Продюссер басқарудың негізі

Loading...


бет1/5
Дата27.02.2021
өлшемі23.79 Kb.
  1   2   3   4   5

Продюссер басқарудың негізі

Кез-келген өнер туындысы оны қоршаған орта, әлеуметтік және экономикалық шарттардан тыс өмір сүре алмайды. Өмір ағымымен біте қайнасқан өнер ғана тарихпен ұштасатыны анық. «Кино да салт-дәстүр мен барлық өнер түрінің жинақталған, көптеген ғылыми зерттеулер нәтижесінде пайда болған технологияның өнімі». Өзге өнер түрлеріне қарағанда кино экономикамен, технологиямен, әлеуметтік-қоғамдық құрылыммен тікелей байланыста. Пайда болған күннен жүз жыл ішінде әртүрлі географиялық орталар мен адамдарды табыстырған, фильм архивтері мен қоғамның физуалды есте сақтау жадын қалыптастырған, болашақтың жобаларымен бұқара халықты таныстырған өнер саласы. Демек әрбір кинопродюсер заман ағымына сай бейімделе білуі тиіс. Себебі продюсер білімді басшы сынды көреген, білікті менеджер сынды менеджментті игерген, адвокат сынды құқықты, банк қызметкері сынды финанстық менеджметті, сценарист сынды сценарий құрылымын, режиссер сынды режиссердің міндеттерін білетін, актер шеберлігі мен оператор сынды кадр құрылымынан сауаты бар, аз да болса техниканың тілін түсінетін, ал маңыздысы фильмнің көркемдік сапасы мен қаражатын қадағалай алатын үлкен талғамға ие тұлға. Сатылымда (прокат) ең көп қаражат жинаған (Box offıce) «Титаник» (1997ж) және «Аватар» (2009ж) фильмдерінің продюсері Джон Ландаудың пікірінше: «Киноөндірісіндегі ең үлкен мәселе – шығынды қадағалау. Өндірісте бәрін жүз пайыз кесіп, сенімді түрде айту мүмкін емес. Әр жаңа фильм – жаңа бизнес, бизнестің тек бастамасы, ол – үлкен мәселе» (Newsweek, N.Bajekal, 2016). Америка менеджмент саласының майталмандарының бірі Ицхака Адизесаның пікірінше жоғарыда аталған компоненттерді толық меңгерген басшыны кездестіру тіпті мүмкін емес. Ондай басшыларды тәрбиелеу де қате ұғым. Америка менеджментінің осал тұсы да осы дейді ол. Адисеза басшыны біліміне қарай төрт бопқа бөліп қарастырады:

Өндіруші (P, producer);

Әкімші (A, administrator);

Кәсіпкер (E, entrepreneur);

Интегратор (I, Integrator).

Бастапқы сөздерінің қосындысы PAEI аббревиатурасын құрайды. Автор бұл төрт компоненттердің бір менеджердің бойынша шоғырлануы, PAEI болуы мүмкін еместігін тілге тиек етеді. Оның пайымдауынша әрбір білікті басшы осы құрамдас бөліктердің тек біреуінде ғана мықты, яғни Paei немесе pAei, paEi, paeI болуы мүмкін. Бұл қалғандарын білмеу немесе оларға тіпті назар аудармау дегенге саймайды. Салыстырмалы түрде білім мен біліктілікте тек біреуінің ғана таразысы жоғары болатындығының көрсеткіші (И.Адизес, 2011:25-26). Бұл актер – продюсер, режиссер – продюсер, сценарист – продюсер, әнші – продюсер т.с.с. кинопродюсеріне айналған адамдардың алғашқы мамандықтарының шеберлігі басымырақ болатындығының дәлелі.

Әрбір өнер адамы, әсіресе, продюсерлердің мән беретін шарттарының бірі. Продюсер – мамандарды бір ортаға шоғырландыру арқылы өзіне керекті туындыны жасай білетін басшы. «Басшы – қоластындағы өзіне бағынышты, белгіленген шектеулі шарттарда барлық тапсырмаларды орындайтын адамдардың қызметін қадағалап, бағыттап отыратын адам» (Удалев Ф.Е. 2013:142). Басшының ең басты міндеті қоластындағы қызметкерлердің күш-жігерін алға қойылған міндеттерді шешуге және сол міндеттерді барынша жақсы атқаруға қабілетті ұйым құруға бағыттау болып табылады. «Основы менеджмента» кітәбінің авторларының пайымдауынша кез-келген басшы қызметкерлермен жұмыс барысында төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:

Қатал әрі талапшыл;

Айналысатын ісіне деген жоғары жауапкершілік пен адалдық;

Адамдармен қарым-қатынаста әділдік пен серіктестеріне деген сенімділік;

Ойын тұжырымды әрі жинақтап жеткізе білу әрі өзгелерді сендіре алу;

Қызметкерлерінің статусы мен қызмет бабына қарамай бәріне бірдей құрмет көрсету.

Басшының жеке қабілеттері:

Туындаған мәселені шешу білу;

Мақсатқа жету жолындағы беріктік пен табандылық қасиеттерін қызметкерлеріне көрсете, таныта білу;

Өзінің және өзгенің уақытын үнемдей білу;

Тәуекелге бара білу;

Кәсіпкерлік қабілет;

Жоғарғы еңбекке қабілеттілік;

Кәсіби интуиция;

Жеке іс-әрекетін қадағалай білу;

Ұйымдастырушылық қабілет;

Жігерлік пен еріктік.



Сонымен қатар басшының ерекше қасиеттерінің бірі – қалыпты жағдайда (стандарная ситуация) қалыпсыз (нестандарные) шешімдер қабылдай білуі. Уақтылы әрі дұрыс қабылданған қалыпсыз шешімдер мақсатқа жету жолындағы үнемділік пен тиімділікті арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...