Рахимгалиева пакизат сармановна



бет18/36
Дата19.01.2023
өлшемі0.75 Mb.
#417153
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp
3 Лаб. С (1), 2016 11 08-Posob Angl Iazik dleaMedikov
Құзыреттіліктер

Іскерлігі мен дағдысы

Әмбебап құзыреттілік

- Коммуникациялық құралдар мен технологиялардың заманауи қолдану мүмкіндігі;
- Біртұтас ғылыми жүйелік көзқарасқа негізделген әртүрлі жағдайларды бағалау қабілеті;
- Әлеуметтік ортада адамды қалыптастыру және анықтау қабілеті, салауатты өмір салтын ұстану.

Жалпы кәсіби құзыреттілік

- Әр түрлі жас кезеңдерінде адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін реттеудің ерекшеліктерін, психикалық, психофизиологиялық дамуының жалпы, өзіндік заңдылықтарын және жеке ерекшеліктерін ескеру қабілеті;
- Пәнаралық интеграция негізінде тұлғаралық және гендерлік өзара түсіністік пен өзара әрекеттестікті, этномәдени қарым-қатынасты дамыту үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жүйелеу қабілеті;
- Педагогикалық іс әрекеттің құндылықтарына сәйкес кәсіби қоғамдастықта өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі жүзеге асыруға, коммуникативті дағдыларын және әлеуметтік қатынастарын дамытуға қабілеттілігі.

Кәсіби құзыреттілік

- Педагогика және психология ғылымдары саласындағы әдістемелік, басқарушылық білім мен дағдыларды меңгеруге және оларды практикалық әрекетке тасымалдауға дайындығы;
- Білім алушыларды диагностикалаудың және түзетудің қазіргі заманғы әдістерін қолдану қабілеті;
- Сапалы психологиялық қызметті ұсынуда білім беру және инновациялық технологияларды қолдану қабілеті.

Болашақ педагог-психологтардың кәсібилігінің құрамдас бөліктеріне: кәсіби (объективті қажетті) педагогикалық-психологиялық білімдер; кәсіби (объективті қажетті) педагогикалық-психологиялық іскерліктері; кәсіптік педагогикалық-психологиялық позиция мен ұстанымдар, сондай-ақ, педагог-психолог маманға кәсіптік білім мен іскерлікті меңгеруге мүмкіндік беретін кәсіби және тұлғалық маңызды сапалары жатады [164].


Студенттердің кәсіби білім мен біліктілік көрсеткіштері мынадай деңгейлер бойынша анықталады: білім-тaнысу – студeнттeр пәндeр бойыншa тeориялық білім aлaды, бірaқ өз білімін тәжірибeдe қолдaнуды білмeйді; білім-рeпродукция – студeнттeр aлғaн білімдeрімeн бөлісe aлaды, тaсымaлдaйды, бірaқ оны тәжірибeдe пaйдaлaну қиындық туындaтaды; білім-іскeрлік – студeнттeр қaжeтті білімді aлып, тәжірибeлік іскeрліктeрді дe мeңгeрeді, білім-тaсымaлдaу – студeнттeр өздігінeн білімін жeтілдірe aлaды жәнe оны тәжірибeдe қолдaнa aлaды.
Болашақ педагог-психологтарға кәсіби іс-әрекетке қажетті қосымша іскерліктер мен дағдыларға төмендегілер жатады:

  1. «Туындаған жағдайларға бағдарлануға қабілеттігіне» студенттің жағдайларды талдаудың қажеттілігін түсінуі және оның әдістерін білуі, нақты жағдайларды талдай алуы және бағалауы, кикілжіңдерді талдау және бағалау тәжірибесінің болу іскерліктері мен дағдысы т.б кіреді.

  2. «Басқа адамдарға сенімді және адамгершілікпен қарау қабілеттігіне» адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын білуі, басқа адамдарға сенім арту, өзгелерге толерантты қараудың маңыздылығын, жанашырлық таныту қажеттілігін түсінуі жатады. Сонымен қатар, адам құқықтары мен бостандықтарына құрмет көрсете отырып, сенімді тұлғааралық қарым-қатынасты орнатып, өзге адамдарға төзімділік таныта білу іскерліктері кіреді.

  3. «Құрдастарымен және ересектермен тиімді қарым-қатынас жасауға дайын болу қабілеті» бойынша студент құрдастарымен және ересектермен өзара әрекеттесу қажеттілігін түсінеді, тиімді қарым-қатынас жасау тәсілдерін біледі, өзара іс-қимылға тиімді қатыса алады, басқа көзқарасты ести алады және түсінеді. Сондай-ақ, бұған құрдастарымен және ересектермен бірлескен қызметті жоспарлау және бірлескен іс-әрекетті орындау тәжірибесінің болуы, кикілжіңді жағдайларды шешу дағдысының болуы жатады.

4. «Өзін-өзі тануға қабілеттігі» бойынша студент өзін-өзі танудың маңыздылығын түсінеді, оның тәсілдерін біледі, өз іс-әрекеттерін талдай алады, өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни бағалай біледі және өзінің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін түсініп, оның нәтижелерін көрсету жағынан тәжірибелігін танытады.
5. «Жаңа әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуге дайындығы» бойынша студент жаңа әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделудің негізгі тәсілдерін біледі, ортаның жаңа жағдайларына бейімделе алады, әлеуметтік-мәдени ортаны қайта құруға қатысады және жаңа әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуде өзінің іскерлігі мен дағдысын көрсетеді.
6. «Өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі» бойынша студент өзін-өзі дамытудың маңыздылығын түсінеді, өзін-өзі дамытуды қамтамасыз етудің негізгі тәсілдерін біледі, өзін-өзі жоспарлауды, өзін-өзі ұйымдастыруды, өзін-өзі бақылауды, өзін-өзі бағалауды жүзеге асырады және тәжірибелігін танытады. ЖОО-да кәсіби іс-әрекетке бейімделуге тек қана педагогикалық және психологиялық білім мен іскерліктерді меңгеру ғана емес, сонымен қатар педагог-психолог маманға қажетті кәсіби маңызды сапаларды игеру, бойға сіңіру де жатады. Педагог-психологқа ақыл-ой, эмоционалды-еріктік және психомоторлы талаптар қойылады. Өйткені, педагог-психологтың кәсіптік іс-әрекеті коммуникативтік байланыстың субъектісі ретінде әртүрлі деңгейдегі және көпжоспарлы іскерлік қарым-қатынаста ақпарат алмасудан тұрады. Сондықтан да, сыни ойлау қабілетінің жылдамдығы, ақыл-ой іс-әрекетінің жоғары нәтижелігі, эмоциональды тұрақтылық, эмпатия, коммуникативтік мобильдік және т.б кәсіби сапалар талап етіледі.
Демек, кәсіби іс-әрекетке бейімделу барысында болашақ педагог-психологтардың бойында кәсіби қызметке қажетті сапаларының қалыптасу үдерісі жүзеге асады. Төмендегі 14-ші суретте Г.В.Акопов бойынша кәсіптік іс-әрекетті орындауда маңызды болып табылатын тұлғалық сапалардың деңгейлері бөліп көрсетілген [165].


Сурет 14 – Кәсіптік іс-әрекетті орындауда маңызды болып табылатын тұлғалық сапалар
Болaшaқ мaмaнның кәсіби сaпaсы мен тұлғaлық сaпaлaрын ажырата білу қажет. Болaшaқ мaмaнның тұлғaлық сaпaлaрынa: еңбекқорлық, жaуaптылық, этикa нормaлaрын сaқтaу, ізгілік, достық қaрым-қaтынaс, aдaлдық пен ұқыптылық және т.б жaтaды. Сондaй-aқ, ғылыми әдебиеттерде осы түсініктермен бір қaтaрдa мaмaнның кәсіби қaбілеттері (көшбасшылық, коммуникaтивтік, ұйымдaстырушылық, бaсқaрушылық т.б) қaрaстырылaды.
Болашақ педагог-психологтардың жоғары оқу орнындағы оқу іс-әрекетін орындау деңгейіне мотивациялық сферасы (мақсатты жобалау, тұлғаның мотивациялық бағыттылығы және т.б) мен танымдық сферасы (бақылампаздығы, рефлекция, өзін-өзі бағалауы) белсене қатысады [166; 167].
С.В.Тарасовтың зерттеу жұмыстарында маманның кәсіби біліктілігі ретінде іс-әрекет субъектісінің оқу-кәсіптік әрекетінің нәтижелі орындалуына септігін тигізетін интегралды психологиялық қасиеттері түсіндіреді [168, 36 б].
С.В.Тарасов кәсіби іс-әрекетті орындауда маңызды болып табылатын педагог-психологтың кәсіби сапаларын 15-ші суретке сәйкес бағыттарға жіктейді.

Сурет 15 – С.В.Тарасов бойынша кәсіби іс-әрекетті орындауда маңызды болып табылатын кәсіби сапалар

Өзге адамның құндылықтарына бағдарлану педагог-психолог маманның кәсіптік іс-әрекетінің басты мәніне кіреді. Осы жағдай педагог-психологтың қызметінің аса маңыздылығының көрсеткіші бола алады [169].


Ғылыми бағыттағы еңбектерді талдай отырып, жоғары оқу орны жағдайында болашақ маман бойында қалыптасуы тиіс бірқатар маңызды кәсіби және тұлғалық сапаларды іріктеп шықтық:
- Жоғары ақыл-ой қабілетін танытатын, ізденімпаз, ақпаратты жан-жақты талдай алатын, еркін және креативті ойлай білетін тұлға атану;
- Тұлғааралық қарым-қатынаста ашық, сыпайы және белсенді болу, адамдардың есімдерін тез жаттай алу, қарым-қатынысқа бейім болу;
- Бірлескен іс-әрекеттерге, жеке тұлғалық қызығушылықтар мен топтық бастамаларға қолдау көрсету, ар-намысты сақтау, жоғары жауапкершілікті таныту және тәжірибелік сипаттағы сұрақтарды жылдам шеше алу;
- Эмоциялық жағынан тұрақты және төзімді болу, кикілжіңді жағдайларда салқынқандылық таныту, жағдайды шынайы бағалай білу және стресске төзімді болу және т.б [170].
Теориялық және тәжірибелік бағыттағы зерттеу жұмыстары көрсеткендей, студенттерді кәсіби іс-әрекетке бейімдеуде ең маңызды рөлді студенттің кәсіпті игеруге деген қажеттілігі, құндылық бағдары және мотивация деңгейі атқарады.
Профилактикалық мінез-құлық мотиві де адамдардың қажеттіліктері мен құндылық бағдарларына негізделеді. Қажеттілік бір затты қажетсінуден туындайды, яғни, адамның ерекше формадағы бір нәрсенің жетіспеуінен немесе оны қажетсінуінен туындаған сезімі. Салауатты өмір салтын ұстанудағы жетекші мотивацияның мәні тұлғаны ойлаудың белгілі бір стиліне, жеке және ұжымдық денсаулықты сақтау мүддесіндегі нақты іс-әрекетке итермелейтін субъективті (тұлғалық) және объективті (қоғамдық) күштердің үйлесімділігінен тұрады. Онымен қоса, мотивация құрылымына салауатты өмір салтын ұстануға деген қажеттіліктер, стимулдар, қызығушылық, құндылық бағдарлары, мақсаттар, мотивациялық ұстанымдар, идеалдар, сондай-ақ оларды қанағаттандыру құралдары кіреді.
Демек, болашақ педагог-психологтардың кәсіпке бейімделу үдерісін жан-жақты зерттеу және оның жүзеге асуына оңтайлы жағдай туғызу студенттің кәсіби маман ретінде қалыптасып, жан-жақты дамуына тиімді ықпал етеді. Кәсіби бейімделу үдерісін зерттеу өз кезегінде қажеттілік, мотивация, құндылық бағдар сияқты маңызды педагогикалық және психологиялық түсініктердің мәнін ашуды қажет етеді.
Қажеттілікті түсіндіру үшін А.Маслоудың теориясындағы тұлғаның бес қажеттіліктен тұратын иерархиясын қарастыру жеткілікті болады: физиологиялық қажеттілік, қорғанысқа деген қажеттілік, махаббатқа деген қажеттілік, мойындатуға деген қажеттілік және өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік [171].
Физиологиялық қажеттілік тұлғадағы ең күшті, әрі негізгі қажеттілік болып саналады және оған адамның тамақ, су, қалыпты температура және т.б қажеттіліктері кіреді. Физиологиялық қажеттіліктен кейін адамның қорғанысқа деген қажеттілігі пайда болады. Бұл тұрақтылық пен қорғанысқа ие болу, бойдағы қорқыныш пен мазасыздықты болдырмауға ұмтылу деген сөз. Тұлғаның махаббатқа деген қажеттілігі оның коммуникативті байланысқа ұмтылуынан, әлеуметтік топқа енуінен, достық пен сүйіспеншілікке негізделген қарым-қатынасынан көрініс табады. Сонымен қатар, адамның мойындатуға және өзін-өзі жетілдіруге бағытталған қажеттіліктері болады. Өзгелердің қадірлеуі және мойындауы тұлғаның өз-өзіне деген сенімін арттырса, керісінше мойындамауы әлсіздік пен қорғансыздық сезімін тудырады. Ал, өзін-өзі жетілдіру әр адамның жеке даралығын танытуға деген ұмтылысынан көрінеді. Теорияға сүйенсек, болашақ маманның төменгі қажеттіліктерінің орындалуы жоғарыдағы қажеттілігінің, яғни өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысының туындауына ықпал етеді.
Тұлғаның өзінің бүкіл өмір әрекеттерін, әлеуетін, бүкіл ішкі мотив пен ұмтылыстарын толығымен ашу арқылы көрінетін, адамның өмірлік ұмтылысын құндылықтық бағдарлар деп атайды. Студенттің құндылық бағдарлары өмір барысындағы іс-әрекетке байланысты өзгеріп, толықтырылып, жаңа түрге еніп отырады. «Құндылық» ретінде əлеуметтік ілгерілеумен байланысты жағымды мəн-мағыналы оқиғалар мен құбылыстарды түсінуге болады. Қоғамда әлеуметтік реттілікті қамтамасыз ететін әр түрлі құндылықтар жиынтығы қалыптасады. Тұлға сол қоғамда қалыптасқан құндылықтарды танып білу, меңгеру арқылы дамиды, қоғамда қабылданған тәртіп пен ережені ұстанады [114].
Құндылық бағдарлар адамның тұлғалық ерекшеліктеріне ғана емес, оның әлеуметтік жағдайларда өзін-өзі көрсету мен кәсіби жағынан өзін-өзі анықтауы кезіндегі іс-әрекетін саналы ұйымдастыруына ерекше әсер етеді. Адамзат дамуында өзгеріске түспей, сол қалпында сақталып келе жатқан құндылықтарға өмір, бейбітшілік, еңбек, денсаулық пен махаббат, сұлулық және т.б жатады. Ал, тұлғаның жеке құндылықтық бағдарына: бақытты отбасылық өмір, денсаулық, жақсы және адал достардың болуы, қызықты жұмыс, махаббат, материалдық жағынан қамтамасыз етілу, қоғамдық бедел, өз-өзіне сенімділік және т.б. жатқызуға болады.
Дегенмен, тұлғаның құндылық бағдарлары үнемі өзгеріске түсіп, жаңарып отырады. Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісінде және кәсіпке бейімделу барысында да студенттің құндылық бағдары мен мотивтері өзгеріске түседі. Мысалы, шетелдік ғалым У.С.Родыгина өз зерттеулерінде 1 және 4 курс аралығындағы студенттердің кәсібіне сәйкестік өлшемдерін сипаттап көрсетеді. Ғалымның зерттеу нәтижелері бойынша: 1 курс студентерінде кәсіпке сәйкестік деңгейі формальды болады, яғни «мен психология факультетінде білім алсам, онда міндетті түрде педагог-психолог болып шығамын» деген ойға саяды. 2 курс көтеріңкі рефлексия деңгейімен ерекшеленсе, 3 курс студенттерінде кәсіпті игеруге деген мотивация байқалады. 4 курс студенттері кәсіпке сәйкестілігінің барлық өлшемдері бойынша орташа нәтижелерді көрсетеді [172, 42 б].
Адамның кез-келген іс-әрекетінің негізгі элементі – мотивациясының болуы. Сол іс-әрекетті орындауға деген ішкі ұмтылысы мен ынтасының болуын мотивация арқылы көруге болады. Мотивтер адамның рухани, физикалық, экономикалық қажеттіліктерінің күрделі үйлесімінің нәтижесі болып табылады. Кез-келген іс-әрекет мақсатқа жетуден және осы жағдайда туындайтын мәселелерді шешуден тұратындығын есте ұстаған жөн [173].
Мінез-құлықты реттеудегі көріністері мен функциялары бойынша мотивациялық факторларды салыстырмалы түрде 3-ке бөлуге болады: қажеттіліктер, итермелеуші күштер және инстинктер. Мәселен, К.В.Судаковтың пікірінше әлеуметтік мотивтер туа біткен биологиялық мотивтер негізінде жеке адамдардың қоршаған ортамен, ата-аналарымен және қоршаған жануарлар әлемімен қарым-қатынасы арқылы құрылады [38, 16 б].
Мотивация – бұл студенттің мінез-құлқын физиологиялық және психологиялық тұрғыда басқаратын, бағыттайтын, ұйымдастыратын, белсендендіретін және тұрақтандыратын динамикалық үдеріс болып табылады. Ресейлік ғалымдар А.Н.Леонтьев пен С.Л.Рубинштейннің ойынша, мотив бұл адамның санасында көрініс беретін құбылыс, ол белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруда іс-әрекет тудырушы және бағыттаушы күш болып табылады. Тұлғаның мақсаты – бұл қоғамдық маңызды іс-әрекетті орындау болса, мотив – тұлғалық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып саналады [20, 22].
Кәсіби маман даярлаудың педагогикалық және психологиялық аспектілерін зерттеумен айналысқан ғалымдар мотивацияның қалыптасуына ерекше назар аударады. Оқу іс-әрекетінің қозғаушы күші танымдық қажеттіліктер, мақсат, қызығушылық, ұмтылыс, идеалдар, ұмтылыстарды қамтитын мотивтер жүйесі болып табылады. Оқу іс-әрекетінде студенттердің белсенділігіне ішкі, сыртқы және тұлғалық факторлар өз әсерін тигізеді. Оқу мотивациясының ішкі көздеріне тұлғаның танымдық және әлеуметтік қажеттіліктері кіреді. Ал, сыртқы әсерлеріне оқу іс-әрекетіндегі талаптар, күтілулер және сыртқы мүмкіндіктер жатады. Студенттердің белсенділігіне ықпал ететін тұлғалық факторларға оқу іс-әрекетін белсендендіретін жеке қызығушылықтар, қажеттіліктер, ұстанымдар, стереотиптер, өзін-өзі дамыту мен жетілдіру т.б атап өтуге болады [174, 19 б].
Көптеген ғалымдардың зерттеулерінде мотивтердің екі түрлі сапасы қарастырылады: мазмұндық және динамикалық. Мазмұндық сапасы оқу іс-әрекетінің сипатына байланысты болады (саналылық, өзбетімен іздену, әрекеттілік, бірнеше пәндерге ынталану дәрежесі т.б). Ал, динамикалық сапасы жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктеріне тәуелді болады (мотивтің тұрақтылығы, мотивтің көріну деңгейі, бір мотивтен екіншісіне ауысу дәрежесі, мотивтердің эмоциялық көрінісі және т.б) [175].
Ресейлік ғaлым A.К.Мaрковaның ғылыми-зерттеу жұмыстaрындa тұлғaның кәсіптік іс-әрекетінің нәтижелі орындaлуынa, қaрым-қaтынaс мәдениетінің дaмуынa және стресстік жaғдaйлaрғa тұрaқты болуынa септігін тигізетін мотивaциялық, еріктік және эмоциялық ерекшеліктері aтaлып өтіледі:
- мaмaнның кәсіби мотиві, мaқсaт-міндеттері, қaжеттілігі, қызығушылығы, тұлғaaрaлық қaрым-қaтынaсты орнaтуы, құндылық бaғдaры, өмірлік принциптері;
- жоғaры нәтижелерге кәсіби тaлaптaну, кәсіптік өзін-өзі aнықтaу және бaғaлaу, өзіндік сaнa;
- мaмaнның эмоциялық қaлпы, психикaлық күйлері, сезімдері, стресске төзімділігі;
- мaмaнның кәсіби міндеттері мен қызметтері, өз еңбегінің нәтижесіне қaнaғaттaнуы;
- кәсіби қaбілеттер, білім мен іскерлікті aрттыру, кәсіптік көтерілуге дaйын болу;
- шығaрмaшылық ойлaу, тәжірибені aрттыру, кәсіби құзыреттілікті жоғaрылaту [100].
Студенттердің оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде қалыптасуы оның ішкі және тұрақты мотивінсіз жүзеге аспайды. Педагогика және психология ғылымдарында мотивацияны және тұлғаның бағыттылығын зерделеуге арналған бірқатар тұжырымдамалар мен теориялар белгілі. Дж.Келли, Д.Макклелланд және т.б шетелдік ғалымдардың көзқарасы бойынша, мотивацияның қалыптасуына қоғамдық даму факторлары емес, туылғаннан пайда болатын түрткілер маңызды деп есептелінеді. Оқу мотивациясы белгілі бір оқу іс-әрекетіне негізделген мотивацияның ерекше түрі ретінде қарастырылады.
Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, студенттердің бойында жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивтері маңызды рөл атқарады. Студент бойындағы оқуға деген белсенділікті жетістікке жетуге деген қажеттілік анықтайды. Жетістікке жету мотиві адамды жеңістерге, жағымды іс-әрекетке деген ұмтылысын тудырса, сәтсіздіктен қашу мотиві керісінше, сәтсіздіктен, сөгіс естуден қашуға ұмтылдырады. Жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивтері оқу сапасына әсерін тигізіп, оқу іс-әрекетін орындауға деген студенттердің белсенділігін өзгертеді.
Ресейлік ғалымдардың зерттеулерінде мотивтер саналы қажеттілік, тұлғаның іс-әрекетімен байланысты құбылыс ретінде қарастырылып, оған әсер ететін биологиялық және әлеуметтік даму себептері талданады. Зерттеушілердің жұмыстарына сүйенсек, оқу мотивациясының қалыптасуына септігін тигізетін бірнеше маңызды факторларды атап өтуге болады. Атап айтқанда: білім беру жүйесінің жалпы сипаты; білім беру ұйымындағы педагогикалық үдерістің ұйымдастырылу деңгейі; студенттің жеке басына қатысты ерекшеліктер (жынысы, жасы, ақыл-ой даму деңгейі мен қабілеттері, өзін-өзі бағалауы, өзге қатарластарымен бірлесіп әрекет ете алуы мен қарым-қатынас құра білу іскерлігі т.б); оқытушының тұлғалық ерекшеліктері және оның білім алушыларға, педагогикалық іс-әрекетке деген қатынасы; оқу пәнінің спицификалық ерекшеліктері және т.б [174].
Жоғары оқу орнындағы кәсіби іс-әрекетке бейімдеу үдерісін әлеуметтік-психологиялық бейімдеуден бөліп жарып қарай алмаймыз. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу студенттің жеке басы мен жаңа әлеуметтік ортаның өзара тиімді әрекеттесу үдерісі. Бейімделу үдерісінің маңызды сәті тұлға мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесуі, бұл жағдайда тұлға стратегияны таңдау мен процесстің нәтижелілігіне жауап беретін бейімделудің белсенді субъектісі ретінде әрекет етеді. Яғни, студент оқу орнының жаңа ортасына бейімделуі және онда өзін ыңғайлы сезінуі тиіс.
Өзара әрекеттесудің негізгі мақсаты: тұлға мен топ арасындағы мақсаттар мен құндылықтардың адекватты арақатынасы, әлеуметтік мақұлданған мінез-құлық пен тұлға іс-әрекетінің сәйкестігі, яғни қызығушылықтар, құндылық бағдарлар, әлеуметтік-психологиялық қатынастар мен сапалардың үйлесімділігі болып табылады. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу деңгейі жеке тұлға мен жаңа әлеуметтік ортаның өзара әрекеттестігі мен оңтайлы қатынасын, жеке адам мен топтың құндылықтарын, оның әлеуметтік бекітілген мінез-құлықтарға және жеке тұлғаның ішкі құрылымына: қызығушылығына, құндылық бағдары, әлеуметтік-психологиялық ұстанымдар мен қасиеттеріне сәйкестілігін білдіреді.
ЖОО-да студенттерді кәсіби іс-әрекетке бейімдеудегі дезадаптация көріністері әртүрлі психофизиологиялық сипатта көрініс табады. Ал, кәсіби іс-әрекетке бейімдеу үдерісін әр мамандықтың жеке мысалында қарастырған жөн. Өйткені, әрбір мамандық мақсат-міндеттері, функциялары, кәсіби маманнан талап етілетін құзыреттіліктер мен кәсіби-тұлғалық сапалар жиынтығы тұрғысынан белгілі бір ерекшеліктерге ие болып табылады.
Болашақ педагог-психологтардың негізгі кәсіби функциялары мен құзыреттіліктер деңгейін талдау, сондай-ақ, дезадаптация көріністерінің психофизиологиялық ерекшеліктерін қарастыру біздерге профилактикалық іс-шаралар бағдарламасын құрудың қажеттілігін алға тартты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан