Қр отбасы құқығы Орындаған: Абдигали Ұ. А



Дата11.04.2022
өлшемі154.4 Kb.
#219697
Байланысты:
құқық
Досан Ғалым, 12 лекция, IST

ҚР Отбасы құқығы

Орындаған: Абдигали Ұ.А

Қабылдаған: Алимкулова А.С

Отбасы дегеніміз − бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жеке бастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.

Отбасылық құқық − отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.


  • Егер кәмелетке толған балалары ата ­ анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе бұл да отбасы;

Неке − отбасын құрудың негізі болып табылады.

Отбасылық қатынастар − адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар.

Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді.

Отбасындағы қатынастар негізінен, адамгершілік, игілік­өнеге нормалары негізінде реттеледі.

Некеге тұру

Отбасылық заңнама щарттары

Некені тоқтату

Некені жарамсыз деп тану

Некеге тұру шарттары:

- Некеге тұрушылардың өзара ерікті келісімдерінің болуы;

- Неке жасына жетуі;

- Некеге тұруға кедергі болатын жағдайлардың болмауы;

Неке жасы:

- Еркектер мен әйелдер үшін 18 жас;

- Дәлелді себептер болған жағдайда 16 жас;

Некеге тұру−некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі жіне олардың неке жасына жету болып табылады.

Дәлелді себептер:

­ Баланың дүниеге келу;

­ Жүкті болуы;

­ Некеге тұрушылардың біреуінің ұзақ мерзімге іс сапарға кетуі

2011-2014 жылдарға 2008 ҰШЖ енгізу жоспары

Некені тоқтататын оқиғалар:

- Ерінің қайтыс болуы;

- Соттың ерлі­зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;

- Некенің бұзылуы (ажырасу)

Некенің тоқтатылуы − ерлі­зайыптылардың жеке және мүліктік құқық қатынастарының тоқтатылуын айтамыз. Неке заңда айқындалған белгілі бір оқиғалардың тууына байланысты немесе ерлі­зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31­бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәліметтер болмаса,егер ол өлім қауіпі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай мерзім ішінде жазатайыи оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар­ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін.

Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырса, онда сотқа некені жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінуге құқылы.

Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға:
  • Егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса, кімелетке толмаған жұбайы, ата­анасы , қорғанышы және қамқоршы орган немесе прокурор құқылы;
  • Егер некеге тұруға ерлі­зайыптылардың бірінің ерікті келісімі болмаған жағдайда;
  • Некені қиюға кедергі келтіретін мән­жайлардың бар екенін білмеген жұбайы әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайдың қорғаншысы, оның алдындағы бұзылмаған неке бойынша жұбайы, осы талаптарын бұза отырып қиылған неке арқылы құқықтары бұзылған басқа да адамдар, сондай ақ қамқоршы орган мен прокурор;
  • Жалған некеге тұру, некенің жалғандығы туралыбілмеген жұбайы;



Ерлі­зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады. Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы:

АХАЖ органдары

Сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша

Некені бұзу АХАЖ органдарында ерлі­зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі;



Ал сотта некені бұзу ерлі­зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді;

Еліміздегі неке қию көрсеткіші:

2012 жыл – 166474 неке қиылса

2013 жыл – 167411 неке қиылса

Нақты:

2013 жыл неке саны – 937-ге артты

2012 жыл- 47598 неке бұзылу

2013 жыл- 51510 неке бұзылу

Еліміздегі неке бұзылу көрсеткіші:

Нақты:

Ресми неке бұзу саны бір жылда 3 мыңға жетті

Некелесу мен неке бұзу арасындағы қатынас 3:1-ге келеді . Некелесу ажырасудан көп болып келетін өңірлерге Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстары жатады.

Ал Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында екі некелесуге бір ажырасудан келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан