ҚР қылмыстық атқару құқығының түсінігі, пәні және курс жүйесі

Loading...


бет7/9
Дата07.04.2020
өлшемі135.27 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде сотталғандарды еңбекке жұмылдыруды ұйымдастыру туралы жеке тарау берілген. Онда сотталғандарды түрліше еңбекке тарту жөнінде бірқатар баптар берілген. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру үлгілерін зерттеу мақсатында бұл заң бөлімінің мазмұнынын баяндау орынды сияқты. Ол сотталғандардың еңбек әрекетінің келесі түрлерін белгілейді:

- түзеу мекемелерінің кәсіпорындары жүйесінде;

- қылмыстық-атқару жүйесіндегі мемлекеттік кәсіпорындарында;

- әр түрлі меншік нысанындағы мекеме аумағында не сыртындағы кәсіпорын объектілерінде;

- мекемедегі жай шаруашылық қызметтерінде;

- дербес еңбек қызметімен айналысуды.



Жеке өндіріс әрекеті

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жеке өндіріс әрекетіне өндіріс олардың жеке бастауы әрекетімен тәуекел етіп және занмен белгіленген жауапкершілікке алғаны жатады.

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері жеке өндірістік әрекеті іске асырғанда мыналарға міндетті:

- олар қол қойылған шарттағы міндеттерін орындауға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шартты, несиені, есеп және басқа міндеттерді, өзге объектілердің жекеменшік құқық бұзғаны, қоршаған ортаны ластағаны, еңбектегі


қауіпсіздік жағдайын сақтамағаны, денсаулыққа зиян келтіріп тұтынушыларға өнімді кезінде өткізбегені үшін жауап беруі тиіс;

- жалданып жұмыс істеп жүрген азаматтарды әлеуметтік, медициналық және басқа да міндетті түрлерімен қауіпсіздендіруді іске асыру, олардың еңбек ету әрекетіне заңға және ведомстволық нормативтік актілерге сәйкес жағдай жасап, қамтамасыз ету;

- жұмыс істеп жүргендерге еңбекте қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету және олардың денсаулығы мен еңбекке жарамдылығына зиян келтірілгенде заңмен белгіленген тәртіппен жауап беру;

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен бухгалтерлік және статистикалық есеп жүргізіп отыру. Олар мемлекеттік органдарға жалпы мемлекеттік жүйеде тиісті экономикалық ақпарларды жинау мен өңдеуді жүргізу үшін ақпар береді;

- жерді және басқадай жаратылыстың қорын тиімсіз пайдаланғаннан, қоршаған ортаны ластағанынан, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзғаннан, қызметкерлердің халықтың өнімді тұтынушылардың денсаулығын қорғауда тазалық-санитарлық норма мен талаптарын орындамаудан келтірілген зияннынң орнын толтыру;

- жаратылысты қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға Республика заңдарымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік әрекетің өз шеңберінде тексеру міндеттеліп, оларға ақпар беріп отыру.

Қылмыстық-атқару жүйелерінің мекемелері жеке өндірістік іскерлікті жүзеге асыра қалғандағы құқыктары:

жеке өндірістік әрекетін бастап және қосымша тіркеуден өткізбей жүргізе беруге;

жеке адамдар мен зандық тұлғалардың заңды құқығы мен заттарын, ой мүдделері меншігін, қаржы мүмкіндіктерін шартқа отырып пайдалануға;

өз еркімен жабдықтаушы мен өз өнімдерін тұтынушыларды таңдап алуға, оған Қазақстан Республикасы заңдары көрсеткен көлемде және жасалған шартқа байланысты баға белгілеуге;

-- Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес сыртқы экономикалық әрекет жасауға;

өзінің жеке өндірісін басқару ісінде әкімшілік-өкілеттілік әрекет жасауға;

еңбек туралы заңдар мен ведомстволық нормативтік актілерге сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлерді жалдауға немесе шығаруға;

жеке өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің штатын бекітуге;

- шығарылатын өнімдер мен барлық міндетті төлемдерді және аумақтық баскару органдары әлде қылмыстық-атқару жүйесінің бас басқармасы құрған арнайы қорға бережақты төлегеннен кейінгі қалған пайданы жұмсауға;

мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің. медициналық және әлеуметтік қауіпсіздігі қызметтерімен пайдалануға;

Республикалық және шетел банкілерінің несиесін пайдалануға және заңдармен белгіленген ретпен валюта алуға;

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі жеке өндірістік әрекетін өз бетімен жоспарлайды және сотталғандар мен қамалғандарға жеткілікті жұмыс орнын құру қажеттілігіне, шығарған бұйымдарына тұтынушылардың талабы мен көрсететін қызметіне сүйене отырып даму болашағын белгілейді.


9-дәріс. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеу.

1. Тәрбиелеу колонияларының түрлері және жазаны өтеу режимінің ерекшеліктері.

2. Кәмелетке толмаған сотталғандарға түзеу шараларын қолдануды құқықпен реттеу.

1. Соңғы жылдары кәмелетке толмағандар арасында қылмыс көбейді. Қазіргі уақытта жасөспірімдер еліміздің ең қылмыс зардабына ұшыраған бөлігі болып отыр. Құқық бұзушы жасөспірімдер арасында кәмелетке толмаған әйел адамдардың саны да көбейді. Заңға байланысты түзеу колониялары кәмелетке толмай бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстау үшін арналған. Бас бостандығынан айыру жүйесінде түзеу ықпалының объектісі кәмелетке толмағандар болғандықтан түзеу колониялары айырықша орын алады.

Тәрбиелеу колониялары жалпы және күшейтілген режимді колониялар болып бөлінеді.

Жалпы режимді тәрбиелеу колонияларында кәмелетке толмаған, алғаш рет бас бостандығынан айыруға сотталған ер адамдар жазаны өтейді.

Күшейтілген режимді тәрбиелеу колонияларында (Казакстан Республикасы КК-нін 79-бабы) кәмелетке толмаған, бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өткерген ер адамдар жазаны етейді.

Жалпы және күшейтілген режимді тәрбиелеу колонияларында кәмелетке толмағандар кәдімгідей үй-жайларда орналастырылады, бірақ жазаны өтеу жағдайларының кейбір өзгешеліктері бар.

Тәрбиелеу колонияларынын екі түрінде де отырған сотталғандарға Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 109, 111, 130, 132-баптарында көрсетілген мадақтау мен жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.

Түзеу-тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеп жүрген кәмелетке толмағандар жасаққа және бөлімшеге бөлінеді. Әр жасақты аға тәрбиеші (жасақ бастығы) басқарады және тәрбиешілер кеңесі болады, оған жасақ бастығы, тәрбиешілер, сынып жетекшілері, шеберлер кіреді.

Тәрбиелеу колонияларында орнатылған режим бұл мекемелердің жұмыс әрекетінің тәртібін реттеу және оның максаты сотталғандарды оқшаулау, кашуды болдырмау. тәрбиеленушілерді қадағалап жүру және с.с.

Тәрбиелеу колонияларьшың аумағы кәсіпорынынан және тұрғын жай зоналарынан тұрады, олар өзара бөлінеді.

Күн тәртібі ережесін тәрбиелеу колониясының бастығы бекітеді және оны әрбір тәрбиеленуші орындауға міндетті. Бұл жерде, бас бостандығынан айыру орындарындағы режимнің жалпы талабы кәмелетке толмаған жазаны аткарушыларға да таратылатынын айта кеткен орынды. Бірак кылмыстык-аткару кұкығынын нормалары тәрбиелеу колонияларында жазаны аткару кезінде кейбір ерекшеліктерін караған.

Біріншіден, кәмелеткетолмаған сотталғандар тұратын жайда немесе өндірістік зонада еркімен жүре алады, кейбір жағдайларда тәрбиелеу колониясынын сыртына күндіз ешкім еріп жүрмей өз бетімен шығып келе алады.

Екіншіден, кәмелетке толмағандар кашса, оларға ату кұра-лын колдануға болмайды. Режимнін екі түрінде де кәмелетке толмаған сотталғандарға кездесу негізінен демалыс, мейрам күндері беріледі. Кездесу арнайы жабдыкталған бөлмеде етеді, оның ұзақтығы төрт сағаттан аспауы тиіс.

Тәрбиелеушілер бір түсті киім киеді. Одан баска, ТҚ-на (тәртіп капасы) камалғандар (мерзімі он тәулікке дейін) кез-десу кұкынан, сәлемдеме, бандероль, тағам және бірінші керекті заттар сатып алу күкынан айырылады. Оларға күніне серуендеуге екі сағат уақыт беріледі. Тәрбиеленуші, тәртіп капасына денсаулығы туралы медициналық аныктамасы болса ғана камалады. Үйыктағанда олар төсек-орынмен камтамасыз етіледі.

Заң күші бар нормалар бойынша 18 жаска толған сотталғандар жазалау мерзімі біткенше, бірақ 20 жастан асканша тәрби-елеу колониясында калдырылады. 18 жаска толған сотталған-дарды тәрбиелеу колониясында қалдыру мерзімін ұзарту ко-лония бастығының себептері келтірілген каулысы бойынша кәмелетке толмағандар ісі жәніндегі комиссиямен келісілген және прокурор рұксат еткенде істеледі.

Түзеу жолына түспеген тәрбиелеу колониясында отырған сотталғандар түзеу мекемесінің жалпы режиміне ауыстырылуы мүмкін.

Кәмелетке жеткен сотталған адамдарды тәрбиелеу колонияларында қалдыру басқа сотталған көпшілікке жағымды ықпалын тигізеді, бір талап қоюға мүмкіндік береді және тәрбиелеу әсерінің сабақтастығын білдіреді. Мұнымен қатар, ол жасөспірімдер жасындағыларға қылмыскерлік "мәдениетті" және "жалған қылмыскер арманшылдығын" үйренуді азайтады, яғни кәмелетке жетпеген сотталғандарға кері әсерін тигізуін азайтады.



2. Тәрбиелену колонияларыңда жаза атқарып жүрген адамдарға заң шығарушы, үлкендерге қолданылатын түзеу әрекетінің шараларын, кейбір ерекшеліктер енгізіп белгілейді. Мысалы, режимнің маңызы - өмірде және тұрмыста қатаң тәртіптелген болатын болса, ал тәрбиелеу колонияларындағы кәмелетке толмағандар үшін жаза жеңілдетілген түрде болады. Тәрбиелеу колонияларында тәрбиеленушілердің мінез-құлкы жасөспірімдердің жеке тілегі мен көңіл-күйіне емес, қайта қатаң белгіленген тәртіпке бағындырылған. Тәжірибе көрсеткендей, тәрбиелеу колонияларына, негізінен тәрбие көрмеген, тәртіпке үйренбеген, жалқау т.б. теріс мінездігі арқасында оқығысы да жұмыс жасағысы де келмейтін кәмелетке толмағандар түседі. Мұндай жастарға режим ең жоғары дәрежедегі тәрбиелеу амалы болып есептеледі. Тәрбиелеу колониясында режимнің "Жеңілдетілген" қасиеті дегеніміз мынада:

а) кездесудің көбірек берілуінде, сәлемдеме, бандероль беру санының көбейтілуінде, ұстау жағдайы жақсы жерге аударудағы мерзімнің қысқартылуында;

ә) тәрбиелеу колониясы сыртына шығуға рұқсат етілгендігінде;

б) жекелеп бөлектенген бөлімшелердің жоқтығында;

в) оқ ататын қарудың қолданылмауында;

г) сотталғанның психикасына зиян келтіретін тәртіптік шараларды қолдануға рұқсат етілмейтіндігінде.

Кәмелетке толмағандарды еңбекке тәрбиелеудің де кейбір ерекшеліктері бар:

а) олардың талабын мамандығына қарай еске ала отырып еңбекке дағдыландыруды үйрету мақсатының маңыздылығы:

ә) бірінші орында өндірістік-оқу әрекеті мен техникалық мамандыққа үйрету қойылады;

б) кәмелетке толмағандарды түнде жұмыс істеуге, зиянды жұмысқа мерзімінен тыс және демалыс күндері жұмысқа пайдалануға рұқсат етілмейді;

в) техника қауіпсіздігі ережесін сақтауға жоғары талап қойылады;

г) еңбек жарысын ұйымдастыруға айрықша маңыз берілуі.

Заң дәрежесінде тәрбие жұмысын құқықтық реттеудің қажеттігі жоқ бірақ заңға негізделген құжаттар дәрежесінде тәрбие жұмысында, ересек сотталғандармен реттеудегіге қарағанда, көптеген өзгешеліктерді табуға болады. Олардың негізгісі - ол заңға негізделген құжаттардың психо-педагогикалық бағытта ашық айтылғандығы, кәмелет жасына жетпеген сотталғандарға жөн сілтеуінде. Мысалы, тәрбие жұмысының негізгі орталығы - жасақ, ал ол тәрбиелеу колониясында 25 адамнан аспайтын бөлімшеге бөлінеді. Бөлімшені тәрбиеші басқарады, ал төрт бөлімшеден тұратын жасақты жасақ бастығы басқарады және ол аға тәрбиеші. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес тәрбие жұмысын тиімді жүргізу мақсатында жасақ бастығы жанынан жасақ Тәрбиешілерінің кеңесі кұрылады, оған тәрбиешілер мен бірге сынып жетекшілері, училище мамандары, өндіріс уәкілдері кіреді. Жасақтың Тәрбиешілер кеңесі жасақ бастығының жанындағы кеңесші орган, оның шешімі міндетті емес, тек кеңес беру ретінде болады, ал ақтық шешімді жасақ бастығы қабылдайды. Жоғарыдағы айтылған органның бұйрығымен тәрбиелеу колониясында колония ұжымынын кеңесі, жасақ ұжымынын кеңестері, бөлімше ұжымының кеңестері құрылады, олардың мүшелерінің тізімін колония бастығы бекітеді.

Тәрбиелеу колониясында жалпы білім беру мынандай болады:

а) үйретуді ең жоғары дәрежеде тәрбиелеу әрекеттері мен байланыстыру;

ә) мектептегі педагогикалык процесті тәрбиелеу колониясындағы барлық тәрбиелік жұмысымен тығыз байланыстыру;

б) педагогика ұжымы мен мекеме әкімшілігінің барлық басты назары жалпы білімді үйретуге аударылуы тиіс.

Техникалык-кәсіптікке үйрету - ол сотталғандарды міндетті түрде мамандыққа үйрету болып есептеледі. Үйрету ұзақтығы жұмыс күні бойында жүргізіледі. Мамандықтың күрделілігіне, оқытудың ұзақтығына және оқушылардың санына байланысты жасөспірімдерді үйрету 25-30 адамнан тұратын топтарда жүзеге асырылады, олар бір маманға немесе жеке үйрету ретінде маманданған жұмысшыға үш адамға дейін бекітіледі. Оқу біткеннен кейін оларға куәлік беріліп және мамандық дәрежесінің атағы беріледі. Сонымен, тәрбиелеу колониясында сотталғандарды тәрбиелеу процесінде кәмелетке толмағандардың жасын, физиологиялық ерекшеліктерін және олардың адамгершілік дәрежесі тәмендеуін еске алатындығымен қорытынды жасауға болады.

10-дәріс. Бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудің жағдайы мен тәртібі.

1.Бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудің жағдайы мен тәртібі.

2.Түзеу жұмыстарына сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысы.

3.Түзеу жұмыстарын өтеп жүрген адамдарға қолданылатын мадақтау шаралары.



1.Бас бостандығынан айырмайтын жұмыс орнындағы түзеу жұмыстары Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген.

Бұдан басқа кәмелетке толмағандар жөнінде айтқанда, олардың мінез-құлқын қадағалау мен өндірістік мамандық алуын қамтамасыз ету керектігі есепке алынады.

Қылмыстық заңға сәйкес түзеу жұмыстары жазаның негізгі түрі болып есептеледі және сот оны екі айдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындауы мүмкін.

Түзеу жұмыстарына сотталғанның жалақысынан мемлекет пайдасына сот үкімімен белгіленген мөлшерде ұстап қалынады, бірақ жиырма пайыздан аспауы тиіс.

Түзеу жұмыстары қылмыстық Кодекс баптарында жиірек көрсетілген, бірақ олар қоғамның оқшауланбайтын негізінен жеңіл қылмыс жасаған адамдарға қолданылуы мүмкін. Түзеу жұмыстары - бұл жазалау шарасы сотталғандарды міндетті түрде еңбекке тарту болғандықтан, жұмысқа жарамсыз азаматтарға қолданылмайды.

Түзеу жұмыстарына сотталғандар жазаны өтеудің белгіленген тәртібін сақтауға, бұл жазаны атқаратын органның шақыруы бойынша баруға міндетті. Бұл талапты себепсіз орындамағаны үшін сотталған жауапқа тартылуы мүмкін.

Түзеу жұмыстарын өтеудегі маңызды нәрсенің бірі - ол сотталғанның еңбек ақысынан сот үкімі белгілеген соманың Казақстан Республикасы ҚК-нің 43-бабына сәйкес ұстап қалынуы.

Түзеу жұмысына сотталғандар жазаны жұмыс жасап жүрген орнында, қандайда болмасын меншіктегі ұйымда өтейді.

Түзеу жұмысына сотталған адамдар сотталғанға дейінгі жүмыс істеген өндірісте, мекемеде, ұйымда, сол лауазымында, қызметінде жұмыс жасап қала береді.

Қазіргі уақытта түзеу жұмыстарын орындау Қазақстан Республикасы ҚАК-мен реттеледі.

Соттың түзеу жұмыстары жөніндегі үкімін жүзеге асыратын орган - ол аудандық ішкі істеріне қарайтын қылмыстық-атқару инспекциясы. Инспекция түзеу жұмыстарына сотталғандардың әр қайсысының бас басына есеп жүргізеді; керекті жағдайда оларға бұрынғы істеген жеріне жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді; сотталғандардың еңбек ақысынан дұрыс ұсталынуын, өндірістер, мекемелер, ұйымдар әкімшілігінің Қазақстан Республикасының зандары белгілеген жазаны өтеу жағдайын сақтауды бақылайды; сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуде; оларға қолданылатын мадақтау және жазалау шараларына қатысады; тұрған жері белгісіз сотталғандарды іздеуді заңмен белгіленген тәртіппен ұйымдастырады.

Сот үкімі шыққаннан кейін еңбекке жарамсыздығы белгілі болған сотталғандар жөнінде бұл жаза түрін атқаратын орган сотқа түзеу жұмысын басқа жеңілірек жазаға ауыстыру туралы өтініш білдіреді.

Түзеу жұмыстары туралы үкім қылмыстық-атқару инспекциясына түскеннен кейін он бес күннен кешіктірілмей орындалады. Түзеу жұмыстары инспекциясы сот үкімінің көшірмесін алып, жұмысқа орналастырылғаннан кейін әрбір түзеу жұмыстарына сотталған есепке алынады, оған жеке іс ашылады, одан кейін инспекция сотқа оның шешімі орындалғаны туралы хабарлама қағаз жібереді.

Егер де бас бостандығынан айыру жөніндегі түзеу жұмыстарына өзгертілген болса, онда хабарлама-қағаз сотталғанның жаза өтеген түзеу мекемесіне жіберіледі. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың жеке басының есебі - олардың жұмысқа қатысуын, еңбек ақысынан ұстаудың дұрыстығын, заңда көрсетілген негіздерде сотталғанның есептен уақытында шығарылуын бақылап жүру үшін керек.

Түзеу жұмыстарына сотталғандар үшін тәжірибеде жеке есептеудің төрт түрі белгіленген: оперативті, алдын алатын, бақылау, іздеу салынған сотталғандардын есебі.

Түзеу жұмыстарына сотталған адамдардың жұмыс орнына, инспекция сотталғанның құжатын алғаннан кейін кәсіпорнының, мекеменің, ұйымның, әкімшілігіне үкімнің көшірмесін және белгіленген түрде хабарлама қағаз жібереді. Егер де сотталған бұрынғы жұмыс орнынан шығып кетіп және еш жерде жұмыс жасамайтын болса, бұл жазаны орындататын органдар сотталғанға он бес күн мерзім ішінде жұмысқа кіруге талап қояды, керек болса жұмысқа орналасуына көмек көрсетеді.

Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 30-бабы түзеу жұмыстарына сотталғандардың жазаны өтеп жүрген кәсіпорны, мекемелер, ұйымдар әкімшілігінің міндеттерін көрсеткен.

Бұл міндеттері мынандай:

- сотталғандардың өндірістегі мінез-құлқына бақылау жасау және сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуде инспекцияға жәрдемдесу;

- сотталғанның табысынан ұстап қалатын ақыны дұрыс және уақытында жүргізу мен ұсталған сомаларды белгіленген тәртіппен аударып отыру;

- түзеу жұмыстарына көзделген жазаны өтеудің ережелерін сақтау;

- қылмыстық-атқару инспекциясына сотталғанға қолданылған мадақтау және жазалау шаралары, оның жазаны өтеуде жалтарғаны туралы хабарлап отыру, сондай-ақ баскқ қызметке ауыстырылуы мен босатылуы жөнінде алдын ала хабарлау жүктелген.

Инспекция сотталғандар жұмыс істейтін кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі мен тығыз байланыста жұмыс жасауы тиіс. Тәжірибеде олардың өзара қарым-қатынастары әр түрлі болуы мүмкін, бірақ солардың ішіндегі тиімдісі - ол инспекция қызметкерлерінің түзеу жұмыстарына сотталғандар еңбек ететін ұйымдарға, мекемелерге, өндіріс орындарына тікелей баруы. Инспекцияның мұндай баруы сотталғандардың қылмыстық жазаны өтеу жағдайлары мен тәртіп шараларын уақытында анықтайды, сотталғандармен әкімшіліктің құкықтары мен міндеттерін түсіндіреді және сотталғандардың мінез-құлқын, оның еңбекті қалай істейтінін т.б. анықтайды.

Түзеу жұмыстарын өтеу жағдайлары. Түзеу жұмыстарын өткеріп жүрген сотталғандар үшін Заңмен бұл қылмыстық жазаны өтеу жағдайлары мен тәртібінің шаралары, онымен байланысты құқық шектеулері белгіленген, ал оның мақсаты - сотталғандарға тәрбиелік әсер ету болады.

Түзеу жұмыстары жазасын өткеру кезінде инспекцияның рұқсатынсыз сотталғандарды өз тілегі бойынша жұмыстан шығаруға болмайды.

Жұмыстан шығуға рұқсат етпегенде, онда жоғары тұрған лауазымды адамға шағым етуге болады.

