ҚР-ның азаматтық кодексінің 849- бабы қолданылады

Loading...


Дата08.04.2020
өлшемі22.75 Kb.
N•1есеп

Сырымов Науқанбаевпен шарт жасасып, Науқанбаев үшін құрылыс материалдарын сатып алуды өзіне міндет етіп алады.Құрылыс материалдары алынған соң, Науқанбаев материалдардың өте жоғарғы бағамен алынғанын сілтеп,олардықабылдаудан және Сырымовқа олардың құнын төлеуден бас тартады.Сырымов өзіне берілген және нотариалды түрде куәландырылған сенімхатта құрылыс материалдарын сатып алуға қажетті бағалардың көрсетілмегенін,тек Сырымовқа< қазіргі бағалармен құрылыс материалдарын сатып алу тапсырылады> делінгеніне сүйене отырып,материалдардың құнын төлеуді талап етеді.Сонымен қатар, құрылыс материалдарын қабылдауды кешіктірілуіне байланысты оларды сақтау үшін қосымша шығындалған Сырымов сол шығындардың да орнын толықтыруды талап етеді.Науқанбаев болса,сенімхат беру кезінде Сырымовқа нақты сома көлемінде сауда жасауын атағанын айтып өз дегенінен қайтпайды.Келісімге келе алмай,тараптар заң кеңесшісіне барады.Оларға қандай түсініктеме берген жөн?

Орындалуы

ҚР-ның азаматтық кодексінің 849- бабы қолданылады.

1. Сенім бiлдiрушi, егер шартта өзгеше көзделмесе:
1) сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тапсырманы орындау үшiн қажеттi қаражатпен қамтамасыз етуге;
2) сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң тапсырманы орындау үшiн қажет болған шығындарының орнын толтыруға мiндеттi.
2. Сенiм бiлдiрушi шартқа сәйкес сенiм бiлдiрiлген өкiл орындағанының барлығын кешiктiрмей қабылдауға мiндеттi.
3. Сенiм бiлдiрушi тапсырманың орындалуы бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлге осы Кодекстiң 850-бабының ережелерiне сәйкес сыйақы төлеуге мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сенiм бiлдiрушiнің өзге де міндеттері көзделуі мүмкін.
Қорытынды

Сенім білдірілген өкілді тапсырманы орындау үшін қажетті қаражатпен қамтамасыз етуге, сенім білдірілген өкілдің тапсырманы орындау үшін қажет болған шығындарының орнын толықтыруға міндетті


N•2сеп

Иманов өзіне берілген тапсырманы орындап болған соң,Біржановтан тұрғын үйді жалға алу мәмілесін іске асырғаны үшін 2000 теңге мөлшерінде сыйақы төлеуді талап етеді.Біржанов ондай мөлшерде сыйақы төлеуден бас тартады,өткені шарт жасасқанда сыйақының нақты сомасы көрсетілмеген болатын,бірақ ол Имановтың жасаған мәмілесіне өте риза екенін білдіріп,500 теңге сыйақы мөлшерін өзі тағайындауға құқылы.Оның үстіне,оның білуінше,

тұрғын үйді жалға беру агенттіктері ондай қызмет көрсету үшін 5000 -нан 7000 теңгеге дейін мөлшерде сыйақы алатынын,ал оның өте төмен соманы сұрағанын айтады.Бұл дауда кімдікі дұрыс ?Егер Иманов жеке кәсіпкер тұрғын үйді жалға алып беру агенті болатын болса, шешім өзгере ме?

Орындалуы

ҚР-ның азаматтық кодексінің 850-бабы қолданылады

1. Егер заң актiлерiнде немесе шартта көзделген болса, сенiм бiлдiрушi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi.


Егер тапсырма шарты тараптардың екеуiнiң немесе олардың бiрiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына байланысты болса, шартта өзгеше көзделмесе, сенiм бiлдiргiшi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi.
2. Егер шартта немесе заң актiлерiнде шартты орындаудың өтелуi көрсетiлсе, бiрақ сыйақының мөлшерi көрсетiлмесе, онда ол осыған ұқсас қызметтер үшін әдетте қабылданған баға ескеріле отырып айқындалады.
3. Сенiм бiлдiрiлген өкiл барлық талап етiлген iс-әрекеттердi тиiстi түрде атқарғанын, бiрақ тапсырма оның кiнәсiнсiз орындалмай қалғанын дәлелдеген кезде сыйақы төленуге тиiс.
Қорытынды

Егер шартта немесе заң актілерінде шартты орындаудың өтелуі көрсетілсе,бірақ сыақының мөлшері көрсетілмесе,онда ол осыған ұқсас қызметтер үшін әдетте қабылданған баға ескеріле отырып айқындалады


ҚР-ның азаматтық кодексінің 42-тарау

Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау

ЕсепN•1

Алина кішігірім шаштараз ашады.Жас кәсіпкер және оның қол астында Сабина жұмыс істейді.Алина анасының ауырғаның естіп Москваға 1 жұмаға кетіп қалады. Шаштаразды Сабинаға қалдырып кетеді, Сабина Алинаға уәде береді шаштаразға қараймын деп.Сабина уақытында Шаштаразға өз жұмысына барып тұрады.1 күні Сабина үйіне асығып Шаштараздың есігін жабуға ұмытып кетеді.Шаштаразға ұры түсіп ақшаның бәрін ұрлап кетеді.Сабина жұмысына келген кезде Шаштараздың есігі ашық тұр екен қараса кассадан ақшаның бәрін ұрлап кетіпті.Сабина не істерін білмей полицияға шағым жазады.Полиция ұрыны таппайды.Сабина болған жағдайды Алинаға ештеме айтпайды.1жұмадан кейін Алина шаштаразға келеді.Сабинадан тапқан ақшаларды сұрайды.Сабина ақтала бастайды жалған мәлеметерімен.Алина Сабинадан есеп беруін сұрайды.



Сұрақ

1)Сабинаның іс-әрекеті қандай бапқа жатады?

2)Алинаның мүддесіне Сабина есеп беруі құқылы ма?

N•2


Күнсұлу үйінде тігінші болып жұмыс істейді.Қазіргі уақытта маска тігеді.Масканың бағасы 1500тг.Ал заказдар өте көп, оның ұлы Ерғали анасына заказдарды тасымалдауға көмектеседі.Ерғали достарымен киноға барғысы келеді, бірақ қалтасында ақшасы болмай.Анасының тіккен маскасын өзіне керекті сомаға сата бастайды.Біліп қойған Күнсұлу баласынан сұрай бастайды. Ерғали анасына масканы алғаның мойындайды және Анасынан кешірім сұрайды.

Сұрақ


1)Ерғалидін іс-әрекеті?

2)Ерғалидін мойындауы мен расталуы қандай шарт ережелері бойынша өтеледі?

Тест

1)Тапсырма шартында неше тарап қатысады?



А)2

В)5


С)1

Д)8


Е)3

2)Тапсырма шартының тараптары?

А)Сенім білдірілген өкіл, сенім білдіруші

В)Тапсырысшы, мердігер

С)Сатушы, сатып алушы

Д)Борышқор, несие беруші

Е)Сақтанушы,сақтандырушы

3)Тапсырма шарты қандай нысанда жасалады?

А)Жазбаша

В)Ауызша


С)Жазбаша, ауызша

Д)ерікті және міндетті

Е)жеке және мүліктік

4)Сенім білдірілген өкілдің міндеттері?

А)өзіне берілген тапсырманы өзі орындауға

В) сенім білдірілген өкілдің бас тартуы

С)сенім білдірілген өкілдің тапсырманы орындау үшін қажет болған шығындарының орнын толтыруға міндетті

Д)Сенім білдірілген тапсырманы ауыстыруға міндетті

Е)Барлық жауап дұрыс

5)Сенім білдірілген өкіл сенімін басқа адамға ауыстырған бойда бұл туралы кімге хабарлауға тиіс?

А)Сенім білдірушіге

В)Сенімін білдірілген адамға

С)Сотқа

Д)Үкіметке



Е)Прокурорға

6)Сенім білдірілген өкілмен жасалған шарттан бас тартқан іс-әрекет жасайтын тарап, бұдан да ұзақ мерзім көзделмесе , екінші тарапқа шарттың тоқтатылғаны туралы неше ай көлемде хабарлауы тиіс?

А)1ай

В)8ай


С)14ай

Д)4ай


Е)2ай

7)Егер заң актілерінде немесе шартта көзделген болса, сенім білдіруші сенім білдірілген өкілге не беруге міндетті?

А)Сыйақы

В)Ақы


С)Мекеме

Д)Өз мүддесін

Е)Тауар

8)Қандай бап бойынша сенім білдіруші шартқа сәйкес сенім білдірілген өкіл орындағанының барлығын кешіктірмей қабылдауға міндетті?



А)ҚР-ның азаматтық кодексінің 849-бабы

В) ҚР-ның азаматтық кодексінің 853-бабы

С) ҚР-ның азаматтық кодексінің 846-бабы

Д) ҚР-ның азаматтық кодексінің 848-бабы

Е) ҚР-ның азаматтық кодексінің 851-бабы

9)Сенім білдірілген өкіл болып саналатын қандай тұлға?

А)Заңды тұлға

В)Жеке тұлға

С)әлеуметтік тұлға

Д)ділдік тұлға

Е)психология тұлға

10)Тапсырма шарты қатынастарына қатысушылардың бірден-бір белгісі?

А)есі дұрыс

В)әрекет қабілеттілік

С)кәмелетке толмаған

Д)кәмелетке толған

Е)дұрыс жауап жоқ

11)Өкілдік неше тараптан тұрады?

А)2

В)3


С)6

Д)1


С)5

12)Сот шешімімен не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтарға мен міндеттерін тікелей тұғызады немесе?

А)тоқтатады

В)ауыстырады

С)тоқтатпайды

Д)ауыстырмайды

Е)дұрыс жауап жоқ

13)Қай кезден бастап өкілдік берушінің мақұлдау мәмілесі жарамды болады?

А)жасалған кезден

В)жасалмаған кезден

С)14айдан

Д)1 жұмадан

Е)3-4жылдан

14)Коммерциялық өкіл өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде,ал көрсетілмеген жағдайда?

А)сенімхат

В)мәміле


С)шарт жасасқанда

Д)өкілеттік

Е)мердігер

15)Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салалары кандай өкілдің ерекшелік заңымен белгіленеді?

А)коммерциялық

В)коммерциялық емес

С)меншік құқығы

Д)ортақ меншік

Е)шарт өкілі

16)Өкілдік және сенімхат қандай тарау?

А)5

В)12


С)9

Д)3


Е)14

17)Сенімхат неше жылдан аспайтын мерзімде берілуі мүмкін?

А)3

В)7


С)12

Д)18


Е)2

18)Сенім білдірілген адам өзіне өкілдік берілген әрекетті не істеуге тиіс?

А)өзі жасауға

В)жасамауға

С)ақы беруге

Д)өтініш жасауға

Е)барлық жауап дұрыс

19)Өкілеттік өкілдің қандай әрекет жасаған жағдайынан көрінуі мүмкін?

А)кассир

В)құқық бұзу

С)мүлікті оқшалау

Д)нормативтік әдістер бөлуге

Е)сатып алушы

20)Коммерциялық өкілдікте қолданылмайды?

А)қағида

В)қоғам


С)міндет

Д)сенім


Е)заң

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...