Оқытуда жас ерекшелікті ескеру принципі. - Оқытуда жас ерекшелікті ескеру принципі.
- Жасөспірімдік кезең өзге де психологиялық жас кезеңдері секілді ерекше үстем тұрған қажеттіліктермен, тұлғаның сапалық жаңа құрылымдарымен, сензитивтілігімен, психикалық өмірдің өту ерекшелігімен сипатталады.
- Жоғарыда аталған принципті нақтылай келе біз жасөспірімдік кезеңнің келесі сипаттамаларын есепке алдық.
- 1. Жасөспірімнің жалпы мотивациясы қарым-қатынасқа ауысады. Мұнда қақтығыстар болады, құндылықтарды қайта қарастыру және өзін-өзі орнықтыру қажеттілігі қанағаттаныдырылады.
- 2. Жасөспірім ересектік және «Мен» бейнесінің қалыптасуына байланысты өте күшті әсерлерді бастан кешіреді. Сонымен қатар мұнда жыныс бейнесімен идентификациялану (теңестірілу) жүреді.
- 3. Абстрактылы ойлау түрінің қарқынды дамуы ойлау тәсілдерінің өзгеруіне, оның әлеуметтенуіне әкеледі, осының нәтижесінде қоршаған ортаға және өзіне деген көзқарасы өзгеріске ұшырайды.
- 4. Өзіндік сана мен рефлексияның белсенді қалыптасуы өмір және өзі туралы көптеген сұрақтарды туындатады. «Мен қандаймын?» деген сұрақ жасөспірімде өзінің мүмкіндіктерінің қорын іздейді.
- 5. Дамудың қорғаушы күшіне тұлғаның ішкі құраушы компоненті болып табылатын қызығушылықтар жатады. Эмансипация реакциясы айқын көрініс табады, осыған сәйкес өзін-өзі өзектендіру де көрініс береді.
- Оқытудағы жас ерекшеліктерді ескеру принципін жүзеге асыру тәжірибеде екі тәсілмен шешіледі.
- 1. Мазмұн арқылы. Оқу курсы мазмұнының елеулі бөлігін «жас ерекшелік қажеттілігі» болып табылатын ақпарат құрайды және сол себепті ол жасөспірім үшін маңызды болып табылады. Осылайша әрбір жас сипаттамасына белгілі-бір категория сәйкес келеді: қарым-қатынас мәселесі – «қатынас» категориясы, өзіндік сананың даму мәселесі – «даму» категориясы.
- 2. Әдістер арқылы. Курста бағдарлама мазмұнына қарамастан жасөспірімнің көрсетілген қажеттіліктері мен «жұмыс істейтін» әдістер тобы қолданылады.
- Жеке тұлғадан келу принципі
- Аталған принципте нақты аудиторияның ерекшеліктреі мен қажеттіліктері туралы айтып отырмыз. Мұғалімнің осы принципті меңгеруі дегеніміз педагогикалық жағдайда психологиялық контекстпен жұмыс істеу дегенді білдіреді. Яғни оқытудағы тек жүріс-тұрыспен қатар түрлі деңгейде жағдайды талдай білу, яғни жасөспірімнің мадақтауға және нашар әсер қалдыруға деген қорқыныш сезімталдығы жатады.
- Мұнда мұғалімнің топтың психологиялық ахуалына назар аудара білуі маңызды болып табылады. Ол индивидпен, микротоптармен және жалпы топпен не болып жатқанын аңғара білуі тиіс.
- Қанша индивид болатын болса, сонша «топ» ахуалы болады. Әрбір оқушы түрліше мұғаліммен өзара әрекеттестікке түседі, құрдастар тарапынан әр түрлі көзқарастарға ие болады.
- .
Достарыңызбен бөлісу: |