Рахимгалиева пакизат сармановна


Кезеңдері Бейімделудің физиологиялық ерекшеліктері



бет14/36
Дата19.01.2023
өлшемі0.75 Mb.
#417153
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp
3 Лаб. С (1), 2016 11 08-Posob Angl Iazik dleaMedikov
Кезеңдері

Бейімделудің физиологиялық ерекшеліктері

Бейімделудің бастапқы кезеңі

Сыртқы факторлардың әсері басталғаннан кейін бірден пайда болатын бастапқы қорғаныс фазасы. Ол тек дайын, бұрын қалыптасқан физиологиялық механизмдер негізінде, ең алдымен жедел әрекет етудің функционалды жүйелерін (жүрек-қан тамырлары, жүйке және тыныс алу жүйелері) қосу арқылы жүзеге асырылады.

Бейімделудің аралық кезеңі

Орталық жүйке жүйесінің жалпы қозғыштығының төмендеуімен, өзгерген жағдайларға бейімделуді басқаруды қамтамасыз ететін функционалды жүйелердің қалыптасуымен, гормоналды өзгерістер қарқындылығының өзгеруімен сипатталатын өтпелі кезең. Ағзаның адаптивті-компенсаторлық реакциялары біртіндеп тіндік жауап деңгейіне ауысады.

Бейімделудің тұрақты кезеңі

Тұрақты бейімделу кезеңі функционалды жүйелердің қызметін қамтамасыз ететін, өмір сүру жағдайларына сәйкес келетін тіндік, жасушалық, мембраналық элементтер қызметінің жаңа деңгейімен сипатталады.

Ақыл-ой қызметі тек интеллектуалдық жұмыс түрінде ғана емес, динамикалық физикалық белсенділікті де құрайды. Студенттердің оқу үдерісінде қозғалыстың көп болмауы ағзаның қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне төзімділігін төмендетеді, соның салдарынан психофизикалық тонустың төмендеуі, жүйке-эмоционалдық стресс, басқа да аурудың пайда болуы орын алады [146].


Студенттің табысты іс-әрекеті үшін қажетті жағдай, ол ішкі жайсыздық сезімін жоятын және қоршаған ортамен шиеленіс мүмкіндігін шектейтін, оған жаңалық болған ЖОО-да оқу ерекшеліктерін меңгеру болып табылады. Оқу жылының алғашқы жылдарында ақыл-ой іс-әрекетін тиімді ұйымдастырудың іскерліктері мен дағдылары қалыптасады, таңдаған мамандыққа деген бейімділік сезінеді, еңбек, демалыс және тұрмыстың тиімді тәртібі орнығады, тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері бойынша өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстары жүзеге асырылады.
Университеттегі оқудың алғашқы жылдары студенттер үшін стресстік реактивтілік деңгейінің жоғарылауымен қатар жүреді. М.Люшердің түстер тесті бойынша анықталғандай, студенттерде психоэмоционалды стресс-реактивтіліктің жоғарылауына байланысты вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің тонусы төмендеп, мидың алдыңғы және артқы бөліктерінің қанмен қамтамасыз етілуі жоғарылап, алдыңғы және посткапиллярлық тамырлар ұлғаяды. Стресстік факторларға бейімделудегі механизмдердің шамадан тыс күшеюі ақыр соңында организмді түрлі ауруларға әкеп соқтырады [147].
Жоғары оқу орнындағы ақыл-ой қызметіне психофизиологиялық бейімделу мәселелерінің туындауына: оқуға қабілеттіліктің төмендігі; білім алушының жетістікке жетуге деген шамадан тыс немесе төмен ұмтылысы; жүктемелердің артуы; ерік сапасының төмендігі және т.б себеп болуы мүмкін. Студенттердің психофизиологиялық жағдайының нашарлауына ықпал ететін жеке сипаттамаларға эмоционалды тұрақсыздық, мазасыздық, агрессивтілік және психикалық стрессті тудыратын басқа да жеке тұлғалық факторлар жатады [44, 21 б].
Студенттердің оқу және физикалық мәдениетке бейімдеу мәселесін қарастырған зерттеушілердің бірі А.В.Кабачкованың еңбектеріне сүйенетін болсақ, кәсіби іс-әрекетке бейімдеу үдерісінде адамның ағзасына әсер ететін көптеген сыртқы факторларды есепке алу қажет. Келесі 8-ші суретте А.В.Кабачкова тарапынан ұсынылған оқу-тәрбие үдерісінің әсерінен дезадаптацияның және тиімді бейімделуді қалыптастырудың схемасы берілген [45, 19 б].

ЖОО-ның оқу үдерісіндегі стресстік факторлар





Эмоциялық қысым





Бейімделу тетіктерін белсендендіру





Бейімделу мүмкіндіктерінің төмендеуі

Жүктемеге деген тұрақты бейімділікті қалыптастыру





Вегетативті бейімделудің бұзылысы

Психологиялық бейімделудің бұзылысы





Соматикалық және вегетативтік бұзылыстар

Тұлғаның невротизациясы



Физикалық және ақыл-ой жағынан жұмысқа қабілеттілікті арттыру





Психосоматикалық бұзылыстардың көріністері

Сурет 8 – Оқу-тәрбие үдерісінің әсерінен дезадаптацияның және тиімді бейімделуді қалыптастырудың схемасы


Жоғарыда көрсетілген А.В.Кабачкованың схемасына сүйене отырып, ЖОО-ның оқу үдерісіндегі стресстік факторлар эмоциялық қысымды тудыратындығын және бейімделу механизмдерін белсендендіретін көруге болады. Студенттің кәсіби іс-әрекетке бейімделуі оңтайлы жүзеге асса, қалыпты жағдайда физикалық ақыл-ой жағынан оның жұмысқа қабілеттігі жоғарылайды. Ал, егер бейімделу мүмкіндіктерінің төмендеуі байқалса, онда психологиялық және вегетативті бейімделудің бұзылыстары орын алады. Бұл тұлғаның невротизациясына, психосоматикалық бұзылыстардың көріністерінің пайда болуына алып келеді.


Бейімделу процестерінің тиімділігі тек сыртқы жағдайларға ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты жеке даму барысында пайда болатын физиологиялық адаптациялық механизмдерге де байланысты. Студенттердің университеттегі оқу жағдайларына бейімделу процесінің жеке бағыты олардың жеке тұлғалық сипаттамасымен, психофизиологиялық және вегетативті реакцияларының ерекшеліктерімен анықталады.
Жоғары оқу орнында жиі уақыттың жетіспеушілігі, ақпараттарды қабылдау және өңдеумен байланысты студенттерде болатын функционалдық бұзылыстар, фрустрациялық көңіл күй, созылмалы эмоционалды-стресстік жағдайлар, әлеуметтік қарым-қатынасқа байланысты тұлғалық шиеленістер мен кикілжіңдер және т.б студенттердің бейімделу үдерісін қиындата түседі және жүйкелік және психикалық бұзылулардың пайда болуына алып келуі мүмкін [148, 97 б].
Бейімделу үдерісінің маңызды факторы – бұл өмірдің қарқыны мен ырғағының өзгеруінің психофизиологиялық салдары, қоршаған ортаның кейбір элементтерінің стресстілігі, рекреациялық сфераның қол жетімсіздігі. Бұл алдымен, уақыт белдеуі бойынша қоршаған ортаның өзгеруімен байланысты. Оның салдары бірнеше апта, тіпті айлар бойы психологиялық және вегетативті сфераға әсер етуі мүмкін. Биоритмтердің бұзылуының тағы бір себебі: көбінесе студенттер оқу сабақтарына уақыттың жетіспеушілігін түнгі ұйқы арқылы өтейді. Ұйқының тәуліктік ырғағын зерттеу жұмыстары көрсеткендей, студенттердің 60% -дан астамы үнемі ұйқының қанбауынан жапа шегеді. Тағы бір себебі – жеке уақыт пен демалысты дұрыс ұйымдастыра алмаудан болады.
Ағзаның функционалды күйінің өзгеруі бірқатар көрсеткіштер деңгейінде, атап айтқанда кардиогемодинамикалық деңгейде байқалады және зерттелушілердің психофизиологиялық сипаттамаларымен анықталады. Алайда, студенттердегі кардиогемодинамикалық өзгеру көрсеткіштерін анықтау нақты медициналық білімнің болуын талап етеді. Медициналық құрал-жабдықтар көмегімен осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын армениялық зерттеушілер А.Г.Галстян мен С.М.Минасян «Баевскийдің жүрек соғысының өзгергіштігін анықтау» әдісін қолдана отырып жүргізген.
Адам ағзасының бейімделу мүмкіндіктерін бағалаудың осы әдісі қолданбалы физиологияда, кәсіптік және спорттық медицинада, сондай-ақ әлеуметтік-экологиялық зерттеулер үшін тәжірибелік мақсатта жиі қолданылады. А.Г.Галстян мен С.М.Минасян жүргізген зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша жоғары оқу орнының оқу іс-әрекетіне физиологиялық бейімделуінің бірқатар ерекше деректері анықталған. Оқу жүктемесіндегі гемодинамикалық және психофизиологиялық сипаттағы жүрек ырғағының реттегіш механизмдерінің белсенділігін зерттеу нәтижелері көрсеткендей, академиялық семестрдің қарапайым күндерінде функционалдық жүйелер қалыпты деңгейде жұмыс істейді. Соған қарамай, күнделікті оқу жүктемесінің әсерінен студенттердің бойынан шаршау белгілері байқалады. Әсіресе, емтихан тапсыру кезінде студент ағзасында симпатикалық әсердің күшеюі, жүрек ырғағының вегетативті реттеу тетіктерінің өзгерісі, дене күшінің шамадан тыс жұмсалуы, функционалды жүйелердегі қысымның артуы мен адаптация механизмдерінің бұзылуы орын алуы мүмкін [149].
Интеллектуалды қызметке бейімделу процесінде адам ағзасына әсер ететін тағы бір негізгі фактор ретінде, әсер ету қарқындылығымен, әлеуметтік маңыздылығымен, жаңалығымен ерекшеленетін әлеуметтік орта факторын бөліп көрсетуге болады. Студенттердің әлеуметтік-педагогикалық бейімделуі – бұл олардың оқу және тәрбиелік іс-әрекет тәжірибесін меңгеруге бағытталған және нәтижесінде мінез-құлық модельдері мен стратегиясы қалыптасатын педагогикалық ұйымдасқан тұтас үдерісі саналады.
Студент жастардың қазіргі өмір сүру жағдайлары әлеуметтік тұрақсыздықпен, психоэмоционалды және техногендік жүктемелерінің үнемі өсуімен ерекшеленеді. Адаптация проблемаларының себептері ретінде ақыл-ой еңбегін, сессия кезіндегі эмоционалды қысымды, жоғары сұраныс пен шектеулі мүмкіндіктер арасындағы сәйкессіздікті, оқуды еңбекпен және басқа да тірліктермен қатар алып жүру қажеттілігін атап өту керек [150, 112 б].
Әлеуметтік ортасын ауыстырып, жаңа жоғары оқу орнына енген кез-келген студент бейімделу барысында психологиялық қолдауды қажетсінері анық. Көпжылдық үйреншікті жұмыс таптаурынының ауысуы, ортаның жаңа жағдайларына бейімделу қажеттілігі кейде физиологиялық жағынан студенттерді жүйке қозулары мен күйзелісті реакцияларға әкеп соғады. Осы себептер бойынша бұрынғы таптаурындардың өзгеруімен байланысты бейімделу кезеңі алғашқы кезде оқу үлгерімінің төмендеуін және қарым-қатынастағы қиындықтарды туындатады. Қайта құрылуларға студенттердің жоғары жүйке жүйесі типінің ерекшеліктері ғана емес, әлеуметтік жағдайлары да ықпал жасайды.
Қазіргі адамның өмірі өте мобильді, тіпті қалыпты жағдайда да оның денесі үнемі өзгеріп отыратын табиғи, климаттық, әлеуметтік және өндірістік факторлардың кешеніне бейімделуге мәжбүр. Қоршаған орта факторларының әсеріне бейімделу реакцияларының сипаты мен диапазоны, бір жағынан, әсер ету сипаттамаларымен (факторлардың саны мен табиғаты, олардың интенсивтілігі, әсер ету режимі мен ұзақтығы), екінші жағынан, ағзаның қасиеттері негізінде (осы әсерге бір уақытта әсер ететін функционалды жүйелердің саны, олардың бастапқы күйі) анықталады.
Университеттегі оқу үдерісінің ерекшеліктері, оқу жүктемесінің көлемі, білім беру бағдарламасындағы пәндерді игеру үшін уақыттың жетіспеушілігі, жаңа ұжымға және өмір сүру жағдайына үйрену, ұйқыға бөлінетін уақыттың қысқаруы, физикалық белсенділіктің төмендеуі – психотравматикалық фактор ретінде ағзаның реттеу тетіктерінің сарқылуына, студенттердің бейімделуі мен денсаулығының бұзылуына әкелуі мүмкін [151].
Студенттер арасындағы психологиялық үйлесімсіздікке келесі себептер ықпал етеді: топ мүшелері мінездерінің ерекшеліктеріне байланысты қарым-қатынас орнатудағы қиындықтар, қызығушылықтарындағы айырмашылықтар, жас ерекшеліктер, бірге тұратын студенттердің арасындағы биологиялық ырғағының айырмашылығы, біреуінің немесе оның отбасы мүшелерінің сырқаты немесе қайғылы оқиғасы және т.б.
Оқу тобындағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынаспен байланысты күйзелісті себептерге: мінез қырларының ерекшеліктеріне байланысты топтағы бейімділіктің төмендеуі, білім мен оқу дайындығының әртүрлі деңгейіне байланысты топ мүшелерінің арасындағы психологиялық үйлесімсіздік, топтағы жасанды қарым-қатынастар, эмоционалдық депривацияға және студенттік топтағы тұлғааралық қатынастардың бұзылуына әкелетін топ мүшелерінің арасындағы бірлескен өнімді іс-әрекеттің жоқтығы, студенттердің әлеуметтік-коммуникативтік дамуының төмендігі және т.б жатқызуға болады.
Студенттерде бейімделуге байланысты психологиялық және педагогикалық қиындықтар 40% жағдайларда кездеседі. Аталған себептерге бейімделумен байланысты қиындықтар (шағын әлеуметтік қоршаған ортаның өзгеруі, кәсіби оқудың басталуы, оқу барысында кәсіби бағдардың өзгеруі, басқа факультетке немесе оқу орнының ауысуы, оқудың аяқталуы және өзіндік кәсіби іс-әрекетке дайын болмау және т.б.), педагогикалық үдеріс талаптар деңгейінің студенттің бастапқы даярлығының деңгейіне сәйкес келмеуі, оқытушы ұстанымының өктемдігі, психикалық, эмоционалдық қажу, емтихан тапсыру кезінде студенттердің невроздық деңгейінің өсуі, ақпарат көлемінің тым ауқымдылығы, уақыт тапшылығы, оқыту әдістерімен қанағаттанбағандықтан оқуға деген мотивация деңгейінің төмендеуі, оқытушылармен және басқа да қызметкерлермен кикілжіңдердің туындауы т.б жағдайлармен байланысты қиындықтар жатады.
Жалпы қорытындылайтын болсақ, студенттердің денсаулығы мен бейімделу жағдайы кәсіби маман даярлау сапасын арттырудың басты алғышарты болып табылады. Ал, денсаулық адамның негізгі құндылығы ретінде психикалық, физикалық және әлеуметтік саулық компоненттерінен тұрады. Жеке тұлғаның физикалық даярлығын физикалық жұмысқа қабілеттігі арқылы өлшейді. Ал, адамның функционалдық жағдайына жүйке жүйесі, жүрек-қан тамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі және зат алмасу жүйесі жатқызады.
Студенттің кәсіби іс-әрекетке бейімделуінің психофизиологиялық, психологиялық және әлеуметтік, педагогикалық аспектілерін қарастыру бізге зерттеу жұмыстары барысында бейімделудің физиологиялық аспектісін тереңірек, әрі жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Өйткені, кәсіби бейімделудің барлық аспектілері бір-бірімен тығыз байланысты және дезадаптация көрінісіне барлығы бірдей ықпал жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан