ҚР жоғарғы білім беру құрылымы



Дата20.09.2021
өлшемі15.33 Kb.

ҚР жоғарғы білім беру құрылымы

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Осы бағытта көптеген жобалар жүзеге асырылып келеді. Білім туралы заңға сәйкес, білім алу жүйесі жеті сатыдан тұрады: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Соның ішінде жоғары білім саласын халықаралық дәрежеге көтеру еліміздің басқа мемлекеттердің қатарында бәсекеге қабілетті мемлекет болуына тікелей ықпал етеді. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіне үнемі жаңартулар, жаңа реформалар енгізілуде. Қазіргі уақытта ҚР-ның жоғарғы білім беру мекемелерінде білім берудің Болондық үлгісін жүзеге асыруда. ҚР -ң құрылымында 2007 жылы аспирантура мен докторантура алынып, оның орнына магистратура, PhD докторантура келді. Енді бұл үлгі бойынша білім беру үрдісі үш түрлі деңгейден тұрады: бакалавриат, магистратура, докторантура PhD. Барлық жоғары оқу орындарына оқытудың кредиттік технологиясы енгізілген.



Қазіргі уақытта жоғары білім алу – заман талабы. Жұмыс берушілер үшін де жоғарғы оқу орнының дипломы болуы маңызды. Білім алу да қажырлы еңбек пен үлкен талапты қажет етеді. Мемлекетіміздің алдыңғы қатарлы университетінің болашақ магистры ретінде осы жолға түскенімді мақтан етемін. Қазіргі уақытта білім саласына айтарлықтай көңіл бөлінуде. ЖОО – ын жаңа технологиялармен қамту үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Педагог мамандардың мәртебесі де тұрақты көтеріліп келеді. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру, ЖОО педагогикалық кафедралар мен факультеттерін дамыту мәселелері Елбасы жолдауында қарастырылған. Осынша мүмкіндіктерді есерсек те, нағыз педагог шығару адамның жеке қасиеттеріне байланысты деп ойлаймын. Пандемия кезінде қашықтықтан оқыту барлығымыз үшін үлкен тәжірибе болды. Бұл ұлттық телекомуникация желілерінің тиімділігі төмен екендігін ғана көрсетіп қана қоймай, кейбір мұғалімдердің педагогикалық қабілеттеріне сын болды. Бастапқы кезде оқу үрдісін дұрыс ұйымдастырмау, оқушымен қашықтықтан қарым-қатынас жасау білім сапасының ақсауына әкеп соқты. Алайда қателіктерден сабақ алып, алға жылжуға бір серпім берді. Мықты мамандар қажеттілігі туғандығы педагог мамандарын дайындайтын ЖОО түсу талаптарын күшейтті. Бұрынғы кездердегідей педагогика балы төмен, екінші, тіпті үшінші дәрежедегі төмен мамандық емес. Айтылған талаптардың қатаң болуы мықты студенттерді іріктеп, жоғары дәрежелі мамандар шығаруға өте қажет. Болашақ педегог студенттерге шәкіртақы көлемінің өсуі бір жағынан мотивация болса, бір жағынан студент үшін зор қолдау.

Әр жүйеде артықшылықтар мен кемшіліктер қатар жүреді. Біздің міндет – өзімізге қажеттіні алып, саналы, сапалы білім берер маман болу!

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік