Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Дата10.09.2017
өлшемі243.5 Kb.
#19872
түріРабочая программа
Рабочая программа Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/06


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Павлодар




Лист утверждения к рабочей Форма

программе дисциплины, Ф СО ПГУ 7.18.1/06

разработанной на основании

государственного

общеобязательного стандарта

образования специальности и

типовой программы

БЕКІТІЛДІ

ОІ жµніндегі проректоры

________________ Н.Э. Пфейфер

«___»_____________2009ж.
Құрастырушы: аға оқытушы Кәріпжанова А.О.__________


Қазақ филологиясы кафедрасы




«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәні бойынша




ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы 050117-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған

Жұмыс бағдарламасы 050117-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ҚР МЖМБС 3.08.267-2006 және ҚР білім және ғылым министрлігінің 11.05.2005 ж. №289 бұйрығы бойынша бекітілген және пайдалануға рұқсат етілген типтік бағдарламасы негізінде дайындалды.
Кафедра мәжілісінде ұсынылды. «___»_________________2009ж.

№_____хаттама.


Кафедра меңгерушісі______________________Н.Қ.Жүсіпов.


Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«_____»______________2009 ж. №____хаттама.

ӘК төрайымы____________________Жұманқұлова Е.Н.




КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев. «____»_____________2009 ж.



жәқб МАҚҰЛДАДЫ

ЖәқБ бастығы______________А.А.Варакута. «____»____________2009 ж


1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқыту мақсаты:

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» курсы бүгінгі тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылымның осы күйге жету жолын, эволюциясын тарихи салыстырма әдіс негізінде түсіндіруді міндет етеді. Сондықтан тарихи грамматика курсы сөздердің грамматикалық кластарға жіктеу тарихын, жеке грамматикалық категориялардың қалыптасу эволюциясын, дыбыстар жүйесінде

болған тарихи өзгерістерді, олардың тілдің лексикалық қорына, грамматикалық

құрылымына әсері тәрізді мәселелерді тексеруі керек.

Халықтардың қалыптасу дәуірінде, сондай-ақ даму барысында болып отырған әр түрлі экстралингвистикалық факторлар тарихи грамматика курсында белгілі бір грамматикалық категория әлде грамматикалық тұлғаның қалыптасу тарихын түсіндіретін қосымша дәлел ретәнде қаралады.

Тарихи грамматиканың негізгі объктісі, қарайтыны – қазақтың халық болу процесі кезіндегі тіл құрылымы. Тіл тарихының қай мәселесі де, оның ішінде фонетикалық жұйе мен грмматикалық құрылым тарихы бүгінгі тіліміздің өз құрылымындағы тіл дамуының жаңа фазасының көрінісі мен ескі дәуір іздерін айқын ажыратып тануға негізделеді. Белгілі бір заңдылық жүйелі түрде орнықса,екінші бір тілде эпизодтық ыңғайда қалып қояды, сондықтан ескі мұралар тілі мен қазіргі қазақ тілі фактілерін ғана салыстыру әлі грамматика жүріп өткен жолды түгел көрсете алмайды. Соған байланысты туыс тілдер фактілерін салыстыру қажеттігі шығады.Түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінің орнын анықтау үшін түркі тілдерін жіктелген ғалымдардың еңбектеріне тоқталу қажет Пәннің мақсаты осы тілдік материялдарды қарастыру.

Пәннің міндеттері :


  • Қазақ халқының құрылу процесіндегі басты кезеңдер және ол процеске тікелей қатысы бар тайпалар, тайпалық одақтар бұрын-соңды зерттеулер, пікірлер қорытылып, ұзын-ырғасы анықталған материалдар қарастырылады.

  • Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымның даму жолын тарихи тұрғыдан түсіндіруде материал беретін басты көздер - түркі

халықтарының ежелгі дәуірлерден бізге жеткен мұралар тілі, қазіргі түркі тілдері және бүгінгі қазақ тілі материалдарымен таныстыру.

Студенттер білуі тиіс:

Тіл тарихының қай мәселесі де, оның ішінде фонетикалық жүйе мен грамматикалық құрылым тарихы бүгінгі тіліміздің өз құрылымындағы тіл дамуының жаңа фазасының көрінісі мен ескі дәуір іздерін айқын ажыратып тануға негізделетінін білуі керек.


Студенттер істей білуі тиіс:

Студенттер бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады.


2 Пререквезиттер:

- Тіл біліміне кіріспе.

- Қазақ жазуының тарихы

- Ежелгі дәуір әдебиеті (хрестоматия)

- Қазақ әдеби тілінің тарихы

Тематический план Форма

дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07
3 Пәннің мазмұны

3.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны







Күндізгі бөлім

Сыртқы бөлім







Дәр.

Тәж.

СӨЖ

Дәр.

Тәж.

СӨЖ

1

Кіріспе. Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы.

1

1

4







5

2

Лексика. Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі.

1

1

4

1

1

5

3

Өлі түбірлердің пайда болуы, лексика тарихының этимология-мен байланысы.

1

1

4

1




5

4

Басқа тілден енген сөздерлің сипаты. Кірме сөздердің лексика,

грамматика, фонетиканы дамытуға әсері және қазақ тілінде грам-матикалық, семантикалық, дыбыс-тық жағынан игерілу сипаты.



1

1

4

1

1

5

5

Сөз мағынасындағы өзгеріс. Тұрақты сөз тіркестерінің қалып-тасу тарихы. Лексиканың толығу жолдары.

1

1

4

1




5

6

Фонетика.Түркі негіз тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі. Диф-тонгтар, жеке дауыстылардың да-муындағы ерекшеліктер.

1

1

4

1

1

5

7

Дауыссыз дыбыстар.Ескі түркі тілі дауыссыздар жүйесі, оның қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі.

1

1

4

1




5

8

Жеке дауыссыздардың қалып-тасуындағы ерекшеліктер.

(анлаут позициясында қолданыла-тын, интервокал позициясындағы дауыссыздар, сингармонизм, асси-миляция дамуы)



1

1

4

1

1

5

9

Морфология. Морфологиялық құрылыстың дамуында ұшыраса-тын тілдік процестер, олардың сөздің морфологиялық құрамына әсері.

1

1

4

1

1

5

10

Сөз түбірінің дамуы. Қосымшалар.

Сөз жасаудың қалыптасқан тәсіл-дері.



1

1

4

1




5

11

Сөз таптарының шығуы мен қалыптасуы. Септеу категория-сының дамуы.

1

1

4

1

1

4

12

Синтаксис.Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері.

Сөз тіркесінің дамуы.



1

1

4

1




4

13

Сөйлем құрамының дамуы. Жай сөйлемдердің түрлері.

1

1

4

1




4

14

Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы.

1

1

4

1




4

15

Құрмалас сөйлемдердің жеке топ-тарының дамуында жазба тілдің рөлі.

1

1

4

1




4




Барлығы:

15

15

60

14

6

70

3.2 Теориялық курс мазмұны
1-тақырып. Кіріспе. Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы.

Қазақ жерінде көне замандарда болған рулардан тайпалар, тайпалардан тайпалық одақтар, тайпалық одақтардан қазақтың халық болып қалыптасқаны. Тайпалардың моңғол шабуылына дейін-ақ одақтаса бастағаны. Сол процестің ізімен ру тілдерінен тайпа тілдері, тайпа тілдерінен тайпалық одақтар тілдері, тайпалық одақтар тілдерінен қазақтың халық тілі қалыптасуы. Бұл процестің тек ХҮ-ХҮІ ғасырда аяқталғаны.



2-тақырып. Лексика. Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі.

Орта ғасырларда қазақ лексикасының өзіндік белгілері анықталғаны; одан кейін халықтық және ұлттық дәуірлерде қазақ лексикасының даму сипаты. Ол кездегі сөйлеу тілі лексикасы бізге толық жетпегені, сөздердің жазылуы мен айтылуы қашанда бірдей бола бермейтіні.



3-тақырып. Өлі түбірлердің пайда болуы, лексика тарихының этимологиямен байланысы.

Түркі тілдері лексикасының басты ерекшелігі түбір сөздң ықшамдылығында. Өлі түбірлердің пайда болуы. Лексика тарихының этимологиямен байланыстылығы. Осы күнгі түркі (қазақ) тілдеріндегі түбірлерді тарихи-салыстырма әдісімен қайтадан қарап (тарихи реконструкция жолымен) олардың бастапқы қалпын анықтауға болатыны туралы пікірлер.



4-тақырып. Басқа тілден енген сөздерлің сипаты.

Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытуға әсері және қазақ тілінде грамматикалық, семантикалық, дыбыстық жағынан игерілу сипаты. Сөз ауысуының екі тілге де әсері. Араб-парсы тілдерінен сөз ауысып алудың тоқырауы, орыс тілінен сөз ауысуы.



5-тақырып. Сөз мағынасындағы өзгеріс. Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу тарихы. Лексиканың толығу жолдары.

Көптеген сөздердің негізгі мағынасын жоғалтып, ауыспалы мағынада қолданылуы, көп мағыналы сөздердің туу тарихы. Омоним, синонимдердің көп мағыналы сөздермен байланысы.

Тұрақты сөз тіркестерінің бір-бірімен тіркесуінде, қолданылуында шек бар екендігі. Мағынасын жоғалтқан сөздердің идиома мен қос сөздерде сақталуы.

Лексиканың толығу жолдары: а) көрші тілдерден ауысып алу; ә) байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы; б) дыбыстық өзгерістер арқылы. Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы: а) екі сөздің қосылуы арқылы; ә) аффикс арқылы.



6-тақырып. Фонетика. Түркі негіз тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі. Дифтонгтар, жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер.

Ескі түркі тіліндегі дауысты дыбыстар туралы (Радлов, Щербак, т.б). Қазақ тілінде қалыптасқан ә дыбысы, ол жайлы пікірлер. Дифтонгтар, байырғы дифтонгтар жайлы мәселе (Рамстедт, Рясянен, т.б). Қыпшақ тобындағы тілдерде дифтонгқа, түркі тілдерінің кейбірінде созылыңқы дауыстыларға ауысуы. Бұл процестің қазіргі қазақ тіліндегі үш түрлі көрінісі: а) дифтонгқа айналған, ә) редукцияланған, б) қатаң дауыссызға айналған. Осындай тарихи параллельдің тілдің даму барысында семантикалық мәнер алуы.

Жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер (о – у, ұ-ға айналуы); Ұ-у-ға айналуы, ы-у-ға айналуы, е-і-ге айналуы; ы-і-ү дыбыстарының даму эволюциясы. Дауысты дыбыстардың сөздің әртүрлі шенінде қолданылу заңдылықтары.

7-тақырып. Дауыссыз дыбыстар. Ескі түркі тілі дауыссыздар жүйесі, оның қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі.

Қазақ тілінде кейін қалыптасқан даыссыздар, оның тарихи-тілдік сипаттары, қолданылатын орындары. Анлаут позициясындағы ж – дыбысы, қыпшақ тобындағы тілдер ерекшелігі. Мұрын жолды ң-дыбысының қалыптасуы.. Сөз ортасындағы ғ,г-дыбыстарының қазақ тіліндегі көріністері. Орта түркілік сөз ортасындағы з-дыбысы, оның қазақ тіліндегі ізі. Протоалтайлық р-дыбысының қазақ тіліндегі іздері: р-з сәйкестігінің, кейде р-з-й сәйкестігінің де ұшырасуы. Протоалтайлық л-дыбысының қазақ тіліндегі кейбір іздері.



8-тақырып. Жеке дауыссыздардың қалыптасуындағы ерекшеліктер.

Анлаут позициясында айтылатын тарихи-салыстырма материалдар негізінде талдау жасау.

Сингарманизм, оның түрлері, олардың қазақ тіліндегі көріністері. Дауыстылар мен дауыссыздар үндесуінің тар шеңберде екендігі, сингармониялық варианттар, олардың түрлері. Үндестік заңының көнетүркі тілдерінде қатаң сақталғандығы. Екпін. Бірінші буынға түскен екпіннің сөз соңына қарай жылжыуының себебі. Екпіннің орын ауыстыруының сөз құрамына әсері. Фразалық екпін, оның сөз құрамына әсері.

9-тақырып. Морфология.

Морфологиялық құрылыстың дамуында ұшырасатын тілдік процестер, олардың сөздің морфологиялық құрамына әсері.



10-тақырып. Сөз түбірінің дамуы. Қосымшалар. Сөз жасаудың қалыптасқан тәсілдері.

Байырғы түркі сөздерінің бір буындылығы жайлы мәселе, ол туралы пікірлер. Алғашқы түбірдің сипаты туралы мәселе. «Жайылыңқы түбірлер» сөздің буын соңының ұзарып, күрделенуі түркі тілдерінң құрылымдық ерекшелігі. Түбірлердің синкретизмі жайлы мәселе. Синкретизм – қазіргі тілдегі омонимдес түбірлердің едәуір бөлігінің қалыптасуын тарихи тұрғыдан түсіндірудің негізі. Дмитриев түбірлердің грамматикалық дамуының үш кезеңі туралы.



11-тақырып. Сөз таптарының шығуы мен қалыптасуы. Септеу категориясының дамуы.

Сөздердің грамматикалық класстарға жіктелуі жайлы пікірлер. Ескі түркі (Орхон-Енисей жазбалары), ортағасырлық түркі тілдерінде (Қашқари сөздігі, «Кодекс-Куманикус» материалдары бойынша) сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің қазақ тіліне ұқсас, өзгеше құбылыстары.

Зат есім. Жалпы есімдердің жасалуының қалыптасқан түрлері. Ономастикалық, топонимикалық атаулар – тілдің басынан өткен тарихи жағдайлар.

Септеу категориясының дамуы. Ескі түркі, орта түркі тілдеріндегі септіктер жүйесі, ол дәуірлерлегі түркі тілінде септіктердің сан жағынан молдығы. Септік жүйесінің дамуында байқалатын ерекшеліктер. А) бірнеше тұлғаға тән грамматикалық мәндердің бір тұлғаға шоғырлануы, ә) септік тұлғалары варианттарының азаюы, б) септік жалғауының әрқайсысының грамматикалық мәні мен қызметінң саралануы. Септеудің екі түрі (тәуелді, жай септеу).



12-тақырып. Синтаксис. Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері. Сөз тіркесінің дамуы.

Синтаксистік құрылыстағы тарихи өзгерістердің тілдің басқа салаларына

әсері мен ықпалы. Синтаксистік байланыс тәсілдерінң дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы.

Сөз тіркесінің дамуы. Ескі түркі тіліндегі есімді тіркестердің қалыптасқан түрлері және құрамы, тіркесу тәсілдері. Кейінгі дәуірлерде есімдер тіркестер аумағының ұлғаюы. Изафеттік тіркестер. Олардың үш түрінің түркі тілдері дамуының үш кезеңіне тәндігі.



13-тақырып. Сөйлем құрамының дамуы. Жай сөйлемдердің түрлері.

Түркі тіліндегі сөйлем номинативті екендігі, оның тарихи себептері. Баяндауыш – сөйлемді ұйымдастырушы мүше. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің қалыптасуы.

Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы.

Жай сөйлемдердің ескі түркі тіліндегі түрлері, құрылымдық ерекшеліктері. Қазақ тілі синтаксисінің көне заманғы даму тарихында негізінен ауызекі тіл мен фольклорлық шығармаларға тән аз сөзді, қарапайым сөйлемдердің басым болғандығы, ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Жазба нұсқалары мен іс-қағаздарында, мерзімді баспасөзде шұбалаңқы сөздердің кездесе бастағандығы.



14-тақырып. Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы.

Оқшауланған мүшелердің қалыптасуы. Оқшау сөздердің жеке түрлерінің қалыптасуы. Бұл процестің сөйлем құрылысының дамуымен, жазба тіл құрамындағы жіктеліспен ұштасып жататындығы.



15-тақырып. Құрмалас сөйлемдердің жеке топтарының дамуында жазба тілдің рөлі.

Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы. Құрмалас сөйлемнің алғашқы салаласа байланысқан түрі жай сөйлемдердің мағыналық ішкі жақындықтарына қарай бірігуінен пайда болды деген пікір. Құрмаластырушы грамматикалық тәсілдердің қалыптасуы, оның құрмалас сөйлем жүйесін дамытудағы рөлі. Сабақтас сөйлемдердің жеке түрлерінң қалыптасуы туралы пікірлер.



3.3 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны


ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ



Тақырып

Мазмұны



1

2

3

1.

Кіріспе. Қазақтың халық және ұлт тіл-дерінің жасалуы.

Қазақ тілінің шығу тегін, түркі тілдерін жіктеп топтастырған ғалымдардың еңбектерін салыстыра отырып анықтау.

2.

Лексика. Қазақ лек-сикасының көне түркілік негізі.

Тарихи лексикология мәселелері.

3.

Өлі түбірлердің пайда болуы, лек-сика тарихының этимологиямен бай-ланысы.

Тарихи этимология, оның принциптері: көне сөздердң құпиясы. Ономастикалық атаулардың сыры. Қазақ тілінң этимологиялық сөздігінен, «Сөздер сөйлейді», «Бес жүз бес сөз» кітаптарынан мысалдар теру, олардың этим. қай принципіне сүйеніп анықталған (карточкалар даярлау).

4.

Басқа тілден енген сөздерлің сипаты. Кірме сөздердің лексика,

грамматика, фоне-тиканы дамытуға әсері және қазақ тілінде грамма-тикалық, семантика-лық, дыбыстық жа-ғынан игерілу сипаты.



Қазақ және орыс тілдеріндегі ортақ түбірлер. Араб-парсы, шағатай тілдерінен енген сөздер мен қосымшалар.

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» жаттығулар жинағынан жазба жұмыстарын жүргізу.



5.

Сөз мағынасындағы өзгеріс. Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу тарихы. Лексиканың толығу жолдары.

Лексиканың толығу жолдарын қарастыру. Сөз мағыналарының өзгеруін анықтау. Фразеологизмдердің қалыптасу тарихы. «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» жаттығулар жинағынан жазба жұмыстарын жүргізу.

6.

Фонетика.Түркі негіз тіліндегі дау-ысты дыбыстар жүйесі. Дифтонг-тар, жеке дауыс-тылардың дамуын-дағы ерекшеліктер.

Тарихи фонетика, дауысты дыбыстардың даму тарихы.

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» жаттығулар жинағынан жазба жұмыстарын жүргізу.



7.

Дауыссыз дыбыс-тар. Ескі түркі тілі дауыссыздар жүйе-сі,оның қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі.

Дауыссыз дыбыстардың даму тарихы.

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» жаттығулар жинағынан жазба жұмыстарын жүргізу.



8.

Жеке дауыссыз-дардың қалыпта-суындағы ерекше-ліктер (анлаут пози-циясында қолданы-латын, интервокал позициясындағы дауыссыздар, сингармонизм, ассимиляция дамуы)

Үндестік заңдарының даму тарихы. Буын, буын түрлері.

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» жаттығулар жинағынан жазба жұмыстарын жүргізу.



9.

Морфология. Морфологиялық құрылыстың дамуында ұшыраса-тын тілдік процес-тер, олардың сөздің морфологиялық құрамына әсері.

Тарихи морфология: түбірлер синкретизмі.

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» жаттығулар жинағынан жазба жұмыстарын жүргізу.



10.

Сөз түбірінің да-муы. Қосымшалар.

Сөз жасаудың қалыптасқан тәсіл-дері.



Қосымшалардың даму тарихы.

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» жаттығулар жинағынан жазба жұмыстарын жүргізу.



11.

Сөз таптарының шығуы мен қалып-тасуы. Септеу кате-гориясының дамуы.

Есім сөз таптарының даму тарихы. Етістік, етістіктің даму тарихы.

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» жаттығулар жинағынан жазба жұмыстарын жүргізу.



12.

Синтаксис. Синтак-систік құрылыстың даму ерекшеліктері.

Сөз тіркесінің да-муы.



Тарихи синтаксис: сөйлемдердің даму тарихы, есімді сөз тіркестерінң даму тарихы, етістікті сөз тіркестерінң даму тарихы.

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» жаттығулар жинағынан жазба жұмыстарын жүргізу.



13.

Сөйлем құрамының дамуы. Жай сөйлем-дердің түрлері.

Жай сөйлемнің даму тарихы. Сөйлем құрамы. Тарихи ескерткіштерге сүйене отырып, сөз тіркестері мен сөйлемдерге талдау жасату.

14.

Оқшау сөздердің құрамы мен түрлері-нің дамуы.

Оқшау сөздер дамуының тарихы.

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» жаттығулар жинағынан жазба жұмыстарын жүргізу.



15.

Құрмалас сөйлем-дердің жеке топ-тарының дамуында жазба тілдің рөлі.

Құрмалас сөйлемнің даму тарихы.

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» жаттығулар жинағынан жазба жұмыстарын жүргізу.




3.4 С¤Ж мазм±ны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

ҚТӘ-41


Сағат көлемі

СҚТӘ-41


1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

15 (1х15)

14 (1х14)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (1х15)

6 (1х6)

3

Семестрлік тапсырманы орындау

Конспект

Семес-лік тапсырманы қорғау

6

10

4

Курстық жұмысты орындау




Курстық жұмысты қорғау

20

30

5

Бақылау шараларына дайындық







4

10




Барлығы







60

70


Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар

1. Орхон-Енисей, Селенге, талас ескерткіштерімен, олардың тілімен, ондағы көне формалармен танысу.

¦сынылатын єдебиет: [9], 1-16 бет, [12], 1-55 беттер, [14] 1-120 беттер.

2. М.Қашқаридің сөздігіндегі лексиканы семантикалық топтарға, грамматикалық кластарға бөліп, ажыратқызу.

¦сынылатын єдебиет: [3], 1-100 беттер; [12], 1-96 беттер.

3. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеу еңбектерден баяндама, реферат жазғызу.

¦сынылатын єдебиет: [7], 1-85 беттер; [11], 1-44 беттер, [14], 50-72 беттер.

4. Ертерек кезде қалған текстермен, бұрынғы түркологтар жинап бастырған ауыз әдебиетінің үлгілері мен және ақындардың шығармаларымен таныстыру, олардың тіліндегі көне тұлғаларды талдату.

¦сынылатын єдебиет: [8], 20-68 бет, [16], 1-27 бет.

5. Тілдік тарихи ескерткіштерге және басқа түркі тілдерінң материалдарына сүйене отырып, түркі тілдеріне ортақ лексикамен таныстыру.

¦сынылатын єдебиет: [13], 80-102 бет.


Бақылау жұмыстардың тақырыптары.


  1. Көне түркі жазбаларындағы дауысты дыбыстар жүйесі.

  2. Көне түркі мұралары мен қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар.

  3. Көне түркі жазба мұраларындағы бір буынды сөздердің мағыналары.

  4. Көне түркі мұраларындағы сөз таптарының жіктелу сипаты.

  5. Дыбыстық өзгерістердің тарихилығы.

  6. Сөз мағыналарының тарихи дамуы.

  7. Сөзжасамдық процестің тарихи сипаты.

  8. Сын есімнің дамуы.

  9. Сан есімнің таңбалық сипаты.

  10. Есімдіктің жіктелуі.

  11. Қашқари сөздігіндегі грамматикалық категориялардың берілу жүйесі.

  12. Қашқари сөздігіндегі кісі аттары.

  13. Баласағұни шығармасының тілі.

  14. А.Иассауи шығармасының тілі.

  15. «Кодекс –Куманикус» шығармасының тілі.



Выписка из рабочего Форма

учебного плана Ф СО ПГУ 7.18.1/10

специальности(ей)




050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығыныњ оќу ж±мыс жоспарынан кµшірме

Пәннің атауы Қазақ тілінің тарихи грамматикасы


Оқу түрі

Бақылау формасы

Студент жұмысының көлемі

Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі




Емт.

сынақ

К.ж

К.жұм.

ЕГЖ

бақ.жұм

Барлығы

Дәріс

Тәжірибе

Зерт.

СӨЖ

Дәріс

Тәжірибе

Зерт.

СӨЖ






















жалпы

Аудитор.

СӨЖ

























Күндізгі

ЖОБ негізінде



7







7







90

30

60

7-семестр

8- семестр































15

15




60













Сырттай

ЖОБ негізінде



9







9







90

20

70

8-семестр

9-семестр































6










8

6




70

Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

  1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка –А. 1997.

  2. Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі.– А., 1986.

  3. Древне тюркский словарь. – Л., 1969.

  4. Жұбанов Х.Исследования по казахскому языку. – А., 1966.

  5. Историческое развитие лексики тюркских языков. –М. 1961.

  6. Керімұлы Ә. Түрік әдебиеті ескерткіштеріндегі сөз жасайтын жұрнақтар. –А., 1999.

  7. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті (хрестоматия). – А., 2006.

  8. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. –А., 1966.

  9. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері.- А., 1988.

  10. Қайдаров А.Структура односложных корней и основ в казхском языке –А., 1986.

  11. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. – А., 1965.

  12. Қашқари М. Түркі сөздігі. – А., 1998.

  13. . Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  14. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  15. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.


Қосымша:

16. Кононов А. Происхождение прошедшего категорического времени в тюркских языках (Тюркологический сборник. 1, 1951).



17. Корш Ф. Происхождение настоящего времени в западных тюретских языках. «Древности восточн. ТШ, вып. І, 1907»
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Тәжірибелік сабақтардың жоспары
umk -> Р/с Тақырыптың аталуы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсынымдар 050106 «Музыкалық білім» мамандығының студенттеріне
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Ф со пгу 18. 2/07 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді