Ұсынылатын әдебиеттер:2, 3, 4, 8, 10, 12, 20.
1.
10 лекция тақырыбы. Қарым -қатынастың перцептивті жағы
Лекция тезистері
Адамдардың қарым – қатынасқа түсер алдында бір – бірін
адекватты қабылдап, сезінудің ӛзара қарым – қатынас барысында
сеніммен түсінісулеріне маңызы ӛте зор. Жеке адамаралық
қарым-қатынастың пайда болуы және табысты іске асырылуы,
егер де қатысушылар арасында ӛзара түсініктік болғанда ғана
мүмкін. Ӛзара түсініктіктің болуы, бір жағынан, басқаның
мақсат-мүддесін, мотивтен, бағдарын түсіну, екіншіден түсіну
ғана емес, сол мүдде, мотивтен, бағдарлы қабылдау, бӛлісу
түрінде кӛрінеді.
Осы екі жағдайда да қарым-қатынасқа түсушінің басқа
адамды қабылдауының маңызы ӛте зор, яғни қарым-қатынастың
үшінші құрамды бӛлігі перцептивті жағы туралы айтылып отыр.
Әлеументтік психологияда әлеументтік перцепция ұғымы кең
мағынада: перцептивті процестердің әлеументтік детерминантасы
деп қолданылады. Бұл терминді 1947 ж. алған енгізген Дж Брунер.
Бірақ әлеументтік перцепция онымен шектеліп қоймайды. Қарым
қатынас туралы сӛз қозғағанда, жалпы әлеументтік перцепция
туралы емес, соның ішіндегі жеке адамаралық перцепция туралы
емес, соның ішіндегі жеке адамаралық перцепция, жеке
адамдардың ӛзара қабылдауы туралы айтылады. Сонымен бірге
адамдардың «қабылдауы» деген термин де онша дәл емес, бұл
жағдадйда адамдардың бір бірін тануы, түсінуі деген ұғым
тұрғысында қарастырылып отыр.
23
Адамды тану ұғымы сыртқы пішінін ғана қабылдаумен қатар,
оның ӛзін ұстауы, мақсат мүдделері, ой, қабілеттері, эмоциялары,
бағдарлары тұрғысында ӛзіндік ой елестерінің қалыптасуын
қамтиды. Және де қарым қатынасқа түсушілер арасындағы
эмоциялық қатынастардың пайда болуы да қамтылады.
Сонымен әлеументтік перцепция адамның сыртқы бәлгілерін
қабылдау, оны жеке тұлғалық психологиялық сипаттамаларымен
сәйкестендіру, талдап түсіну, соның негізінде келешектегі іс-
әрекеттерін болжау деген пікірге жақын.
Әлеументтік перцепцияның тӛрт функциясы бар: ӛзін-ӛзі
тануы, қарым-қатынас партнерін тануы, ӛзара түсініктік
жағдайында бірлескен іс-әрекет пен эмоциялық қатынастардың
іске асырылуы. Әлеументтік перцепцияны қарастырғанда екі
мәселеге кӛңіл аудару қажет-қабылданатын адамның (субъект)
психологиялық және әлеументтік ерекшеліктерін зерттеуге,
екіншіден жеке адамарлық бейнелеу механизмдердің талдауына.
Қабылдаудың табыстылығын қамтамасыз етуге бағытталған
әмбебап психологиялық механизмдер болады. Оған әлеуметтік
перцепция механизмдері жатады. Адамды адамның қабылдауы
мен түсінуінің механизмдеріне: идентификация, эмпатия,
рефлексия, аттракция, атрибуцияны жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |