Тері жабындарының, сілемейлі қабықтардың тұтастығының бұзылуымен байланысты, сондай-ақ мәйіттерді ашу, зертханалық зерттеулер жүргізу, құрал-саймандарды, киім-кешектерді өңдеу, жинау және т.б. кезінде биологиялық сұйықтықтардың шашырауын болдырмайтын манипуляцияларды жүргізу кезінде медицина қызметкерлері мен техникалық персонал науқастың қанының, тіндерінің, биологиялық сұйықтықтарының персоналдың терісімен және шырыштарымен жанасуын болдырмайтын жеке қорғаныш құралдарын (хирургиялық халат, маска, қорғаныш көзілдірік немесе экран, су өткізбейтін алжапқыш, жеңқап, қолғап) пайдалануға тиіс. Қорғаныш киімді пайдалану тәсілі АҚТҚ жұқтыру қаупінің дәрежесін ескере отырып, сараланған болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |