Рахимгалиева пакизат сармановна



бет17/36
Дата19.01.2023
өлшемі0.75 Mb.
#417153
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp
3 Лаб. С (1), 2016 11 08-Posob Angl Iazik dleaMedikov
р/с

Критерийлер

Критерийлердің сипаттамасы

1

Дидактикалық

- Студенттердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған іс-шаралардың әлеуметтік, педагогикалық тұрғыдан маңыздылығы мен көкейкестілігі туралы университеттің мақсаттары мен міндеттерінде көрініс табуы.

2

Басқарушылық

- Оқытудың әртүрлі кезеңдерінде денсаулықты сақтау және нығайту шараларына оқытудың дәйекті және үздіксіз жүйесі;
- ЖОО-да денсаулықты қорғау және нығайтумен байланысты мәселелерді шешуге интегративті және ведомствоаралық көзқарас;
- Санитарлық-гигиеналық және ағартушылық бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру;
- Студенттердің бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру мәдениетін қалыптастыру.

3

Педагогикалық

- Оқу үдерісінде шамадан тыс ақыл-ой, физикалық және психикалық жүктеменің алдын алу;
- Сабақ өту кезінде санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау;
- Оқыту үдерісінде денсаулықты сақтайтын технологияларды қолдану;
- Студенттердің денсаулық мәдениетін тәрбиелеу, яғни денсаулықты сақтау мәселелері бойынша сауаттылықты қалыптастыру. Салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығына қамқорлық жасау қажеттілігін түсіну және соны ұстану.

4

Дұрыс тамақтану тәртібі

- Студенттердің энергия тұтынуына (жұмсауына) сәйкес келетін рационның адекватты энергетикалық құндылығы;
- Барлық қажетті және қажетті емес қоректік заттардан құралған рационның күн тәртібі бойынша дұрыс реттелуі;
- Тамақ өнімдерінің санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде қоғамдық тамақтандыру объектісінің, жеткізілетін азық-түлік өнімдерінің жай-күйіне, оларды тасымалдауға, сақтауға, дайындауға және тамақтандыруға қойылатын барлық санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.

5

Санитарлық-гигиеналық

- Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимдерді ұйымдастыру;
- Ауруларды анықтау және олардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды орындау;
- Дені сау студенттерді динамикалық түрде бақылау және денсаулығына зақым келген студенттерді диспансерлік бақылау;
- Салауатты өмір салтын насихаттау;
- Студенттерді гигиеналық дағдыларды сақтау талаптарына үйрету.

6

Медициналық

- Студенттердің денсаулық жағдайының динамикасын бағалау;
- Денсаулыққа қауіпті мінез-құлық тәуекелдерін бағалау (темекі шегу, алкоголь, есірткі);
- Студенттердің, ата-аналардың және оқытушылардың студенттердің денсаулығын сақтау және нығайту бойынша университеттің жүйелі жұмысына қанағаттанушылық дәрежесі.

7

Психологиялық

- Оқу топтарындағы психологиялық климатты қалыпқа келтіру, эмоционалды сергіту әдістерін пайдалану;
- Оқытушылар мен студенттер арасындағы педагогикалық қарым-қатынас стилі;
- Сауалнамалар мен емтихандардың сипаты, баға қою мәселесі;
- Оқытушының студенттермен жеке дара қарым-қатынасты жүзеге асыру дәрежесі (әсіресе, «тәуекел тобындағы студенттермен»);
- «Топтағы қиын студенттермен» жұмыс істеу ерекшелігі;
- Оқытушының жеке үлгісі (денсаулық жағдайы, өмір сүру салты, өз денсаулығына деген қатынасы).

8

Дене шынықтыру

- Сабақтар арасындағы үзіліс кезінде орындалатын белсенді-қозғалыстық сипаттағы жұмыстар;
- Динамикалық үзілістер;
- Дене шынықтыру сабағына деген салмақты көзқарас (әлсіз студенттерге арналған арнайы топтардың жұмысы, мұндай сабақтардың өткізілу жиілігі, ұзақтығы, түрлері мен формалары).

9

Үгіт-насихаттық

Ортақ мәселелерді шешуге бағытталған университет пен басқа ұйымдардың бірлескен жұмыстары (тақырыптық дәрістер, стендтер, тренингтер).

10

Экологиялық

Таза су бағдарламасын жүзеге асыру, оқу ғимараттары мен жатақханаларды сумен қамтамасыз ету көздеріне сүзгілер орнату, экологиялық таза азық-түлікті пайдалану, аэроклиматтық қондырғылар, ауаның патогенділігін жою жұмыстары.

11

Нәтижелік

- Студенттердің университетте оқу кезіндегі денсаулық жағдайының динамикасының көрсеткіштері;
- Денсаулыққа қауіпті мінез-құлық қатерлерін талдау (темекі шегу, алкоголь, есірткі);
- Студенттердің, ата-аналардың және оқытушылардың студенттердің денсаулығын сақтау және нығайту бойынша университеттің жүйелі жұмысына қанағаттану дәрежесін талдау.

Демек, денсаулық сақтау технологияларына қарай университеттегі оқу процесін оңтайландыру және бағыттау толыққанды білім беру үдерісін жүзеге асыруға және жоғары кәсіби мамандар даярлауға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.


Жoғaры oқу oрнының студeнттeрін кәсіби іс-әрeкeткe нәтижeлі бeйімдeудің физиoлoгиялық зaңдылықтaры, ерекшеліктері мен жоғары оқу орнының мүмкіндіктерін aнықтaу, біздерге жоғары оқу орындарында студенттердің психофизиологиялық дамуының қамтамасыз етілу деңгейін бағалау критерийлерін нақтылауға жағдай жасады. Жоғары оқу орындарының студенттерді кәсіби іс-әрекетке бейімдеу бағытындағы жұмыстарының тиімділігін бағалаудың стандартты басқарушылық, педагогикалық, психологиялық, медициналық т.б критерийлеріне білім алушыларды физиологиялық жағынан дамыту, дұрыс тамақтану, студенттік топтағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды мониторингтеу, олардың өмір сүру жағдайына қанағаттану деңгейін бағалау, студенттердің энергия жұмсауына сәйкес келетін рационның адекватты энергетикалық құндылығын реттеу т.б. сынды маңызды критерийлер енгізілді.

2.2 ЖОО-да студенттерді кәсіби іс-әрекетке бейімдеудегі дезадаптация көріністерінің психофизиологиялық ерекшеліктері


Жеке тұлғаның бейімделу мәселесі белсенді болу, өмір сүрудің ең қолайлы жағдайларын іздеу және тану қажеттіліктерін қанағаттандыру процесстеріне әсер ететін биологиялық факторларды зерттеу негізінде қарастырылады. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру өзінің түйсінулері мен сезімдерін талдау қабілеттерін дамытуға және өзін-өзі ұйымдастыра алу яғни, зейінді бағыттау, шоғырландыру, бөлу, тұрақтандыру қабілеттеріне едәуір дәрежеде әсерін тигізеді.


Жеке тұлғаны әлеуметтендіру мәселесі әлеуметтік ортада қабылдану және осы ортада өзін мойындату, яғни маңызды болу қажеттіліктерін қанағаттандыру үдерістеріне әсер ететін әлеуметтік факторларды зерттеу негізінде қарастырылады. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру көп жағдайда бір-бірін түсінісу арқылы ынтымақтасу қабілеттерін және сөйлеуін жетілдіру арқылы қарым-қатынасқа түсу, тіл табысу қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Психoлoгиялық және пeдaгoгикaлық тeoрия мeн тәжірибеде кәсіби бeйімдeлудегі физиoлoгиялық ерекшеліктер бeртін кeлe ғaнa қaрaстырылa бaстaды. Бұл ұғым дeнсaулық психoлoгиясы жәнe вaлeoлoгия сaлaлaрынa қaрaғaндa, тұлғa психoлoгиясы aясындa, oның рухaни және өздігінeн дaму мүмкіндіктеріне сәйкес көбірек түсіндіріледі.
Бейімделу тактикасын таңдау адамның өзінің кәсіби қызметін орындау кезіндегі функционалдық мүмкіндіктерімен, жеке тұлғаның жеке қасиеттерімен де, кәсіби дайындығымен де, ағзаның кейбір физиологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерімен де анықталады.
Студенттік кезең – бұл оқушы статусындағы тәуелділіктен бастап, барлық құқықтар мен міндеттерге ие ересек адамға дейінгі әлеуметтік рөлдердің өзгеру кезеңі. Екіншіден, студенттер кәсіби іс-әрекетке бейімделу барысында үлкен және әдеттен тыс ұйымдастырылған оқу жүктемелерімен бетпе-бет келеді. Оқытушылар санының өсуі және жиі ауысуы, оқытудың жаңа әдістері мен формалары; білімді тексеру мен бақылаудың жаңаша жүйелері де студенттердің кәсіпке бейімделуіне өз ықпалын тигізеді.
Студeнттeрдeгі жеке жәнe әлeумeттік дeзaдaптaция көріністeрі ретінде: эмoциoнaльды дискoмфoртты, өзін-өзі рeттeудің нәтижeсіздігін, кoммуникaтивті іскeрліктeрдің әлсіз дaмуы мeн кoнфликтігe түсу, өзaрa түсініспeушілік т.б. жaғдaйлaрды айтуға болады. Әр жыл сайын кәсіпке бейімделу үдерісінде oқу жүктeмeсінің ұлғaюы, сaбaқ кeстeсінің өзгeруі, oқу бaғдaрлaмaсын түсінудeгі қиындықтaр, тoп студeнттeрі жәнe oқытушылaрмeн өзaрa қaрым-қaтынaс т.б сeбeптeргe бaйлaнысты бірқaтaр қиындықтaр oрын aлуы мүмкін.
Бейімделу (адаптация) – адамның қалыптасқан өмір сүру жағдайларына, жаңа ортаға икемделуі болса, дезадаптация – адамның әлеуметтік орта жағдайына бейімделу қабілетін жартылай немесе толық жоғалтуы болып табылады. Дезадаптация ішкі ыңғайсыздық, шиеленіс, алаңдаушылық сезімі, өз-өзін бағалау және өзіне деген сенімділіктің төмендеуінен көрінеді, бұл адамның қоршаған ортамен сәтті әрекеттесу қабілетін тежейді және психикалық денсаулықтың бұзылуы ретінде көрініс береді [159].
Физиологиялық және психологиялық бағыттағы ғылыми еңбектерден дезадаптацияның бірнеше түрін ажыратуға болады. Оларды төмендегі 11-ші суреттен көруге болады.

Сурет 11 – Дезадаптацияның түрлері

Патогендік дезадаптация – адам психикасының бұзылуы, нейро-психикалық аурулар немесе ауытқулар нәтижесінде пайда болатын жағдай. Мұндай дезадаптация түрі аурудың емделу мүмкіндіктеріне және ауырлық деңгейіне қарай емделеді.


Психоәлеуметтік дезадаптация – бұл жеке әлеуметтік ерекшеліктерге, жас және жыныстық өзгерістерге, тұлғаның қалыптасуына байланысты жаңа жағдайларға бейімделе алмау. Бұл дезадаптация түрі, әдетте уақытша, алайда кейбір жағдайларда мәселе күрт нашарлауы мүмкін, содан кейін психоәлеуметтік бейімделу патогендік деңгейге ауысады.
Әлеуметтік дезадаптация – бұл ассоциальды мінез-құлық және әлеуметтену үдерісінің бұзылуымен сипатталатын құбылыс. Оған оқу дезадаптациясы да кіреді. Әлеуметтік және психоәлеуметтік дезадаптация арасындағы шекара өте жақын және әрқайсысы көріну деңгейлері арқылы ерекшеленеді [160].
Дезадаптация белгілері адам өмірінің сыни өтпелі кезеңдерінде, адамға психологиялық және әлеуметтік талаптардың жоғарылауы жағдайында, отбасындағы, жұмыста және достармен арадағы және т.б психотравматикалық оқиғалар мен қарым-қатынастар орын алған кездерде жиі пайда болады.
Дезадаптация көріністеріне физиологиялық, эмоциональды және мінез-құлықтық бұзылыстар жатады және олардың ерекшелігімен төмендегі 12-суреттен танысуға болады.



Сурет 12 – Дезадаптация нәтижесінде пайда болатын бұзылыстар


Мінез-құлық бұзылыстары жас ерекшеліктеріне қарамай, өздігінен көрініс табуы мүмкін. Студент жастарда дезадаптация депрессия, бұлыңғыр ойлар мен уайымдар түрінде білінеді. Оқу іс-әрекетінде эмоционалды дезадаптация бұл зейіннің дұрыс шоғырланбауынан, есте сақтау қызметінің төмендеуінен, сөйлеудегі қиындықтардан (сөздерді ұзақ ойланып барып айту, жиі кідіріс жасау), бақылау және семинар жұмыстарын тапсырудан, оқытушының сұрақтарына жауап бере алмаудан қорқу сияқты белгілер арқылы көрініс береді. Өйткені, студенттің танымдық үдерістері (қабылдауы, зейіні, есте сақтауы, ойлауы, қиялы) теріс эмоциялар кесірінен бұғатталады. Нәтижесінде, бейімделе алмаған тұлға үнемі оны басқалар ренжітіп, мазалайтыны туралы ойлайды және іс жүзінде оқытушыны естімейді, оқулықтағы мәтінді түсінбейді және т.б.


Басқа адамдармен салыстырғанда ортаға дұрыс бейімделе алмаған тұлғада жоғары мазасыздық әрекеті, дөрекілік немесе аса қатты енжарлық байқалады. Эмоциональды бұзылыстың бұл кезеңі дистресс фазасы деп аталады және ол көбіне физиологиялық бұзылыстардың орын алуына себеп болады.
Эмоциональды дезадаптация себептерін уақытылы диагностикалау және түзету өте маңызды, өйткені бұл жұмыстың кешігуі адамның жеке басындағы тұрақты патологиялық бұзылуларға әкеп соғуы мүмкін [161].
Студенттердің денсаулығын нығайтатын оқыту үдерісі әрбір студенттің тұлғалық дамуын қолдауға арналған қолайлы білімдік ортаны құрады және білім беру бағдарламаларының студенттердің психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуін талап етеді.
Ол үшін жоғары оқу орнындағы әрбір оқу бағдарламасының студенттердің эмоционалды-еріктік, интеллектуалды және тұлғалық дамуына қаншалықты әсер ететіндігіне мониторинг жасап отыру маңызды. Дезадаптация көріністерінің алдын алуға студенттік ұжымдағы психологиялық ахуал да, оқытушылар мен студенттердің арасындағы өзара коммуникативтік байланыс та өз ықпалын тигізеді.
Білім беру бағдарламасын құруға әрбір жоғары оқу орнына ҚР БҒМ тарапынан толық еркіндік берілген. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, әр жыл сайын студенттердің өтетін пәнді және оқытушыны таңдауына жағдай туғызу, әрбір сабақта студенттердің оқыту әдістерін, тапсырма типтерін, оқу материалының түрі мен формаларын өзбетімен таңдауына мүмкіндіктер беру, сабақты барынша қызықты және шығармашылық деңгейде ұйымдастырып, өткізу студенттердің жоғары оқу орнындағы кәсіби іс-әрекетке оңтайлы бейімделуіне жағдай жасайды.
Жоғары оқу орны үдерісінде оқу материалдарының білім алушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі де маңызды рөл ойнайды.
Осыған орай, университеттегі оқыту үдерісін студенттерге барынша тиімді ету үшін:
- эмоционалды-ерік және интеллектуалды күш-жігерін ескере отырып, студенттің интеллектуалды және тұлғалық дамуына оқу бағдарламасының тигізетін әсерін бағалау;
- әрбір сабақта студенттің жұмыс әдістерін, тапсырма типтерін, оқу материалының түрі мен формаларын өз бетімен таңдауына жағдай жасау;
- сабақтың әр түрлі формаларын (рөлдік ойындар, диалогтар, тренингтер, әр студент үшін жеке маңызы бар оқу міндеттері мен жағдаяттарын талдау), сонымен қатар оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын қолдану;
- білім беру мекемесінің қызметін студенттердің оқу үлгерімі мен олардың денсаулық жағдайын ескере отырып ұйымдастыру және т.б. бағытындағы жұмыстардың орындалуы маңызды болып табылады.
Біз зерттеу жұмысы аясында «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің кәсіби іс-әрекетке бейімделу үдерісін зерделеуді мақсат етіп отырмыз.
Жоғары оқу орнының 6В01103 – «Педагогика және психология» бағыты бойынша кәсіби мамандарды даярлаудағы басты мақсаты – мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық-психологиялық қызметті ұйымдастырудың және жүзеге асырудың дағдыларын, тәжірибелік біліктіліктері мен теориялық білімдерін меңгерген педагог-психологтарды дайындау болып табылады.
Болашақ педагог-психолог мамандар жоғары оқу орнындағы кәсіби іс-әрекет барысында мектепке дейінгі, жалпы, кәсіптік және қосымша білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдау, диагностикалау, алдын алу, түзету, оңалту, бейімдеу кәсіби міндеттерін шешуге қабілетті маман ретінде қалыптасуы тиіс.
Жoғaры oқу oрнындa кәсіби білімді игeргeн пeдaгoг-психoлoг маман қoғaмдa пeдaгoгикaлық-психoлoгиялық, oқу-тәрбиeлік, ғылыми-зeрттeушілік, мәдeни-aғaртушылық, әдістeмeлік, ұйымдaстырушылық бaғыттaғы кәсіби қызмeт түрлeрін aтқaрады. Кәсіби пeдaгoг-психoлoг мaмaндaрдың кәсіби іс-әрeкeт түрлeрінe: білім бeру ұйымдaрының пeдaгoг-психoлoгы, хaлыққa әлeумeттік, психoлoгиялық қoлдaу көрсeту, тұлғaaрaлық қaрым-қaтынaс жәнe кәсіби oңaлту, психoлoгиялық-пeдaгoгикaлық сүйeмeлдeу, oқу-aғaрту, кәсіптік дaму мoнитoрингін жүргізу жәнe т.б жатады.
6В01103 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасын толық меңгерген студент болашақта келесі бағыттағы кәсіби қызметтерді атқаруға мүмкіндік алады:
- мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім ұйымдарының педагог-психологы;
- арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы педагог-психолог;
- кәсіби және техникалық білім беру ұйымындағы педагогика және психология пәнінің оқытушысы және т.б. Сонымен қатар, болашақта осы бағыттағы білімін магистратура және докторантура деңгейінде жалғастырып, жоғары оқу орнының оқытушысы лауазымына ауыса алады.
Педагог-психолог маманның кәсіби функцияларын білім берушілік, диагностикалық-кеңес беру және түзету-дамыту бағыттары бойынша жіктеп түсіндіруге болады. Осы аталған қызметтердің жалпы сипаттамасын төмендегі 13-суреттен көруге болады.

Сурет 13 – Педагог-психолог мамандардың кәсіби функциялары
«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасын толық меңгеріп шыққан студенттің бойынан бірқатар құзыреттіліктер табылуы тиіс. Маманның кәсіби құзыреттілігі оның педагогика және психология саласы бойынша жинақтаған білім, іскерлік және дағдысын, сондай-ақ кәсіби маңызды сапаларын қамтиды.
A.В. Хутoрскoй кәсіби құзыреттілікті негізгі құзыреттіліктер, жалпы білімдік және арнайы құзыреттіліктер деп жүктейді. Олардың мазмұнына әлеуметтік, құндылықты-мәндік, жалпымәдени, коммуникативтік, тұлғалық, танымдық, ақпараттық, интеллектуалдық және іс-әрекеттік құзыреттіліктерді жатқызады [162].
Сонымен қатар, заманауи қоғамдағы құзыреттілік мәселесін зерттеумен айналысқан, оның дамуы мен жүзеге асырылу барысына талдау жасаған маңызды еңбектердің бірі Дж. Равенге тиесілі [163].
Біз, педагог-психологтардың құзыреттіліктер деңгейін талдау кезінде аталған ғалымдардың еңбектерінен бөлек, отандық зерттеушілердің де (Б.Т.Кенжебеков, Ш.Т.Таубаева т.б) еңбектерін басшылыққа алдық.
Төменде берілген 6-шы кестеде болашақ педагог-психологтардан талап етілетін құзыреттіліктер деңгейі ұсынылған.

Кесте 6 – Білім беру бағдарламасы бойынша педагог-психолог маманның құзыреттіліктері







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан