ҚР ажырасу мәселесі бойынша статистикалық мәліметтер



Дата20.02.2020
өлшемі14.56 Kb.
ҚР ажырасу мәселесі бойынша статистикалық мәліметтер

ҚР Ұлттық экономика Министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2010 жылы Қазақстанда 144 357 отбасы заңды некеге тұрып, олардың 40982-сі ажырасқан. Аталмыш мәлімет бойынша Алматы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір жылда некеге тұрған әрбір үшінші ерлі-зайыпты ажырасатын болса, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыс­тарында бұл көрсеткіш екі есе төмен, онда әрбір алтыншы неке ажырасып жатады екен. Бұл көрсеткіш оңтүстік өңірлерде әлі де болса қазақи дәстүрлі ұстанымдардың бар екендігінің көрінісі болса керек.
Әділет Министрлігінің мәлі­мет­­терінде соңғы 5 жылда 700 мың­­нан аса отбасы құрылса, соның 200 мыңдайы ажырасып кеткен. 2014 жылы Қазақстанда 159 328 не­ке тіркелсе, көп ұзамай соның 52 673 отбасының шаңырағы шай­қа­лып, 2017 жылдың ақпан айындағы мә­­лімет бойынша былтыр ғана жаңа құрылған 140 мың отбасының 51 мыңы ажырасып үлгерген.

Бүгінгі қоғамда бір-бірінің қа­діріне жете алмай, сыйластығы мен өза­ра құрметі солғындап, қиын-қыс­тау күн кешіп жүрген ерлі-за­йып­­­ты аз емес. Ажырасуды әлеу­­­­меттік-психологиялық феномен ре­­тін­де қарастырсақ, оның бірнеше се­­бептері де бар. Отбасы функ­ция­сының, атап айтқанда шаруашылық (экономикалық) қатынастарға бай­ланысты тұрмыс тауқыметі мен материалдық мұқтаждықтар, әлеу­меттік теңсіздіктер, қызметтік (жұ­мыссыздық) проблемалар, жеке бас­тарында баспананың болмауы; екіншіден, моральдік психо­ло­гия­лық факторлар; маскүнемдік, құ­мар­лық («өзара сенімсіздік», «көзге шөп салу», «нәпсіқұмарлық», «қыз­ға­ныш»), ситуациялық қиындық­тар (әйелдердің өмірге объективті көз­қарасы болмай қанағат тұтпауы; «көр­шілеріміз үлкен үй соғыпты», «жаңа көлік алыпты», «жыл сайын ши­пажайларда тынығады екен» т.т. деген пендешілік сөздер), алғаш­қы­да жас келіннің тамақты дұрыс пі­сіре алмауы немесе күйеуінің балғамен шеге қаға алмауы да, әйел­дердің тұрмыс құрған соң тек күйеуімен ғана жеке өмір сүріп, тапқан табыстарын тек өздеріне ғана жұмсауды мақсат еткен эгоис­тік көзқарастары, ата-ене, туған-туыс, қайын жұрттың екі жастың жеке өміріне араласуы, олардың ара­сындағы түсініспеушілік («дұ­рыс той жасалмады», «жақсы киіт кигізбеді», «құдалықты жақсы күт­педі» деген болмашы сөздер); үшін­шіден, физиологиялық фак­тор­лар­дың да орын алуы; денсаулықтағы кінәрат, біреуінің аурушаң болуы, перзент сүйе алмау, осы­ның бәрі айтарлықтай күйзеліске ұшыратып, ең аяғында бір-біріне дұрыс көңіл бөлмей өзара жанұя­лық қатынас­тарға немқұрайды қарауы да, от­басылық өмірдің құн­дылығымен салыстырғанда түк­ке тұрмайтын болымсыз сырт­қы-ішкі факторлар, осылардың бәрі де ерлі-зайыптылар арасын бірте-бірте алшақтатып сызат түсуі­не себепкер болады.

 Статистикалық дерек бойынша, Астанада әрбір үшінші отбасы ажырасады. Қазақстанның солтүстік өңірлерінде - әрбір екінші отбасының шаңырағы шайқалады. 82%-ының ортақ балалары бар.

Британдық «The Economist» басылымының әлемдік рейтингінде Қазақстан ажырасу саны бойынша 10-орында тұр. Сарапшылар неке бұзылғаннан кейінгі балалардың тұратын жері мен ата-аналардың баламен қарым-қатынас уақыты туралы дау-дамайдың да айтарлықтай өскенін жеткізді

Отбасы күйреуінің басты себебі: қазіргі заманауи қоғамда әйелдің білім алуына, мансап жасауына, ары қарай сол жолда тұрмыс құрмай кете беруіне толық мүмкіндіктің болуында. Осыдан 10-20 жыл бұрынғы өмірмен салыстырғанда әйел құқығы, бостандығы мәселесі бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда нығайған. Бұрын отбасы үшін, бала-шағасы үшін шыдап, қиналса да жарынан айрылмайтын әйел бұл заманда өзі үшін де өмір сүруге болатынын түсінді. Әйел ғана емес, ер адамдарда, жалпы қоғамда эгоцентристік (менмендік) көзқарастың басым болып бара жатқанын байқауға болады. Толық емес отбасылар статистикада халықтың 30 пайызын құрап отыр.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті ұсынған деректерге сүйенсек, соңғы он жылдықта 1,5 млн қазақстандық некесін қиған. Осы уақыт ішінде жарты миллионнан астамы ажырасып кеткен. Көпшілігі некеде 5-9 жыл тұрған 30-34 жас аралығындағы азаматтар. Жартысынан көбінде ортақ балалары бар. Ең көп ажырасу – Қарағанды облысында, ең төменгі көрсеткіш – Батыс Қазақстан облысында тіркелген. Статистика мәліметтері көрсеткендей ажырасу фактілері қалалық жерде көп тіркелген. 2018 жылдың қаңтар-шілде айларындағы көрсеткіш бойынша, некеге тұрушы ер адамдардың орташа жасы – 29, әйелдердікі – 26 болған

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде