Рахимгалиева пакизат сармановна


Студенттерді кәсіби іс-әрекетке бейімдеудегі физиологиялық аспектілерін тәжірибелік-эксперименттік зерттеу нәтижелері



бет27/36
Дата19.01.2023
өлшемі0.75 Mb.
#417153
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp
3 Лаб. С (1), 2016 11 08-Posob Angl Iazik dleaMedikov
3.2 Студенттерді кәсіби іс-әрекетке бейімдеудегі физиологиялық аспектілерін тәжірибелік-эксперименттік зерттеу нәтижелері

Зерттеу аясында студенттердің физикалық даму деңгейін бағалау әдістерінің көмегімен антропометрикалық стандарттарға сүйене отырып, дене қалпының сәйкестілік дәрежесі бағаланды. Физикалық дамудың жеке көрсеткіштерін антропометриялық стандарттармен салыстыру кезінде 11-кестеде көрсетілгендей нәтижелер алынды.
Алынған нәтижелер көрсеткендей, зерттелушілердің басым бөлігі бойдың ұзындығы мен салмақ дәрежесі бойынша қалыпты деңгейлерге жатады. Тек қана, 5% студенттерде дене салмағының жетіспеушілігі немесе жоғары салмақ тіркелсе, 24%-ы орташадан жоғары нәтижелерді көрсетті. Профилактикалық бағыттағы іс-шаралар нәтижесінде, студенттерде дене салмағының жетіспеушілігі мен артық мөлшерін көрсететін көрсеткіштердің пайызы төмендеді, дене салмағының жетіспеушілігі бар қыздардың саны да азайды.

Кесте 11 – Физикалық даму деңгейі бойынша негізгі антропометриялық көрсеткіштері



Даму деңгейлері

Төмен

Төменнен
жоғары

Орташа

Орташадан жоғары

Жоғары

Бойдың ұзындығы

-

-

14%

35%

40%

11%

-

Салмағы

-

5%

16%

25%

25%

24%

5%

Кеуде шеңбері

5 %

7%

2%

25%

39%

11%

11%

Бұл жағдайда, студенттік жас кезеңі дененің қалыпты конституциясын сақтау үшін қолайлы екенін жоққа шығаруға болмайды. Жоғары оқу орнына қабылданар алдында, студенттер барлық медициналық бағыттағы тексерулерден өтеді, сондай-ақ организмнің зат алмасу процесстерінің қалыпты жұмысы дене салмағын жылдам реттеуге мүмкіндік жасайды. Алайда, түрлі эндокринологиялық және басқа да бұзылыстарға байланысты артық салмақтан зардап шегетін студенттер де жоқ емес. Ондай студенттерге бағдарлама аясында профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізіліп, тереңдетілген медициналық зерттеп-қарауға жіберу жұмыстары орындалды.


Антропометриялық көрсеткіштер негізінде студенттердің 12-ші кестеге сәйкес, физикалық даму индексі анықталды.

Кесте 12 – Студенттердің физикалық даму индексі





Физикалық даму индексі

Қалыптыдан төмен

Қалыпты

Қалыптыдан жоғары

Кетленің индексі бойынша

13 %

87 %

-

Физиологиялық тұрғыда студенттің физикалық даму деңгейін анықтаудың ең жиі қолданылатын формуласы Адольф Кетлеге тиесілі: ДМИ = ДМ/ДБ, кг/м.


Бұл индекс дене массасының жеткіліксіз, қалыпты немесе артық екендігін бағалайды. Алынған нәтижелер көрсеткендей, 13% студентте қалыптыдан төмен, 87% қалыпты дәрежені көрсетті. Бұл студенттермен физикалық белсенділік жағынан жұмыстардың жасалу қажеттілігін көрсетеді.
Біз жоғары оқу орнында студенттермен тиімді өзара әрекеттесу формасы ретінде олардың жеке көзқарастары ескерілуі керек деп есептейміз. Студенттердің жеке ұсыныстарында дене салмағын бақылаудың маңыздылығы, тамақтану, еңбек, демалыс және физикалық белсенділікті дұрыс үйлестіру арқылы реттеу туралы нұсқаулықтар болғаны жөн.
Дене белсенділігін денсаулықты сақтау мен күтудің бір әдісі ғана емес, сонымен қатар жастар ортасында зиянды әдеттердің алдын-алу шаралары ретінде қарастыруға болады. Өкінішке орай, зиянды әдеттерге әуестену студенттер арасында да жиі кездеседі. Жоғарыда айтылған тұжырымдарға сәйкес, студенттерге жаңа нәрсені байқап көруге деген ұмтылыс, зиянды заттарды тұтынудың салдары туралы жетік білмеу (темегі, алкоголь, есірткі т.б), еліктегіштік тән. Қазіргі ақпараттық қоғамда зиянды заттардың ағзаға тигізетін теріс ықпалын оқып, біліп алу еш қиындық тудырмайды. Алайда, олардың денсаулыққа тигізетін зардабын білсе де, осы қадамға баратын студент жастар бар. Зиянды бұйымдар адамға өмір сүруге қажетті ең маңызды деген ағзалардың: тыныс алу, зат алмасу, жүйке жүйесі, бауырдың қызметі т.б жұмысын бұзады. Төменде берілген 13-ші кестеде студенттердің зиянды әдеттерге әуестену деңгейін анықтау бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижелері ұсынылған.

Кесте 13 – Студенттер арасындағы зиянды әдеттерге әуестену деңгейін бағалау нәтижелері (%)







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
ғылым министрлігі
сәйкес оқыту
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
рсетілетін қызмет
Қазақ әдебиеті
Қысқа мерзімді
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
атындағы жалпы
туралы жалпы
қызмет стандарты
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
емтихан сұрақтары