Түзеу жұмыстарын өтеп жүрген адамдарға уақытша жұмысқа жарамсыздығына жәрдемақы еңбекақысы есебінен сот үкімімен тағайындалған ұстап қалуды шегеріп тастағаннан кейін төленеді.

Қылмыстық-атқару заңымен (Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 40-бабы) түзеу жұмыстарына сотталғандардың жалақысынан ұстап қалуды жүргізу тәртібі толық реттелген.

Әрбір жұмыс айы үшін жалақы төлегенде орындау парақ құжаттары бойынша ұстап қалу, сотталғанға талаптардың болуына қарамастан жалақының барлық түрінен жүргізіледі.

Ұстап қалулар, әрбір толық жұмыс істеген айға жалақыны айдың екінші жартысында төлегенде, ал жұмыстан шығарылғанда - айдың жұмыс істеген күндерінен жүргізіледі.

Қосымша жұмыс істейтін адамдардан ұстау ай сайынғы жұмысының жалақысынан жүргізіледі. Сотталғандарға еңбек ақы төленген күні ұсталған сомасы белгіленген тәртіппен мемлекет пайдасына аударылады.

Зейнетақыдан, әлеуметтік қамтамасыздандыру және әлеуметтік қауіпсіздендіру орындарынан берілетін жәрдемақыдан, жалақы жүйесінде қаралмаған бір жолғы төлемдерден, қызметпен жүргендегі жалақысының және т.б. шығындар үшін төленетін сомадан, ұсталымдар алынбайды. Егер соттың үкімі бұзылып, іс тоқтатылған кезде сотталғанның еңбек ақысынан ұсталған сомасы, оған түгелдей қайтарылады.

Қазір тәжірибеде пайда болған мәселе, ол әр түрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайтын адамдардың жалақысын қалай анықтауға болатындығы, себебі оларда еңбек ақыны төлеу дұрыс жөнге келтірілмеген, ол тек кейбір жұмыстарды орындап, сауда келісімін аяқтап және т.с.с. кіріс түскеннен кейін төленеді.

Жалпы ереже бойынша бұл жағдайда жазаны өтеу уақытында алынған немесе жазаны өтеудің бөлігі кезеңіне келетін барлық табысы есептелуі тиіс.

Басқа да негіздермен артық ұсталған сомасы қайтарылады: мерзімінен бұрын босатылғанда, кешірім жасалғанда және т.с.с.



2.Түзеу жұмыстары жазалау шарасы болып есептеледі. Сотталғандарды түзеу мақсатында Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 7-бабында көрсетілген амалдарды яғни: жазаны атқару мен өтеудің белгіленген тәртібін (режим), тәрбие жұмысын, қоғамдық-пайдалы еңбекті, орта білім алуды, кәсіптік даярлық пен қоғамдық ықпал етуді қолданады.

Бұл амалдарды қолданудың ерекшелігі - ол түзеу жұмыстарына сотталғандар қоғамнан оқшауланбаған, оны жақсы білетін бұрынғы сотталғанға дейінгі жұмыс орнында жұмысшылар мен қызметкерлер ұжымында жұмыс істейді. Сотталғандармен тәрбие жұмысын әкімшілік, еңбек ұжымы, жұмыс орнындағы қоғамдық ұйымдар және қылмыстық-атқару инспекциясының қызметкерлері жүргізеді.

Тәрбие жұмысының түрлері әр алуан болуы мүмкін, олар: жекелеп, топтап әңгіме жүргізу, жақын туыстарымен қарым-қатынас жасауға, әсіресе сотталған кәмелетке толмаған болса көңіл бөлу. Тәрбие жұмысын жүргізгенде, көбінесе жекелей әңгімелесуге назар аудару керек, онда тек қана жұмыс істеуі жағынан бірге, оның қоғамдық жерлердегі, от басындағы, үйіндегі мінез-құлқына көңіл аударған жөн.

Өзінің түзелгенін ынталы мінез-құлқымен және еңбекке, оқуға, адалдығымен дәлелдеген сотталғандар, заң белгілеген тәртіппен мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға ұсынылуы мүмкін. Егер де сотталған түзеліп және заңмен көрсетілген жаңа мерзімінің бөлігін өтеген болса, онда мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуға мәліметтерді инспекциямен бақылау комиссиясы бірігіп жібереді.

Түзеу жұмыстарына сотталған жаза өтеу жұмысынан қасақана жалтарса, жазаның бұл түрін атқарушы орган сотқа өтелмеген мерзімнің орнына жазаның басқа түрін белгілеуге ұсыныс енгізеді.

Жалтарудың қасақана екені, егер де көрсетілген қимылы жалғастырыла берсе немесе хаттап ескертуден кейін де жалғаса берсе немесе сотталған жазаны өтемеу мақсатымен бой тасалап жүрсе ғана танылады.


11-дәріс. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандардың жазаны өтеу жағдайлары мен тәртібі.

1. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың жағдайлары мен тәртібі.

2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару.

3. Айыппұл түріндегі жазаны атқару жағдайлары мен тәртібі.

1.Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалардың түріне түзеу жұмыстарынан басқа, кіретіндер: белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру түріндегі жазаны атқару; айыпақы; қоғамдық жұмыстарға тарту; бас бостандығын шектеу. Қосымша жазаларға жататындар: арнаулы, әскери немесе кұрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, сыныптық мамандықтан, мемлекет наградаларынан айыру; мүлікті тәркілеу. Жоғарыда айтылған қылмыстық жазалардың кейбіреулері айыпақы және белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру сияқтылары негізгі, сондай-ақ қосымша да жазалар түрінде қолданылуы мүмкін.

Жазалаудың бұл түрлерінің ерекшелігі - ол, бұл қылмыстардың жазалау шараларының, мысалы, бас бостандығынан айыруға сотталғандармен салыстырғанда қуғын-сүргіні кем емес.

Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды сот Қазақстан Республикасы ҚК-нің 41-бабына сәйкес бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге жазаның негізгі түрі ретінде және алты айдан үш жылға дейін жазаның қосымша түрі ретінде тағайындайды.

Бұл жазаны негізгісі ретінде өтеуді, сонымен бірге негізгіге қосымшасы ретіндегі айыпақы, түзеу жұмыстары және де шартты түрде сотталғанның жаза атқаруын ұйымдастыруды сотталғанның тұрған жеріндегі қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады.

Бас бостандығынан шектеу, қамау, бас бостандығынан айыру немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі негізгі жазаға қосымша ретінде тағайындалған бұл жазаның атқарылуын ұйымдастыруды негізгі жазаны атқарушы орган, ал негізгі жазаны өтеген соң - сотталушының тұрғылықты жері бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 24-бабы).

Сотталғандар әскери қызметке шақырылған немесе олар баламалы арнайы мемлекеттік қызметке кірген жағдайларда қылмыстық-атқару инспекциялары әскери комиссариатқа немесе сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша қызмет өткеру кезінде сол жазаны атқаруға арналған сот үкімінің көшірмесін жібереді.

Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігінің ұйымдардың сот үкімін және басқа да органдардың қаулы қарарларын орындау жөніндегі міндеттері Қазақстан Республикасы ҚАК-нін 24, 25, 26-баптарында белгіленген.

Негізгі жаза ретінде немесе айыпақыға, қоғамдық жұмыстарға немесе түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ шартты соттау кезінде қосымша жаза түрі ретінде тағайындалған белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру мерзімі, егер бұл жағдайда қосымша жазаның өтелуі - кейінге қалдырылмаса, сот үкімі занды күшіне енген кезден бастап есептеледі.

Бас бостандығын шектеуге, қамауға, бас бостандығынан немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстауға қосымша жаза ретінде белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметінен айналысу құқынан айыру түріндегі жаза қолдану кезінде ол жазаның аталған негізгі түрлерін өтеудің бүкіл уақытына қолданылады, бірақ бұл орайда оның мерзімі оларды өтеу кезінен бастап есептеледі.

Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру түріндегі жазаға сотталғандар сот үкімінің талаптарын орындауға, қылмыстық-атқару инспекциясының талап етуі бойынша аталған жазаны атқаруға байланысты құжаттарды беруге, жұмыс орны, оның өзгергені және одан босағаны туралы инспекцияға хабарлауға, сондай-ақ шақыру бойынша инспекцияға келуге міндетті. Сотталған келмей қалған жағдайда оған еріксіз келтіру қолданылуы мүмкін. Соттың белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру туралы үкімнің орындалмауына кінәлі өкімет өкілдері, мемлекет қызметкерлері, жергілікті өзін-өзі басқару органының қызметкерлері, мемлекет мекемелерінің, коммерциялық немесе өзге де ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ сот үкімінің талаптарын бұзушы сотталғандар Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген тәртіппен жауап береді.

2.Қоғамдық жұмыстар деп сотталғанның негізгі жұмысынан немесе оқуынан бос уақытында қоғамдық пайдалы жұмысты тегін орындауын айтады. Оның түрлерін жергілікті атқару органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді.

Қоғамдық жұмыстар алпыстан екі жүз қырық сағат мерзімге белгіленеді және күніне төрт сағатқа дейін өтеледі. Егер де қоғамдық жұмыстан қасақана жалтарса, онда ол Қазақстан Республикасы ҚК-нің, 45, 46-баптарында көрсетілген тиісті мерзімге бас бостандығынан шектеумен немесе қамаумен ауыстырылады. Мұнымен бірге, сотталғанның қоғамдық жұмыстарды өтеген мерзімі бір күн бас бостандығынан шектеу немесе қамау уақыты сегіз сағат қоғамдық жұмыстарға есептеледі.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны сотталғанның тұрақты тұратын жерінде қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен жергілікті атқару органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейтін объектілерде қылмыстық-атқару инспекциясы атқартады.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза жөніндегі сот үкімі соттың тиісті қарарының (ұйғарымнын, қаулының) көшірмесімен қоса қылмыстық-атқару инспекциясына келіп түскен күннен бастап он күн мерзімнен кешіктірілмей атқарылады.

Қылмыстық-атқару инспекциясы: сотталғандардың есебін жүргізеді; оларға жазаны өтеудің тәртібі мен ережелерін түсіндіреді; жергілікті атқарушы органдармен немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қоғамдық жұмыстардың объектілерін белгілейді; сотталғандардың мінез-құлқын бақылайды; жазаны өтеуден жалтарған сотталғандарды ұстау туралы шешім қабылдайды; олардың атқарған уақытының жалпы санын жүргізеді және сотталғандардың орындаған жұмыстары үшін қаржының тиісті бюджетке уақытында түсуін бақылайды.

Сотталғандар жазаны өтеудің белгіленген тәртібі мен ережелерін сақтауға, еңбекке адал қарауға; өздеріне бөлінген объектілерде жұмыс істеуге және сот белгілеген қоғамдық жұмыстардың мерзімін атқаруға, тұрған жерінің өзгергені туралы қылмыстық-атқару инспекциясына хабарлап отыруға міндетті.

Сотталушыға негізгі жұмыс орны бойынша кезекті демалыстың берілуі қоғамдық жұмыстардың орындалуын тоқтатпайды.

Сотталған бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылғанда қылмыстық-атқару инспекциясы сотқа жазасын одан әрі өтеуден босату туралы, ал сотталған әйел аяғы ауыр болған жағдайда оның жазасын өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыныс жасайды.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаның мерзімі сотталғанның қоғамдық жұмыстарды орындаған сағаттарымен есептеледі.

Қоғамдық жұмыстар уақыты демалыс күндері мен сотталған негізгі жұмыспен немесе оқумен айналыспаған күндері - төрт сағаттан; жұмыс күндері - жұмыс әлде оқу аяқталған соң екі сағаттан, ал сотталғанның келісімімен - төрт сағаттан аспауы керек. Қоғамдық жұмыстар ұзақтығы апта ішінде, әдетте он екі сағаттан кем болмауы керек. Дәлелді себептері болған кезде қылмыстық-атқару инспекциясы сотталғанға апта ішінде жұмыс сағатын азырақ істеуге рұқсат ете алады.

Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу орны бойынша ұйымдардың әкімшілігіне сотталғандардың жүктелген жұмыстарды орындауына бақылау жасау, қылмыстық-атқару инспекциясына істелген сағаттар саны туралы немесе сотталғандардың жазаны өтеуден жалтарғаны туралы хабарлау жүктеледі.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандардың еңбегін пайдаланушы ұйымдардың әкімшілігі сотталғандардың істеген жұмысы үшін бюджетке ай сайын қаржы аударып отырады. Сотталғандардың жасаған жұмысының құны ұйымда қолданылып жүрген бағалау бойынша айқындалады.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден сотталғанның қасақана жалтарғанына мыналар кіреді: қоғамдық жұмыстарға дәлелді себептерсіз бір айдың ішінде екі реттен астам шықпаса; еңбек тәртібін бір айдың ішінде екі реттен артық бұзса; жазаны өтеуден жалтару мақсатынан жасырынғаны.

Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық-атқару инспекциясы оған Қазақстан Республикасының қылмыстық зандарына сәйкес жауапты болатынын ескертеді.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарушы сотталғандар жөнінде қылмыстық-атқару инспекциясы Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексінің 42-бабының екінші тармағына сәйкес сотқа қоғамдық жұмыстарды жазаның басқа түрлерімен ауыстыру туралы ұсыныс жасайды.

Қоғамдық жұмыстарға тарту әскери адамдарға, елу бес жастан асқан әйел адамдарға, алпыс жастан асқан ер адамдарға, аяғы ауыр әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, I, II топтағы мүгедектерге белгіленбейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...