ҚР қылмыстық атқару құқығының түсінігі, пәні және курс жүйесі

Loading...


бет2/9
Дата07.04.2020
өлшемі135.27 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4.Үкімнің занды күшіне енуімен және осы үкімнің атқарыла бастаған күнінен бастап мемлекетте, оның қылмыстық жазаны орындайтын тиісті мекемелері мен органдарының сотталғандарға құқық реттеу жиынтығын қолданатын, жазаға тән және түзеу шарасын қолданып әсер ету құқығы пайда болады. Сот-талған өз кезегінде құқық шектеуге көнуге міндетті және түзеу шарасын қолдануды басынан өткеруі тиіс. Сөйтіп қылмыстық-атқару құқық қатынасы пайда болады. Ол осы құқық саласы нормаларымен реттеледі.

Қылмыстық-атқару құқық нормалары нақты жазаны өтеу жағдайы мен тәртібін белгілей отырып, жазаны аткару (өткеру) жағдайында және процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды мемлекет мүддесінде реттеп, оған құқық қатынастарының маңызын береді.

Қылмыстық-атқару құқық қатынастары осы қоғамдық қатынастарды реттейтін қылмыстық-атқару құқығы нормаларының түрлеріне қарай топтастырылады. Егер де әңгіме міндеттерді орындау, тікелей қоғамдық қатынастарда құқықты пайдалану және тыйым салуды бұзбауда болса, онда ол материалдық нор-малар болғаны. Олардың негізінде пайда болған құқықтық қатынастар материалдық, қылмыстық-атқару құқық қатынастары болып аталады. Тәртіп туралы сөз болғанда, яғни шын мәнісіндегі қоғамдық қатынастарда әр жақтардың қатынасқанын құжатпен дайындағанда, онда оның процессуалдық нормалар болғаны. Олардың негізінде процессуалдық қылмыстық-атқару құқық қатынасы пайда болады, олар материалдық қылмыстық-атқару құқық қатынасының өмір сүру түрі болады. Басқаша айтқанда, еңбекпен түзеу құқығының процессуалдық нормалары осы сала құқығының материалдық нормаларын қозғалыска келтіреді.

Материалдық та, процессуалдық та қылмыстық-атқару құқық қатынастары реттеушілер және қоргаушылар болып бөлінеді. Жан-жақтың құқығы мен міндеттерін іске асырудың әдеттегі процесі жүріп жаткан кезінде, онда ол материалдық және процессуалдық құқық қатынастарын реттеу шеңберінде іске асырылады. Бұл құқықтық қатынастарда қылмыстық-атқару құқығы нормаларында қолданылған негізгі қорытынды сотталғандардың заңшылдық (занды бұлжытпай орындаушылық) сипаты қалыптасады.

Сотталғандар белгіленген міндеттерін орындамаған кезде немесе берілген құқығына қиянат жасағаны, сондай-ақ тыйым салынғандарды бұзғаны, оларға мемлекеттік күштеуді іске асыру түріндегі ескерту жазасы, бұлтартпау жазасы, құқықты жаза (тәртіптік пен материалдық) сотталғандардың жауапкершілігін іске асыруға байланыстылардың барлығы қылмыстық-атқару құқығы қорғаушылар нормасының іс-қимылына кіргізіледі. Соның негізінде пайда болатын қорғаушылдық (охранительные) қылмыстық-атқару құқық қатынастар сотталғандарды қолайсыз салдарға ұшыратады. Олар сотталғандардың заңсыз мінез-құлкынан бас тартуына, қылмыстык-атқару құқығы нормаларын бұзуға мүмкіндік беретін себеп пен жағдайларды бол-дырмауға бағытталған.

Жазаны атқару (еткеру) процесінде және түзеу ықпалын жүзеге асыруда қарапайым ғана емес, күрделі де құқықтық қатынастар пайда болады. Оларда құқық қатынастардың бірнеше элементтері бар болуы мүмкін және онда субъектілер арасындағы құқыктык байланыс, олардағы көптеген құқық пен міндеттердің өзара қарым-қатынасымен бейнеленеді, мысалы режим тәртібін іске асыру, еңбек жағдайын т.б. қамтамасыз ету.

Қылмыстық-атқару құқық қатынасы басқа құқық қатынастар түрлерінен айырмашылығы - олар өзінше ұзартылатын құқық қатынастар, өйткені мұнда сот үкімімен кесілген нақты мерзімі болады.

Қылмыстық-атқару құқық қатынастары басқа құқық қатынастар түрлерінен өзгешелігі - ол өзінің субъектілері арқылы олар жаза орындайтын мемлекеттің тиісті органдары және қылмыстық жазаға сотталған адамдары болуы мүмкін. Құқықтық қатынастар субъектілерінің жағдайын алып қарағанда құқықтық пен заңдылыққа жататын міндеттер көпшілігінің тендігіне емес, қайта бір жағының (сотталғандардың) екінші жағына (мемлекет органдарына) бағыныштылығына негізделеді. Қылмыстық-атқару құқық қатынастары үшін тән және ерек-ше объектілер, олар шын мәнісінде субъектілер әрекеті (әрекетсіздігі) қылмыстық жазаны атқару және өткеру процесінде болады.

Сонымен, қылмыстық-атқару құқық қатынастары дегеніміз - қылмыстық-атқару құқық нормаларымен реттелген. мемлекеттің тиісті органдары мен сотталғандардың жазаны атқару немесе өткеру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар.

Кез келген құқық қатынастың өз құрамы бар, яғни ол онсыз өмір сүре алмайтын белгілі бір элементтердің жиынтығы. Құрамдас бөлімдері (элементтері) дегеніміз - субъектілер мен басқада құқық қатынастарға қатысушылар; құқық қатынастар маңызы; құқық қатынастар объектілері, заң ақиқаттары.

Құқық қатынастарының субъектілері мен басқа да қатысушылары қылмыстық-атқару құқығы нормаларында көрсетілген, субъектілік құқықтары және тиісті занды міндеттері бар - занды ұйымдар мен жеке адамдар болып есептеледі. Құқық қатынастарының сувьектілері деп субъективтік-құқық пен міндеттерінің көп көлеміне ие болатын оның жан-жақтарын айтады. Олар болмаса құқық қатынастары құралмайды.

Қылмыстық-атқару құқық қатынастарының есебіне кіретіндер: жазаны орындайтын мемлекет мекемелері мен органдары, бақылау комиссиялары, лауазымды адамдар, кәмелетке толмағандар туралы комиссиялар, еңбек ұжымдары, сотталғандар және олардың жақын-жуықтары.

Қылмыстық-атқару құқық қатынастарының маңызын субъектілер мен қатысушылардың шын мінез-құлқы және олардың құқы мен міндеттерінің жиынтығы деп түсіну керек. Екі субъектінің де құқығы мен міндеттері бар. Дегенмен, егер де олардың біреуінің қандай да болмасын міндеті болса, онда екіншісінің бұл міндетке жауап беретін құқығы болады. Құқық және оған сәйкес келетін міндет (немесе керісінше) құқық қатынастар субъектілерін байланыстырады. Мазмұн мен қылмыс-атқару құқық қатынастары субъектілеріне жататын құқық пен міндеттер көлемі, атқарылатын жаза түріне тәуелді және жазаны атқару (өткеру) мен түзеу ықпалының шарасы процесінде де ашылады.

Маңызы жағынан қарағанда құқық қатынастарының екі түрге бөлінетінін атап өту қажет. Олар жазаны атқару кезіндегі шара қолданбай құрылатын және түзеу шарасы ықпалын қолдану кезіндегі болып бөлінеді. Қылмыстық-атқару құқық қатынастары объектісін құбылыстар мен бұйымдар құрайды немесе шын мағынадағы тіршілік жағдайлары кезіндегі пайда болатын құқық қатынастар. Құқық қатынас объектісі оның субъектілерінің немесе қатысушыларының белгілі заңды талабы бола алады. (Мысалы, сотталғандардың түзеу мекемелерінен қысқа мерзімге шығуы, жолығуға. сәлемдеме, тағам алуға рұқсат етілу т.с.с).

Заң шындықтары әрекетті немесе уақиғаны көрсетеді осыған байланысты қылмыстық-атқару құқық қатынастары пайда болады, өзгереді немесе тоқтатылады. Заң шындықтарының есебіне пайда болатын, өзгеретін немесе тоқтатылуды қамтамасыз ететін құқық қатынастарына кіретіндер: айыптау үкімін шығару немесе сот ұйғарымы үкімнің занды күшіне енуі мен өтеуді талап ету, кездестіру, жолықтыру, тәртіп жазасын беру немесе қапас тәрізді бөлмеге-ауыстыру, сот шешімімен мерзімінен бұрын босату және т.б.

Заң шындықтарын талдау және бағалау құқық қатынастар заң жаратылысына шек қоюға мүмкіндік береді. Олар жазаны орындау кезінде пайда болады, әсіресе жекелеп айтсақ, сотталғандардың жеке меншігіне байланысты азаматтық құқық сотталғандарды мерзімінен бұрын босату туралы қылмыстық іс жүргізуде пайда болады. Ол әр түрлі құқық қатынастары саласына кіретін норманы дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.


3-дәріс. Қазақстан Республикасындағы сотталғандардың құқықтық жағдайы.

1. Қылмыстық жазасымен сотталған адамдардың құқықтық жағдайының түсінігі.

2. Сотталғандардың құқығы мен міндеттері.

3. Бас бостандығынан айырылуға сотталғандардың тәртіптік, материалдық және қылмыстық жауапкершілігі.



1.Заң бойынша адам теңдігін оған заңды құқық пен бостандық беру негізінде тану азаматтық қоғамның басты белгісінің бірі. XX ғасырдағы дүние жүзі қоғамдастығының дамудағы едәуір прогресі адамның жеке тұлғасының бағалылығын түсінушілік, оның құндылығы үздіксіз байланыс керектігінде, күнелту мен еркін дамуға ең аз да болса кепілдікті қамтамасыз етуінде болып табылады.

Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі негізін конституциялық құқық, бостандық пен азаматтар міндеттері жатады. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің ерекше айырмашылығы - оның тұрақтылығы мен біршама өзгермейтіндігі.

Азаматтың құқығы дегеніміз - қандайда бір игілікті кепілді түрде пайдаланудың мүмкіндігі. Бұл адамның мемлекеттің ұйымдасқан қоғамындағы мінез-құлқының ресми өлшемі.

Адам құқығы - ол субъективті құқық шамамен емес, қайта жеке тұлғаның Конституцияда және заңда бекітілген нақты мүмкіндігі. Заң шығарушы тек қана шын қоғамдық қатынастардан шығатын, алдын ала құрылған әлеуметтік-экономикалық және саяси мүмкіндігі бар құқықты бекіте алады.

Көбірек тараған топтастырулар төмендегідей болады:


  1. саяси құқықтар - ол адамның мемлекеттік және қоғамдық-саяси өмірін- дегі оның саяси тағдыры мен еркіндігін өзі шешуді қамтамасыз ету мүмкін- діктері, мемлекетті басқаруға қатысуы;

  2. жеке азаматтық құқығы мен бас бостандығы;

  3. ол адамның заңсыз және орынсыз жеке өміріне, ішкі сезіміне араласпау, жеке басының тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мүмкіндігі;

  4. әлеуметтік-экономикалық құқық пен бас бостандықтар - ол өндіріс пен материалдық игілікті бөлу саласындағы жеке адам мүмкіншілігі, экономикалық және оған байланысты рухани талаптардың сай келуі және адам қалауына байланыстылығы;

  5. мәдениет құқықтары мен бас бостандықтары ол адамның рухани, мәдени игіліктері, яғни жетістіктерді пайдалану мүмкіншіліктері, оларды өзіне лайықты ынтасы мен қабілеттілігіне қарай жасауға қатынасу.

Қазақстанда адам құқығын сақтаудың маңызды компонентінің бірі - оған сотталғандардың құқын бұзуды ескерту және бақылау жатады.

Жазаны өтеп жатқан адамдар, мемлекет азаматтары ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей, белгілі құқықтық шектеуге қарамастан, адамның азаматтық құқығы мен бас бостандығына ие бола алады. Соның ішінде барлық сотталғандар жалпыға бірдей Адам құқығы Декларациясы баяндаған адам құқықтарымен және бас бостандығын пай-даланады, тек оның шектелу тиістілігіне, бас бостандығынан айыру орындарына анық қамалғаны себеп болады.

Қамаудағы адам деп - ол қандай да болмасын құқық бұзғаны үшін сотталып, жеке бас бостандығынан айырылған кез келген адамды айтады.

Сотталған азаматтарға жазаны өтеу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандығына кепілдік берілуі тиіс, оған тек қылмыстық, қылмыстық-атқару және басқа да Қазақстан Республикасы заңдарымен алып тасталған, сондай-ақ шектелу белгіленгендер жатпайды.

Сотталғандармен жұмыс жасау барысында, олар қоғамнан шығарылып қалғандар емес, қайта оның мүшесі болып қала беретіндігіне ерекше көңіл аудару керек.

Сондықтан сотталғандарды қоғам өміріне қайтару мақсатында қоғамдық ұйымдарды түзеу органдарымен бірге қызмет етуге (мүмкін болған жерде) жұмылдыру керек.

Қазақстанда бұл бағытта адам құқығы мен зандылықты сақтау жөніндегі Қазақстан-Америка бюросы мен реформаға көмектесетін Қылмыстық әділ сот орталығы сияқты үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді.

Сотталғандарды заңмен тікелей белгіленген жағдайдан басқа кезде азаматтық міндетін атқарудан босатуға болмайды. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды (Қазақстан Республикасы Конституциясы, 10-бап, 2-тармақ). Сотталғандардың құқы мен бас бостандығы сот үкімімен және Қазақстан Республикасы заңында көрсетілген мерзімге ғана шектелуі мүмкін. Мемлекет сотталғандардың және олардың туысқандарының, жақындарының сондай-ақ басқа да жеке тұлға мен заң ұйымдарының, егер де сотталғандар олармен әр түрлі зандық қатынастарда байланысты болса барлығының құқығы мен заңды талаптарын сақтауға және қорғауға кепіл болуы тиіс.

Сонымен қатар сотталғандардың құқықтық мәртебесіне шек қоюды бұзбауға байланысты еңбекпен түзеу мекемелерінде, тергеу қапасында отырғандарға спирттік ішімдіктерін, естен тандырарлық әсері бар дәрілер мен басқа заттарды, ақша, ас тағамдарын, бұл мекемеде сақтауға, пайдалануға рұқсат етілмейтін бұйымдар мен заттарды заңсыз бергендер әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады. Сот үкімімен сотталғандар кейбір жағдайда сотталған атағына ие болады, егер де ол адам қылмысты қайта жасаса жауапкершілік ауырлайды. Сотталғандардың кейбір категориясына рецидивті қылмысты ескерту үшін әкімшілік қадағалау қойылады.

Сотталғанның меншік құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы арқылы қорғалады, онда: "Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды", - делінген. Сотталғанды жазаны өтеу кезінде азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды (Қазақстан Республикасы Конституциясы, 17-бап). Тіпті ең ауыр өлім жазасы белгіленген адамға Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабына сәйкес кешірім жасауды арыздау құқын кепіл етіледі. БҰҰ 1984 ж. 25 мамырындағы "Өлім жазасына кесілгендердің құқын қорғауды кепіл ету шаралары" құжатына сәйкес өлім жазасын орындау кезінде бұл процедура мүмкіндігіне қарай жеңіл азап шектіруі тиіс.

Бас бостандығынан айырылған адамдардың бәрінің де, олармен адам баласына тән имандылықпен айналысуға, абыройын сыйлатуға құқы бар. 1966 ж. 16 желтоқсанындағы "Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде" былай көрсетілген: "Пенитенциар жүйесінің қамаудағы адамдарға режим қойғандағы мақсаты - оларды түзеу және әлеуметті етіп қайта тәрбиелеу". "Барлық қамаудағылар адамгершілік қасиеті ретінде өздерімен сыйлы қарым-қатынаста болуды пайдалануға тиісті" (1990 ж. 14 желтоқсандағы қамаудағылармен айналысудың негізгі принциптерінен алынды).

Мемлекет жағынан сотталғандардың құқықтық жағдайы жақсара қалса, ондайда заңның кері күші болуы тиіс. Егер де заңмен қандай да болмасын құқық бұзғаны үшін сазайын тарту (немесе жазалау) жеңілдетілсе, тіпті бұл әрекеттің заңға қайшылығы жойылса, мұндай заңның міндетті түрде кері күші болады.

Жазаны орындау - мәжбүрлеу акциясы, ол мемлекет жағынан күш қолдану арқылы қамтамасыз етіледі, ол тиісті құқық шектелу қиыншылығына апарып соқтырады. Сотталғандар заң жүзінде тиісті құқыққа ие болғандықтан, ол олардың занды мінез-құлқына күш қолданбаудың кепілі болып есептеледі. Сотталғандарға жаңа міндеттер жүктеледі, оны объективтік қажеттілік, тиісті оның мінез-құлқы деп түсіну керек. Мемлекет сотталғанның мінез-құлқын белгілей отырып, талап қояды және оның заңды міндеті болғандықтан оған кепіл болады.

Бұл міндеттерді бұзғаны үшін оған сәйкес тиісті жауапкершілік жүктеледі. Мысалы, Қазакстан Республикасының қылмыстық заңында, егер бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстык жаза атқарып жатқандардың басқа түзелу жолына түскендерді қудалағаны немесе қамаудан қашқаны, бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден бас тартқаны, еңбекпен түзеу мекеме әкімшілігінің талабына қасақаналықпен көнбегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Сотталғанның мұндай құқық шектеулер көлемі жынысына, азаматтығына, жасына, жаза түріне, бұрын сотталғандығына байланысты. Мысалы, Конституциялық күші бар 1995 ж. 28 қазандағы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының 4-бабына сәйкес, сот үкімімен еркінен айыру орындарында отырған Қазақстан азаматтары сайлауға қатыса алмайды, яғни актив, пассив сайлау құқығынан айырылады. Сотталған әйелдердің құқық жағдайынын басқа сотталғандарға қарағанда өзгеше айырмашылығы бар. БҰҰ 1985 жылғы 6 қыркүйектегі Ең аз үлгі Ережеде кәмелетке толмағандарға әділ сот қолданылғанда жеңіл жазалау жағын қарау сияқты түзеу мекемелеріне орналастырылған, құқық бұзған жас әйелдерге де айырықша көңіл бөлуді ұсынады. Сонымен бірге құқық бұзушы әйелдерде, әдетте, ерлерге қарағанда аз назар аударылатындығы көрсетілген.

Қазақстанда тұратын шетелдіктер сонымен қатар азаматтығы жоқ адамдар құқықтық мәртебеге шектелген көлемде ғана ие болады. Сотталған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқық шектелу көлемі аз болады, тек олар, мысалы, жалпы әскери міндетті емес, сайлау құқығымен пайдаланбайды. Шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұру орнын таңдауға және оны ауыстыруға белгілі шектеулер қойылады.

Сотталған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының және басқа да ТМД елдерінің сотталған азаматтарынан бөлек отырады. Сотталған шетелдікке жазасын өтеп шықпайынша немесе жазадан босатылмайынша Республикадан кетуге рұқсат етілмейді.

Ең аз үлгі Ережесіне сәйкес қамаудағы отырған шетелдік ұсталғандармен айналысқанда өз елінің елшілік немесе консулдық өкілдерімен байланысын мүмкіндігіне қарай жалғастыруды қамтамасыз ету тиіс.

Қазақстан кейбір халықаралық-құқықтық шарттарға қосылған жоқ. Соның бірі - бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жаза өтеуге азаматы болып есептелетін мемлекетіне беру Конвенциясы. Осы құжатқа сәйкес сотталғандар жазаны өткергенге дейін кез келген уақытта өзінің бастауымен немесе шет мемлекеттің құзыретті органдарының сұрауымен және сотталғанның немесе оның туыскандарының өтініші бойынша беруі мүмкін. Бұл жағдайда үкімді қайта қарау үшін жазаны атқаруға жіберілген адам сот үкім шығарған мемлекеттің құзырлы органына баруға болады.

Сотталғандарды құқықпен қорғау мынадай кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі: сотталғандардың ұсыныс, арыз, шағым жіберуге және оны қарау тәртібі туралы құқығы; мемлекеттің үкімет органдарының бақылауы; соттық және мемлекеттік бақылау; прокурорлық қадағалау; жазаны өтейтін мекемелер мен органдар әкімшілігінің заңның сақталуын қарайтын қоғамдық бақылау; халықаралық және ұлттық құқық қорғау ұйымдары өкілдерінің осы мекемелерге қатысы. Қазіргі заманда адам құқығы туралы халықаралық нормалар әділсот жүргізу саласында жеке адам құқығының мәртебесіне елеулі түрде әсер етеді. Қазақстанның халықаралық шартты бекіту акті мемлекет үшін заңдарын өзіне алған міндеттеріне сәйкестендірудің қажеттілігін көрсетеді. Халықаралық құқық бірте-бірте жан-жақты болуда, ал оның нормалары мен принциптері халықаралық бірлестіктің барлық мемлекеттеріне міндетті.

1987 ж. Еуропа кеңесі министрлер комитетінің қабылдаған Еуропадағы түрмелер туралы "Ережесі пенитенциарлы мекемелерінің сотталғандарға қатысы бар негізгі мақсатының бірі - олардың денсаулығын сақтау мен жеке басының адамгершілігін сезіндіру және жаза атқару мерзімі кезінде мүмкіндігіне қарай жауапкершілік сезімін ояту және бейімділігі мен дағдысын дамыту. Бұлар сотталғандардың босатылғаннан кейін өз бетімен өмір сүруіне және занды сақтауға мүмкіндік береді.

1985 ж. 6 қыркүйегіндегі Әділсоттың негізгі принциптері қылмыс құрбаны және билігін пайдаланып қиянат жасағандар туралы Декларацияға сәйкес БҰҰ-на мүше мемлекеттерге мінез-құлық пен әдеп Кодекстерін, атап айтқанда мемлекет қызметкерлеріне, сондай-ақ түзеу мекемелерінің құқық қорғау қызметкерлеріне халықаралық үлгілерді сақтауға көмектесуді ұсынады.

Адамның құқықтық жағдайын анықтай отырып, құқық шығармашылығы мен заңға, оның қорытындысы ретінде өмірде алдын ала пайда болатын тенденциялармен және құқық реттеудің қажеттілігімен мемлекет есептесуі тиіс. Құқықты4 орнату шындыққа негізделуі тиісті, қоғамның әлеуметтік-эко-номикалық және рухани дамуының зандылығы мен қажеттігін есепке алуы тиіс, ол тиісті мен мүмкіндіктің бірлігін сақтай білу деген ойдан туындайды. Дүние жүзі пенитенциарлық мекемелерінің көптеген проблемалары ұқсас: ол алдымен құқық бұзушыны қамауға алып күзет қоюдың мақсатына нақты жауаптың болмауы, қоғам жағынан пенитенциарлық мәселелерге түгелдей көңіл қойылмауы, қамауда отырғандарға халықаралық нормалардың сақталынбауы. Қазақстан Республикасы 1992 жылы БҰҰ-ның толық құқықты мүшесі болды, сонымен өзінің халықаралық құқық принциптер негіздерінің жолын ұстайтындығын дәлелдеді.

Біздің елді дүние жүзінің 117-ден астам мемлекеті таныды, олардың 105-і мен елшілік қатынас орнатылды. 800-ден астам мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар мен келісімдер жасалды. Егеменді Қазақстан дүние жүзі қоғамдастығының толық құқықты мүшесі, оның ажырамас бөлегі бола отырып, сонымен бірге БҰҰ-ның халықаралық құқықтық құжаттарының орындалуын бақылауға, алдыменен адам құқын сақтауға, оның ішінде әділсот пен жаза атқару саласында өзіне міндеттемелер алды. Қазақстан алдында жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде қоғам өмірін демократизациялауда қым-қиғаш қиын жолдан өту кезегі тұр. БҰҰ-ның құқықты сот саласындағы халықаралық құқық құжаттарына қосылу және оны бекіту мемлекеттің қылмыс саясатын жасауда жақсы жол көрсеткіш болады.

Құқығы ең жиі бұзылатындардың бірі, ол тергеуде жүргендердің қорғану құқығы. Кейбір жағдайда тергеуде жүргендерге және ұсталғандарға ұсталған кезінен бастап адвокат қатысу құқын хабарламайды немесе адвокатты алмауға мәжбүр етеді. Адвокатты қорғалушыларымен кездесу үшін тек бір жолға ғана рұқсат беріледі, сондықтан олар тергеу изоляторындағы "клиентімен" кездесу үшін кезекте сағаттап тұруға мәжбүр болады. Қорғаушылардың тілегі жиі-жиі себепсіз қабылданбайды. Мұндай жағдай халықаралық үлгіге, жекелеп айтсақ, 1990 ж. тамызында БҰҰ қылмыстарды алдын ала ескерту туралы 8-конгресінде қабылданған адвокаттар рөлі жөніндегі негізгі ережелерге қайшы келеді. Онда үкіметтің құзыретті билікшілері әрбір адамға оның өз қалауымен қамауға алғанда, ұстағанда немесе түрмеге отырғызғанда, сондай-ақ қылмыс жасаған деп жауаптағанда адвокат көмегін алуды хабардар етіп, мүмкіндік туғызуды қамтамасыз етуі тиіс. Ұсталуға ұшыраған, қамауға алынған адамдар адвокатпен жиі кездесуге мүмкіндік алуы керек, қайткенде де мерзім 48 сағаттан аспауы тиіс. Ұсталғанға, қамалғанға немесе түрмеге отырғызылғанға керекті жағдай жасалып және адвокатпен кездесу үшін уақыт белгіленіп, байланыс құралдарымен тоқтаусыз, кедергісіз, цензурасыз құпиясы толық қамтамасыз етілуі керек.

1990 ж. қыркүйекте Халықаралық заңгерлер конференциясында қабылданған (ХАЗ) ассоциациясы заң маманының тәуелсіздігі Үлгілеріне сай бас бостандығынан айрылған адамдардың ісін жүргізгенде адвокаттар тәуелсіздігін кепіл етуі керек, оларға еркін, әділетті және құпия (конфиденциальность) заң көмегін беруді, соның ішінде ол адамдарға бару құқығын қамтамасыз етуі тиіс. Кепілдік етіп және сақтық шараларын қамтамасыз еткенде билікшілермен қандай да болмасын жасырын ымыраласу мүмкіндігін болдырмау, заңгерді олардан тәуелді болудан сақтау және заңгердің еркінен айырылғандар мүддесіне қызмет істеп жүргенін жасатпау қажет. Адвокат "клиентімен" қарым-қатынас жасаған уақытында оның құпия-лылығы қамтамасыз етілуі тиіс. Оған қоса қарапайым және электронды жүйені, барлық адвокаттық іс жүргізуін және адвокат құжаттарын алу мен қарауды қорғау тиіс. Сонымен бірге электронды байланыс құралы мен хабарласу жүйесін пайдаланғанда кіріспеуді қамтамасыз ету керек.

Басқа да тергеуде жүргендердің құқығын сақтамаудың ең көшірілмейтіні - ол тергеу жүргізіп жатқан кезде, әсіресе жауап алу кезінде зандылық режимін бұзушылық. Қазақстанда қылмыстык-атқару жүйесін реформалау Алматыда өткен 1993 ж. "Қазақстандағы қылмыстық-атқару жүйесінін реформасы", 1995 ж. "Сот және пенитенциарлық жүйелерін реформалау кезіндегі адам құқығының Концепциясы" туралы халықаралық конференцияларда талқыланды. Пенитенциарлық жүйені реформалау үкімет бекіткен Қазақстан Республикасының 2005 ж. дейінгі қылмыстық-атқару жүйесінің даму Концепциясын жүзеге асыруды болжайды. Жаңа қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару кодекстерінде БҰҰ-ның әділсот жүргізу және сотталғандармен айналысу саласындағы Халықаралық актілері өзінін лайықты орнын табуы керек. Құқықтық мемлекет құру мақсатын қойған Қазақстанда заңға негізделген ведомстволық актілерді салыстырмалы түрде өзгертуге болады және олай ету қажеттілігі бүгінгі күн талабынан туындап отыр.

Қазіргі кезде құқық жүйесіндегі қайшылықты жеңіп шығу, ішкі біртұтас, қарама-қайшылықсыз заң құру өте қажет. Кейбір жағдайларда заң сотталғандарға негізсіз тыйым салады да, олардың түгелдей жалпы азаматтық құқын қамтамасыз ете алмайды. Көптеген мәселелер ведомстволық актілермен реттеледі, ал олар кей кезде занды бұрмалайды. Нормалардың кейбіреуі халықаралық үлгіге сәйкес келмейді.

Бас бостандығынан айырылғандардың жазаны өтеу жағдайы сотталғандардың әр түрлі категориясына қарай жеткілікті дараланған. Түзеу амалы мен постпенитиенциарлы механизмдері құқық бұзушы адамға дұрыс емес бағытталған. Онда оның тиісті шамасын, жеке басының өзгешелігін адамгершілік дәрежесінін төмендегенін, істеген әрекетінің ауырлығын есепке алмайды. Қылмыстық жазаны атқарудын жаңа заңын қабылдау қажеттік себебі, оны біздің елдің өзіне алған халықаралық құқық міндеттемелеріне сәйкестендіруге байланысты. Құқықты мемлекеттің сипаты - ол азаматтардың өмір сүру кезінде құқы мен бас бостандығының кепілдігі және мызғымастығы, және азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілікті орнатуы мен қолдану принципі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...