14
5 лекция тақырыбы. Тұлғаның даралық-типологиялық
ерекшеліктері
Лекция тезистері
Темперамент деп психикалық процестер ағысының жылдам,
не баяулығы, қимыл-қозғалыстар мен кӛңіл күйдің түрлі
деңгейіне адамның жүйке саласының тыстан берілетін
ерекшеліктерінің жиынтығын айтады. Ол адамдардың эмоциялық
қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен
жақсы байқалады. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да
(мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді
біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен
тереңдігінен де (мәселен, біреу ӛжет, алғыр болса, екінші біреу
керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның кӛңіл-күйінің
ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б.)
эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.
жақсы байқалып отырады.
Темперамент типтері: холерик, сангвиник, флегматик,
меланхолик.
Адамның
ісі
мен
қылығынан
кӛрінетін,
оның
айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін кісінің тұрақты
және тұрлаулы жеке ӛзгешелігі мінез деп аталады. Мінез туа
біткен қасиет емес, ол біртіндеп ӛмір сатысында дамып,
қалыптасып отырады. Мінезі мүлде бірдей болып келетін адам
болмайды, бірақ ӛмір сүрген ортасына, қоғамына қарай типтік
мінезі болады. Күнбе-күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не
кӛпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дӛрекі, батыл не
солқылдақ, табанды, ер жүрек не байбаламшыл болып
сипатталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның
моральдық-еріктік қасиеттері жатады.
Жеке адам тіршілігінің ӛрісі тар, ол қоғамдық дамудан
оқшау жүріп жатса (отбасынан әрі аспайтын болса), онда
біртіндеп оралымсыз, тартыншақ мінез қалыптасады. Бала
мінезінің қалыптасуына отбасы мен мектеп ӛмірінің моральдық-
психикалық атмосферасы үлкен әсер етеді. Мінез ӛзгермейтін
тума қасиет емес, ол ӛмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала
туысынан "еңбек сүйгіш не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып
тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы ӛмір сүру барысында ӛмірдің
сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен
15
қалыптасып отырады.
Мінез туыстан пайда болмаса да, нерв жүйесінің, адамның
табиғи жағының ерекшелігі мінез кӛріністерінде, оның
жекеленген бітімінің қалыптасуында байқалып отырады. Нерв
процестерінің тең не тең еместігі, шапшаңдығы не баяулығы,
күштілігі мен әлсіздігі - бұлардың бәрі адамның іс-әрекетіне,
мінез-құлқына, оның реакцияларына түрліше рең береді.
Мәселен, екі адамның наным-сенімі бірдей болғанмен, оның бірі
- қызба, шапшаң және албырт, ал екіншісі - байсалды, парасатты
болуы ықтимал.
Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі
орындауда кӛрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-
күнгі тәжірибеде жиі кездеседі. Мәселен, оқуға бар ықыласымен
берілетін оқушыларды біз «мынау оқушы қабілетті оқушы екен»
дейміз, не болмаса оның кейбір пәндерді жақсы үлгеруіне
байланысты бір оқушының математикаға, екіншісінің әдебиетке,
үшіншісінің географияға қабілеті бар екен дейміз.
Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп
отырады.
Мәселен, оның алғашқы деңгейі (жұрттың бәріне ортақ)
репродуктивтік десе, екінші негізгі деңгейін шығармашылық
қабілет дейді. Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс-әрекетті
қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік кӛрсетсе, екінші
деңгейде жаңа, соны туынды жасай алу мүмкіндігін байқатады.
Біркелкі тең жағдайда (дайындық деңгейі, білімі, дағды,
білік, жұмсалған уақыт, ақыл-ой, дене күші) қабілетті кісі
қабілеті тӛмендеу кісіге қарағанда істі орындауда жақсы нәтиже
кӛрсетеді.
Қабілеттің дамуы мен кӛрінісінің ең жоғары деңгейі -
"талант", "дана" деген терминдермен аталады. Талантты және
дана адамдар ӛнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижеге
жетеді. Дана адам әдебиет, ӛнер, ӛндіріс, ғылым саласында бұрын
сонды болмаған, соңғы жаңалықтар ашады. Талантты адам да
жасампаз, бірақ ӛзіндік жаңалықты белгілі идеялар, бағыттар,
зерттеу тәсілдері шеңберінде жасайды. Талантты және дана
адамдар практикада және ӛнерде, ғылымда бұрын соңды
болмаған жаңалықтар ашады. Таланттылық - даналықтың
қалыптасуына аса қолайлы жағдайлар, жеке адамның жан-жақты
16
дамыған кезінде туады. Мәселен, Леонардо да Винчи, Гете,
Ломоносовтар шығармашылық қызметтегі даналықтың және
адамның жан-жақты дамуының үлгісі болып табылады.
Қабілет жалпы, арнаулы болып бӛлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: