Рахимгалиева пакизат сармановна



бет22/36
Дата19.01.2023
өлшемі0.75 Mb.
#417153
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp
3 Лаб. С (1), 2016 11 08-Posob Angl Iazik dleaMedikov
Жаттығу 1







Жаттығу 2







Жаттығу 3







Жаттығу 4







Жаттығу 5







Жаттығу 6







Жеке ұсынысым:

Профилактикалық іс-шаралар бағдарламасы аясында көрсетілген жұмыстардан бөлек, сергіту және студенттердің көңіл-күйін көтеру мақсатында қосымша тренинг жаттығулары да қолданылды. Олардың кейбірін мысал ретінде ұсынып отырмыз.



  1. Жаттығу: Жеке тұлға.

Мақсаты: Идеал (мінсіз) бейнені өз тұлғасында сынап көру.

  • Өзіңізді қандай адам ретінде көресіз: идеал кейпінде сипаттаңыз.

  • Осы бейнені жасау үшін өзіңіздің қабылдауыңызда қандай өзгерістер болды. Өзіңізді мінсіз бейнеде сынап көріңіз, өзіңізді елестетіп көріңіз, образға кіріңіз.

  • Мінсіз бейнеде бола отырып, әрбір қазақстандық өзінің ары қарайғы дамуы үшін, біртіндеп өз мінез-құлқын позитивті жағына өзгерту үшін не істеу керектігіне ұсыныс айтыңыз.

  1. Жаттығу: Біз.

Мақсаты: Топтағы өзара әрекеттесу сапасын талдау.
Мақсаты: Топтағы өзара әрекеттесу сапасын талдау.

  • Әр қатысушы келесі сұрақтардың жауабын өзіне жазып алады: топта осы айтылған сапалар қанша баллдық деңгейде көрінеді? Теңдік, мейірімділік, өзара көмек, сыпайылық, достық, тыңдау қабілеті, қабылдау, эмпатия, альтруизм, құрмет, ізгілік, әзіл, сөз бостандығы, әдептілік, жинақылық және т.б.

  • Қатысушылар бағаларын көрсетеді, содан кейін топтың атмосферасын қалай жақсартуға болатындығын, топтың қандай қасиеттерін дамыту керектігін, әр қатысушы топтың климатын жақсартуға қандай үлес қоса алатындығын талқылайды.

  • Әрбір қатысушы қарым-қатынас пен достыққа кедергі келтірмеу үшін кемшіліктерді азайтуға көмектесетін әдістерді ұсынады.

  • «Мен»-нен «Біз»-ге ауысу үдерісі әлеуметтік интеллектіні қалыптастыруға қалай көмектеседі?

  1. Жаттығу: Түрлі-түсті – геометрия.

Мақсаты: зейінді ұйымдасқан және саналы іс-әрекетке қарай бағыттау.

  • Геометриялық пішіндерден адамның моделін жасау.

  • Негізгі түстерді пайдалана отырып, адам моделінің барлық фигураларын бояу: сары, қызыл, көк, жасыл.

  • Модельмен салыстыру үшін психо-геометрия және қарым-қатынастың түрлі-түсті тесті туралы ақпаратты тыңдау, қорытынды жасау.

  • Жаңа тәжірибе фактілер мен объективтілікті қабылдауды қалай көрсетеді.

  1. Жаттығу: Әлеуметтік рөл.

Мақсаты: өз рөліңізді өзгерте отырып, топтағы рөліңізді белгілеу, өзара әрекеттесу кедергілерін алып тастау.
1. Топтағы қатысушылармен әңгімелесе отырып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз: - ортақ қиын және ұзақ мерзімді жұмыс үшін ұжым мүшелерін таңдау керек болса, сіз кімді бірінші таңдайсыз, кімді – екінші, кімді – үшінші, кімді – төртінші, кімді – бесінші;
- Ең көңілді іс-шараға кімді таңдайсыз? Жауаптарды басымдықтар бойынша орналастырыңыз.
- Топтағы кіммен сіз сыныпта жиі сөйлестіңіз?
2. Рөлдік мінез-құлық кедергілерін алып тастаңыз.
3. Топта жұмысты қалай жүзеге асыруға болады?
5. Жаттығу: Менің ойым.
Мақсаты: Өз ұстанымыңызға сәйкес дәйектерді табыңыз және пысықтаңыз.

  • Өз арманыңызды құрастырыңыз. Мен қалаймын... Мен тілеймін... Менің қалайтыным... Менің тілегім…

  • Бүкіл топтың міндеті: қатысушыны өз қалауына қарсы шығуға сендіру.

  • Қатысушының міндеті: өз ұстанымында тұру және мақсатына жетуге көмектесетін іс-әрекетінің жоспарын құру.

  • Әр қатысушы өз позициясын қорғайтын адамның рөлін орындайды.

  • Өз пікірін, ұстанымын, арманын қорғауға деген ұмтылыс жобаны басқарудың қыр-сырын меңгеруге қалай итермелеуі мүмкін?

6. Жаттығу: Қателіктер
Мақсаты: Бәсекеге қабілетті тұлғаның үлгісін көрсету: қателіктерді мойындау хаты және оң реакция ұраны.

  • Қысқаша мойындау хатын жазу. Мойындау хатындағы сәтсіздіктер мен қателіктерге жағымды қатынасты көрсету.

  • Қателіктерге әкеп соқтыратын жетілмеген дағдылар мен қабілеттердің болуын атап өту. Өзіңізде қандай дағдылар мен қабілеттерді дамыту керек?

  • Дағдылар мен қабілеттерді жетілдіру әдістерін табу және пайдалану.

  • Қателіктерге оң жауап беру ұранын және сәтсіздікке ұшырағандарға немесе қателік жасағандарға қолдау көрсету сөздерін құрастыру.

  • Қателіктер мен сәтсіздіктерге қалай жауап қайтару керек және қалай сараң болмауға болады?

7. Жаттығу. Көпшіліктің назары;
Мақсаты: Көпшілік алдында сөз сөйлеу бойынша рефлексия жүргізу.

  • Әңгіме-ұсыныс жасаңыз және онымен бірге топ алдында сөйлеңіз: Көпшіліктің назарын өзіңе қалай аудартуға болады?

  • Өз даралығын, өзін-өзі танытуын ашық және тартымды түрде көпшілік алдында сөйлеу арқылы көрсету.

  • Өз тәжірибеңізге рефлексия жасаңыз: Ұсыныстарды құрастырған кезде нені сезіндіңіз және оларды айтқан кезде, нені түзеткіңіз, ал нені сол күйінде қалдырғыңыз келді?

8. Жаттығу: Менің жауларым;
Мақсаты: Нәтижеге жету үшін жұмыс жасау.

  • Сұраққа жауап беру: Бүгінгі күні нені жақсы істегіңіз келеді. Мысалы: мен жылдам оқығым келеді, суретті аяқтағым келеді, велосипедпен трюк жасағым келеді және т.б.

  • Сұраққа жауап беру: Мақсатқа жетуге қандай тұлғалық қасиеттер мен мінез-құлық кедергі келтіреді?

  • Сұраққа жауап беру: Қалай өзіңнің мінез-құлқың мен қасиеттеріңді тұлғалық дамуға бағыттауға болады. Яғни, жауды қалай одақтасқа айналдыруға болады?

9. Жаттығу. Мүмкіндік шекаралары.
Мақсаты: Жеке тұлғаны жетілдіретін мақсатқа жету жолдарын пайдалану: баспен немесе ар-ожданмен әрекет ету.

  • Сұраққа жауап беріңіз: Сіз өзіңіз туралы бәрін білесіз бе? Ол үшін топ мүшелерінің өзіңіз туралы ойын тыңдап, оларды өзіңіздің көзқарасыңызбен салыстырыңыз.

  • Сұраққа жауап беру: Мақсатқа жету жолында сіздің қарсыластарыңыз бар ма: олардың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?

  • Сұраққа жауап беру: Мақсатқа жету жолында сізде қандай кемшіліктер мен артықшылықтар бар?

  • Сұраққа жауап беру: Сіз өзіңізге сенесіз бе: сізді сапалық жағынан не ерекшелендіреді?

  • Сұраққа жауап беру: Сіз кімнің мақұлдауын күтесіз? Сізге басқалардың мақұлдауы маңызды ма?

  • Сұраққа жауап беру: Қиын және тіпті мүмкін емес мақсаттарға жетудің қандай жолдары бар?

10. Жаттығу. Үлес қосу.
Мақсаты: Тұлғаның ресурстарын пайдалану.

  • Елестетіп көріңіз: сізде ешқандай материалдық ресурстар жоқ: ақша, баспана, машиналар, достар, таныстар, тек сіз және сіз үлескер болған кезде ғана сізге көмек қолын ұсына алатын сізге беймәлім әлем бар.

  • Осы жағдайдан қалай тиімді шығуға болады: қандай үлес қосу керек?

  • Еңбектің қандай түрлерін іске асыруға қабілеттісің? Еңбектің құны мен маңызы қандай? Адамның еңбегін неліктен бағалау керек?

Түйіндей келгенде, студенттердің кəсіптік білім беру ұйымдарының оқу- тəрбие үдерісіне бейімделуінде психофизиологиялық жəне педагогикалық қолдау көрсету өте маңызды болып табылады. Жаңадан қабылданған студентке оқытушылар мен психологтар тарапынан сапалы көмек көрсетілуі қажет. Студенттердің толыққанды дамуына университет тарапынан оңтайлы жағдай жасау, сондай-ақ кешенді жұмыстарды жүргізу негізінде (психологиялық семинар мен профилактикалық іс-шаралар т.б) студенттің жоғары оқу орнына кәсіптік бейімделуіне психофизиологиялық жағынан қолдау жасауға болады. Біздің ұсынып отырған профилактикалық бағдарламамыз сол кешенді жұмыстардың бір бөлігіне кіреді.
Ең бастысы, кез-келген жоғары оқу орны үшін студенттердің денсаулығын қалыптастыру оның негізгі міндеттемелерінің біріне айналуы керек, оны жүзеге асыру мемлекет дамуының әлеуметтік-экономикалық, рухани-адамгершілік деңгейін қамтамасыз ететін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан