Психикалық дамуы тежелген балалар (ПДТ) – бұл оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтар кездесетін үлгермеуші балалар. Сондай-ақ, бұл балалардың эмоционалды ерікті саласының жетілмеуі, органикалық инфантилизммен түсіндіріледі. «Органикалық инфантилизм термині, алғаш рет француз психиатрлары Лоран мен Лассегтің енгізуімен, ХІХ ғасырдың аяғында пайда болды. Бұл терминмен түрлі жұқпалы аурулар мен уланулардың нәтижесінде пайда болған, психикалық және дене бітімдік тежелулер аталды. Осылайша, инфантилизмді психикалық және дене бітімдік жетілмеу белгілерінің тұтас құрылымы, яғни, баланың жасына сай жетілмеуі, «балалықтан» арылмауы деп қарастырған дҧрыс. . Бұл балалардың дене бітімінің дамуы тежеледі. Бұл –гармониялық инфантилизм деп аталады.
«1966 ж. М.С.Певзнер ПДТ–ң клиникалық нұсқауларына сүйеніп жасаған өз классификациясын ұсынды:
1. Қалыпты интеллект пен эмоционалды – ерікті саласының жетілмеуі, яғни асқынбаған гармониялық инфантилизм.
2. Танымдық әрекеттің жетілмеуі.
3. Танымдық әрекеттің жетілмеуі, нейродинамикалық бұзылулармен асқынған, психофизикалық инфантилизм.
4. Танымдық әрекеттің жетілмеуі, сөйлеу қызметінің кемістігімен асқынған психофизикалық инфантилизм.
Кейінірек, 1980 жылы К. С. Лебединская ПДТ классификациясының жаңа нұсқасын ұсынды.
Этиопатогенетикалық қағида негізінде, ПДТ–ң негізгі 4 клиникалық типі анықталды.
Конституциональды ПДТ. Бұл гармониялық инфантилизмнің нақты көрінісі. Мұнда баланың эмоциональды – еріктісаласы, дамудың ерте сатысында тоқтап қалған. Демек, қалыпты дамудағы сәби, баланың деңгейінде.
Соматогендік ПДТ. Бұл топқа жататын балалар түрлі соматикалық әлсіздіктерімен көзге түседі. Ұзақ уақытқа созылған жұқпалы аурулар, аллергиялық күйлер, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық кемістіктер, баланың психикалық дамуының тежелуіне себеп болады. Соматикалық әлсіз балаларға, танымдық белсенділіктің төмендігі, шаршағыштық тән, интеллектуалды және дене қуатын қажет ететін жаттығуларданолар тез шаршайды. Бір тапсырманы орындау үшін, ұзақ уақытты қажет етеді, сондай-ақ бұл балалардың жеке тұлғалық дамуында эгоцентризм мен өзімшілдік қалыптасады. Олар жұмыс істеуге құлықсыз, үнемі біреудің көмектесуі мен қамқорлық жасауына әдеттенген.
Достарыңызбен бөлісу: |