаттығуларға қаншалықты жиі барасыз?» деген сауалға берілген жауаптар

Алынған нәтижелер

1

Аптасына екі және одан көп рет

19,2 %

2

Айына үш-төрт рет

11,9 %

3

Айына бір рет

9,3 %

4

Жылына бір реттен сирек

4,3 %

5

Спорт мекемелері мен жаттығу залдарына бармаймын

26,4 %

6

Спортпен үйде айналысамын

27,1 %

7

Жауап беруге қиналамын

1,8 %


Сауалнама ашық және жабық сұрақтардан құралды. Сұраққа жауап берген студенттердің 19,2 пайызы аптасына екі немесе одан да көп рет спорттық залдарға қатынайтындығын білдірді. Бұл нәтиже жоғары оқу орнында ұйымдастырылған спорттық секциялар мен спорттық залдарға қатысты. Респонденттердің 9,3 пайызы айына бір рет деп жауап берсе, 11,9 пайызы айына үш-төрт деген жауап нұсқасын таңдады.

Сурет 16 – «Спорттық секцияларға/жаттығуларға қаншалықты жиі барасыз?» деген сұраққа берілген жауаптар
Респонденттер арасында жылына бір реттен сирек (4,3%) немесе спорт мекемелері мен жаттығу залдарына бармаймын (26,4%) деген жауаптарды берген студенттер саны да аз болмады. Спортпен үй жағдайында немесе жатақханада айналысамын деген жауап нұсқасын таңдаған студенттердің үлес салмағы 27,1 пайызды құрады. Бұл, әрине студенттер арасындағы физикалық даярлық деңгейінің орташадан төмен дәрежеде екендігін көрсетті.
Профилактикалық іс-шара бағдарламасы аясында студенттерге ЖОО-да ұйымдастырылған спорттық секциялардың жұмысы насихатталды. Олардың спорт залдарға қатынау деңгейін жоғарылату мақсатында арнайы залдарда өтетін түрлі спорттық байқаулар мен сайыстар, фестивальдер ұйымдастырылып, өткізілді.
«Дене шынықтыру» пәні кез-келген мамандықтың білім беру бағдарламасында қарастырылатын міндетті компонент. Жоғары оқу орнындағы физикалық мәдениет сабақтары студенттердің денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Біз студенттердің дене шынықтыру сабағынан кейінгі өзін-өзі сезіну деңгейін анықтау үшін арнайы сауалнама жүргіздік. Сауалнама жабық сұрақтардан құралғандықтан, студенттер өздерінің субъективті көзқарастарын білдіруге мүмкіндік алды. Төмендегі 15-ші кестеде алынған нәтижелер берілген.

Кесте 15 – ЖОО-дағы дене шынықтыру сабақтарынан кейінгі студенттердің өз-өзін сезіну деңгейі






р/с

Дене шынықтыру сабақтарынан кейінгі студенттердің өз-өзін сезіну деңгейі

Алынған нәтижелер

1

Көңіл-күй

47,5%

2

Шаршау

21,5 %

3

Жұмысқа қабілеттілік

31 %

Жоғары оқу орындарында дене шынықтыру сабақтары бір күнде арасында 10 минуттық үзіліспен 2 сағаттық уақытқа есептелінеді. Студенттердің субъективті көзқарасы бойынша дене шынықтыру сабақтарынан кейін аса қатты шаршау байқалмайды (21,5%). Көңіл-күйде қалыпты деңгейде болады, өйткені оқу іс-әрекетіндегі сияқты миға аса қатты салмақ түспейді, сондай-ақ, дене шынықтыру сабақтарынан кейін жұмысқа қабілеттілік деңгейі де қалыпты дәрежеде сақталады.


Студент жастар арасындағы мәдениет деңгейін анықтауда бос уақытты өткізудің түрлерін зерттеудің ерекше маңызы бар. Бос уақыт жеке тұлғаның қалыптасуына әсер етеді, хобби арқылы қоғамдық өмірге және жалпы мәдениетке кірісу процессі жүзеге асады.
Студенттер өзінің қажеттіліктері мен құндылық бағдарына қарай бос уақытты өткізудің алуан түрін таңдайды. Студенттердің бос уақыты құрылымындағы ең танымал іс-әрекет – бұл жақын адамдармен қарым-қатынас жасау (достарымен, отбасымен т.б). Келесі 16-шы кестеде және 17-ші суретте студенттердің бос уақытын өткізуіне қатысты алынған зерттеу нәтижелері берілген.

Кесте 16 – «Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?» деген сұраққа берілген жауаптар






р/с

«Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?» сауалына берілген жауаптар

Уақыт
бөлмеймін

1 сағаттан
кем

1-3 сағат

4-7 сағат

7-10 сағат

10 сағаттан артық

1

Спортпен шұғылдануға

41,4 %

28,5
%

10,6 %

10,3 %

5,6
%

3,6
%

2

Өз бетімен білім алуға

40,1 %

22,1
%

25,9 %

7,9
%

2,7
%

1,3
%

3

Шығармашылықпен айналысуға

53,5
%

19,7
%

15,4
%

5,8
%

2,9
%

2,7
%

4

Отбасымен уақыт өткізуге

5,6
%

4,4
%

9,6
%

20,5
%

22,2
%

37,7
%

5

Достармен уақыт өткізу

7,6
%

13,8
%

33,1
%

24,1
%

12,5
%

8,9
%

6

Волонтерлік бағыттағы қызметтерді атқару

79,1
%

11,1
%

6,1
%

2,5
%

0,9
%

0,3
%




Сурет 17 – «Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?» деген сұраққа берілген жауаптардың диаграммасы


Студенттердің бос уақытының маңызды бөлігін – интернет құрайды. Ғаламтор студенттерге ақпарат іздеуге, білім жинақтауға, кәсіби қызмет түріне бейімделуге, қарым-қатынас жасауға және т.б. көптеген қажетін өтеуге мүмкіндік береді. Сондықтан да, қазіргі уақытта интернет – бос уақытты өткізудің бір түрі және студенттердің едәуір бөлігі күн сайын дерлік қолданатын қажеттілік. Төмендегі 17-шы кесте мен 18-ші суретте «Күн сайын интернетте қанша уақыт өткізесіз?» деген сауалға алынған жауап нәтижелері берілген.

Кесте 17 – «Күн сайын интернетте қанша уақыт өткізесіз?» деген сұраққа берілген жауаптар




р/с

«Күн сайын интернетте қанша уақыт өткізесіз?» деген сауалға алынған нәтижелер

Алынған нәтижелер

1

Интернет қолданбаймын

0,4 %

2

Тәулігіне бір сағаттан кем

3,1 %

3

Күніне 1-2 сағат

17,4 %

4

Күніне 3-5 сағат

41,6 %

5

Күніне 6 сағаттан көп

37,5 %

Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, студенттердің көпшілігі (41,6 %) күн сайын 3–5 сағаттан астам уақытын интернетте өткізеді. Респонденттердің 17,4% интернетке күніне 1–2 сағат, ал 37,5 % – алты сағаттан артық уақыт бөледі. Респонденттердің 3,1 пайызы тәулігіне бір сағаттан кем уақыт деп белгілесе, 0,4 пайызы ғана интернетті қолданбайтынын айтқан.





Сурет 18 – «Күн сайын интернетте қанша уақыт өткізесіз?» деген сұраққа берілген жауаптар


Сондай-ақ, сауалнама нәтижелері студенттердің интернетті әртүрлі мақсаттарда қолданатынын көрсетті. Респонденттердің жартысынан көбі оны достарымен араласу үшін (59,4 %) пайдаланса, 46,1%-ы әлеуметтік желілерде уақыт өткізу үшін интернетті қолданатындығы анықталды. Оқу іс-әрекетін жүзеге асыру үшін студенттердің 34,5 пайызы, жұмыс бойынша 25,6 пайызы және жаңалықтар көру/оқу үшін 40,4 пайызы интернетті тұтынатындықтарын білдірді. Төменде берілген 18-ші кесте мен 19-шы суретте осы сауал бойынша алынған зерттеу нәтижелерінің пайыздық көрсеткіші мен диаграммасы берілген.

Кесте 18 – «Интернетке не үшін кіресіз?» деген сұраққа берілген жауаптар




р/с

«Интернетке не үшін кіресіз?» деген сауалға алынған нәтижелер

Студент жастардан алынған нәтижелер

1

Оқу іс-әрекеті үшін

34,5 %

2

Жұмыс бойынша

25,6 %

3

Жаңалықтар көру/оқу үшін

40,4 %

4

Достармен араласу үшін

59,4 %

5

Әлеуметтік желілерде уақыт өткізу үшін

46,1 %

6

Көңіл көтеру үшін (кино, музыка, ойындар)

44,3 %

7

Интернетті дұрыс пайдалануды үйрену үшін

0,3 %

8

Өзін-өзі дамыту үшін

0,2 %

9

Барлық жауап дұрыс

0,2 %


Сурет 19 – «Интернетке не үшін кіресіз?» деген сұраққа берілген жауаптардың диаграммасы


Қазіргі студенттердің бос уақыты мен денсаулығын зерттеу көбіне назардан тыс қалып келе жатады. Дегенмен, бос уақытты өткізу ерекшеліктері студентке дамып келе жатқан тұлға ретінде үлкен әсерін тигізеді. Жоғары оқу орындары студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануға қатысты қалаулары мен қызығушылықтарын мониторингтеп, оларды реттеп отыруы қажет. Сондай-ақ, жасына, денсаулығы мен әлеуметтік жағдайына қарай студенттер үшін физикалық белсенділік пен бос уақытты өткізудің мүмкіндіктері қаншалықты қолжетімді екенін зерттеу қажет деп есептейміз.


Студенттердің физикалық даярлық деңгейлерін анықтау мақсатында олардың жалпы төзімділігін бағалауға мүмкіндік беретін алыс қашықтыққа жүгіру (3000 м), жалпы және арнайы (жылдамдық) төзімділігін көрсететін жақын қашықтыққа жылдам жүгіру (100 м), сондай-ақ күш төзімділігін арттыратын физикалық жаттығуларды орындату жұмыстары іске асырылды. Студенттердің физикалық даярлық деңгейлері 5 баллдық шкала бойынша бағаланды. Алынған нәтижелерді 19-шы кестеден және 20-шы суреттен көруге болады.

Кесте 19 – Студенттердің жалпы физикалық дайындығының деңгейі



Тест

Баллдар

5 балл

4 балл

3 балл

2 балл

1 балл

Жылдамдық (100 м)

48 %

19 %

13 %

11 %

9 %

Төзімділік (3000 м)

12 %

57 %

13 %

7 %

11 %

Күш (секіру, тартылу)

17 %

16 %

22 %

21 %

24 %




Сурет 20 – Студенттердің жалпы физикалық дайындығының деңгейі
Зерттеуге алынған студенттердің 100 м қашықтыққа жылдам жүгіру бойынша жоғары 5 баллға студенттердің 48 % қолжеткізсе, 9 пайызы ең төменгі 1 балл деген нәтижені көрсетті. Ал, 3000 метрге жүгіру жағынан өзінің жоғары төзімділігін 12 пайыз ғана студент дәлелдесе, 11 %-да ең төменгі нәтиже тіркелді. Күшке салмақ түсіретін жаттығулардан 17 %-ы 5 баллдық дәрежені, 24 %-ы 1 баллдық нәтижені көрсетті. Басқа да нәтижелермен жоғарыда берілген кестеден танысуға болады.
Студенттердің физикалық даярлығын арттыру біздің тарапымыздан ұсынылған профилактикалық іс-шара бағдарламасының негізгі міндетіне кіреді. Біз профилактика жоспарында көрсетілген барлық спорттық іс-шараларды дер кезінде, уақытылы өткізуге әрекеттендік және ол жұмыстардың студенттердің физикалық белсенділігін арттырудағы маңыздылығы жоғары деп есептейміз. Студенттердің физикалық даярлығы ұзақ уақыт жаттығуды, салауатты өмір салтын ұстануды, физикалық белсенділікке қатысты барлық нұсқаулықтарды орындауды талап етеді және ол жұмыстардың нәтижесі де уақыт өте келе білінеді.
Жоғарыдағы тұжырымдардан белгілі болғандай, студенттердің физикалық белсенділігі де, салауатты өмір салтын ұстануы да олардың ішкі мотиві мен қызығушылығына тәуелді. Студенттердің салауатты өмір салтын ұстануға деген мотивациялық көрсеткіштері 20-шы кестеде және 21-ші суреттерде ұсынылған.
Кесте 20 – Студенттердің салауатты өмір салтын ұстануға деген мотивациялық көрсеткіштері






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
ғылым министрлігі
сәйкес оқыту
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
рсетілетін қызмет
Қазақ әдебиеті
Қысқа мерзімді
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
атындағы жалпы
туралы жалпы
қызмет стандарты
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
емтихан сұрақтары