ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы

Loading...


Дата18.10.2020
өлшемі22.48 Kb.
“ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы”Конституциялық заң

1.ҚР рәміздері – туды, елтаңбаны, әнұранды бекіту.

2.Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясын қабылдау.

Біздің еліміз өз тәуелсіздігін алған соң зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет жасауға кірісті. Еліміз партиялық жүйенің және саяси партиялардың орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді.

ҚР туының авторы – Ш.Ниязбеков. Тудағы біртүстілік еліміздін бірлестігін көрсетеді, көгілдір түс ( гераль.тілінде адалдықты, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны), күн – энергия көзі, байлықтың нышаны. Тудағы бүркіт бейнесі мемлекеттік билікті, кеңдікті мағына береді, еркіндіктің, тәуелсіздіктің, болашаққа деген талпыныстың нышаны. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда “Қошқар мүйіз” деп аталатын қазақы өрнек салынған. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов. Елтаңба мәңгі өмірдің белгісі, отбасы берекесін, бірлікті, байлықты, бейбітшілікті меңзейді. Қазақстан Әнұраны әуенінің авторлары – композиторлар М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди болса, мәтінінің авторлары – ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева. Әнұранда біздің еркіндікке деген құштарымыз көрсетеді, тамыры терең болмысы, келешегіне бағышталған арманы көрініс тапқан. Әнұран патриоттизм сезімі. Әнұранның әні 1992 ж. 4 маусымда, ал мәтіні 1992 ж. 11 желтоқсанда бекітілді.

2007 ж. 7 қаңтарда «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы Әнұранның орнына жаңа Әнұранның мәтіні енді. Еліміздің жаңа Әнұраны - жұртқа әйгілі «Менің Қазақстаным» әні. Оның сөзінің авторы – Жұмекен Нажмиденов, ал ән әуенінің авторы – Шәмші Қалдаяқов. Жаңа Әнұранның мәтіні бүгінгі өмір талаптарына сай ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев тарапынан толықтырылды.

Ал 2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленді. Бұл – Мемлекеттік рәміздерге деген шынайы құрмет белгісі. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – отаншылдық сезімнің аса бір жарқын көріністерінің бірі.

1995 жылғы желтоқсанда өткен бірінше қоспалаталы парламент сайлауынан кейін Қазақстанда қоғамды демократияландыру қадамдары одан әрі жалғасын тапты. Ашық баламалы сайлау, саяси күрес мәдениеті, көппартиялық жүйеге кең жол ашылды. Оның нақтылы дәлелі ретінде елімізде жүргізілген Президент, Парламент Сенаты, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауды айтуға болады.

1999 жылғы 10 қаңтарда болып өткен Қазақстан Президенті сайлауына балама негізде 4 кандидат тіркелді. Олар: Коммунистік партия өкілі С.Ә.Әбділдин, Сенат депутаты Ә.Ғ.Ғаббасов, Мемлекеттік Кеден комитетінің төрағасы Ғ.Е.Қасымов және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Президентін сайлауға барлық сайлаушылардың 87,05 проценті қатысты. Дауыс беру қорытындысында Н.Ә.Назарбаев жеңіске жетіп, қайтадан Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды. Оған дауыс беруге қатысқан барлық сайлаушылардың 79,79 проценті өз дауыстарын берді.

КР Конституциясында Парламенттің орны мен атқаратын қызметі белгіленген. Ол заңдар шығарып, қабылдайтын орган. Парламент екіге бөлінеді – Сенат және Мәжіліс палаталарынан тұрады. Бұған дейін Парламентте мұндай екі палата деген ұғым болған емес. Жаңа Конституцияда екі палаталы парламенттің ерекшеліктері де жан-жақты көрсетілген. Жоғары мемлекеттік органдар жүйесіндегі үкіметтің тиісті орны, сот билігінің, прокуратураның қызметтері де айқындалған. Бұрынғы Ата Заңда көрсетілген, бірақ жете тиянақталмаған көптеген маңызды мәселелердің түйіні кейінгі Конституцияда жаңаша шешілген. Оны, әсіресе, жер, тіл, азаматтық,, негізгі құқықтар мен бостандық сипаты туралы, қос палаталы парламент құрылымы және Президентті айып тағу арқылы қызметтен кетіру мәселесі жөніндегі баптар мен тармақтардан айқын көруге болады.

Қорыта келгенде, біздің жаңа Конституциямыз, еліміздің рәміздері халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы армандаған шынайы егемендікке қол жеткізгендігінің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан республикамыздың әрбір азаматы Ата Заңымыздың мазмұнын жете біліп, оның талаптары мен қағидаларын мүлтіксіз сақтауға, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге міндетті.

Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Мәжілістің 9 депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланады. Сенат депутаттарының бір бөлігі Ассамблеямен кеңескеннен кейін тағайындалады. Сенат та көп өкілеттілікке ие болады. Ол Ұлттық банктің төрағасын, Бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындау және оларды қызметтен босату жөнінде Президентке келісім береді. Сенат құрамы республика Президенті тағайындайтын 15 депутаттың есебінен көбейтілді. Парламенттегі 154 депутаттың 47-сі сенаторлардан құралады. Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы ең қажетті жағдайда өтеді. Көбінесе өздері жеке жұмыс істейді. Мәжіліс өз қызметін тоқтатқан жағдайда Сенат бүкіл Парламент үшін жұмыс істей береді.

Сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар ескерілді. Судьяны іріктеу-таңдау бір жүйеге келтіріліп, Жоғары Сот Кеңесінің қарауына берілді. Бұдан былай барлық деңгейдегі соттардың судьяларын тағайындауға ұсынымды Жоғары Сот Кеңесі жасайтын болады. Адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау біршама жақсартылған. Елімізде 2004 жылдан бері өлім жазасына мораторий жарияланған болатын. Енді өлім жазасы іс жүзінде қолданыстан шығарылды. Өлім жазасын жою заңды түрде енгізілді. Жаңа өзгерістерге байланысты біздің елімізде адамдарды апатқа ұшыратуға соқтырған террорлық қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс кезінде ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ғана адамдарға өлім жазасы қолданылады, әрі олардың кешірім жасау туралы өтініш ету құқы да қарастырылған.

Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға бағытталған Конституцияның 16-бабының 2-тармағы жаңа редакциямен қабылданды: Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Прокуратура органдары бұл құқықтан айырылады. Соттың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады. Мұның өзі адам құқығын сақтауға бағытталған оң өзгеріс болып табылады.

Конституциялық реформада саяси партиялардың қоғамдағы рөлін күшейтуге көп негіз жасалған. Сайлауда жеңіске жеткен партия үкімет жасақтауға мүмкіндік алады. Конституциядағы қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға салынған тыйым алынып тасталды. Енді саяси партиялар бұл қаржыға иек арта алады. Республика Президентінің өз өкілеттілігін атқару кезінде саяси партиялардағы өз қызметін тоқтата тұратындығы туралы 43-баптағы 2-тармақ алынып тасталды. Енді Президенттің саяси партияны басқаруға құқығы бар. Бұл да саяси партияның рөлін арттыра түспек.

Парламент қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар сипаты Конституциямыздың жаңа мазмұнға ие болғанын көрсетеді. Бұл Конституциялық реформа заман талабынан, тарихи қажеттіліктерден туған еліміздің алға басуының, ілгерілеуінің маңызды алғышарты болып табылады. Біздің еліміз саяси жаңарудың, демократиялық дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты.

2007 жылғы 18 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы - Мәжілісті, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары – облыстық және аудандық мәслихаттарын мерзімінен бұрын сайлау 2007 жылғы 21 мамырда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуімен байланысты болып, ол елдің президенттік басқарудан президенттік-парламенттік басқару түріне өтуін заң жүзінде баянды етті. Мұндай қадам демократияны дамыту мен азаматтық қоғам құруға бағытталған Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып отырған саясаттың қисынды нәтижесі болды.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет бұл сайлау пропорционалды жүйе негізінде партиялық тізіммен өтті. Мажоритарлық жүйеден кетіп, саяси партиялар бәсекеге түсетін сайлау жүйесін қалыптастырдық. Сайлауға жеті саяси партия қатысты. Ел азаматтарының өз еріктерін еркін білдіруі нәтижесінде «Нұр Отан» партиясы жеңімпаз атанды, бұл партияны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарады. Сөйтіп, елдің қалауымен көп дауыс жинаған «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясы қатарластарынан озып шықты. Әрине, нұротандықтар басқа партиялар сияқты науқан кезінде ғана емес, қай кезде де үздіксіз жұмыс жүргізіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне тұрақты атсалысты. Сайлауға электораттың 65 пайызға жуығы қатысуы жағдайында бұл партия дауыстардың 88-ден астам пайызын жинады, сөйтіп, заңмен белгіленген жеті пайыздық сайлау кедергісінен өткен бірден-бір саяси күшке айналды.



Мониторингтің нәтижелері бойынша, тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс сайлау елдің қолданыстағы заңына сәйкес өткізілді. Дауыс беру барысында анықталған жекелеген ұсақ-түйек заң бұзушылықтар сайлаушылардың еркін білдіруіне ықпал еткен жоқ. Барлық саяси партиялармен қатар, үміткерлерге тең жағдай жасалды. Бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген күнге дейін сөйлеуіне, халыққа өз бағдарламасын таныстыруына мүмкіндік берілді.

Сөйтіп, біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибесін және өзіміздің көпұлтты әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының қағидаттарына сай келетін тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...