Рахимгалиева пакизат сармановна


Тұлғаны психогеометриялық бағалау және түстердің интерпретациясы



бет26/36
Дата19.01.2023
өлшемі0.75 Mb.
#417153
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp
3 Лаб. С (1), 2016 11 08-Posob Angl Iazik dleaMedikov
3. Тұлғаны психогеометриялық бағалау және түстердің интерпретациясы [188].
Бұл әдістеменің мақсаты: жеке тұлғаның тұтастығы мен жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеуге, сондай-ақ кәсіби өз-өзін анықтауға бағытталған. Студенттерге арнайы нұсқау беріледі: шаршы, үшбұрыш, шеңбер фигураларын пайдала отырып, 1 параққа, содан кейін 2, содан кейін үшінші параққа 10 геометриялық фигурадан құралған адам моделін жасайды. Адамның моделі көрсетілген барлық 3 фигураны бояу тапсырылады. Аяқтағаннан кейін, шаршылардың жалпы санын, үшбұрыштардың жалпы санын және шеңберлердің жалпы санын бөлек есептеу қажет болады.
Ең көп саны бар фигура – бірінші сан, орташа саны – екінші сан, ең кішісі – үшінші. Осылайша, үш таңбалы сандық код шығады. Мысалы: 13 Үшбұрыш, 11 шеңбер, 6 шаршы, барлығы код:
Түстерді де дәл осылай жасау қажет: қай түс басым екендігін анықтап, түстердің коды жасалады.
Кодтағы фигура мен түстің бірінші орны – бұл субъективті форма, ол сіздің негізгі, үстем мінез қырларыңыз бен ерекшелігіңізді сипаттайды.
Фигура мен түстегі екінші орны – сіз қалаған сипаттамалар, яғни қандай адам болғыңыз келетіндігі, сондықтан да сіздің мінез-құлқыңызға бағыт береді.
Фигура мен түстің үшінші орны – қарсылықты тудыратын, міндеттерді білдіретін образ, яғни тұлғалық өсу үшін жұмыс істеуді қажет ететін кемшіліктер.
Әр фигураның жеке сипаттамасына тоқталып өтейік:
«Шаршы» (Еңбекқор). Шаршыны өздеріне ұнайтын фигура ретінде таңдайтындар «сол жақ жарты шар» ойшылдарына жатады (аналитикалық ақыл-ой жүйесі). «Шаршыға» нәтижені интуитивті түрде болжағаннан гөрі логикалық түрде өңдеу арқылы «есептеу» оңайырақ. Төзімділік, шыдамдылық және әдіскерлік оны ақпараттарды өңдеу және жүйелеу саласында жоғары білікті маман етеді. «Шаршы» біржолата белгіленген тәртіпті жақсы көреді: ол консервативті, белгілі бір ережемен және нақты тапсырмамен жұмыс істеуді жөн көреді. Ол оқиғалардың әдеттегі бағытын тосын сыйлармен өзгертуді ұнатпайды. Ол айналасындағы адамдар мен заттарды ұйымдастырады, практикалық ақыл-ой, іскерлік және табандылықпен ерекшеленеді.
«Шаршылар» керемет әкімшілік қызметкер немесе орындаушы бола алады. Алайда, ұсақ-түйекке шамадан тыс тәуелділік, шешім қабылдау үшін қосымша нақтылайтын ақпараттың қажеттілігі олардың ісін баяулатады, бұл өз кезегінде ұйымдастырушылық қабілеттер мен басқарушылық мамандықтарға кері әсерін тигізеді. Ұқыптылық, тәртіп, ережелер мен әдептіліктерді шамадан тыс сақтау қиын жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін. Сонымен қатар, рационалдылық, эмоционалды жүдеулік пен салқындық «шаршыларға» әр түрлі адамдармен тез тіл табысуда кедергі болады.
«Адам - Белгілер жүйесі» саласындағы мамандықтарға бейімдірек келеді: мысалы: баспагер, бухгалтерлік есеп, экономика, статистика сияқты. Сонымен қатар, «Шаршы» нотариалдық қызмет пен бағдарламалау саласында өзін жақсы көрсетеді.
Үшбұрыш (Жетекші). «Үшбұрышқа» тән ерекшелік – басты мақсаттарға шоғырлану мүмкіндігі. Үшбұрыштар – жігерлі, күшті ерік-жігерге ие ұстамсыз адамдар. Олар да «Шаршылар» сияқты, жағдайды терең және жылдам талдауға қабілетті «сол жақ жарты шар» ойшылдары. Алайда, ұсақ-түйекке назар аударатын «шаршылармен» салыстырғанда, «Үшбұрыштар» мәселенің негізгі мәніне назар аударуға қабілетті келеді. Жоғары дамыған прагматикалық бағдар олардың ақыл-ой талдауларын берілген жағдайда мәселенің тиімді шешімін табуға бағыттайды. «Үшбұрыш» тапқырлықты, ептілікті, физикалық күшті қажет ететін іс-әрекеттерге басымдық береді. «Үшбұрыштардан» жоғары деңгейдегі керемет менеджерлер шығуы мүмкін. Олар жоғары басшылыққа өз жұмысының және қол астындағылардың жұмысының маңыздылығын қалай көрсетуді жақсы біледі, тиімді жұмыстарды алдын ала көре алады, кедергілерге қарамастан, өз мақсатына жету үшін алға қарай талпынады. Олар – қажымас күрескерлер, олар үшін бәсекелік, жарысу мен құмарлық рухы қалыпты жағдай. Олар еңбексүйгіштер қатарына жатады, сондықтан үнемі мазасыз кейіпте жүреді. «Үшбұрыштардың» басты кемшілігі – күшті эгоцентризм, моральдық нормаларға тәуелсіздік.
«Адам – Техника» саласындағы мамандықтарға көбірек сәйкес келеді: мысалы, механик, электрик, инженер, агроном, фотограф, сызба, кескіш, автобус жүргізушісі, сондай-ақ шешім қабылдауға және іскерлік ақпаратты беруге байланысты мамандықтар.
Тіктөртбұрыш (Өтпелі тип). «Тік төртбұрыш» - бұл көңіл-күйдің тұрақсыздығымен, таңдаудағы белгісіздікпен ерекшеленетін және аралық, өтпелі нұсқа болып табылатын тұлға типі. Бұл түрдің негізгі белгілеріне – әуестік, болып жатқан барлық нәрсеге қызығушылық тән. Олар жануарлармен жұмыс істегенді ұнатады, өсімдіктерді күтуді жақсы көреді, барлық тіршілік иелеріне сезімталдықпен қарайды. Олар жаңа идеяларға, құндылықтарға, ойлау тәсілдері мен өмірге ашық, барлық жаңа нәрселерді оңай меңгереді. Олар кез-келген жұмысқа шығармашылықпен қарауға тырысады, билікті мойындамайды, өздерінің стандартты емес шешімдерін табуға тырысады. Сонымен қатар, хаос, шатасу, тәртіпсіздік олардың тұрақты серігі десек болады. Көбінесе өзіне ішкі күйін көрсететін ыңғайсыз мінез-құлық, жүйке және вегетативті реакциялармен назар аударады. Олар ұқыпсыздық, тікелей кикілжіңдерден қашуға бейімділік, ашушаңдық және мазасыздықпен ерекшеленеді. Тік төртбұрыш – бұл үнемі стрессте жүретін адам. Бұл типтегі адамның әлсіз тұсы – жылдам сеніп қалу, аңғалдық; мұндай адамдар манипуляцияның оңай құрбаны болады.
«Тік төртбұрыштар» үшін «Адам – Табиғат» саласындағы кәсіби орта қолайлы болады: мысалы, зоолог, эколог, гидролог, археолог, метеоролог және т.б кәсіптері. Сонымен қатар, олар үйлестіруші, ғылыми журналдың редакторы, мұражай қызметкері сияқты кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруда өздерінің қабілеттігін танытады.
Шеңбер (Коммуникатор). Коммуникаторлар барлық фигуралардың арасында болады, өйткені олар ең жақсы тыңдаушылар. Шеңберді жанына ең жақын фигура ретінде сенімді түрде таңдайтындар, ең алдымен, жақсы тұлғааралық қарым-қатынастарға шын жүректен қызығушылық танытады. Шеңбер үшін ең жоғарғы құндылық – адамдар және олардың үйлесімді жағдайы. Ол топтың байланыстырушысы, ол топты біріктіреді және тұрақтандырады. «Шеңберлер» - жоғары сезімталдық пен дамыған эмпатияға ие, олар басқа адамның уайымдарына жанашырлықпен қарауға, эмоционалды түрде жауап беруге қабілетті. Шеңбер өзге біреудің қуанышы мен қайғы-қасіретін өзінікіндей терең сезінеді.
«Шеңберлердің» басты мінез қырларына адамгершілікті, әлеуметтілікті, адамдарды түсіну қабілетін жатқызуға болады. Олар кәсіби және әлеуметтік қызметте өте белсенді, адамдарға оңай бейімделеді, қарым-қатынаста икемді, ымыраға келуге дайын. Сонымен бірге, шеңбер өзінің іскерлік бойынша сұрақтарға зиян келтіретін әлеуметтік бағыттылығына байланысты бәріне ұнауға және бейбітшілік пен достық қатынастарды сақтауға тырысады. «Шеңбер» өзінің шешімділігімен ерекшеленбейді, оны белгілі бір нәрсеге көндіру, сендіру оңай.
«Шеңберлер» стилі бойынша «оң жақ жарты шарға» жатады, олардың ойлауы бейнелігімен, интуициясымен және интегративтілігімен айшықталады. Бұл стильдің басты ерекшелігі – мәселенің субъективті факторларына (бағалаулар, сезімдер) бағытталу және қарама-қарсы көзқарастарда да ортақ нәрсені табуға ұмтылу. «Шеңбер» үшін ең қолайлы болып табылатын «Адам – Адам» саласындағы мамандықтар, бұл санатқа жатады: дәрігер, мұғалім, тәрбиеші, психолог, әлеуметтанушы, сауда қызметіндегі кеңесші және тағы басқалар.
Зигзаг түріндегі үшбұрыш (Генератор). Бұл фигура адам бойындағы креативтілікті, шығармашылық қабілетті, яғни жаңа идеялар, дамыған интуицияның пайда болуын білдіреді. «Зигзагтардың» басым ойлау стилі – синтетикалық стиль болып табылады: олар «оң жақ жарты шар» ойшылдарына жатады. Олар ұсақ-түйектерді емес, бірден тұтас, үйлесімді тұжырымдамалар мен бейнелерді құрастырады.
«Зигзаг» стихиясы – бұл мазмұны жағынан бір-біріне ұқсамайтын, әр түрлі идеялардың жиынтығы және осы негізде жаңа және ерекше нәрсені жасау. «Зигзагтар» әлемнің үнемі өзгеріп отыратындығына бейім, сондықтан олар үшін әдеттегі тәртіп, шаблон, ережелер мен нұсқаулар қабылданбайды. Олар болашаққа ұмтылады және шындыққа қарағанда мүмкіндікке көбірек қызығушылық танытады. Басқа адамдар үшін заттар әлемі қаншалықты шынайы болса, зигзагтар үшін идеялар әлемі соншалықты шынайы. Зигзагтар өршіл; олардың өмірінің басты мақсаты – өзін-өзі көрсету.
«Зигзаг» табиғаты бойынша өте эмоционалды, сезімтал және көңілге алғыш. Ол қабылдаудың ерекше қабілетімен ерекшеленеді, дамыған эстетикалық сезім мен талғамға ие. Алайда, өзін-өзі бақылаудың жеткіліксіздігінен «зигзаг» көбінесе әрекетті алдымен жасап алып, артынан оны жасау керек пе еді деп ойланады. Сәйкесінше, «зигзагқа» дәлдікті, математикалық қабілеттерді, физикалық күшті талап ететін сабақтар тура келмейді. «Зигзагтар» үшін лайықты кәсіби аймақ: «АДАМ – КӨРКЕМДІК БЕЙНЕ» яғни, шығармашылық сипаттағы жұмыстар: музыка, кескіндеме, әдебиет, фотография. Мүмкін болатын мамандықтар: көркем аудармашы, карикатурист, металл (керамика) суретшісі, жазушы, ақын, журналист, режиссер, актер, сәулетші, дирижер, декоратор және т.б.
Түстер бойынша нәтижелерді интерпретациялау келесідей мәнде жүзеге асады: ақ – шашыраңқы; қара – шоғырланған; қызыл – эмоционалды белсенділік және агрессивтілік: қызғылт – белсенді және қамқор, қызғылт сары – белсенді және сезімтал, күлгін – белсенді және талапшыл; сары – пассивті және шексіз жылы, тартымды; көк – ақыл-ой белсенділігі мен қаттылығы, ұқыптылық пен тәртіп; жасыл – салмақтылық пен прагматизм, қозғаушы.
4. Біз, зерттеу жұмысымыз аясында болашақ педагог-психологтардың құндылықтар жүйесін анықтау үшін Ш.Шварцтың құндылықтар сұрақнамасы әдісін жүргіздік. Бұл әдіс басқа әдістемелермен салыстырғанда көп ақпарат бере алатындығымен және барлық құндылықтар саналы мақсат ретінде адамның үш бірегей қажеттіліктерін (биологиялық ағза ретіндегі, қоғамдық және тіршілік үшін күрес) қанағаттандыруға бағытталуымен ерекшеленеді [189].
Кәсіпкe бeйімдeлу жәнe қaжeтті тәжірибeлік іс-әрeкeттeрді игeру бaрысындa студeнттeрдің құндылық бaғдaрлaры пeдaгoгикaлық әрeкeттің ықпaлынaн өзгeріскe түсeді. Бұл aйтылғaн құндылық бaғдaрлaр мeн мoтивтeр aуыспaлы бoлып кeлeді. Жoғaры oқу oрнындaғы oқу-тәрбиe үдeрісін oңтaйлы ұйымдaстыру жәнe кәсіпкe бeйімдeлуінe жaғдaй жaсaу aрқылы студeнттің бoйындa қaжeтті құндылықтық бaғдaрлaрды дaмытуғa бoлaды. Әр студeнттің бoйындa өзінің тaңдaғaн бoлaшaқ кәсібінe сaй кeлeтін құндылықтық бaғдaрлaрды дaмыту кәсіпқoй мaмaнды дaярлaп шығуғa мүмкіндіктeр бeрeді.
Студeнттeрдің бoйындa тaңдaғaн кәсібінe сaй кeлeтін құндылықтық бaғдaрлaрды дaмытуғa мүмкіндіктер бaр. Студeнттeрдің oқуғa жәнe шығaрмaшылықпeн aйнaлысуғa дeгeн мoтивтeрін бeлсeндeндіру үшін құндылық бaғдaрынa ықпaл жaсaу қaжeт. Кeз-кeлгeн студeнттің oқудaғы мaқсaты жoғaры бaғa aлу нeмeсe тeк диплoм aлу eмeс, кәсіби мaмaн рeтіндe қaжeтті білім, іскeрлік, дaғдыны игeру бoлуы тиіс. Студeнттің бoйындaғы мoтив пeн құндылық бaғдaр oның кәсіби мaмaн рeтіндe жaн-жaқты қaлыптaсуынa oңтaйлы жaғдaй туғызады.
Ш.Шварцтың сұрақнамасы екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімі «құндылықтар көрінісі» - нормативті идеалдарды, тұлғаға әсер ететін, бірақ әлеуметтік мінез-құлықта әрқашан көріне бермейтін құндылықтар құрылысын зерттейді. Ал, екінші «тұлға профилі» бөлімі - мінез-құлық деңгейіндегі құндылықтарды, яғни тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқында көрінетін құндылықтарды қарастырады. Аталған қажеттіліктер адамдардың белгілі бір құндылықтарымен түзілген 10 түрлі мотивациялық типтердің жүзеге асуы нәтижесінде қанағаттандырылады. Осылайша, Ш.Шварц үш адамдық қажеттіліктерден негізгі мотивациялық типтерді (өздігінен әрекеттену, ынталану, гедонизм, жетістік, билік, қауіпсіздік, қолайлылық, дәстүр, мейірім, әмбебаптық) шығарады. 10 түрлі мотивациялық түрге сәйкесінше, белгілі бір мотивациялық мақсат тән болып келеді.
Ш.Шварцтың құндылықтар сұрақнамасы бойынша алдын-ала жүргізілген зерттеу жұмыстарымыздың нәтижелері бойынша, педагогикалық бағытта білім алатын студенттердің бірінші курста «мейірімділік» құндылығын басшылыққа алатындығына көз жеткізуге болады. Студенттің бойындағы «мейірімділік» құндылығы оның күнделікті достық қарым-қатынасынан, жан-жағына эмоциональды жылылық сыйлауынан, пайдалы болғысы келуінен, шынайылығы мен жауапкершілігінен көрініс табады. Шынайы әлеуметтік мінез-құлық кезінде бірінші курс студенттерінің іс-әрекеті «билік» құндылығына негізделеді, яғни олар әлеуметтік статусқа, мәртебеге, қадір, бедел, абырой жинауға, адамдар мен заттарды басқару мен бақылауға, қоғамдық имиджі мен танымалдығын сақтауға ұмтылады.
Бірінші курстағы студенттер үшін жоғары деңгейде «мейірімділік» пен билік» тұрса, төменгі деңгейде «дәстүр» құндылығы тұрады. «Дәстүр» құндылығының мотивациялық мақсаты – әлеуметтік топта қалыптасқан өзіндік дәстүрлер мен қабылданған ойларды, мәдениетті ұстану және қабылдау болып табылады. Мәдени ортада қалыптасқан салт-дәстүрлер мен идеяларды сыйлау, құрметтеу, толық қабылдау және өз өмірінде бұзбай ұстану бұл «дәстүр» құндылығына кіреді және ол бірінші курс студенттерінде төменгі мәнде тұрады [190, 31 б].
Кәсіпті игерудің екінші оқу жылында да құндылықтар бағдары бойынша «мейірімділік» басымдылыққа ие болады. Сонымен қатар, студенттерде «жетістік» пен «өздігінен әрекет ету» құндылықтары алдыңғы орынға шығады. «Жетістік» құндылығы мотивациялық тұрғыда әлеуметтік стандарттар мен нормаларға сәйкес студенттің жеке бас жетістіктеріне жетуге ұмтылысынан көрінеді. Ал, «өзбетімен әрекеттену» студенттің бойында өз бетімен ойлай алу, өз қалауы бойынша әрекет тәсілдерін таңдау, шығармашылық жұмыстарымен айналысу белсенділігін туындатады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, 2 курс студенттері үшін жеке бастың жетістіктері, әлеуметтік құзыреттіліктер мен өзбетімен әрекет ету маңызды орынға шығады. Әлеуметтік статусты, мәртебені, өзгелерден басым болуды білдіретін «билік» құндылығы да белгілі бір деңгейде маңызды саналады [190, 31 б].
Оқу жылының үшінші курсында да «мейірімділік» құндылығы басты орында тұрады. Екінші курста маңызды болып саналған «жетістік» пен «өзбетімен әрекеттену» құндылықтары үшінші курста да өз басымдығын сақтайды. Сондай-ақ, тұрақтылық, қоғамның, отбасының, тұлғаның өзінің қауіпсіздігі мен үйлесімділігін сипаттайтын «қауіпсіздік» құндылығы пайда болады. Бұл құндылықтың мотивациялық мақсаты – басқа адамдармен өзінің өміріне қауіп-қатердің болмауы, адамдармен үйлесімді қарым-қатынас және қоғамдағы жағдайдың тұрақтылығы және т.б қамтиды. Бірінші және екінші курстарда төменгі деңгейде тұрған «дәстүр» құндылығы үшінші курста маңыздырақ бола бастайды, бірақ студенттер үшін құндылық бағдардың иерархиясында ең соңғы орында тұрады [190, 31 б].
Оқудың соңғы жылында, яғни төртінші курста студенттердің құндылықтық бағдары біршама өзгерістерге ұшырайды. Зерттеу нәтижелері бойынша, бұл оқу жылындағы студенттер үшін «жетістік» құндылығы маңызды болып саналады. Бұл жағдай студенттердің жеке-дара жетістікке және әлеуметтік статусқа ие болуға деген құлшынысымен түсіндіріледі. «Жетістік» құндылығымен қатар маңызды мәнде «өзбетімен әрекеттену», өзін-өзі басқару және өзін-өзі бақылау құндылықтары маңызды орында қалады.
5. Бейімделу үдерісінің маңызды факторы – бұл өмірдің қарқыны мен ырғағының өзгеруінің психофизиологиялық салдары. Адамдардағы биоритмтердің бұзылуының тағы бір себебі: көбінесе студенттер оқу сабақтарына уақыттың жетіспеушілігін түнгі ұйқы арқылы өтейді. Соның салдарынан, студенттердің басым бөлігі ұйқының қанбауынан зардап шегеді. Студенттердің түнде немесе күндізгі уақытта жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтау үшін біз Остберг сауалнамасын жүргіздік.
6. «Өзін-өзі бағалау» тесті студенттердің қазіргі уақытта өз-өзіне қанағаттану жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Жоғары оқу орнының кәсіби іс-әрекетіне бейімделуде студенттердің өзін-өзін қалыпты деңгейде бағалауы маңызды. Өзінің мүмкіндіктері мен кемшіліктерін дұрыс бағалай алмау, асыра сілтеу немесе керісінше төмендету тек қана психологиялық саулыққа ғана емес, физикалық саулыққа да өз ықпалын тигізеді.
7. «Өмірге қанағаттану шкаласы бойынша рефлексия жүргізу» тестін таңдап алуымыздағы басты мақсат студенттердің жоғары оқу орнындағы, жатақханадағы және жалпы материалдық қамтамасыз етілу деңгейіне қанағаттанушылық деңгейін бағалауға бағытталған. Зерттеу жұмыстары аясында қанағаттану деңгейінің кәсіби іс-әрекетке бейімделу үдерісімен арадағы корреляциялық байланыстың бар жоғын анықтауға да мән беретін боламыз.
8. «Интроверсияны және экстраверсияны бағалау» тесті студенттердің қарым-қатынаста сыртқа немесе ішке бағытталғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Студенттердің интроверт немесе экстроверт екендігін анықтау тұлғааралық қарым-қатынаста, топқа бейімделуінде шешуші рөлді атқарады. Сонымен қатар, интроверттер мен экстроверттерді шатастыруға ықпал ететін факторлар да бар. Мысалы, этикалық интроверттер, өздерінің интроверт болғанына қарамастан, этикасының арқасында қарым-қатынасқа бейім келеді және әсіресе, формалды және ресми емес адами қарым-қатынастарға бағытталған болады. Ал, логикалық экстроверттер өздерінің экстраверт болғанына қарамастан, бейресми жағдайларда өздерін тұйықтау және байланысқа түсе бермейтін адам ретінде көрсетуі мүмкін.
9. Сонымен қатар, студенттермен «Студенттің оқу үдерісін бағалауы» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнама студенттердің ішкі мотивациялық ерекшеліктері, жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивацияларының көрсеткішін, өзін-өзі реттеу және бақылау дағдыларын анықтауға мүмкіндік береді. Сауалнама ЖОО-да оқытудың әртүрлі аспектілерін, яғни оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру, техникалық сүйемелдеу, кері байланыс т.б негізгі сұрақтарды қамтитын 50 сұрақтан құралған.
Жоғары оқу орнының кәсіби іс-әрекетіне оңтайлы бейімделуі студенттердің мотивациялық-құндылықтың компонентіне тікелей тәуелді. Жоғарыдағы теориялық және тәжірибелік бағыттағы зерттеу жұмыстары көрсеткендей, болашақ кәсібін өз еркімен таңдайтын студенттер де бар немесе ата-анасының, туған-туысқанының ықпалымен, ҰБТ-да жинаған баллының деңгейіне қарай таңдайтындар да бар. Зерттеу нәтижелеріне сүйенетін болсақ, студенттердің жартысына жуығы болашақ мамандығы бойынша белгілі бір көзқарасқа ие емес болып университетке келеді. Олардың кейбірі оңтайлы бейімделудің әсерінен таңдаған мамандығына сүйіспеншілігі артып, сол бағытты жалғастырады. Ал, кейбірі оқуды толық аяқтамай жатып, басқа мамандыққа ауысады немесе дипломын алғаннан кейін де, мамандығы бойынша қызмет атқармайды.
Отандық және шетелдік педагогика мен психологияда қазіргі уақытта оқу іс-әрекетіндегі мотивацияны түрлі аспектіде қарастыруға бағытталған эксперименттік зерттеу жұмыстары бар. Бірақ, бұл бағытта ғалымдардың пікірі мен ойы үнемі бір жерден шыға бермейді және көбінесе қарама-қайшы сипатқа ие. Студенттердің оқу мотивациясының қалыптасуы көптеген психологиялық факторларға тәуелді келеді: олардың жеке даралық ерекшеліктеріне, референттік топтардың сипаттамаларына, студенттің ұжымның даму деңгейіне және т.б. Сонымен қатар, студенттердің мінез-құлық мотивациясы олардың құндылық бағдарының, ұстанымдарының, әлеуметтік орта көзқарастарының көрінісі болып табылады. Сол үшін де, білім алушының табысты оқу іс-әрекеттері олардың мотивтерінің күрделі құрылымына байланысты болып келеді.
10. Одан бөлек, студенттерге «Жoғaры oқу oрнының студeнттeрінің кәсіби іс-әрeкeткe бeйімдeлу дeңгeйі» сaуaлнaмaсы жүргізілді. Сaуaлнaмaдa кeлeсі мaзмұндaғы сұрaқтaр қaмтылды:

  • Кәсіби іс-әрeкeткe бeйімдeлу дeгeнді қaлaй түсіндірeсіз?

  • Жaңa oртaғa, жaңa oқу үдeрісінe бeйімдeлудің қaндaй eрeкшeліктeрін aтaй aлaсыз?

  • Кәсіби іс-әрeкeткe бeйімдeлугe физиoлoгиялық дaйындық ықпaл жaсaйды дeп oйлaйсыз бa?

  • Жoғaры oқу oрнындaғы oқу-тәрбиe үдeрісіндe қaндaй қиындықтaрғa тaп бoлдыңыз?

  • Бос уақытта немесе айналысасыз?

  • «Күн сайын интернетте қанша уақыт өткізесіз?»

  • Дeнсaулық психoлoгиясы дeгeн түсініккe aнықтaмa бeрe aлaсыз бa?

  • Өзіңіздің физиoлoгиялық дaйындығыңызды қaлaй бaғaлaйсыз?

  • «Спорттық секцияларға/жаттығуларға қаншалықты жиі барасыз?»

  • Күн тәртібіңізді құрғaндa қaндaй фaктoрлaрды eскeрeсіз?

  • Aқыл-oй іс-әрeкeтімeн aйнaлысқaндa қaншa уaқытқa дeйін сeргeктікті сaқтaп, жұмыс істeй aлaсыз? жәнe т.б Осы бағыттағы сұрақтарды қою арқылы студенттердің денсаулыққа, физикалық белсенділікке, жоғары оқу орнының кәсіби іс-әрекетіне бейімдеу үдерісіне, сондай-ақ, күн тәртібін сақтау ережелеріне деген көзқарастарын анықтауға мүмкіндік алдық.

Сонымен қатар, зерттеу жұмыстары аясында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған танымдық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, студенттердің денсаулығын жақсартуға бағытталған күн тәртібі құрылып, оның сақталу деңгейі бақылауда ұсталды.
Біздің тарапымыздан құрастырылған «Салауатты студент» профилактикалық іс-шара бағдарламасы тәжірибеге ендірілді. «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының студенттерінің профилактика бағдарламаның жұмыстарына белсене қатысуы қамтамасыз етілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан