Логикалық зерттеу жоспарын жүзеге асыру кезеңдері:
Проблемалық-іздестіру (сипаттамалық гипотезалар үшін ақпарат жинау).
Аналитикалық (сипаттаушы гипотезаларды дәлелдеу).
Эксперименттік (себеп-салдарлық тәуелділіктер туралы гипотезаны дәлелдеу).
Конструктивті-практикалық (жобаны құру - практикалық ұсыныстар - нысанды жақсарту).
Психологиялық зерттеуді ұйымдастырудың негізгі талаптары
Психологияның жалпы принциптеріне сүйену; зерттеу барысының жоспарлығы, барлық жұмыстардың тиімді бірлесуі және керекті ресурстармен қамту; жұмыс түрлерін атқаратын біліктілік деңгейдің сайкестілігі және т.б.
Ғылыми-зерттеу жұмысының жоспары — барлық психологиялық зерттеу процесімен басқару құжаты. Ол мақсатқа жетуге қажетті бағдарламаға, күнтізбелік мерзімге, материалды, кардлі ресурстармен сайкес шараларды реттейтін жұмыс орындалу кестесі кіреді.
Сеткалы график (кесте) — жұмысты жоспарлау құжаты. Бұл арқылы жеке жұмыстың кезеңдердің, процедуралардың, операциялардың орындалуындағы бірізділік және координациясын орнатады.
Процедура — тәсілдер ізділігі; нақты мақсатқа жету үшін техникалық құралдар және жабдықтар қолдану әрекеті. Психологиялық зерттеу процедурасының объектісі болып логикалық анализдің бірліктері (единицалары) жатады.
Инструментарий — бөлек міндеттерді орындауға құрал ретінде қызмет атқаратын зерттеуші құрастырған арнайы әдістемелік құжаттар жиынтығы.
Психологиялық зерттеу бағдарламасының жобасын әзірлеу. Бұл объектіні сипаттау, мақсатты нақтылау, негізгі міндеттер, жалпы және жұмыс гипотезаларын құру және т.б.
Жұмыс жоспарын және жұмыс кестесін құру;
Тапсырыс берушінің қатысуымен бағдарлама жобасын түзету;