Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнән, дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр-түрлі талаптарды анықтауға,оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлқын басқара отырып,олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді.Муғалімдік психология педагогтар мен оқушылар арасындағы өзара қатынас мәселелерін,педагогтік жеке басына қойылатын талаптарды зерттейді,педагогикалық қабілеттер мазмұны мен қалыптасу үрдісін ашады. - Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Сонымен қатар оқушылар ұжымдағы өз ара қатынастарымен олардың психологиялық даралық ерекшеліктері менен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді.Ошу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып,бір қалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балаланмен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді.Сондай-ақ ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктері мен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де шұғылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |