Психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін


- тарау. «Математика» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері

Loading...


бет2/3
Дата21.09.2021
өлшемі35.05 Kb.
1   2   3
2 - тарау. «Математика» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
13. «Математика» оқу пәні ретінде психикалық дамуы тежелген білім алушыларға бастауыш білім берудің маңызды мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда елеулі үлес қосады. Психикалық дамуы тежелген білім алушыларға бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту психикалық функциялары мен эмоционалды-тұлғалық орталары дамымаған, аталған санаттағы білім алушылар, яғни бастауыш мектепте оқудың уақытын 1 жылға көбейту (0-сынып есебінен) қажеттігін білдіреді, оқу материалының мазмұнына қосымша бөлімдер енгізу, мектепке дейінгі кезеңде дамыту және оқытудың олқылықтарын толықтыруға бағытталған, күрделі абстрактілі ұғымдарды оқытуды неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру.

14. Бастауыш сынып білім алушылары математика курсын игере отырып, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады. Бастауыш сынып математикасы әр түрлі заттар мен құбылыстардың қоршаған әлемде математикалық тіл негіздерін сипаттау, талдай білуді, синтездеуді, жіктеуді, салыстыруды, себеп-салдар байланыстары мен заңдылықтарын орнатуды қалыптастыруға ықпал етеді.

15. Бастауыш білім беру деңгейдегі математика курсы кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың сандық арақатынасы мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты – білім алушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау.

16. Психикалық дамуы тежелген білім алушыларға бастауыш білім беру деңгейінде математикалық білім берудің негізгі мақсатына сәйкес оқу пәні білім беру, түзете дамыту және тәрбиелеу міндеттерін айқындайды:

1) оқу және тәжірибелік мәселелерді шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;

2) математиканы әлемді суреттеу, үлгілеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау;

3) өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, сонымен қатар күнделікті өмірде қалай пайдалануын түсіну;

4) жалпы зерделік икемділіктер мен дағдылдарды (талдау, салыстыру, жіктеу, топтастыру) қалыптастыру, сөздік қорын математикалық терминдермен толықтыру;

5) білім алушыда өз әрекетін бағдарламалау (жоспарлау) және бақылау атқарымын қалыптастыру;

6) кеңістіктік түсініктер мен ұғымдарды, көрнекілік-бейнелік және


сөздік-логикалық ойлау қабілетін дамыту;

7) мектепке дейінгі кезеңіндегі оқытудағы кемшіліктерді толықтыру;

8) білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;

9) коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту.

Ұзақ мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...