«Психология» пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары Зейін туралы түсінік. Зейіннің қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, көлемі,ауыспалылығы


Дәрігердің кәсіби маңызды қасиеттері: аффилиация, эмоционалды тұрақтылық, эмпатия



бет7/35
Дата18.11.2021
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
9. Дәрігердің кәсіби маңызды қасиеттері: аффилиация, эмоционалды тұрақтылық, эмпатия.

Медициналық қызметкердің кәсіби әрекетін құруда, келесі коммуникативтік ресурстары өте маңызды рөл атқарады: эмпатия; аффилиация; эмоционалды тұрақтылық.

Бұл қасиеттер, тиісті әрекеттесуі негізінде ғана, медициналық қызметкер тұлғасына проблемалық және стресс жағдайларын нәтижелі шешуге мүмкіншілік береді.

Аффилиация - медициналық қызметкер тұлғасының науқаспен жанасуға ықпалдануы, олармен әрекетке түсуге ынталануы. Адамға басқа адамдардың қажеттілігін аффилиация дейді. Психологиялық ішкі жағынан аффилиация-сенім және жақындасу сезімі, ал сырттан –көпшіл болу, басқалармен әрекетке түсуге ынта білдіру, үнемі адамдар арасында болуға тырысу. Медициналық қызметкер жұмыс бабы бойынша үнемі және тығыз түрлі әлеуметтік жанасуда болады. Осы себептен аффилиация қасиеті медициналық қызметкерге науқастармен мамандық тұрғысынан қатынас құруға, оларға жәрдем беріп, бірге әрекеттесуге көмектеседі, мамандық бұзылыстарынан (деформациялардан) сақтандырып, қорғайды.

Эмоционалды тұрақтылық - медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігін қамтамасыз ететін келесі психологиялық сипаттама - бұл көңіл-күйдің тұрақтылығы (эмоционалды тұрақтылық) - медицина қызметкерінің салмақтылығы, біркелкі күйде болуы, эмоцияларын және тәртібін сақтап, бақылау. Эмоционалды тұрақтылық, медициналық қызметкер аурулармен қарым-қатынас құруға жәрдемдесіп, түсініспеушіліктен сақтайды. Күшті эмоциялық реакциялар науқастың сенімін жоққа шығаруымен қатар, оны қорқытып, сескендіреді, шаршатады. Керісінше, медициналық қызметкердің көңіл–күйінің тұрақты болуы, оның қайырымдылығы, эмоциялық ұстамдылығы пациенттің үмітін асырып, сенімділік бағытта қарымқатынас құруға ықпал етеді. Науқастанған адамның қобалжуына байланысты, эмоциялық тұрақсыздығының өсуі салдарынан тітіркеніш, жыламсырағыш, шыдамсыз және агрессивті болады. Сондықтан ауру адамдар медициналық қызметкердің сенімділігін туғызатын психологиялық тұрақтылығын қажет етеді.

Қатынасу үрдісінде, медициналық қызметкері өзін науқас адаммен салыстырып, ол арқылы өзін-өзі сезініп, оның көзқарасы, пікірі бойынша, өзін-өзі сипаттайды. Адам өзін-өзі басқалар арқылы түсініп, сезінуінің келесі түрлері анықталған.

Эмпатия-науқастың уайымын эмоционалды түрде медициналық қызметкер өз басынан өткергендей сезінуі, науқастың қайғы-қасіретіне ортақтасуы, науқастың қайғысына психологиялық тұрғыдан қосылуы, қоса қайғыруы, оның ішкі ойын сезінуі («мен сенімен біргемін»). Бұл-тиісті дәрежеде медициналық қызметкернауқас коммуникациясын қамтамасыз ететін психологиялық құбылыс. Эмпатия ұғымында медициналық қызметкер өзін науқастың орнына қоюы арқылы, өз ішкі сезімдері арқылы науқастың жан дүниесін түсінуге тырысуын білдіреді.

Эмпатия-идентификация механизмдеріне негізделеді,ол-науқаспен психологиялық жанасу құруға ықпал жасайды. Медициналық қызметкердің эмпатиялық қатынасы, оның науқасқа инициативаны беріп қоюы-ауру адам туралы толық және дәл мәлімет алуға, науқастың медициналық қызметкерінің білгерлігіне сенімін арттыруға, диагностикалық-емдеу шараларының тиімділігіне, сауығу сенімін тудыруға жәрдемдеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік